Абай атындағы республикалық мамандандырылға дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты



жүктеу 2,38 Mb.
Pdf просмотр
бет29/83
Дата12.09.2022
өлшемі2,38 Mb.
#39215
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   83
Қазақ әдебиеті 9-сынып

ҮМБЕТЕЙ ТІЛЕУҰЛЫ
(1706-1778) - Ақмола облысында, яғни 
Орталық Қазақстанда дүниеге келген. Арғын тайпасы Қанжығалы руынан 
шыққан
[1]
. Ол жас жағынан Бұқар жыраумен құрдас болған деген дерек бар: 
Үмбетей Бұқармен дос, құрдас екен, 
Қайтыс боп үш жыл бұрын құса-дерттен,- 
деген өлең жолдары осыны меңзейді. 
Бұл өлеңді Бөгенбайдың немересі Бапан би шығарған деседі ел 
аузында. Үмбетей жас күнінен-ақ кедейліктің зардабын тартады. Ақындық 
даңқы шыққан Үмбетейді Абылай хан өз айналасында ұстайды, ол сол 
кезден-ақ жырау атанған. Ол Бөгенбай батырға серік әрі оның жыршысы 
болған. Жырау қазақ халқының Жоңғар басқыншыларына қарсы күресте 
болып, тарихи оқиғаларды нақты жырлаған. Ол халық мүддесі үшін хан 
көңіліне қарамай, әділ,тура өлеңдер қалдырған. Жырау Ақмола өңірінде жүз 
жасап дүниеден өткен. 
Үмбетей жырау 
– дидактикалық поэзияның әйгілі шеберлерінің бірі. 
Ол жастайынан сөз өнеріне ден қойған. Оның осы жолдағы алғашқы ұстазы – 
өз әкесі болған. Ол ән өнерін жақсы білген, ел тарихына өте қанық адам 
болғанға ұқсайды. Сол себепті халық шежірелерінен, шешендік сөздерінен, 
халық дастандарынан көп тағылым алған. 
Үмбетей жырау 
– елінің қорғаны болған батырларды жырына арқау 
еткен. "Бөгенбай өліміне", "Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту" атты 
толғауларында ол Бөгенбай бастаған халық батырларын дәріптеп, қайратты 
ерлерді ұрпағына өнеге еткен. Жырау Бөгенбай батырдың ерлік бейнесін 
тамаша өрнектейді. Оны асқар Алатауға теңейді, тегеурінді бүркітке 
балайды, "Боламшыдай анадан болат тудың, Бөгенбай" деп қастерлейді. 
Атамекен жаудан қорғап қалған, халқымыздың ұлан-байтақ жерін – 
Баянауыл, Қызылтау, Абыралы, Шыңғыстау – бүкіл Сарыарқа атырабын 
қалмақтардан аман алып қалған Бөгенбай батырдың ерлігін сүйсіне 
жырлайды. 
БӨГЕНБАЙ ӨЛІМІН АБЫЛАЙ ХАНҒА ЕСТІРТУ 
Ей, Абылай, Абылай, 
Абылай ханым, бұл қалай? 
Бұл қалайдан сескеніп, 
Сөзімді қойма тындамай. 
Талай істер басыңнан 
Өтіп еді-ау жасыңнан, 
Қиын, қызық әрбір жай. 
Жас күнінде, Абылай, 
Үргеніштен мұнда кеп, 
Сарыарқаны жерім деп, 
Қалың қазақ елім деп, 
Келмеп пе едің жаяулай?! 


Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д. 
87028435334 
Төле биді тапқанда, 
Күндіз түйе баққанда, 
Жалғызбын деп шошымай, 
Еш малшыға қосылмай, 
Қара жерге отырмай, 
Күпінді салып астыңа, 
Жең жастанып басыңа, 
Қол-аяғың төрт жақта
Жатушы едің сол шақта, 
Ұмыттың ба соны, Абылай! 
Жиырма жасың толғанда, 
Қалмақпен соғыс болғанда, 
Алғашқы бақты тапқанда, 
Шарыштың басын қаққанда, 
Қанжығаңа бас байлап, 
Жау қашты деп айғайлап, 
Абылайлап шапқанда... 
Ұмыттың ба соны, Абылай! 
Сол ерлікпен хан болдың, 
Әлем асқан жан болдың, 
Барша әлемге даң болдың, 
Ұмыттың ба соны, Абылай! 
Қалдан ханның әскері 
Іздеп сені әрі-бері, 
Қапыда ұстап алғанда, 
Алып барып Тәшкенде 
Көр зыңданға салғанда, 
Елің қараң қалғанда, 
Тоқсан жақсы үш жүзден 
Сені сұрай барғанда, 
Өлтірем деп Қалдан хан 
Орайына Шарыштың, 
Сөзіне қарсы сөз айтып
Жауаптастың, қарыстың. 
Қапияда тұтылдың, 
Қалмаққа бітеу жұтылдың, 
Шешендік жолын тұтындың, 
Үш ауыз сөзбен құтылдың, 
Ұмыттың ба соны, Абылай! 
Аруағыңа болысқан, 
Әділ билік қылысқан, 
Қашпаған қандай ұрыстан 
Керейде батыр Жәнібек, 
Қаз дауысты Қазыбек, 
Қу дауысты Құттыбай, 
Қаракерей Қабанбай, 
Қанжығалы Бөгенбай - 
Абылай, сенің тұсыңда 
Сол бесеуі болыпты-ай! 
Кейі батыр, кейі би, 
Тәңірім берген сондай сый, 


Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д. 
87028435334 
Ұмыттң ба соны, Абылай! 
Батыры ханға сай болды, 
Елің жайпақ бай болды, 
Қыс қыстауы тау болды, 
Жаз жайлауы көл болды
Салқын сары бел болды, 
Елге лайық ер болды, 
Сарыарқа деп таңданып, 
Өзге жұрт аңсар жай болды, 
Ұмыттың ба соны, Абылай! 
Айтқан сөзің ем еді, 
Жолынды теріс демеді, 
Қай бақытың кем еді, 
Ел қорғаны көп еді, 
Қалып па ең батыр таба алмай? 
Жауыңның қанын ағызған, 
Аузынан балды тамызған, 
Би мен батыр аз болып, 
Тасырқап па едің шаба алмай!? 
Анау бір жылы аттанған 
Әскерді қырғыз қырғанда, 
Басынан оба қылғанда, 
Ол хабарды ел біліп, 
Көп батырмен сен жүріп, 
Көзіңнің жасын көл қылып, 
Кысылған әскербасының 
Қасына барып тұрғанда, 
Ақбоз атты шалғанда, 
Мойныңа кісе салғанда, 
Баба түкті Шашты Әзиз, 
Содан бата алғанда, 
Тілеуің қабыл болғанын, 
Басыңа Қыдыр қонғанын, 
Ұмыттың ба соны, Абылай! 
Ұлы сәске болғанда 
Жасаған жақсы жол беріп, 
Жол бергенде мол беріп
Ойламаған бақ беріп, 
Қырғызды Тәңірім қақ бөліп, 
Садырбала бітем деп, 
Әтеке соғыс күтем деп, 
Бірі көнбей біріне, 
Садыр кетті бөлініп, 
Соғысудан түңіліп, 
Әтеке сынды жырықтың 
Қабырғасы сөгіліп, 
Шапқанда батыр төгіліп: 
Қаракерей Қабанбай, 
Қанжығалы Бөгенбай, 
Сары, Баян мен Сағынбай 
Қырмап па еді жауыңды, 


Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д. 
87028435334 
Қуантпап па еді қауымды, 
Ұмыттың ба соны, Абылай! 
Дүние кезек, Абылай! 
Қаласың әлі-ақ сен былай! 
Артыңдағы балаңа 
Табылар батыр тағы да-ай! 
Сондай ерлер көп тусын 
Деп тілей бер, а Құдай! 
Орта жүзде қатын көп, 
Туатын кейін батыр көп, 
Сол мұқатар жауды деп
Елестер көзге сағымдай. 
Ей, Абылай, Абылай, 
Сөзімді тыңда тағы да-ай! 
Өзіңнен біраз жасы үлкен, 
Дөмпеш таудай басы үлкен, 
Жасыңда болған сырласың, 
Үлкен де болса құрдасың, 
Сексеннен аса бергенде, 
Қайрылмас қаза келгенде, 
Батырың өлді - Бөгенбай! 
Иманын айтып өлерде, 
Иекке жаны келгенде, 
Сәлем айтты үш қайта, 
Кеттім деп сізді көре алмай. 
Батырды қолдан өткіздім, 
Сәлемін міне жеткіздім. 
Жыламай тында, Абылай! 
Жараға жақсы қасқарар, 
Ойбайлап жаман бас салар. 
Көріспей айтты демеңіз, 
Осы еді біздің келген жай. 
Көзіңнің жасын тыя көр, 
Жақсылық бата қыла көр. 
Тағы да талай бақ берсін, 
Балаңа алтын тақ берсін, 
Бөгенбайдай жас берсін, 
Өлшеусіз мал мен бас берсін! 
Бөгенбай сынды батырдың 
Береке берсін артына-ай, 
Сабыр берсін халқына-ай. 
Жасаған ие жар болып, 
Бейіште нұры шалқығай! 
***** 

жүктеу 2,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау