Абай атындағы республикалық мамандандырылға дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты



жүктеу 2,38 Mb.
Pdf просмотр
бет62/83
Дата12.09.2022
өлшемі2,38 Mb.
#39215
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   83
Қазақ әдебиеті 9-сынып

ЖЕЛТОҚСАН ТҮНІ 
екі бөлімді драма
 
Қатысушылар: 
Баймырза - пәтер 
иесі, жасы 65-терде 
Талшын - оның жұбайы, 
60-жаста 
Қайсар - демонстрацияға қатысушы, 21-жаста 
Ақмарал - демонстрацияға қатысушы, 24-жаста 
Мария Петровна – Баймырзаның көршісі, 45-50 шамасында 
Тимур Қалдыбаевич – беймезгіл қонақ, 45-тер шамасында 
Бірінші бөлім
Алматы. 1986 жыл. 18-желтоқсан. Қысқы кеш. Ел орынға отырған мезгіл. Бір бөлмелі 
қалалық 
жайлы 
пәтер. 
Үстіне 
пижама 
киген 
Баймырза 
залдағы
диванның үстінде электр шамның жарығымен кітап оқып отыр.
Кенет пәтердің сыртқы есігі елеусіздеу ашылады да, үйге ентіге басып, Қайсар мен 
Ақмарал алқын-жұлқын кіріп келеді. Олар есіктің ішкі кілтін жайымен сырт еткізіп 
жабады да, алакөлеңке коридордың бұрышына тығылып тұра қалады. Екеуінде де өң мен 
түс жоқ.
Б а й м ы р з а. (сол қолындағы кітапқа үңілген қалпы). Ке-ем-рі –ір!.. А, кемпешка!.. 
(Ешкім үн қатпайды). 
Тағы да үнсіздік.Баймырза кітабы мен көзіндегі көзәйнегін бұрыштағы жатаған 
үстелдің үстіне қойып, орнынан тұрды да, тәпішкесін тырп-тырп басып, коридорға 
шығады.
Қ 
а 
й 
с 
а 
р. 
(қысыла 
сыбырлап, 
ентігін
әлі баса алмаған күйі) 
Сәлеметсіз бе,аға!... 
А қ м а р а л. Амансыз ба... 
Пәтер 
иесі 
алғашында 
беймезгіл, 
шақырылмаған 
қонақтарға
аңтарылып, таңданған кейіппен сілейіп тұрып қалады.
Б а й м ы р з а. Саламатсыздар ... Иә, бұл қай баласыңдар? Шынымды айтсам, 
жүздеріңді шырамыта алмай тұрмын. 
Қ а й с а р. Аға, сіз бізді танымайсыз. Біз... 
А қ м а р а л. Біз демонстрациядан қашып шықтық. Ағай кешеден бері 
Брежнев алаңында қазақ жастарының Орталық комитет пленумының шешімдеріне қарсы 
болып, наразылық білдіріп жатқанын естіген шығарсыздар... 
Б а й м ы р з а. Иә-иә, естігем. Құлағы керең, немесе мылқау біреу 
болмаса, оны естімеген жұрт жоқ болар бүгінде. 
А қ м а р а л. Ендеше, біз сол демонстанттардың біріміз. Жаңа солдаттар 
бәрімізді өрт сөндіргіш машиналардан су шашып, қару қолданып, алаңнан қуып 
шықты. Қолдарына түскендерін тұтқындап, түрмеге жауып жатыр... 
Қ а й с а р. Бізді де бес-алты жазалаушы осы араға дейін қуып келді. 
Әзер қашып құтылдық. Әйтеуір сіздің пәтердің есігі ашық тұр екен... 


Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д. 
87028435334 
Б а й м ы р з а 
(әлі де аң-таң
қалған кейіптен арыла алмаған күйі).
Иә,ашық болса, ашық тұрған шығар. Әлгінде осы 
үйдің кемпірі далаға мусор төгуге шыққан. 
А қ м а р а л. (көздері боталап, 
жылап қоя береді) Ағай, бізді қуып шыға көрмеңізші! Жаңағы солдаттар ұстап алса, бізді 
құртады!.. 
Б а й м ы р з а. Ау, сендердің не 
жазықтарың бар соншалықты? Әлде... 
А қ м а р а л 
(ентігін баса
алмаған қалпы).
Жазығымыз – демонстрацияға қатысқанымыз. Құдай біледі
қиянатымыз жоқ. Ағатай, бізді қуып шыға көрмеңізші... 
Б а й м ы р з а. Қой, жылама , 
қалқам. Қыстың көзі қырауда жетім торғайдай пана іздеп келген екенсіңдер, олай 
болса, мен сендерді қуып шыға алмаспын. Тәуекел... 
А қ м а р а л. Алла разы болсын, 
аға!.. 
Қ а й с а р. Рахмет... 
Б а й м ы р з а. Ал, шешініп, былай шығыңдар. Жаурап та қалған 
шығарсыңдар. 
Ақмарал мен
Қайсар шешіне бастайды. Осы кезде біреу сырттан есіктің тұтқасын бұрайды да,
оның жабық тұрғанын көргеннен кейін, шар еткізіп қоңырауды басады. Екі жас

жүктеу 2,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау