12
толықтырулар мен дәлдемелерден өткен болатын. Және сол жайлы сөз
таластар әрі қарай жалғасын табуда. Олар экология пәніне, зерттеу
объектісіне, осы ғылымның шекараларына және олардың басқа
шекаралармен байланысына, білімнің жақын аймағына қатысты.
Осылайша, Ю.Одум қысқа және ең мамандандырылған анықтаманы,
дәлірек айтқанда: экология – бұл «қоршаған ортаның биологиясы»
(environmental biology) анықтамасын ұсынды.
Уақыт
өте
келе
адам
әрекетінің
көптеген
сфераларында
«экологияландыру» жүріп жатыр. Экологиялық тәсілдеме барлық жаңа
ұстанымдарды жаулап алды және экология түсінігі біршама кеңейді. Бұл
«экология» түсінігінің жырмалануына және зерттеу пәнінің жойылуы мен
басқа ғылым салаларымен нақты шекараларын жоғалтуға әкеп соқты.
ХХ ғасырдың соңында, ғылым ретіндегі экология дисциплинааралық
бола бастады және биологиялық, геологиялық-географиялық, техникалық
және әлеуметтік-экономикалық ғылымдардың торабында тұр деген ой
туындады. Экологияға қатысты ең алғаш классикалық көріністер енді
артқы орындарға бірте-бірте жылжып, қазіргі уақыттың экологиялық
мәселелерімен
шиеленіседі.
Жалпыға
қарсыластырып
қойылған
қолданбалы экология туралы, экологиялық процестер мен жаһандық
деңгейдегі биосфераның дамуының заманауи үрдістерді, мемлекеттердің
экономикасымен байланысын, әлеуметтік құрылғылары мен индустриалды
дамудың алуан түрлі деңгейін қарастыратын жаһандық экологияға
қарағанда көп әңгіме қозғалмайды. Экологиялық қауіпсіздік, экологиялық
дағдарыс, экологиялық төтенше жағдай, экологиялық мәдениет пен
экологиялық құлықтылық және т.б. жаңа терминдер пайда болды.
Классикалық экология негізінде білімнің бүтіндей жаңа аймақтары – қауіп-
қатердің биосфераға антропогенді әсерін талдау мен бағалау пайда болып,
әрі қарай дамуда. Олардың, қоршаған ортаға деген техногенді әсерлерін
болар нәтижелермен тұрғындардың денсаулығы мен табиғи экожүйелерге
тиетін зақымды азайту мақсатында байланыстыратын таза практикалық
сипаты бар.
Жеке ғылыми дисциплина ретіндегі заманауи экология көптеген
ғылыми бағыттардың қиылысында пайда болып, биологиялық,
техникалық, экономикалық, эстетикалық және басқадай бағыттарды,
адамның (қоғамның) алуан түрлі организмдермен және табиғаттың өлі
элементтерімен қарым-қатынасы мен байланысын зерттеп оқытатын
ғылымға айналды, «адам-табиғат» жүйесіндеғы қарым-қатынасты
оңтайландыруға жәрдемдесті.
Экология
Достарыңызбен бөлісу: