«Абайтану»



жүктеу 0,81 Mb.
Pdf просмотр
бет1/32
Дата15.11.2018
өлшемі0,81 Mb.
#20276
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Абайтану» курсын оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері 

 

Әдістемелік құрал 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 


2013 

 

1



 

 



Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  Ғылыми  кеңесімен 

баспаға ұсынылды (2013 жылғы 20 қарашадағы № 5 хаттама). 

 

 

«Абайтану»  курсын  оқытудың  ғылыми-әдістемелік  негіздері.  Әдістемелік 



құрал. –  Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. –  

84 


б. 

 

 

Ұсынылып  отырған  әдістемелік  құрал  жалпы  білім  беретін  мектептерде 

«Абайтану»  таңдау  курсының  қызметі  мен  мақсаттарын  жүзеге  асыру  және 

оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатын көздейді.  

Құралда  Ұлы  Абайдың  шығармашылығын  толық  игерту,  Абай 

поэзиясының  құдіретін  таныту,  ақын  шығармашылығын  әлем  әдебиетімен 

салыстыра  білу  мәселелері  қамтылып,  оқушылардың  сөз  өнерін  зерделеу, 

ізгілік,  адамгершілік,  әсемдік,  отансүйгіштік  және  іскерлік  құндылықтарын 

қалыптастыру,  оқырмандық  мәдениетін  жетілдіру  жақтарына  басымдық 

берілген. 

Әдістемелік құрал жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған. 



 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



© 

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық  

                                                   

білім академиясы, 2013 

 

2

 



 


Кіріспе 

 

Ұлы  Абайдың  шығармашылық  мұрасы  –  халқымыздың  ғасырлар  бойы 

маңызын  жоймайтын  рухани  қазынасы.  Абайдың  сөзі  –  қазақтың  бойтұмары, 

Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер 

туғызып,  мақсаткерлікке  жұмылдырады.  Заман,  уақыт  талабына  орай  Абайды 

жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы – заңдылық.  

Абай  –  ұлы  ұстаз-кемеңгер.  Абай  тақырыбы  –  мәңгілік  тақырып.  Абай 

тақырыбы – таусылмайтын телегей теңіз.  

Ел  президенті  Н.Ә  Назарбаевтың  Абайдың  150  жылдық  мерейтойында 

(1995) 


сөйлеген сөзінде айтқан мына салиқалы ойы кімге болса да бағыт берері 

сөзсіз: 


«...Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас темірқазық іспетті. Соған қарап 

тірлігіміздің  дұрыс-бұрысын  сараптай  аламыз.  Өйткені,  жанды  жегідей  жеп 

жүрген  көп  сауалдың  жауабын  Абай  әлдеқашан  айтып  кеткен.  Абайды  оқып 

отырып-ақ,  көштің  басын  баяғыда-ақ  жөнге  салып  алуға  болатын  еді. 

Сорлатқанда  біреудің  уақыты  жетпейді,  біреудің  ұғымы  жетпейді,  біреудің 

атымен зауқы жоқ. 

...Қазіргідей  заманда  Абай  жырларына  айына  емес,  аптасына  емес,  күніне 

бір үңіліп қоймай болмайды. Сонда жан қинап жүрген қай күмәннің де бәріне 

жауап таба аласың». Бұл сөздер әрбір адамның дұрыс жетілуіне кепіл болатын, 

қоғам өмірінде басшылыққа алатын бағдарламалық ойлар тәрізді [1].  

Абай әлемінің бар құдіреті мен болмысын, құпиясы мен сырын жете таныту 

арқылы  қазақ  халқының  мәдени  келбетін,  қадір-қасиетін,  шыққан  биігін, 

рухани  жетістіктерін  ұрпақ  санасына  сіңіру.  Абайды  оқыту  арқылы  жаңа 

биіктерге көтерілу, рухани өсіп-өркендеген іргелі еліміздің елдік белгісін биік 

дәрежеге көтеру. 

Абайтану  –  қазақ  әдебиеттану  ғылымының  ең  көп  зерттелген  саласының 

бірі.  Жүз  жылдан  астам  тарихы  бар  Абай  мұрасының  зерттелу  тарихына  көз 

жіберсек,  баспасөзде  ресми  түрде  1889  жылдан  басталып,  бүгінде  қазақ 

мәдениетінің,  ғылымының  дәстүрлі,  тамырын  тереңге  жайған  үлкен  саласына 

айналды.  

Абай  мұрасының  бірегей  білгірі  академик  М.Әуезов:  «Абайды  танудың 

басы,  алғашқы  адымдары  революциядан  бұрын  басталған.  Бұл  жөнінде 

Абайдың ақындық еңбектері үш түрлі боп жайылып тұрғанын еске алу керек. 

Бірінші  жолы  –  баспа  арқылы  тарауы;  екіншісі  –  халық  арасына  ауызша 

жатталып,  әнмен  аралас  тарауы;  үшіншісі  –  қолжазба  түрінде  әр  көлемді 

жинақтар болып, көшіріліп таралуы», - дейді [2, 16-б.].  

«Абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының, әдебиет тарихының үлкен бір 

саласы»[3, 24-б.]. Қазақ әдебиеттану ғылымының үлкен бір арнасы – абайтану 

бүгінгі күні тамырын тереңге жайған алып бәйтерекке айналған саласы. Ұлттық 

әдебиеттану  ғылымының, қазақ әдебиеті тарихының үлкен бір саласы –  абай-

тану – ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы, ойшылдық, қоғамдық-саяси, 

эстетикалық  көзқарастары,  имандылық  мұраттары,  қазақ  поэзиясындағы  өлең 

3

 

 




жүктеу 0,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау