Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д.
87028435334
алаңына бір топ наркомандар мен олардың ықпалына ерген оқушы жастар ереуілге
шықты. Олар Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің соңғы пленумының
шешімдеріне наразылық білдіріп, ұлтшылдық, экстремистік, сепаратистік ұрандар
көтеруде, сөйтіп, сүйікті партиямыздың айбынды авангардының салиқалы, парасатты
шешімдеріне шәк келтіруде. Қазір алаңға шыққандардың арасында наркомандармен
бірге маскүнемдердің де, түрмеден қашқандардың да үлкен тобы бары анықталып
отыр. Республика еңбекшілері бұзақыларға қарсы өздерінің әділетті ашу-ызаларын
білдіріп, олардың іс-әрекетін қатаң айыптауда. Осы кезге дейін редакциямызға
сондай әділетті ашу-ызаға толы хаттар легі толассыз келіп түсіп жатыр. Енді
сіздерді солардың бірнешеуімен таныстыра кетейік. Хат авторларының арасында
қарапайым еңбекшіден бастап үлкен қоғам қайраткерлері, әйгілі халық әртістері,
жазушылар, ғалымдар, интеллигенция өкілдері бар...»
Баймырза
ызалана
мырс
етіп,
радиоқабылдағышты
өшіріп
тастайды
.
Б а й м ы р з а. Бізді құртып келе жатқан осындай жандайшаптар ғой.
Интеллигенция өкілдері дейді тағы ұялмай. Интеллигенциядан садаға кеткірлер.
Т а л ш ы н. Неменеге өшіріп тастай қойдың, тыңдайық та шамалы.
Б а й м ы р з а. Тыңдарсың. Құлағыңыздың құрышын қандырар әлі талай әлгі
интеллигенттерің бұлбұлша сайрап. Апырай, қасиетті қара жер ана да шыдамды екен
осындайларды көтеріп жүрген.
Т а л ш ы н. Әне, енді өзінікін дұрыстап шыға келеді. Сені бір
Құдайдың өзі болмаса, ешкім түзете алмас.
Б а й м ы р з а. Мені түзетудің қажеті жоқ.
Т а л ш ы н. Ойбай, қойдық-қойдық...
(дастарқан үстінде манадан бері үнсіз отырған Қайсар мен Ақмаралға кезек
бұрылып).
Ал, шырақтарым-ай, шай алдырыңдар. Мені іштей кінәлап отырған
шығарсыңдар. Мына бір кемпір де бәле екен шапылдап деп. Уһ!..
А қ м а р а л. Апа, шынымды айтсам,мен сізді әбден түсініп отырмын.
Шамасы, ағай бір кезде халық жауы ретінде ұсталып кеткен-ау деймін...
Т а л ш ы н. Қарағым-ау, бақандай он жыл отырып келді ғой бұл ағаң.
49-да кеткен, содан 59-да оралды ғой арып-ашып. Кенесары Қасымов деген ханды
естулерің
бар шығар, бұл ағаң со кісіні ұлт-азаттық көтерілісінің батыры деп еңбек
жазған. О бастағы мамандығы тарихшы еді ғой. Ал басқа дөкей тарихшылар содан бұ
байғұсты шибөрідей жабылып таласын кеп, «ұлтшылсың, байшылсың» деді, әйтеуір
ағаш атқа теріс мінгізіп, соттатып тынды ғой. Жылап-еңіреп, шиеттей үш
баламен
мен қалдым. Әйтеуір көз жасымызды Құдай көріп, аман-есен оралды он жылдан соң.
Әйтпесе талай арыстардың мәйіті қалды ғой Сібірдің құрт-құмырсқасына жем болып.
А қ м а р а л. Түһ, ағам, шынында да, герой екен ғой!..
Т а л ш ы н. Ойбай, қарағым, өйдеме – біреу-міреу есітіп қалып, тағы
бәлесіне қалып жүрерміз. Герой болмай-ақ, өсітіп қалқиып жүргеніне шүкір дейміз
біз. Қазақ атаң: « Екі елі ауызға – төрт елі қақпақ» деген. Менің мына өмірден
ұққаным, басқа
асып-тасқан жұрттар не десе , о десін, ал біздің қазақтың екі
елі аузына төрт елі қақпақ жарасқан, айналайын. Сендер жассыңдар, еріндеріңнен
әлі уыз дәмі кепкен жоқ, ойбой, айналайындар-ай...
Қ а й с а р. Шеше,
сонда немене, қазақтың өмірбақи осылай мүсәпір
болып өтуі керек пе?.. Біздің , жастардың, енді құл болғымыз келмейді, мен
манағы ағайдың айтқанына қосыламын, ар-намысымызды қашанғы кім-көрінгеннің
табанына таптата береміз?!
Т а л ш ы н. Қарағым, өзіңнің шешең бар ма елі?...
Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д.
87028435334
Қ а й с а р. Бар. Ауылда. Тура жасы да сіз шамалас. Манадан бері таң
қалып отырмын – тіпті сіздің кейбір дауыс ырғағыңызға
дейін біздің апамдікіне
ұқсас екен.
Т а л ш ы н. Әне, шырағым, ендеше сол. Анаға ананың даусы да, тілегі
де ұқсас. Біз ең алдымен сендердің амандықтарыңды тілейміз. Ойбай-ау, үкіметтің
мұздай қаруланған әскеріне құр қолмен қандай қайран қылмақсыңдар? Құдай да
күштіні жақтайды ма деймін кейде,
босқа қырыласыңдар ғой, шырақтарым-ау.
Достарыңызбен бөлісу: