А. С. Иргалиев Педагогикалық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді


Тьютор: Хасанова Іңкәр Өтебайқызы



жүктеу 2,13 Mb.
бет3/11
Дата21.12.2017
өлшемі2,13 Mb.
#5401
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Тьютор: Хасанова Іңкәр Өтебайқызы


Хабиева Дина Ғарифоллақызы

Пән: Кредит саны:3





Әдебиет атауы

Кітап

ханада


Кафе

драда


Студенттер

дің қамтылу пайызы



Элект

ронды түрі



Ескерту

1

Арғынов Х. Қазақ тілі синтаксисі мен пуктуациясының методикасы. Алматы: мектеп 1974.

5

3

5

-

Негізгі оқу

лық


2

Әбілқаев А. Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1965.

2

-

2

-

-

3

Әбілжанов Д., Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. А. , 1995.

2

-

2

-

-

4

Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т., Шаймерденов Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Практикалық және лабораториялық жұмыстар. А: 1999

4

-

3

-

-

5

Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992.

2

-

2

-

-

6

Балақаев М. Тіл мәдениеті және мектепте, қазақ тілін оқыту. А., 1982.

2

-

2

-

-

7

Жапбаров А. Стилистиканы оқыту әдістемесі. Алматы ,1995.

4

-

3

-

-

8

Зельманова Л.М. Наглядность в преподовании русского языка. М., 1984.

1

-

1

-

-

9

Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. А, 1993.

3

2

6

-

-

10

Кәтембаева Б., Нұрғалиева М., Морфологияны оқытудың методикасы, Алматы : 1975.

3

-

2

-

-

11

Құлмағанбетова және т.б. Қазақ тілін оқытудың методикасы. А: 1998.

2

-

2

-

-

12

Құрманова Н.Ж., Мухлис К. Текст теориясы және тексті талдау әдістемесі . Алматы: 2000.

3

3

6

-




13

Ломизов А.Ф. Выразительное чтение при изучении синтаксиса и пуктуации. М. ,1986.

3

3

6

-



14

Мұсабекова Ф. Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселері. А, 1959

2

2

5

-

-

15

Напольнова Т.В. Активизация мыслительной деятельности учащихся на уроках русского языка . М.,1983.

3

3

3

-

-

16

Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатысым: теориясы және әдістемесі. А., 2000.

1

1

1

-

-

17

Оралбаева Н., Жақсылықова К. Орыс тілді мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі . Алматы: Ана тілі.1996.

3

3

3

-

-

18

Прудникова А.В. Лексика в школьном курсе русского языка. Москва,1979.

3

3

3

-

-

19

Панов В.Т. Типы и структура уроков русского языка. Москва 1986.

3

3

3

-

-

20

Сарыбаев Ш. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері. Алматы, 1959.

-

1

1

-

-


ГЛОССАРИЙ

Күрделі сөздер- аналитикалық тәсіл арқылы екі я одан да көп сөзден құралып, бір лексикалық мағына беретін сөздер.

Қос сөз-екі сыңардан тұратын, сыңарлары бір сөздің қайталануынан немесе бір тектес синоним я антоним сөздерден жасалып, бір ырғақпен тұтаса айтылатын сөздер.

Тіркескен күрделі сөздер-екі я одан да көп мағыналы сыңардан жасалып, біртұтас мағына беретін сөздер.

Сөзжасамдық бірліктер-туынды сөз жасауға қатысатын морфемалар.

Сөзжасамдық мағына-туынды сөздің жасалуына байланысты пайда болған мағына.

Есім сөздер-өзінің құрамын үнемі толықтырып отыратын сөз табы.

Құранды етістіктер- есім сөздерге белгілі көмекші етістіктер тіркесіп, оған қимыл мағынасын қосу арқылы жасалған етістіктер.

Қосарланған етістіктер-екі сыңары да етістіктен жасалған қос сөздер.



Сөзжасамдық тип-бір сөз табынан белгілі бір жұрнақ арқылы жасалған ұқсас мағыналы туынды сөздердің жасалуы аталады.

Сөзжасамдық үлгі-туынды сөздің нақты жасалу жолы.

Туынды сөздер- сөзжасамдық тәсіл арқылы сөзжасамдық бірліктердің бір-бірімен қарым-қатынасқа түсуінен жасалған сөздер.

Туынды түбір- құрамы негіз сөз бен жұрнақтан тұратын сөздер.

Сөзжасамдық саты-негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақтан тұратын сөзжсамдық ұядағы туынды түбірлердің жасалу ретін білдіретін тілдік бірлік.

Сөзжасамдық жұп-негіз сөз бен онан жасалған туынды түбір сөздің жиынтығы.

Сөзжасамдық тарам-тік қатардағы бір сатыда бір негіз сөзден өрбіген туынды сөздердің жиынтығы.

  1. Пән бойынша дәрістердің конспектісі.

1-дәріс

Тақырыбы: Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориясы мен технологиясы – жеке ғылым саласы.

Қарастырылатын мәселелер:

  1. Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны мен пәні.

  2. Қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеудің эмпирикалық және теориялық түрлері.

  3. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің жүйелік болмысын тану жолдары.

Әдістеме (методика) гректің теtоdоs деген сөзінен шыкқан, қазақша зерттеу жолы деген мағынаны білдіреді.

Қазақ тілі әдістемесі — ана тілін үйретудің заңдылықтарын және тіл туралы білімді балаларға үйрету жолдары мен құралдарын зерттейтін педагогикалық ғылым.

Ана тілін үғыну заңдылықтары тіл табиғатының өзінен және оны ұғыну психологиясынан келіп шығады. Бұған білім беру жолдары мен құралдары да жағдай жасайды. Білім беру жолдары мен құралдарына: 1) мақсатты түрде іріктеліп алынған тілдік материал; 2) оқу жұмысын ұйымдастыру; 3) оны үйрету әдістері жатады.
Қазақ тілінің заңдылықтары мен әдістемелік принциптері
Бөбек тілді өзі өмір сүре бастаған ортадан үйренеді, ал олардың мектепте оқуына байланысты сол табиғи процесс онан әрі жалғаса түседі. Сондықтан мектептегі тіл үйрету жұмыстары да үйдегі басталған табиғи процестің заңдылықтарына негізделіп жүргізіледі. Ең алдымен тілдің өз табиғатынан басты-басты мынадай заңдылықтар шығады:

Бірінші заңдылық. Тілді ұғыну барысында адам фонологиялық, грамматикалық және лексикалық мағыналарды меңгереді. Балалар ана тілінің фонологиялық мағынасын, әдеби тілдің орфоэпиялық мөлшерін мектепке дейін-ақ меңгере бастайды. Егер бала үйренбеген болса, мектептегі жүргізілетін жұмыстар да қиындай түседі (мысалы, оқу дағдысын қалыптастыру т.с.с). Оқушылар сөздің лексикалық мағынасын да мектепке дейін меңгереді. Олар мектепке оқуға түскеннен кейін мүғалім балалардың лексикалық қорын кеңейту, қолданылатын сөздердің мағынасын анықтай түсу сияқты жұмыстарды жүйелі түрде жүргізеді. Ана тілінің грамматикалық мағынасымен де балалар мектепке дейін танысады. Мектептің міндеті оқушыларға ана тілінің сан алуан грамматикалық қатынастары мен көріністерін үйретіп, тіл байлықтарын арттыра түсу.

Грамматикалық мағынаны үғыну үшін бала жан-жақты, кең ойлай алатындай болу керек. Сондықтан грамматикалық мағынаны ұғыну барысында олар шындықтағы заттар мен құбылыстардың арасындағы қатынастарды түсінеді, ойлауға үйренеді. Міне, осыдан тіл мен ойлаудың тығыз байланысы келіп шығады.

Сөйтіп, тілді үғынуда ана тілінің фонологиялық, грамматикалық және лексикалық фактілерін жақсы айырып, оны балалардың тіл байлығын арттыруға пайдалана білу кажеттігі туады.

Мұғалім бұл міндетті әдістемелік құралдарды дұрыс іріктей алғанда ғана ойдағыдай іске асыра алады.

Әдістемелік принцип төмендегідей әдістемелік ережелерді сақтауды талап етеді:

1) оқушыларда орфоэпиялық дағды қалыптастыру;

2) грамматиканы оқыту барысында логикаға үйрету;

3) қазақ тілі сабақтарын басқа пәндермен байланыстырып, балалардың лексикалық қорын байыту және оларды жүйелі сөйлеуге үйрету.

Осы ережеге сай, бастауыш мектептер үшін бағдарламалар жасалады, дидактикалық материалдар іріктеледі және оқыту әдістері белгіленеді.

Екінші заңдылық. Тілді үғыну үшін орасан сезімталдық керек. Зерттеушілер мұндай қасиеттің балада тіпті сәби кезден болатынын айтып жүр.

Грамматиканы үйрету осы "тілдік сезімталдыққа" сүйеніп, іске асырылады.

Бұл принцип төмендегідей әдістемелік ережелерді сақтауды талап етеді:

1) балалардың бұрыннан білетін сөздерін тәртіпке келтіру (мұнда грамматика басты орын алады);

2) оқушылар өздеріне белгісіз, грамматикалық құбылыстарды бұрыннан таныс құбылыстармен салыстыра алатындай дидактикалық материал іріктеу;

3) тілдік фактілерді жинақтауға негізделген әдістерді кеңінен пайдалану.



Үшінші заңдылық. Фонологиялық, грамматикалық және лексикалық мағыналармен қатар мәнерлеп сөйлеу, сезімге бөлене сөйлеуді меңгеру.

Мұндағы әдістемелік принцип: мәнерлеп сөйлеуге назар аудару.

Бүл принципті іске асыруда мына сияқты ережелер сақталады:

1) тілдің фонологиялық, грамматикалық жоне лексикалық мағыналарын үйрену барысында сезімге бөлене, мәнерлеп сөйлеудің жолдарын түсіндіріп отыру;

2) одебиеттік оқу мен қазақ тілі сабақтарын міндетті түрде байланыстырып отыру;

3) көркем мәтіндердің тілдерін талдағанда сезімге әсер ететін бөліктерін таңдап алу.



Тортінші заңдылык,. Жазбаша сөйлеу ауызша сөйлеуді таңбалау жүйесіне аудару ретінде (дыбыстық таңбаға көшіру) ұғынылады.

«Жазбаша сөйлеу бала үшін сөйлеуді меңгерудің жалпы екінші кезеңі болып табылады, — дейді профессор Н.С.Рождественский. — Ауызша сөйлеудің өзі шындықтағы заттар мен қатынастардың таңбалары болып табылады. Жазбаша сөйлеу ауызша сөйлеудің дыбыстары мен сөздерін шартты түрде белгілейтін таңбалардан тұрады».

Сауат ашу кезеңінде баланы жазуға үйретудің бастапқы шағында әуелі оған таныс емес әріптің бұрыннан таныс, естіп жүрген дыбысы айтылады. Мұнда тағы бір маңызды мәселе — ауызша сөйлеудің жазбаша сөйлеумен салыстырылып тұруы. Мысалы, тыныс белгілерін қоюда дауыс ырғағының рөлі.

Сонымен, ана тілін оқытуда жазбаша сөйлеудің ауызшамен салыстырылуы мынадай әдістемелік принципке негізделеді. Бұл принцип төмендегі ережелерді сақтағанда іске асады: 1) ауызша сөздегі дыбыстар мен жазғандағы әріптерді салыстырып отыру; 2) дауыс ырғағы мен тыныс белгісін салыстырып отыру; 3) ауызша және жазбаша жаттығуларды ұштастыру.



Бесінші заңдылық. Фонетикалык, грамматикалык және лексикалық мағыналардың барлығы "тіл материясын", яғни тіл таңбаларын — дыбыс, морфема, сөз, дауыс ырғағы және тиісті жазбаша таңбалар (әріп, тыныс белгісі)— үғыну барысында меңгеріледі.

Тілді оқушы мазмұны және формасы жағынан, яғни логикалық, грамматикалык, жағынан, қабылдайды. Ал әрбір сөйлемнің грамматикалық ерекшеліктері тілдің көмегімен анықталады. Ендеше тілді оқушы, практикалық жағынан, белгілі бір тілдік фактілерді тану құралы ретінде де пайдаланады. Мұндай заңдылықтан тілді оқыту принципі келіп шығады.

Бұл принципті іске асыру ережесі мынадай:

1) көрнекілікті пайдалану (таблица, схема, түрлі суреттер, теледидар, кино және т.б.); 2) есту құралдарын пайдалану (мәтіндер оқып беру, магнитофон, радио, теледидар, кино т.б.); 3) оқу құралдары, көркем мәтіндер, ғылыми-көпшілікке арналған мәтіндер, газеттер, журналдар; 4) ана тілін үйрену үшін оқушылардың басқа пәндерді оқу барысындағы сөйлеу практикасы (мұғалімнің, жолдастарының сөзі, оларды аңғарту үшін талдау) пайдаланылады. Тіл материясына көңіл аудару принципі мұғалімге нақты жол көрсетеді. Оқушы әуелі көру не есту арқылы қабылдайды, ал оның мәнін сонан соң ғана аңғарады.



Алтыншы заңдылық. Тілге үйрену сөйлеу органдарының (өкпе, тамак, тіл, беттің бұлшық еттері), жазатын қолдың жаттығулары, қимыл-қозғалыстарының тәртіптелуі, дағдының қалыптасуы арқылы ғана іске асады. Мұғалімнің айтқанын естіп немесе жолдастарының жұмысына қарап қана тіл үйренуге болмайды. Әрбір оқушы озі оқып, жазып, айтып, түрлі сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырып, сөйлемдерді сан-салаға өзгертіп, өзі әрекет еткенде ғана нәтижеге жетеді. Бұл заңдылықтан сөйлеу органдары мен жазатын қолды жаттықтыру принципі келіп шығады.

Жетінші зандылық. Тілге жүйелі түрде сатылап үйрету. Тіл лексика және грамматикалык формалар арқылы дамиды, екінші жағынан тіл неғұрлым бай болса, тілдік фактілер де соғұрлым тез ұғынылады. Сондықтан оқушыларға алдыңғы үйренгендерін ұмытып қалмайтындай етіп, тілдік материалдарды бірте-бірте көбейтіңкіреп беріп, сөйлегенде қолданылып отыруына жағдай жасалады.

Мұнда қайталаудың алатын орны ерекше және бала есінде саналы түрде, түсініп сақтауы үшін ойлау операцияларын қолдану керек: салыстыру, анализ, синтез, дерексіз ұғым, жалпылау, нақтылау және индуктивтік, дедуктивтік ой қорытындыларын жасай алатындай болуға тиіс.

Тілге жүйелі түрде, бірте-бірте үдетіле үйрету заңдылығынан мынадай әдістемелік принцип шығады:

1) ұштастыра оқыту; 2) қайталау; 3) өз бетімен жүмыс істеуді күшейте түсу.

Бүл принциптерді іске асыру ушін: 1) бағдарламаны тиянақты құру; 2) жоспарлы түрде қайталап отыру; 3) жаттығу жұмыстары; 4) оқушыларды ойлау мен сөйлеуге үйретудің тиімді әдіс-тәсілдерін іріктеу сияқты жұмыстар жүзеге асырылады.

Сөйтіп, ана тілін меңгерудің заңдылықтары оны мектепте оқытудың негізі болып табылады; ал әдістемелік принциптер осы заңдылықтардан туындайды, мұндай принциптерге негізделген әдістеме, сөз жоқ, оқушыларға ана тілін үйрету жұмыстарын жүйелі жүргізуге көмектеседі.



Әдебиеттер:

1. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Өлке 2003.

2. Әбілқаев А. Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1965.

3.Әбілжанов Д., Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы , 1995.

4. Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т., Шаймерденов Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.

2-дәріс



Тақырыбы: Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудағы мақсат және өзге ғылымдармен байланысы.

Қарастырылатын мәселелер:

  1. Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеттері, мазмұны.

  2. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің философия, логика, психология, педагогика, кибернетика т.б. ғылымдармен байланыстылығы.

Қазақ тілін оқу, білу не үшін қажет? Себебі қазақ тілі — қазақ республикасының мемлекеттік тілі, ол өнеркәсіп пен техниканың, ғылым мен мәдениеттің және қоғамдық-саяси өмірдің барлык саласын қамтып көрсететін бай лексикасымен, қалыптасқан жазу жүйесімен және әр түрлі стильдік тармақтарымен (көркем сөз стилі, ғылыми стиль, публицистикалық стиль және т.б.) сипагталады. Қазақ тілінде көптеген газет-журналдар шығады. Көркем әдеби шығармалар мыңдаған тиражбен басылып, таратылып отырады. Қазақ тілінде ғылыми әдебиегтер шығарылады, ғылымның алуан түрлі саласы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүрізіледі. Соның нәтижесінде қазақ тілінің лексикасы саяси жөне ғылыми-техникалық терминдермен толығып баюда.

Қазақ тілінің өзі жөне оны оқыту әдістемесі арнайы ғылымның зерттеу объектісіне айналып, оның әр түрлі сөздіктері мен тұрақты оқулықтары жасалуда.

Қазақ тілі жалпы білім беретін мектептерде, жоғары және арнаулы оқу орындарында арнайы пән ретінде оқытылуда. Қазақ тілінің жеке грамматикалык. категорияларының өзі арнаулы ғылыми-зерттеу жұмысының объектісі болып, олар жөнінде көптеген ғылыми еңбектер жазылуда. Еліміздің егемендікке қолы жеткеннен бері қазақ тілі орыс және басқа тілдерде жүретін мектептерде міндетті түрде оқытылуда.

Бастауыш сыныпта балалар қазақ тілі сабақтарында нені білуге тиіс?

Балалар бастауыш сыныптарда сауатын ашады, оқуға, жазуға үйренеді, ойын ауызша және жазбаша жүйелі дұрыс, анық, дәл жеткізе алатындай білім алады, оны іске асыру шеберлігін меңгеріп, дағдыланады, яғни дұрыс сөйлеуге үйренеді. Сөйтіп, қазақ тілін университеттер мен институттардың Бастауыш оқыту педагогикасы, әдістемесі факультеттерінде және педагогикалык училищелерде оқудағы мақсат — болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне қазақ тілін ("Әліппені", "Әдебиеттік оқуды", "Грамматиканы") оқыту әдістемесінің теориясы жайында жүйелі білім бере отырып, І-ІУ сыныптардағы сабақтардың мазмұны мен көлемін, оларды жүйелі де тиімді жүргізу тәртібін көрсетумен қатар, оны оқыту әдістемесінен орындалатын жұмыс түрлеріне үйрету.

2.Ана тілінің баға жетпес құдіреті мен қуаты, адамды ерлікке, Отанын, туған халқын сүюге тәрбиелеудегі күшін кезінде К.Д.Ушинский: "Халық тілі — тарих шекарасынан әлдеқайда әріректен басталатын, оның бүкіл рухани өмірінің еш уақытга солмайтын және өмір бойы қайтадан шешек атып тұратын тамаша гүлі. Тілде бүкіл халық, оның күллі елі — барлық, толық ойы мен сезімі туған елінің өлеңінде, әндерінде..." деп көрсеткен болатын.

Сондықтан да ана тілі бастауыш мектептерде ең негізгі пән болып есептеледі. Өйткені ана тілінде оқу-жазуға дағылану арқылы басқа пәндерді оқып үйренуге жол ашылады. Бұл жөнінде де ұлы педагог К.Д. Ушинский: "Ана тілін толық меңгермеген бала тарихты және жаратылыстану ғылымдарын үйренген кезде, теореманы, математикалық бір есепті өз сөзімен айтып бере алмай, дәл осындай күйге ұшырайды. Ана тілі басқа пөндердің бәріне қатысы бар және олардың нәтижелерін өзіне жинақтайтын басты, өзекті пөн екені енді түсінікті емес пе?" — деген болатын.

Балалар ана тілі арқылы адамгершілікке, еңбекке, патриотгық рухқа тәрбиеленеді.

Ана тілінде жақсы оқи алатын бала өзі оқыған немесе айтылған материалдардағы ойды да дәл түсінеді. Ал мектепте оқытылатын грамматика, әдебиеттік оқу, тіл дамыту сабақтарының, бір жағынан, білімдік мәні, екінші жағынан, тәрбиелік мәні, үшіншіден, баланың жеке басындағы қасиеттерді дамытып, олардың әлеуметтік бағдарларын айқындай түсуде орасан зор үлес қосатыны мәлім.

Бастауыш мектепте ана тілінен оқушыларға білім, білік, тәрбие беруде және оларды дамытуда мынадай міндеттер іске асырылады:

1. Оқушыларды білімдік, тәрбиелік, дамыту жағынан құнды, шәкірт үғымына сай келетін, анық та дәл, коркем тілмен жазылған материалдарды іріктеп алып, қазақ тілі сабақтарында пайдаланып отыру;

2. балаларды дәл, анық, бейнелі сөйлеуге, жүйелі түрде, үнемі дағдыландыру;

3. көркем шығармалар арқылы білім бере отырып, балалардың сезімдеріне әсер етіп, адамға қажетті моральдық қасиеттер, адамгершілік мінез-құлыктардың қалыптасуына жағдай туғызу.

Әдебиеттер:

1. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Өлке 2003.

2. Әбілқаев А. Маманов ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1965.

3.Әбілжанов Д., Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы , 1995.

3-дәріс

Тақырыбы: Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары.Қазақ тілінің мектепте оқушыларға білім,тәрбие берудегі және оларды дамытудағы маңызы.

Қарастырылатын мәселелер:

Ұстанымдардың жалпы қызмет ұстанымы мен жеке тұлғаны дамыта оқыту ұстанымы.

Оқыту әдістерінің түрі мектептегі окыту жүйесіне байланысты түрлі ксзеңдсрде өзгсрістерге ұшырап отырды. Мысалы, 1932 ж. 25 тамыздағы каулыда оқыту әдістері 4-ке бөліп көрсетілген: 1) ауызша мазмұндау; 2) оқулықты пайдалану; 3) өздігінен жазба жұмыстарын орындау; 4) лабораторияда оқыту әдістері.

Ал белгілі ғалым, дидактик РЛемберг "Дидактические очерки" кітабында мектептегі оқьггу әдістерін 10 түрге бөліп көрсетеді: ауызша мазмұндау, байқау, оқулықпен жүмыс, әңгіме, лабораториялық, мақсатқа жету, жаттығу, оқушының хабарлауы, практикалык жұмыс, көркем өнерді пайдалану.

Ғалымдар Д.Әлімжанов пен Ы.Мамановтың 1965 ж. "Қазак тілін оқыту методикасында" окыту әдістерінің 6 түрін көрсетеді: Байқау, түсіндіру, әңгіме, жаттығу, кітапты пайдалану, грамматикалық талдау. Ал біз оқыту әдістерін негізінен 3-ке топтап көрсеткенді жөн көрдік. 1) балалардың оқу-таным әрекетін үйымдастыру және оны іске асыру әдістері; 2) оқу-таным әрекетіне түрткі (мотивация) жасау, әсер ету әдістері; 3) оқу-таным әрекеттерінің тиімділігін тексеру әдістері.

Бұлардың әрқайсысына бірнеше жекелеген әдіс енеді. Мысалы, 1 топқа сөздік, көрнекілік жөне практикалық әдістер (олар қабылдау мен есте сақтауға негізделеді); индуктивтік, дедуктивтік әдістер (логикалық ойлауға негізделеді), өздігінен орындау, мүғалімнің басшылығымен орындау әдістері (қиялға, ерікке негізделеді). Ал II топқа балалардың кызығу мүддесін туғызу, зейінін жинақтау және оқуда борыш, жауапкершілік туғызу әдістері; III топқа ауызша тексеру, жазуша тексеру, лабораториялық-практикалық тексеру және өзін-өзі тексеру әдістері енеді. Ана тілін оқыту- барысыида бүл әдістердің қайсысының қай кезде тиімді екенін мұғалімнің өзі айқындап алып, іріктеп қолданады.



жүктеу 2,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау