1978 жыл
*****
АСЫЛБЕКҰЛЫ СЕРІК
1951 жылы 18 қыркүйекте Қызылорда
обылысының Қармақшы ауданындағы Ленин ауылдық советіне қарасты
Қарақ деген жерде дүниеге келген. Оның екі жасында ата-анасы көршілес
Қазалы ауданына қоныс аударған. 1968 жылы Қазалы ауданының Қазалы
ауылындағы №100 Кеңтүп» қазақ орта мектебін, 1973 жылы Алматы
қаласындағы
Абай
атындағы
Қазақ
мемлекеттік
педагогикалық
Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д.
87028435334
институтының филология факультетін бітірген. Қазақстан Жазушылар
одағының мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор.
Асылбекұлы Серік 1973-2001 жылдары орта мектепте мұғалім, мектеп
директорының оқу істері жөніндегі орынбасары, республикалық әдеби
баспалар мен журналдарда редактор, бас редактор, Қазақстан Республикасы
Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінде жетекші маман болып
қызмет атқарды. 2001-2008 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық
Өнер академиясының аға оқытушысы, доценті, профессоры, 2009-2013
жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы. Қазір Абай
атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қазақ әдебиеті
кафедрасында қызмет етеді.
С.Асылбекұлы 1984 жылы Москва қаласында өткен Жас
жазушылардың ҮІІІ Бүкілодақтық кеңесінің қатысушысы, Қазақстан
Жазушылар одағының Б.Майлин атындағы сыйлығының лауреаты (1987 ж.),
қазақ және орыс тілдеріндегі 10 прозалық кітаптың, шет елдердің, атап
айтқанда,
Ресей
Федерациясының,
Украинаның,
Моңғолияның,
Қырғызстанның, Қытай Халық Республикасының ғылыми басылымдарында
жарық
көрген
бірнеше
әдеби-зерттеу
мақалаларының,
бір
монографияның авторы. Л.Толстой, Ги де Мопоссан, М.Пришвин, А.Грин,
А.Васильевич, В.Железников, Г.Далидович, т.б. лардың кейбір новеллалары
мен әңгімелерін, Ш.Айтматовтың «Жаңғырық» («Плаха») атты романының
бір тарауын орыс тілінен қазақшаға аударған.
С.Асылбекұлы сондай-ақ драматург ретінде де танымал. Оның
«Желтоқсан түні ызғарлы» («Бір түнгі оқиға») пьесасы бойынша қойылған
спектакльге осы заман шындығын шынайы бейнелегені үшін 1998 жылы
Тараз
қаласында
өткен
ҮІ
Республикалық
театр
фестивалінің,
«Империядағы» туған күн кеші» пьесасы бойынша қойылған спектакльге
2013 жылы Ақтөбе қаласында өткен ХХІ Республикалық театр фестивалінің,
ал «Күзгі романс» пьесасына 2005 жылы Қазақстан Ұлттық кітапханасы мен
«Самсунг электроникс» корпорациясының үздік драмалық шығармаларды
анықтау мақсатында өткізген республикалық әдеби конкурсының бас
жүлделері берілді. Қазіргі күндері аталған пьесалар бойынша қойылған
спектакльдер Қазақ және Қырғыз академиялық, ұлттық драма театрларының
сахналарында табыспен жүруде.
Серік Асылбекұлының «Бөтеннің тойы» атты әңгімесі 2016 жылдың
25-28 қараша аралығында Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында өткен,
әлемнің 43 елінен 1400 шығарма келіп түскен «Open Eurazian literature
Festival book Forum - 2016» халықаралық әдебиет фестивалінде «Көркем
шығарма» номинациясы бойынша лауреат атанды. Бұл конкурсты
Еуразиялық шығармашылық одақ (Лондон) пен британдық Hertfordshire Press
баспа орталығы өткізген болатын.
Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д.
87028435334
Достарыңызбен бөлісу: |