Абай атындағы республикалық мамандандырылға дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты



жүктеу 2,38 Mb.
Pdf просмотр
бет30/83
Дата12.09.2022
өлшемі2,38 Mb.
#39215
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   83
Қазақ әдебиеті 9-сынып

БҰҚАР ЖЫРАУ ҚАЛҚАМАНҰЛЫ
(1693–1787) – әйгілі жырау
Абылай ханның ақылшы-биі, абыз. Жұрт оны «Көмекей әулие» деп атаған. 
Сөйлегенде үнемі қара сөзбен емес, көмекейі бүлкілдеп, түйдек-түйдек 
жырмен сөйлейтін болған. Көбіне-көп Абылай ханның өтінішімен, «сәуе 


Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д. 
87028435334 
айтшы» деген тілегімен түсінде көрген істерін болжап айтады екен, бұлары 
дәлме-дәл келіп отырған. Жырау қазақ халқының жоңғар басқыншылығы 
тұсында, елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып 
замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білген. Осындай 
ауыр сәттерде Абылай ханға дұрыс кеңес беріп, ел-жұртты басқыншы жауға 
қарсы күресте біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салған. Өзінің 
саяси-әлеуметтік мәнді жыр-толғауларымен сол жалынды күрестің 
жыршысына айналған. Осы мақсатта ол Абылай ханды бірден-бір қажетті 
басшы санап, оған халық бірлігін сақтап калатын көсем тұрғысында үлкен 
сенім артқан. Абылай хан да сол биік талаптан табылып, елдің бірлігі мен 
жарқын болашағы үшін жан аямай қызмет еткен. Жырау сол азаттық 
жолында өлімге бас байлап, ерліктің небір ғажайып үлгілерін көрсеткен хан 
мен оның батырларын жырға қосып, олардың өшпес әдеби бейнелерін 
жасаған. Әсіресе, Абылай ханның көрегендігі мен даналығын, ауыр кезең, 
қиын сәттерде ел ұйытқысы бола білгенін асқақ жырлаған. Оның «Абылай 
ханның қасында», «Ал, тілімді алмасаң», «Ай, Абылай, Абылай», «Қазақтың 
ханы Абылай», «Ханға жауап айтпасам», «Басыңа біткен күніңіз», «Ай, 
Абылай, сен он бір жасыңда», «Ал, айтамын, айтамын» атты толғауларында 
ханның сол кездегі ұстанған саясаты мен көрегендігі, алғырлығы мен 
білгірлігі сипатталған. Ал «Садыр, қайда барасың?», «Бұқарекең біз келдік, 
Ақан, Төбет байларға» деген жырларында ол ел болашағы, татулық 
мәселелерін сөз еткен. «Он екі айда жаз келер», «Абылай ханның қасында», 
«Ханға жауап айтпасам» атты толғаулары халық болашағы мен бейбітшілікті 
сақтау, отарлауды көздеген елден жыраққа, Жиделі байсынға көшу мәселесін 
қозғаған. Бұл жырлардың үгіт-насихаттық, дидактикалық сипаты басым. 
Бұқар жыраудың толғаулары, шын мәнінде Абылай дәуірінің айнасы. 
Бұхар өмір сүрген дәуірдің ұлы оқиғасы- жоңғар қалмақтарының 
өктемдігі, олардың қазақ жерін баса көктеп енуін білеміз. Қалмаққа қарсы 
ұрыс басталған шақтан аяғына дейін бар ауытпалықты Бұхар елімен бірге 
кешкен. Ол әсіресе, өзі туған өлкесін азат ету күресіне тікелей араласып, 
қолбасшыларымен бірге, ақылшы, үгітші болып белсендік көрсеткен. 
Толғауларының поэзиялық сәулеті, ерекше қасиеті және оның сөз 
қолдану ерекшелігі де өзгеше «Бұхарекең сөйлеген уақытында сөзі мұндай 
жүз есе, мың есе шығар. Бізге келіп жеткен тамыры ғана, бұл кісінің сөзін 
түгел жазамын деушіге Нұқтың өмірі, Айыптың сабыры, Аплатонның ақылы 
керек» — деп жазады жыраудың тұңғыш библиографы Мәшһүр Жүсіп 
Көпеев. Жыраудың шығармаларының текстологиясы әлі күнге ретке 
келтірілмеген. Ең қажетті таңдамалы сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер 
іріктеліп, сұрыпталып алынбаған, дұрыс, түзу, мұқият салыстырулар 
жүргізілмеген. Бұл болашақтың ісі. Бұқар жырау мұрасын жинауда, 
жариялауда және зерттеуде Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Қ. Халид, Г. Потанин, Ш. 
Уәлиханов, М. Әуезов, С. Сейфуллин, С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, М. 
Мағауин, Р. Сыздықова секілді ұлт зиялылары еңбек сіңірген. 


Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д. 
87028435334 
ТІЛЕК 
Бірінші тілек тілеңіз: 
Бір Аллаға жазбасқа. 
Екінші тілек тілеңіз: 
Ең шұғыл пасық залымның 
Тіліне еріп азбасқа. 
Үшінші тілек тілеңіз: 
Үшкілсіз көйлек кимеске. 
Төртінші тілек тілеңіз: 
Төрде төсек тартып жатпасқа. 
Бесінші тілек тілеңіз: 
Бес уақытты бес намаз 
Біреуі қаза қалмасқа. 
Алтыншы тілек тілеңіз: 
Алпыс басты ақ орда, 
Ардақтаған аяулың. 
Күнінде ертең біреуге 
Тегіннен тегін олжа болмасқа. 
Жетінші тілек тілеңіз: 
Желкілдеген ту келіп, 
Жер қайысқан қол келіп, 
Сонан сасып тұрмасқа. 
Сегізінші тілек тілеңіз: 
Сегіз қиыр шар-тарап, 
Жер тұлданып тұрмасқа. 
Тоғызыншы тілек тілеңіз: 
Төреңіз тақтан таймасқа, 
Тоқсандағы қарт бабаң 
Топқа жаяу бармасқа. 
Оныншы тілек тілеңіз: 
Он ай сені көтерген, 
Омыртқасы үзілген, 
Аязды күнде айналған, 
Бұлтты күнде толғанған, 
Тар құрсағын кеңейткен
Тас емшегін жібіткен, 
Анаң бір аңырап қалмасқа. 
Он бірінші тілек тілеңіз: 
Он бармағы қыналы, 
Омырауы жұпарлы, 
Иісі жұпар аңқыған, 
Дауысы қудай саңқыған, 
Назыменен күлдірген, 
Құлқыменен сүйдірген, 
Ардақтап жүрген бикешің 
Жылай да жесір қалмасқа. 

жүктеу 2,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау