Абай атындағы республикалық мамандандырылға дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты



жүктеу 2,38 Mb.
Pdf просмотр
бет21/83
Дата12.09.2022
өлшемі2,38 Mb.
#39215
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   83
Қазақ әдебиеті 9-сынып

ҚАЗТУҒАН СҮЙІНІШҰЛЫ
(1420, қазіргі Астрахан облысы Красный 
Яр қала маңы - ө.ж.б.) - жырау. Қазтуған Сүйінішұлының туған, қайтыс 
болған жылдары белгісіз. Халық арасында Қарға бойлы Қазтуған атанып 
кеткен. Қазақтың XV ғасырдағы айтулы жорық жырауы. Әскербасы, батыр 
болған.Еділдің Ақтума, Бозан бойларында туып-өскен. XV ғасырдың орта 
шенінде іргесі жаңадан қаланған Қазақ хандығына қоныс аударған. 
Қазтуған жырау жорық жыршысы және халық эпосын жасаушылардың 
бірі саналады. Артына қазақтардың әскери рухын, туған жерін, халық өмірі 
мен тұрмысын суреттейтін көптеген өлеңдерден тұратын шығармашылық 
мол мұра қалдырды. Олардың көпшілігі сақталмаған. Дегенмен, бізге жеткен 
жекелеген туындылары оның әдебиет тарихы төрінен орын алуға лайықты 
екенін айғақтайды. Оның поэзиясы жауынгерлердің көшпелі өмірін, 
көзқарасын суреттейді. Және олардың тұрмысын, айналадағы құлан таза 
табиғат туралы ойларын бейнелейді. Ақын-жыраудың қиялының жүйріктігі, 
өткірлігі, бай және әдемі көркемдік әдістері сол дәуірдегі қазақтардың 
поэтикалық өнерінің жоғары деңгейде болғанын, сонымен бірге, өзіндік 
ерекшеліктері бар екенін білдіреді. Ұлттық бояуы жағынан айқын 
суреттелген, жасампаз романтикамен көркемдеген, нақылдық ой орамдары 
мен көркемдік тіркестерге бай. Қазтуған жырау өлеңдері көп ғасырлық өнер 
мектебі мен әдеби үлгі ретінде санамыздан орын алды. 
Қазтуған жыраудың "Мадақ жыры", "Туған жермен қоштасу" сынды 
туындыларын ежелгі қазақ поэзиясының таңдаулы үлгілеріне жатқызуға 
болады. Ақынның халық жыраулары арқылы жеткен бірқатар толғаулары 
И.Березиннің "Түрік хрестоматиясында" (1862), Ғабдолла Мұштақтың 1910 
жылы шыққан "Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары" жинағында, 
М.Мағауиннің "Алдаспан" кітабында (1970) жарияланды. 
АЛАҢ ДА АЛАҢ, АЛАҢ ЖҰРТ 


Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д. 
87028435334 
Алаң да алаң, алаң жұрт, 
Ақала ордам қонған жұрт, 
Атамыз біздің бұ Сүйініш 
Күйеу болып барған жұрт, 
Анамыз біздің Бозтуған 
Келіншек болып түскен жұрт, 
Қарғадай мынау 
Қазтуған батыр туған жұрт, 
Кіндігімді кескен жұрт, 
Кір-қоңымды жуған жұрт, 
Қарағайдан садақ будырып, 
Қылшанымды сары жүн оққа толтырып, 
Жанға сақтау болған жұрт. 
Салп-салпыншақ анау үш өзен, 
Салуалы менім ордам қонған жер, 
Жабағылы жас тайлақ 
Жардай атан болған жер, 
Жатып қалып бір тоқты 
Жайылып мың қой болған жер, 
Жарлысы мен байы тең, 
Жабысы мен тайы тең, 
Жары менен сайы тең, 
Ботташығы бұзаудай, 
Боз сазаны тоқтыдай, 
Балығы тайдай тулаған, 
Бақасы қойдай шулаған, 
Шырмауығы шөккен түйе таптырмас, 
Балығы көлге жылқы жаптырмас, 
Бақасы мен шаяны 
Кежідегі адамға 
Түн ұйқысын таптырмас, 
Қайран менің Еділім, 
Мен салмадым, сен салдың, 
Қайырлы болсын сіздерге 
Менен қалған мынау Еділ жұрт!.. 
***** 

жүктеу 2,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау