Тақырып Ресейдегі эксперименталды психологияның дамуы.
Мақсаты: Ресейдегі эксперименталды психологияның дамуы туралы білім беру.
Дәрістің мазмұны
Ресейдегі экперименталды психологияны дамытудағы алғашқы қадамдар
Г.И.Челпанов, Н.Н.Ланге зерттеулері.
Ресейдегі психология ғылымының табысты болуы, даму жолындағы үлкен жетістіктер ғылымға эксперименттің енгізілуімен байланысты. Жас ғалымдар эксперимент әдісін толықтай меңгеруге тырысты. Осы мақсатта психология ғылымымен айналысқан ресейдің жас ғалымдары Германияға кетеді. Эксперимент арнайы лабораторияларды ұйымдастыруды талап етті. Психолог Н.Н.Ланге Новороссийск университ. лабораторияны ашады. Ал, Москва университ. лабораториялық жұмыстарды А.А.Токарский, Юрьвте‑ В.В.Чиж, Харьковте‑Л.И.Ковалевский, Қазанда‑Б.М.Бехтерев (психиатриялық клиникада) жүргізген болатын.
Г.И.Челпанов (1862‑1936) Москвада бірінші болып эксперименталды психология мәселелерімен айналысатын С.И.Щукин ат. Институтты ашады. Жұмыс жағдайлары мен құрал жабдықтары басқа шетелдік елдерден кем түспейтін зерттеушілік және оқу бөлімдері құрылады (1914ж.). Бойында ұйымдастырушылық және педагогикалық таланты бар Челпанов психология саласы бойынша жұмыстанатын болашақ ғалымдарды эксперименталды әдістерге оқыту мен үйретуден жалықпай, көп еңбек сіңірген.
Институт жұмыстарының жағымды жағы болып Челпанов басшылығымен жүргізілген зерттеулердің жоғары эксперименталды мәдени деңгейі табылады. Осы институттың жас ғалымдары шеңберінен кеңестік заманда жұмыс жасаған атақты К.Н.Корнилов, Н.А.Рыбников, Б.Н.Северный, В.Н.Экземплярский, А.А.Смирнов, Н.И.Жинкин және т.б. психологтар шыққан.
Экспериментті ұйымдастырған кезде Челпанов бақылау әдісін, эксперименттің бір түрі ретінде қатар жүруін жақтамады және бұл ойынан еш тайынбаған. Оның ойынша «егер осындай жағдай орын алатын болса, онда психология басқа ғылымдардан тек субьективті әдістері арқылы ерекшеленіп отыратын еді» дейді. 1917ж. институт жанынан Г.И.Челпанов пен Г.Г.Шпеттің редакциялығы бойынша «Психологическое обозрение» атты басылым щығады. Алғашқы басылымы Г.И.Челпановтың «Об аналитическом методе в психологии» деген мақаласымен ашылды.
Н.Н.Ланге (1858-1921) ‑ Одессадағы Новороссийск университетінің профессоры мүлде басқа бағытты ұстанды. Ол сол кезде Челпановтың басты оппоненті болған еді.
Ол Петербург унивеситетінде білім алып, Владиславлевтің шәкірті болған. Франция мен Германиядағы тәжірибесінен кейін ол Новороссийск университетінің профессоры атанады, онда өміріні соңына дейін жұмыс жасаған. Лангенің ең ірі, бірінші психологиялық жұмысы ‑ "Элементы воли" (1980) деп аталды. Ол эксперименталды психология кабинетін ұйымдастырып, психологияны обьективті ғылым ретінде дамыту және оқу пәні ретінде жүргізу мақсатында көп жұмыс жасады. Лангенің соңғы көлемді, қорытынды жұмысы ‑ "Психология" (1914) деп аталды. Ғылыми жұмыспен қатар, ол қоғамдық жұмыстарменде айналысты, әсіресі жалпы білім беру принциптерін қорғай отырып, мектептердің қызметін ұйымдастыру арқылы ондағы балалардың ғылыми қызығушылықтарын және өз бетінше ойлау алу біліктерін тудыру мақсатында еңбекке үйрету мен оқыту принциптерін жүзеге асыруға тырысты.
Зерттеудің обьективті әдістерін өңдей отырып, Ланге зейін актісін зерттеп, «зейіннің моторлық теориясының» авторы болады. Бұл теория «зейіннің тербелуі» туралы түсіндіреді, яғни екі жақты бейне дегенді білдіреді (мысалы, бір суреттің біресе баспалдақ, біресе түсіңкі қабырға сияқты көрінуі), бұл процесс көз қимылдарының қозғалысы арқылы анықталады. Лангенің бұл теориясы оны Батыста үлкен атаққа жеткізді.
Лангенің жұмыстары кеңестік психологиядағы эксперименталды әдістерді тұжырымдау бағытындағы күрестің басын ашуға себеп болды. Сонымен қатар, Ланге психиканың қалыптасу және даму эволюциясының стадияларын бөліп, адамның психикасының даму сатысы әлеуметтік‑мәдени болмыспен байланысты дегенді айтады. Және де адамның психикасының жануарлар психикасынан айырмашылығы, адам қоғамындағы мәдениеттің ұрпақтан ұрпаққа жетіп отыруы «ұқсау және оқыту» арқылы жүзеге асады, яғни әлеуметтік тұрғыда ізін жалғастырушылық жолымен болады. Лангенің жазуы бойынша «адамдық рухани тұлғаның 99% ті тарих пен қоғамдық жағдайдың өнімі болып табылады». Осы айтылған мәселемен байланысты шешу рольді тіл(сөйлеу) атқарады: «Тіл өзінің сөздік және грамматикалық қоры арқылы адамның тұтас ақыл‑ойлық өмірін қалыптастырып, оның санасына, өзіне дейінгі ұрпақта қалыптасып, дамыған сол категориялар мен формаларды да енгізеді». Осылайша Лангенің көптеген жұмыстары ресей эксперименталды психологиясының ірі жетістіктерге жету жолындағы құнды істерінің бірі болды.
ХІХғ.ортасында ғылым өмірінде революциялық жағдайлар көп болған еді. Солардың ішіндегі ең ірі триумф Дарвиннің эволюциялық ілімі болатын. Егер Геранияда ‑ өмірдің физикалық‑химиялық негізі туралы ілімі, ал Англияда – эволюция заңы, Францияда – ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығы туралы ілімі қарастырылса, Ресейде – мінез‑құлық туралы ілімінің негізі қаланған еді. Бұл ғылымның негізін салушылар: И.М.Сеченов, И.П.Павлов, В.М.Бехтерев, А.А.Ухтомский. Олардың өз мектептері мен шәкірттері болды.
Ресейде пайда болған осы ғылымның әсері негізінде АҚШ‑та бихевиоризм бағыты пайда болады. Алайда, мінез‑құлық мәселесінің Ресей мен АҚШ‑та қарастырылуы әлеуметтік‑мәдени жағынан ерекше болды.
Адам ойының бүкіл тарихи ағымында және адам болмысының құпиясын шешуде: жан және тән, ми және сана деген диада құрылған болатын. Мінез‑құлық туралы ғылымның пайда болуы триаданы: ағза/мінез‑құлық/сана(психика) құрады.
№ 18 дәріс
Тақырып Ресейдегі эксперименталды психологияның дамуы.
Мақсаты: Ресейдегі эксперименталды психологияның дамуы туралы білімдерін кеңейту.
Дәрістің мазмұны
Ресейдегі «мінез‑құлық туралы» ғылымның даму жолы (И.П.Павлов, В.М.Бехтерев).
Б.М.Бехтеревтің психологиялық зерттеулері.
И.П.Павлов (1849-1936)‑ ол интернационалды, халықаралық мектептің негізін салды. Оның мектебінде әртүрлі елдің ғалымдары еңбек еткен. Павлов есімімен «шартты рефлекс» түсінігі ассоциациаланады. Павлов Сеченовтың «ағзаның, ортаның және реттеу сигналдарының арасындағы біртұтастық пен байланыс бар» деген идеясын алға тартып, көптеген эксперименталды модельдер жасады, онда ағзаның бұрынғы қалыптасқан мінез‑құлық формаларын орналастыруы мен жаңа мінез‑құлық формаларын игеру ерекшеліктері зерттелді. Тірі ағзаға сыртқы ортаның көптеген тітіркендіргіштері әсер етеді, алайда, шартсыз жауап реакциясын қайтаруды талап ететін кейбір тітіркендіргіштердің (қатты ыстық заттар, қатты жарықтар т.б.) түрі бар. Осы рефлекстердің тітіркенуін шартсыз деп атау қабылданған. Ал, шартты рефлекстердің туындауы үшін тек тітіркендіргіш ғана емес, сезім органдары арқылы қабылданатын (дыбыс, иіс т.б. түріндегі) сондай‑ақ, оларға деген дұрыс рекциялардың игерілуін қамтамасыз ететін сигналдар қажет. Ағзаның әрекеттері арқылы нығайып, игерілген сигналдар мен тұрақты рекциялар мінез‑құлықтың негізін қалыптастырады. Сигнал – ағзаның тап болған «ортасының суретін» бейнелейді, ал тұрақтылық осы ортада ағзаның тіршілігін сақтау мүмкіндігін береді (қауіптіліктен қорғану немесе қажетті тағамды тауып жеу). Сигналдар мен тұрақтылықтың бірігуі ағзаға тәжірибе жинақтауға көмектеседі. Шартты рефлекстердің қалыптасуы – оқыту мен тәжірибені игерудің негізінде. Шартты рефлекстерді тудыратын шарттарды білу негізінде мінез‑құлық бағарламасын жасауға болады. Павлов оны көптеген эксперименттік жұмыстары негізінде дәлелдеген. Осы жұмыстарының нәтижесін ол бірінші рет 1903ж. Мадридте өткен халықаралық медициналық конгресте баяндайы.
Павловтың айтуынша сезім органдары арқылы қабылданған сигналдар ағзада тек нервтік емес, физиологиялық процестерді де тудырады. Пайдалы немесе зиян сигналдар алғашқыда психикалық бейнелер түрінде түседі. Сондықтан да, алғашқы сигал жүйелері болып Павлов бойынша – түйсік пен қабылдау табылады. Ол зерттеулерінің нәтижесінде мінез‑құлықты басқаратын екі түрлі сигналдар разряды бар деген қортындыға келеді. Егер жануарлар әрекеті бірінші сигналдар жүйесі арқылы реттелсе (сезімдік бейнелер), онда адамдарда қарым‑қатынас процесі негізінде екінші сигнал жүйесі қалыптасады, яғни сөйлеу әрекеттерінің сигналдық элементтері (сөздер) болады. Павлов «жоғары жүйке қызметінің» заңын ашады. Сонымен қатар, Павлов мектебінде бірнеше ғылыми түсініктердің қатары: сигнал, уақытша байланыс, игерілу, тұрақтану, тежелу, дифференциация, басқару және т.б. өңдделіп, ашылған болатын. Павлов ұсынған концепцияның бірі «шартты рефлекстер шартсыз рефлекстердің негізінде пайда болады».
Б.М.Бехтерев (1857-1927)‑ павлов ілімімен ұқсас идеясын «Объективная психология» деген кітабында дамытқан психолог Бехтерев болды. Рефлекторлық іс‑әрекеттің биологиялық механизмдерін зерттей отырып, Бехтерев «Основы общей рефлексологии» (1923) деген еңбегі арқылы туа біткен бостандық немесе құлдық рефлекстері болмайды деп тұжырымдай отырып, қоғам адамгершілікті тұлғаны қалыптастыра отырып, әлеуметтік іріктеу жасайды, сондықтан да, әлеуметтік орта адам дамуының басты көзі болып табылады‑дейді. Ал, тұқымқуалаушылық реакциялар типін береді, ал рекциялардықң өзі қоғам арқылы тәрбиеленеді.
Психоневрологиялық институтта Бехтерев баланың мінез‑құлқын, мимикасын, сөйлеу процесін обьективті зерттеу тәжірибесін жасайды. Бехтерев нәрестелерді зерттеуге арналған рефлексологиялық әдістердің негізін салған. Осы бағыттағы зерттеу жұмыстары 1908ж. жүзеге асырылып, генетикалық рефлексологиялық зерттеу әдісі өңделіп және негізделіп, ол Бехтерев мектебінің басты жетістіктерінің бірі болды. Сол жылдары Н.М.Щелованов және оның әріптестері нәрестенің психикасын зерттеп, сәбилік шақтағы балалардың даму кезеңдерін құру мүмкіндіктері мен осы жастың дамуын зерттеуге арналған диагностикалық әдістерді өңдеу сияқты маңызды фактылық жұмыстарға қол жеткізеді. Сол сияқты, Педологиялық институтта В.Н.Осинов пен В.Н.Мясишев басшылығымен жүргізілген «қиын» балаларды зерттеу жұмыстары үлкен қызығушылықтар тудырды. Нәтижесінде «қиын» балалардың бір ортадан, екінші бір ортаға ауысқан кезде пайда болатын агрессиялық реакцияларының алыдн‑алу жұмыстарының негізі жасалды. «Қиын» балалардың тек дара психологиялық сапалары емес, отбасындағы тәрбиенің типіне байланысты классификациясының негізі жасалды.
Бехтерев тұлға проблемасын психологиядағы ең бір маңызды мәселелердің бірі деп санады. Оның басшылығымен негізі қаланған Педологиялық институтты Бехтерев тәрбиенің негізі болып табылатын – тұлғаны зерттеу бойынша басты орталық деп санады. Бехтерев психологияға – индивид, индивидуалдылық, тұлға түсініктерін енгізді. Ол тұлға құрылымын зерттеуге көп назар салып, пассивті‑активті, саналы‑бейсаналы деген құрылымдарды бөледі. Бехтеревтің ойынша «ұжым мен тұлғаның өзара қарым‑қатынасында ең бастысы ұжым емес, тұлға табылады» деген. Осы ойы арқылы ол адамдарды топқа біріктірген ұжымдық байланысқан іс‑әрекетті зерттеуге назар аударды. Ол ұжымдық және жеке іс‑әрекеттерге бейім келетін адамдардың түрлерін бөледі. Және де тұлға ұжым мүшесі болғанда оның әрекеттері қалай өзгереді, сондай‑ақ, ұжымдық реакциялардың, жеке тұлғаның рекацияларынан айырмашылығы қандай сұрақтарды зерттеумен айналысты. Адамның іс‑әрекеттеріне сенімнің әсер етуін зерттеуге арналған эксперименталды жұмыстарының нәтижесінде Бехтерев конформизм, топтық қысым деген құбылыстарды алғаш байқайды. Тұлғаның дамуына ұжымның әсері бар екендігін дәлелдей отырып, Бехтерев кейде ұжымның өзі де тұлғаға жағымды әсер ете бермейді дегенді айтады. Салт‑дәстүрлер мен қоғамдық стереотиптер тұлғаны және оның іс‑әрекет қажеттіліктерінің еркін көріну мүмкіндіктерін шектейді деген.
№ 20 дәріс
Тақырып ХХғ. 10‑50ж.ж. психологияда қалыптасқан ғылыми ағымдары.
Мақсаты: Тақырып жөнінде білім беру.
Дәрістің мазмұны
К.Г.Юнгтің – аналитикалық психологиясы.
Аналитикалық психологиядағы теориялық ілімдер.
Карл Густав Юнг 1875 жылы Швейцарияның Кессвил деген жерінде дүниеге келген. Ол Швейцарияның Базель деген жерінде өсті. Юнг швейцарлық реформаторлық шіркеуінің пасторының жалғыз ұлы болған. Ол интровертті бала болғанымен, білімі жақсы болған. Ол философиялық және діни әдебиеттерді көп оқып,оңаша серуендеп,табиғатты тамашалағанды жақсы көрген. Мектеп кезінде, Юнг қиялшыл,фантазияға бай болған. Ол өзінің болашағы туралы құпия нәрселерді білетініне сенімді болған және ол өзінің бойында екі түрлі Адам өмір сүріп жатыр деп сенген.
Юнг Базель университетінде медицина саласында оқып, 1900 жылы психиатрия мамандығы бойынша медициналық дәрежеге ие болды. Осы жылы ол жанкүйзеліске ұшыраған адамдарды емдейтін Цюрих госпиталіне ассистент болып қабылданды,бұл госпительде ол «шизофрения»терминінің авторы Эжен Блейлердің қарамағында жұмыс жасайды. Юнг шизофрениямен ауратын адамдардың ауыр психикалық өміріне қызығушылық танытуы арқылы Фрейдтің жұмыстарына жүгіне бастайды.
«Толкование сновидении»атты еңбегімен танысып, Юнг Фрейдпен жиі хат жазысып тұрады. Кейін,олар 1907 жылы Венада Фрейдтің үйінде кездеседі.Осылай екеуінің арасындағы тұлғалық және кәсіби арақатынас тереңдей түседі. Юнгтің білімділігі Фрейдке үлкен әсер етеді. Юнг «үлкен ұл» ретінде қабылданып, мұрагер және «кронпринц» атағын иеленеді. Ол 1910 жылы Халықаралық психоаналитикалық ассоциациясының бірінші президенті болып тағайындалды. Бірақ 1913 жылы классикалық Эдип сценариясы бойынша 2 ғалым ара қатынасын тоқтатады.
Келесі 4 жыл ішінде Юнг ауыр жанкүйзеліске ұшырап, Цюрих университетінде лекция оқудан бас тартады. Ол өзінің түстеріне мен фантазияларына ден қойып,сонны зерттеумен айналысады. Оның «Воспоминания,сновидения,размышления»атты автобиографиясы: «Менің өмірім-бұл санасыздықтың өзіндік жүзеге асу тарихы»,- деген тұжырымнан басталады. Ол өмірінің соңғы шақтарын барлық елді аралап лекция оқуға арнайды. Американың,Африканың және Азияның мәдениетін зерттеу арқылы ол Адам табиғатын кеңірек,тереңірек түсіне бастайды. Юнг 1961 жылы 86 жасында Швейцарияның Куснахте деген жерінде дүниеден озады.
Юнг Жан үш бөлек бірақ бір-бірімен өзара әрекеттес құрылымнан: эго, жеке санасыздық және ұжымдық санасыздықтан тұрады деп тұжырымдаған. Эго сананың орталық сферасы болып табылады. Ол psyche компоненттерін көрсетеді және біз өзіміздің тұтастығымызды, тұрақтылығымызды сезініп, өзімізді адам ретінде қабылдауға көмектесетін ой, сезім, естелік және түйсінуді кірістіреді. Эго біздің өзіндік санамыздың негізгі және соның көмегімен біз өзіміздің саналы іс-әрекетіміздің нәтижесін көре аламыз.
Жеке санасыздық кезінде саналы болған,бірақ қазіргі кақытта тереңде жатқан не ұмтылған конфликттер мен естеліктерді қарастырады. Осылайша Юнгтің концепция Фрейдтің концепциясына ұқсас келеді. Дегенмен, Юнг Фрейдтен асып түсіп, тұлғалық санасыздық комплекстерден құралады, яғни оның бұрынғы өз тәжірибесінің немесе тұқымқуалау арқылы берілген тәжірибелердің ойлары, эмоциялары, сезім және естеліктері арқылы шығарады. Юнгтің түсінігі бойынша бұл компоненттер индивидтің мінез-құлқына әсер етеді. Мысалы, билік комплексі бар индивид психикалық энергиясының көп мөлшерін билік тақырыбына байланысты іс-әрекеттерге жұмсауы мүмкін. Бір қалыптасып қалған комплекс адамның мінез-құлқы мен әлемге көзқарасына әсер ете бастайды.
Қорыта келе, Юнг тұлға құрылымның ең терең бөлігі бар деген тұжырымды айтып,оны ұжымдық санасыздықта барлық адамзатқа тән ойлар мен сезімдеріміз көрініс табады. Юнгтің өзі айтқандай: «ұжымдық санасыздық әр индивидтің ми құрылымында туындаған күллі адамзат эволюциясының рухани мұрасынан құрылады». Осылайша,ұжымдық санасыздық мазмұны тұқымқуалау арқылы қалыптасады.
Юнг ұжымдық санасыздық алғашқы психикалық бейнелерден, яғни архетиптерден тұрады деген болжам ұсынған. Архетип-адамдардың жағдайды белгілі бір түрде қабылдап, оған әсер етуін көрсететін туғаннан қалыптасқан идеялар мен естеліктер.
Көптеген архетиптер қатарына Юнг ана, бала, кейіпкер, дана, күн құдайын, құдай және өлімді қояды.
Архетип
|
Анықтамасы
|
Белгілері
|
Анима
|
Ер адамның санасыз әйел адам жағы
|
Әйел, Дева Мария, Мона Лиза
|
Анимус
|
Әйел адам тұлғасының санасыз ер адам жағы
|
Ерадам, Иисус Христос, Дон Жуан
|
Персона
|
Ерте жаста оқыту мен қоғам талабына сай туындайтын адамның әлеуметтік ролі
|
Маско
|
Көлеңке
|
Индивид санасында нақтылап қалыптастырылған тұжырымдарына санасыз қарама-қайшы келуі.
|
Сатано, Гитлер, Хуссейн
|
Самость
|
Тұлғаның орталыған реттеп отыратын тұтастық пен уйлесімділіктің орнығуы.
|
Мандала
|
Дана
|
Өмірлік есеюі мен даналықтың персонификациясы
|
Пайғамбар
|
Құдай
|
Сыртқы әлемге бағытталған психикалық шындықтың ең соңғы жүзеге асуы.
|
Күн көзі
|
Юнг архетипті бейнелер мен идеялар түс көруден байқалады деп тұжырымдаған, сонымен қатар өнерде, әдебиетте және дінде символдар ретінде көрінеді деген. Әр мәдениетке тән символдар бір-біріне ұқсас болып келеді,себебі олар барлық адамзатқа тән архетиптерден бастау алады. Мысалы,көптеген мәдениеттерде «Мен» тұтастығы мен бірлігін бейнелейтін мандолабейнесі көптеп кездескен. Юнг архетиптік символдарды түсіну арқылы пациенттің түс көруін анализдеуге оңай соғады деп пайымдаған.
Кейбір маңызды архетиптер.
Ұжымдық санасыздықта архетиптер саны шексіз болуы мүмкін. Дегенмен, Юнгтің теориялық жүйесінде персонаға, анима және анимусқа, көлеңкеге және самостықа ерекше көңіл бөлген.
Персона (лат. «persona»-маска)-сыртқы келбет, яғни басқа адамдармен қарым-қатынаста өзімізді қалай көрсететініміз жатады. Персона әлеуметтік талаптарға сай біздің орындап жүретін көптеген рольдерді білдіреді. Юнгтың түсінігінше,персона басқа адамдарға әсер қалдыру үшін немесе өзінің шынайы болмысын жасыру үшін қолданылады. Персона бізге басқа адамдармен ортақ тіл табысуымыз үшін қажет.Бірақ Юнг, егер осы архетип басым болып кетсе, онда адам әр нәрсеге үстіртін қарайтын болады және шынайы эмоционалды тәжіриебесімен айырылады дегенді ескерткен.
Көлеңке архетипі тұлғаның жасырын тұрған қараңғы,жағымсыз,айуандық жағын танытады.Көлеңке біздің әлеуметтікке жат сексуалды және агрессивті импульстерімізді, аморальды ойлар мен ынтызарлығымызды сипаттайды. Бірақ көлеңкенің өмірлік күштің,спонтандылықтың қайнар көзі және индивид өмірінің шығармашылық бастауы деп қарастырған. Юнг бойынша, көлеңке энергиясын керекті бағытқа бағыттап, басқалармен үйлесімді өмір сүру үшін, сонымен қатар импульстерімізді ашық айтып, салауатты әрі шығармашылық өмірімізбен массаттанып жүру үшін өзіміздің болмысымыздың жағымсыз жақтарын барынша тұсаулап тастауымыз қажет.
Анима-ер адамның ішіндегі әйел адам бейнесін,оның санасыз әйел адам жағын білдірсе, анимус-әйел адамның ішіндегі ер адам бейнесін, оның санасыз ер адам жағын танытады. Бұл архетип ер адам мен әйел адам организмінде ер адам және әйел адам гормондары дамиды деген биологиялық факторға негізделген. Юнг анима мен анимус басқа архетиптер секілді ортақ балансты бұзбайтындай, тұлғаның өзіндік қалыптасуына кедергі болмайтындай үйлесімді көрініп отыру қажет деген.
Самость- Юнг теориясындағы маңызды архетип. Самость тұлғаның орталық өзегі, оның айналасында қалған басқа элементтер бірігеді, ұйымдасады. Жан аспектілерінің интегрциясына қол жеткізгенде, адам бірлікті, үйлесімділікті, біртұтастықты сезінеді. Осылайша, Юнг түсінігінде самостьтың дамуы-бұл адамзат өмірінің басты мақсаты. Самость архетипінің негіңзгі символы-мандала болып есептеледі. Юнг бойынша, «Мен» тұтастығы мен бірлігін мандала түрінде түсте, фантазияда, мифте, діни және мистикалық тәжірибеде көруге болады. Юнгтің пікірінше, дін-адамның біртұтастыққа және толыққандалыққа деген құлшысына септігін тигізетін үлкен күш.
Эго- бағыттылық.
Юнгтің психологияға қосқан үлесінің бірі, екі негізгі бағыттылық немесе өмірлік құндылық-экстраверсия және интроверсияны сипаттауы болып табылады. Юнгтің теориясы бойынша, екі бағыттылық та қатар жүреді, бірақ оның біреуі доминантты болып келеді. Экстраверт құндылығында қызығушылық сыртқы әлемге басқа адамдар мен заттарға бағытталады. Экстраверт ширақ, ашық, тез тіл табысады, сыртқы факторлар ол үшін жетекші күш болып саналады. Интроверт керісінше, өзінің ішкі ойына, сезімі мен тәжірибесіне, ішкі әлеміне бағытталады. Ол сабырлы, салмақты,ұстамды,оңаша қалғанды ұнатады,оның қызығушылығы өзіне-өзі негізделген. Юнг бойынша, экстраверттік және интроверттік құндылықтар жекелей кездеспейді. Әдетте олар бір-біріне оппозиция ретінде орналасады: егер біреуі жетекші, әрі рационалды болып көрінсе, екіншісі көмекші әрі мррацоналды түрде жүреді.
Юнг өзінің типологиясын кеңейте отырып, оған психологиялық функцияларды кірістіреді. Ол 4 негізгі функцияны бөліп көрсеткен. Олар:ойлау, түйсіну, сезім және интуиция.
Ойлау мен сезім өмірлік тәжірибе туралы ой қалыптастыратындықтан, Юнг оларды рационалды функциялар қатарына жатқызады. Ойшыл тип қандай да болмасын бір заттың құндылығы туралы логика мен аргументті қолданып пайымдайды. Ойлауға қарама-қарсы функция сезім-шындық туралы ақпаратты жағымды не жағымсыз эмоция тілінде береді. Сезетін тип өз зейінін өмірлік тәжірибенің эмоционалды жағына шоғырландырады және заттар құндылығын «жаман немесе жақсы», «жағымды не жағымсыз», «бір нәрсеге ынтықтырады немесе жалықтарады» сияқты категориялар тұрғысынан пайымдайды.
Қарама-қарсы функцияның екінші жұбы –түйсік пен интуцияны Юнг иррационалды деп атаған. Өйткені олар сыртқы әлемдегі оқиғалар (түйсік) мен ішкі әлемдегі оқиғаларды (интуиция) олардың мәнін ұғынбай-ақ және бағалай пассивті түрде «қабылдап» алады.
Түйсік сыртқы әлемді еш бағалаусыз, реалистік түрде қабылдайды. Интуиция керсінше, өмірлік жағдайлардың мәнін қабылдап, болжамдар мен ішкі сезімдерге сүйенеді.
Юнгтің айтуы бойынша, егер түйсіну жетекші функция болып келсе, адам шындықты құбылыс тілінде меңгереді, яғни ол барлық жағдайды суретке түсіргендей қабылдайды, ал егер жетекші функция ролін интуиция атқарса, адам санасыз бейнелерге, символдарға реакция танытады.
Егер эго-бағыттылық пен төрт психологиялық функциялар өзара әрекеттесе келіп, сегіз түрлі тұлға типін құрайды. Мысалы, экстравертті ойшыл тип сыртқы ортадағы шынайы факторларға шоғырланады. Ол әдетте қалыптасқан ереже бойынша өмір сүретін салқынқанды және догматикалық адамды көзге елестетеді. Интровертті интуитивті тип, керсінше,өзінің ішкі әлемнің шындығына шоғырланған. Бұл типтегі адам қоршаған ортадан өзін оқшау ұстайды және оларға индифферентті болып келеді.
Тұлға мінез-құлық моделінің дамуында ерте балалық шақ маңызды кезең деп есептеген Фрейдке қарағанда, Юнг тұлға дамуын динамикалық процесс және бүкіл өмір барысының эволюциясы ретінде қарастырған. Юнгтың көзқарасы бойынша, адам әрдайым жаңа қабілеттерді иемденеді, жаңа мақсаттарға қол жеткізіп, өзін толықтай дамытады.
Юнгтың пікірінше, соңғы өмірлік мақсат-бұл «Мен» бейнесінің толықтай жүзеге асырылуы, яғни біртұтас, қайталанбас индивидтің қалыптасуы. Бұл бағыттағы әр адамның дамуы уникалды, ол бүкіл өмір жолына дейін жалғасып, өзіне индивидуация процесін кірістіреді. Нақты айтқанда, индивидуация-көптеген ішкі тұлғалық күштер мен тенденциялар қарама-қайшылығының интеграциясы динамикалық және эволюциялық процесі. Индивидуация қорытындысының жүзеге асуы оңай емес, Юнг оны өзіндік реализация деп атады. Ол тұлға дамуының соңғы стадиясы тек қабілетті және жоғары білімді адамдарға ғана мүмкін болады деген.
Фрейдтің теориясынан алшақтай отырып, Юнг біздің тұлға құрылымы туралы ойларымызды байыта түсті. Оның ұжымдық санасыздық және архетиптер туралы концепциялары түсінуі қиын және эмпирикалық тексеріске жатпаса да, олар көптеген адамдарды қызықтыруын жалғастырып келеді. Сонымен қатар Юнг бірінші болып діни, рухани,тіпті мистикалық тәжірибенің тұлға дамуында позитивті роль атқаратындығын мойындаған. Теологтар, философтар, тарихшылар және басқа да маман өкілдері Юнг туындыларын өз жұмыстарында пайдалы деп есептейді.
№ 23 дәріс
Достарыңызбен бөлісу: |