М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
«Бекітемін» факультет деканы
________________
«__»_________200 ж.
Педагогикалық факультеті
Педагогика және психология кафедрасы
050102 «Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі» мамандығы
Бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған
«Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы»
пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Курс – 3
Семестр - 5
Кредит саны – 3
Дәріс – 30 сағат
Практикалық сабақтар (семинар) –15
СОӨЖ – 45 сағат
СӨЖ – 45 сағат
Емтихан – 5-ші семестрде
Барлығы – 135сағат
Орал- 2009 ж.
«Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы»
пәнінің оқу әдістемелік кешені Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және 050102 «Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі» мамандығының типтік оқу бағдарламасы (Алматы: Абай атындағы ҚҰПУ) негізінде құрастырылды. Типтік оқу бағдарламасы Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 11 майда №289 бұйрығымен бекітілген және ендірілген.
Құрастырған: оқытушы Хабиева Д.Ғ.
Келісілді: ОҮҰжОӘБ жетекшісі А.А. Какимова
Педагогика және психология кафедрасының отырысында қарастырылды
“____“ _________ 200 ж. №__ хаттама
Кафедра меңгерушісі: _____________________ А.С.Иргалиев
Педагогикалық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді
“____“ _________ 200 ж. №__ хаттама
Факультеттің ОӘК төрағасы __________ ___________
1. Пәннің типтік оқу бағдарламасы Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 11 майда №289 бұйрығымен бекітілген және ендірілген.
2. Пән бойынша оқыту бағдарламасы – SYLLABUS
Оқытушы (оқытушылар) туралы мәлімет
Хабиева Д.Ғ.- «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушы
Жұмыс орны: «Педагогика және психология» кафедрасы
Тұрғылықты жері: Студент көшесі 4, 7-ші оқу ғимараты, 212- кабинет
Пән туралы мәлімет
Сабақ кестесі:
Оқу тоқсаны 15 оқу аптасынан және 2 сынақ аптасынан тұрады.
Аптасына 3 кредит-сағат жоспарланады, оның әрбір кредит-сағат бір байланыс сағатынан (2 дәріс, практика) және оқытушының басқарумен жүретін студенттердің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ, СӨЖ) тұрады.
Сабақтар
|
Өткізілу уақыты
|
Сабақтар
|
Өткізілу
уақыты
|
Сабақтар
|
Өткізілу уақыты
|
Сабақ
тар
|
Өткізілу уақыты
|
Байланыс сағаты 1 (дәріс 2)
|
50 мин.
50 мин.
|
Практика- лық сабақ 1 сағат
|
50 мин.
|
СМЖӨЖ
1 сағат
|
50+50 +50 мин.
|
СӨЖ
1 сағат
|
50+50+50 мин.
|
Оқу жоспарынан көшірме:
Курс
|
Семестр
|
Кредит саны
|
Дәрістер
|
Семинарлар
|
ОЖСӨЖ
|
СӨЖ
|
Барлығы
|
Бақылау
түрі
|
3
|
5
|
3
|
30
|
15
|
45
|
45
|
135
|
емтихан
|
Кіріспе.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориясы мен технологиясы» пәні - қазақ мектептері үшін бастауыш мектеп мұғалімін даярлайтын «Бастауыш оқыту әдістемесі» мамандығы бөлімінде оқылатын негізгі пәндердің бірі. Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориясы мен технологиясы пәні бойынша бастауыш мектеп мұғалімдеріне қажетті кәсіптік теориялық білім мен тиісті практикалық машық-дағдыларды қалыптастыру негізгі мақсат болып табылады. «Бастауышта қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориясы мен технологиясы» пәнін оқыту процесінде жақсы нәтижеге жетудің жолы – тілден берілетін теориялық материалды жаңа технология үлгілерін пайдалана отырып беру.
Курс мақсаты: студенттерге мектепте қазақ тілін оқыту процесінің ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан меңгерту. Кәсіби деңгейі жоғары, жан-жақты дамыған, білім нәрімен сусындаған, теориялық білімі терең, практикалық дағдысы қалыптасқан, ұлттық менталитеті жоғары маман даярлау.
Курс міндеті:
Студенттерді әдістеме саласындағы соны өзгерістермен таныстырып, оны тиімді қолданудың жолдарын үйрету;
студенттерге қазақ тілін оқыту әдістемесінің методологиялық-теориялық негіздерін меңгерту;
қазақ тілі жүйесінің ішкі салаларын мектепте оқыту ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан талдап көрсету;
оқу-әдістемелік құралдарды оқып-талдау, баға беру, тиімді әдістемелік кешендерді таңдай білу, оларды практикада қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;
қазақ тілін оқыту әдістемесін ғылыми тұрғыдан зерттеп-ану қабілеттерін дамыту;
болашақ бастауыш сынып мұғалімі ретінде, өз бетімен ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді іріктеу мен оларды талдай білу дағдыларын жетілдіру;
мектеп мұғалімінің тәжірибе жинақтау барысын талдауға, озық тәжірибені таратуға белесене қатысып отыруын қалыптастыру.
Курс мазмұны:
қазақ тілін оқыту әдістемесінің қалыптасу және даму жолдары;
мектепте қазақ тілін ана тілі ретінде оқытудың ерекшеліктері мен мақсат-міндеттері;
қазақ тілін оқытуды оқу-танымдық процесс ретінде тану мен ұйымдастырудың ерекшеліктері;
қазақ тілін орта мектеп мен тереңдетілген мектептерде оқытудың өзара байланыстылығы мен ерекшеліктері;
қазақ тілі жүйесінің мектепке арналған ғылыми курсы деңгейлерін оқыту әдістемелері (сауат ашу әдістемесі, әдебиеттік оқу әдістемесі, грамматика және тіл дамыту, фонетиканы оқыту әдістемесі, лексика мен фразеологияны оқыту әдістемесі, сөзжасамды оқыту әдістемесі, морфологияны оқыту әдістемесі, синтаксисті оқыту әдістемесі, мәтінді оқыту әдістемесі, жазу және тіл дамыту, байланыстырып сөйлеу әдістемесі);
қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың ойлауын дамыту әдістемесі;
қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың тілін дамыту әдістемесі, орфография мен орфоэфияны оқыту әдістемесі, пунктуация заңдылықтарын меңгерту әдістемесі, стилистиканы оқыту әдістемесі;
қазақ тілі бағдарламалары мен оқулықтарын талдау әдістемесі;
қазақ тілін оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу әдістемесі;
студенттердің қазақ тілінен өтілетін педагогикалық практикасы және оны ұйымдастыру әдістемесі.
Оқыту әдістемесі: дәріс, практикалық сабақтар, лабораториялық сабақтар, студенттердің жеке жұмысы, аранаулы курстар мен арнаулы семинарлар барысында меңгертіледі. Сонымен бірге, студенттердің өз бетімен жұмыс орындауы, бақылау жұмысы, реферат, курстық жұмыс, дипломдық жұмыс жазуы арқылы әдістемелік білімін жетілдіруді көздейді
Пререквизиттер: Жалпы орта білім беретін мектептерде оқытылатын қазақ тілі пәні.
Постреквизиттер
Қазақ тілі грамматикасынан мол мағлұмат алады.
Қазақ тіліндегі грамматикалық емле, ережелердің анықтамасы, оны практикалық жұмыстарда пайдалану, түсіндіру әдістемесін меңгереді.
Емле, ережелердің қолданылу ерекшелігімен таныс болады.
Реферат, ғылыми баяндама, бақылау жұмыстарын ғылыми тұрғыдан дайындау дағдыларын меңгереді.
Студенттерге қойылатын талаптар:
Курсты бағалау бүкіл семестрді қамтиды, сондықтан студент барлық сабақ түрлерінде беделді түрде қатысуы керек. Максимальды балды студент қойған сұраққа нақты, дұрыс жауап берсе, жұмыстарын мұқият, толық жағдайда жауап бергенде ғана алады.
1.Сабаққа қатысуы. Сабаққа міндетті түрде келу керек. Өтпеген сабақтарды толық түрде студент оқытушыларға өтеп, оқығанын дәлелдейді.
2. Аудиториядағы жағдайы: Студент сабаққа кешікпеуі керек, ұялы телефонды өшіріп, оқу үрдісіне белсенді түрде қатысып отыруы тиіс. Сабақ уақытында студенттің өз пікірін дәлелдеп, сабаққа белсене қатысуы, берілген тапсырманы уақытында орындауы есепке алынады.
Сабақ уақытында сабақтан сұрануға, бос әңгімеге, басқа біреуге кедергі келтіруге рұқсат етілмейді.
3. Семинар сабақтарына әзірленуде сұрақтың мазмұнына мән беріп, керекті материалды ғана жинақтап, нақты мысалдармен түсіндіруге тырысыңыз.
4. Жеке тапсырма: семестр бойы жеке жұмыстар орындалуы керек. Студент оны орындаған кезде ғана есептелінеді. Студент қате жазған болса, студентке қайтарылып, ол дұрыстап қайта тапсыруы керек. Бұл тапсырмалар бөлек-бөлек бағаланады, қорытынды баға әсер етеді.
Сабақ үлгілері талапқа сай құрылып, тіл дамыту жаттығулары, тапсырмалары, ойындарға арналған арнайы папкаңыз болуы керек.
5. Үй тапсырмасы: Үй жұмысы талапқа сай орындалып, оқытушы белгілеген уақытта тапсырылуы тиіс. Уақытында тапсырылмаған үй жұмысы қабылданбайды.
6. Бақылау жұмысы: бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалады, сабақ аяғында тапсыруы керек. Сабақтан кейін қабылданбайды және бағаланбайды.
Достарыңызбен бөлісу: |