ҚҰЙРЫҚ АТЫП ҚҰЛИЯ
Құйрық атып құлия,
Түлкідей қашқан жымия.
Қараңды үзіп барасың
Біздің де қайран дүние!
Көп жылдар қудым артыңнан
Лашындай сызып жер қия.
Бірде шығып шарыққа,
Бірде сарықтым тұңғия.
Күнім базар, түнім той,
Замандас жаран жиылып,
Зауық, сапа, өне бой,
Шад-шадыман күндерім.
Демедім бастан өтер ғой,
Дәурен өтіп, жас жетіп,
Замандас құрбы адамдар
Азайып келіп ол бітті,
Көрген түстей бәрі де
Көзімнен болды зым-зия.
Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д.
87028435334
Шағалалы көлдер шалқыған
Күмістей жүзі балқыған,
У-шу болып құстары
Қаз, үйрегі қалқыған.
Суына жылқы жабылса,
Шуақтап жатқан көл балық,
Судың бетін үйіріп,
Тереңге қарай бұлқыған.
Судың бетін жел есіп,
Кесе-кесе жалданса
Иіндесіп, тіресіп,
Көбіктеніп толқыған.
Сондай бір көл суалса,
Бұлағы кеуіп құм алса,
Ақыры оның не болар?
Тарақтап айбар ту сыртын,
Аятпен қозғап жақ-ұртын,
Ауандап жүрген нән балық
Басын соғып қайраңға,
Ит пен құсқа жем болар!
Бұтағы көкке қараған,
Жапырағы жайқалып,
Тамыры жерге тараған
Бәйтеректер қуарса,
Мұнарланып, буланып,
Әуелгідей көрінбес
Жолаушыға қиядан.
Қаршығасы щаңқылдап,
Лашын құсы қаңқылдап,
Басынан оның ұшар ма,
Мамығын төккен ұядан?!
Күні өткен бәйтерек,
Желмен құлар әлсіреп,
Іріп-шіріп жатумен
О да қаоа жер болар.
Заманы өтсе жастағы,
Сонда білер кей адам
Лауықта маңдайына жазғанын.
*****
МӘШҺҮР-ЖҮСІП
КӨПЕЙҰЛЫ
(1858—1931, Павлодар
облысы, Баянауыл ауданында туған) — ұлы ойшыл, фольклор танушы,
этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі
тұлғасы. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Күлік бөлімінен шыққан.
Мәшһүр-Жүсіп араб және парсы тілдерін жетік білгенімен қоймай, көп
тілді білген ғұлама.
Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д.
87028435334
10-15 жасынан бастап-ақ өлең жазып, хат жазарлық болғаннан-ақ
Мәшһүр Жүсіп халық әдебиетін ел аузынан да, қағаз бетінен де жинаумен
айналысады.
1887 жылы 29 жасында Мәшһүр Жүсіп Бұхара, Ташкент, Түркістан,
т.б. шаһарларға сапарға шығады. Ол заманда негізгі көлік қатынасы түйе мен
ат болғанын ескерсек, бұл сапарының өзі 2-3 жыл уақытты қамтыса керек.
Мәшһүр Жүсіп бір жыл Бұхарада тұрып оқып, білімін толықтырады. Араб,
парсы, шағатай, түркі тілдерін үйренеді. Өзбек, тәжік, және т.б. тілдерді де
біледі, әдет-ғұрпын түсінеді. Көптеген ғылыми кітаптарды оқып, танысады.
Келесі жылы Бұхарадан қайтып, Түркістандағы атақты Қожа Ахмет Йасауи-
дің басындағы Әмір Темір салдырған көк күмбезін көреді. Онда да бір-
сыпыра уақыт болып, бірнеше ғалымдармен танысады. Одан әрі Сыр өңірін
аралайды. Майлықожамен жолығады, жеті атасынан бері ақындық үзілмеген
дуана қожа Көшек, Күдері қожа тұқымдарымен танысады. Одан кейін Шу
мен Сырдан өтіп, Ұлытау мен Кішітауды басып, Есіл мен Нұраны жайлап,
мекен қылған жұртты аралайды. Осындай екінші сапарына Мәшһүр Жүсіп 37
жасында, яғни 1895 жылдар шамасында шықса, үшінші сапары 49 жасына
(1907) сәйкес келеді.
Мәшһүр Жүсіптің үш кітабы: “Сарыарқаның кімдікі екендігі”, “Хал-
ахуал”, “Тіршілікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз” атты туынды-
лары 1907 жылы Қазан қаласындағы Құсайыновтар баспаханасынан жарық
көреді. Кейіннен ол баспаханадан шыққан 14 қалам иесінің шығармаларын
цензура сотқа тартады. Ішінде Мәшһүр Жүсіптің жоғарыда аталған еңбектері
де бар.
Мәшһүр Жүсіп жинаған фольклор үлгілерінің басым көпшілігі – аңыз
бен әңгімелер. Мұндағы аңыздар: жер-су аттары.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының аңыз-әңгімелерді, тарихи әңгімелерді,
шешендік сөздерді қағазға түсірумен ғана шектелмей, фольклордың басқа да
жанрлық түрлерін, атап айтқанда, тұрмыс-салт жырларын, эпос, ертегі,
мақал-мәтел, ақындар айтысын, т.б. жинағаны белгілі. Мәшһүр Жүсіп
Көпейұлы жинаған фольклорлық үлгілерге жанрлық жағынан келетін болсақ,
ел аузынан тұрмыс-салт жырларының 30-40 шақтысы топталған.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жайлы жаңа кітап жарыққа шықты
Павлодарда Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармашылығы мен өмірі жайлы
жаңа кітап жарыққа шықты. Өз заманында озық туған көрнекті тұлға
ақындығымен қатар тарих, әдебиеттану, өлкетану, шежіре жинақтау
салалары бойынша мол мұра қалдырды. Бірақ қолжазбаларының көбі түрлі
себептермен сақталмаған. Әсіресе, Кеңес заманында көптеген шығармалары
қасақана құртылды. Мәшһүр Жүсіптің ел ішінде көріпкел- әулиелігімен
танылғаны белгілі. Оған өзінің дүниеден қайтатын ай-күніне дейін дәл біліп,
бір жыл бұрын асын бергізіп кетуі дәлел. Аңызға бергісіз мұндай деректер
мен шығармалары қазір 20 том болып басылып жатыр. Ал,жарық көрген
кітап
тың деректермен
толықтырылды. Ғалымдардың
айтуынша,
Мәшекеңнің зерттелмеген мұрасының өзі әлі талай ұрпаққа азық болмақ.
Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д.
87028435334
Достарыңызбен бөлісу: |