8
5.
Популяция санын реттеу. Өсімдіктер мен жануарлардың,
сонымен қатар, микроорганизмдердің өмір сүру шарттарын зерттеу
негізінде
малдар
саны
мен
түрлерін
реттеп
отыруға,
ауылшаруашылығындағы жануарлар мен өсімдіктерге кесірін тигізетін
заттармен, ауруды таратушылармен және т.б. күресуді ұйымдастыруға
болады.
6.
Өнім беру процесін басқару. Бұл мәселе өзіне трофикалық
деңгейлер жүйесіне энергетикалық ағымның сандық сипаттама сұрақтарын
шешуді қосады (фотосинтезді басқару, топырақтың құнарлылығын
жоғарылату, егістерді рационалды түрде орналастыру және т.б.). бұл
басқаларға қарағанда жергілікті жағдайларға жақсырақ бейімделген және
ең көп өнімділік пен астық өнімін беретін өсімдік пен малдар түрлерін
өсірудің ғылымға негізделген жүйесін әзірлеуге мүмкіндік береді.
7.
Экологиялық индикация – масштабтарды анықтау мен
адамның қоршаған ортаға тигізетін әсерінің мүмкін нәтижелерін болжау.
Табиғат жағдайларында биологиялық индикаторларға - болуы мен күйі
бойынша, сонымен қатар, ортадағы өзгерістерге, соның ішінде
ластағыштардың болуы мен олардың концентрациясымен айқындалатын
іс-қимылымен байланысты бір түрдің ағза топтары немесе биотикалық
қоғамдастық кіреді. Соған қоса, қоршаған ортаның қасиетінің өзгеруіне не
сипатына бағыттайтын күйдің ауысуы (түсі, реңінің өзгеруі) немесе саны,
физикалық құбылыстар мен химиялық заттар индикатор болуы мүмкін.
8.
Мониторинг – қоршаған орта параметрлерін динамикада
қайталап, мақсатты түрде бақылау жүйесі. Берілген бақылаудың негізінде
табиғат ресурстарын рационалды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау
жөнінде нұсқамалар беріледі.
Экология орта қорғаушылық және табиғат қауіпсіздігін қамтамасыз
ететін іс-шаралардың комплексті түрде әзірленуіне бағытталған. Бұл жерде
табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны қорғау түсініктерін шатастырмау
керек. Соңғысы қазіргі заманғы адамға қатысты қолданылады, себебі оның
ортасында көптеген жасанды түрде құралған, табиғи емес компоненттер
бар. Және бұл жағдайда әңгіме адам қажеттіліктері мен қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жайлы қозғалып тұр.
Табиғатты
қорғау
биологиялық
процестердің,
биологиялық
түрөзгерістерді топтастыруды, табиғи экологиялық жүйелерді сақтауды
қамтамасыз етуі керек.
Жоғарыда бекітілген тапсырмаларды орындауда экология келесі
Достарыңызбен бөлісу: