Абай атындағы республикалық мамандандырылға дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты



жүктеу 2,38 Mb.
Pdf просмотр
бет63/83
Дата12.09.2022
өлшемі2,38 Mb.
#39215
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   83
Қазақ әдебиеті 9-сынып

қонақ шошып кетіп, үрписе қалады. Ақмарал жаутаңдап, үй иесіне қарайды.
Б а й м ы р з а. Қорықпаңдар. Қане, 
былайырақ тұрыңдар, есікті ашайын, бұл дәу де болса, осы үйдің кемпірі шығар. 
Сыртқы есік ашылады. Есіктің көзінен үстіне шалының тонын
желбегей жамылған талшын көрінеді. Қолында – қоқыс салуға арналған пластмасса
шелек.
Т а л ш ы н. Ойбай-ай, масқара!.. Көше толы 
– солдат, мілитса. Алаңға жиылған жастарды қуып жатқанға ұқсайды. Әлгі 
көктігілгір мусор салатын контейнерді домуправ төменгі көшенің қиылысына апарып 
тастапты, ауланың сәнін бұзады деп. Әзер жеттім. Біреу-міреу қағып кете ме деп, 
зәрем ұшты –ай тіпті. 
Б а й м ы р з а (сыртқы есікті кілттеп жатып). Ә, қартайсаң да жан тәтті, ә, 
кемпешка?! 
Т а л ш ы н 
(тонын шешіп жатып).
Е, тәтті 
болмай! Қартайған адамға жан керек емес пе екен?.. 
Кенет Талшынның көзі бір шетте не істерін білмей тұрған
екі жасқа түсе кетеді.
Т а л ш ы н 
(шошып кетіп).
Ойбай, көтек!... 
Мына балалары кім тағы?.. 
Б а й м ы р з а 
(әзілдеп).
Бұл сенің нағашыларыңның 
балдары. Жұрағаттарың. 
Т а л ш ы н. Қайдағы нағашы?.. Менде 
нағашы бар ма еді? 


Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д. 
87028435334 
Б а й м ы р з а. Ілгеріде Қытайға 
ауып кеткен нағашыларымыз бар деп жүретін едің ғой. Солардың үрім-бұтақтары 
болар. 
Т а л ш ы н. Қойшы әрі, 
кісінің жынын келтірмей. Ата сақалың аузыңа түссе де, әзілің қалмайды-ау. Одан 
да жөніңді айтпаймысың. 
Қ а й с а р. Апай, біз... 
Б а й м ы р з а. Бұ балдар әлгі 
өзің көрген жан алғыш солдаттардан қашып жүрген көрінеді. Демонстранттар. 
Алаңнан қашып шығыпты. 
Т а л ш ы н. Ойбай-ау, алаңнан 
қашып шықса, бізде несі бар, үйлерне бармай ма?! 
Б а й м ы р з а. Әй, кемпір, сен 
де қызықсың-ау, сол үйлеріне жете алмаған соң осында келіп отырған жоқ па? 
Бізге тамақ асырау үшін келіп отыр деп пе едің?.. 
Т а л ш ы н. Кім саған тамақ 
асырау үшін келді деп отырған. Қой, мен ештеңені білмеймін. Бір рет халық 
жауының семьясы болғаным жетер осы өміріме, енді тағы қартайған шағымда түрме 
жағалап жүрер жайым жоқ. 
Б а й м ы р з а. Ойпырмай, енді 
қоя тұршы, қара аспанды қапылдыра бермей. Әуелі істің мәніне түсініп алсаңшы, 
жазған-ау!.. 
Талшын қолындағы пластмасса шелекті алып, ас үйге өтеді
де, краннан су ағыып, қолын шая бастайды.
Т а л ш ы н. Әй, шал, мен ойнап тұрғам 
жоқ сендермен. Ана балалар үйіне қайтсын. Айттым ғой саған – екінші рет халық 
жауы болар жайым жоқ деп. Қазір ана жан алғыштар үй-үйді аралап, тінтуден 
тайынбайды. Сонда не бетімді айтпақпын?.. Жоқ, айналайын, мәмілеңді айтпа 
маған!.. 
Б а й м ы р з а. Кемпір, сен енді айтқан тілді ал. Бұ балдар мен тұрғанда 
ешқайда кетпейді. Тәуекел. 
Т а л ш ы н. Тәуекелің әлі таусылмаған екен-ау, а. Құдайыңды ұмыта 
бастаған екенсің, байғұсым. Баяғы 59-жылы Сібірде он жыл отырып келіп, бізбен 
табысқандағы берген антыңды ұмытқан екенсің... 
Қ а й с а р. Қой, аға, біз 
кетейік. Кешіріңіздер... 
Б а й м ы р з а. Жоқ, кетпейсіңдер. Ана жазалаушылар сендерді қазір құр 
жібермейді. 
Қ а й с а р. Мейлі, аға, бір ыңғайы болар... 
Б а й м ы р з а. Балам, сен өйтіп енді менімен қасарыспа. Шешеңнің қазір 
ашуы сабасына түседі. Не болса да, күте тұрыңдар. 
А қ м а р а л. Қайсар, сен енді қойшы. Ағам айтып тұр ғой... 
Т а л ш ы н 
(ас үй жақтан).
Шырағым, 
ол ағаң айта береді. Не болса да ана баланың айтып тұрғаны дұрыс. Үйлеріңе 
жетіп алыңдар. 
Баймырза. Әй, сен қоясың ба, жоқ па?! Біле білсең, бүгін маған бақ 
пен бақыт қонған күн!.. Кенесары бабамның аруағын тірілтем деп, сонау Сібірде 
отырған он жылда «Апыр-ай, бұ қазақтың аяққа тапталған ар мен намысын жақтайтын 
ерлер қашан туады, не қылған сорлы елміз, ез елміз...» деп, көкірегім шерге 


Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д. 
87028435334 
толатын еді. Кешеден бері сол сорлы елдің намысын қорғауға бел буған мына 
балалардай мыңдаған ұл-қызды көріп, төбем көкке екі елі жетпей тұр. «Бар екен 
ғой, иә, Жасаған!..» деп, ішімнен мың тәуба айттым жаратқанға түнімен. Сен оны 
қайдан түсінейін деп едің... 
Т а л ш ы н. Иә, біз нені түсінейік. Бізге ондай түсінік қайда?.. 
Б а й м ы р з а. Кемпір, сен мені өйтіп шымшыма. Қазақтың ар-ожданын аяққа 
таптатпаймын деп, жас жүректері лүпілдеп соққан екі ер келіп отыр отыңның 
басына. Біле білсең, бұлар бізге келген – құт. 
Т а л ш ы н. Құт па, жұт па – оны бір Жаратушының өзі ғана біледі. Сен 
менің өйтіп тілімді қышытпа, білдің бе!.. Қазақ-қазақ дегенде көкірегің қарс 
айырылады. Сол қазақтың намысын жыртып, он жыл түрмеде, айдауда жүргенде 
солардың біреуі артында қалған жесірін мына мені мен ана қызыл иек, аш құрсақ 
шиеттей үш бала-шағаңа қол ұшын беріп пе еді? Соларды енді екі көзінен қанды 
жас ағызып, иттей тістелеп жүріп, кәмелетке жеткізген сол сенің айта беретін 
қазағың ба еді, әлде мына мен бе едім? Елуінші жылдың аяғында түрмеден 
арып-ашып келгеніңде саған қызмет тауып бермек түгіл, кеңсенің есігінен 
сығалатпай қойған төрелер де сол сенің айта беретін қазақтарың емес пе еді? 
Енді бүгін келіп... О, несі, жүдә, көсемси қалғаны. 
Б а й м ы р з а. Олар қазақтың асын ішіп, аяғын тепкен атқамінерлер ғой. 
Сен қарапайым халық пен билік үшін ар-иманын сатып жіберетін белсенділерді 
шатастырып тұрсың. 

жүктеу 2,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау