М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
«Бекітемін»
Факультет деканы
Х.С.Муханбеткалиев
қолы аты-жөні
«__»__________ 200_ж.
050103 – «Педагогика және психология»
мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын
студенттерге арналған
Психология тарихы
(пәннің атауы)
пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Курс – IV
Семестр – 8
Кредит - 3
Дәріс – 30 сағат
Практикалық сабақтар – 15 сағат
ОЖСӨЖ – 45 сағат
СӨЖ – 45 сағат
Барлығы – 135 сағат
Орал 2010 ж.
3-курс студенттері үшін кредиттік оқыту технологиясы бойынша “Психология тарихы” пәнінен оқу-әдістемелік кешен Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінде психология және педагогика кафедрасында құрастырылған және типтік оқу бағдарламасы негізінде жасалып, «050103-Педагогика және психология» мамандығы бойынша мемлекеттік білім беру стандарты негізінде құрастырылған. Алматы, 2006 ж.
Құрастырған: оқытушы А.Г. Мұханбетчина
«Педагогика және психология» кафедрасының отырысында талқыланды.
“____” 200_ ж. № __ хаттама.
Кафедра меңгерушісі ___________ А.С.Иргалиев
(қолы) (аты-жөні)
Педагогикалық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді.
“___” ___________ 200_ ж. № __ хаттама.
Факультеттің оқу-әдістемелік
кеңесінің төрағасы ___________ А.С.Иргалиев
(қолы) (аты-жөні)
Курс бағдарламасына (Sillabus) 200 / 200_ оқу жылында енгізілген өзгертулер мен толықтырулар.
Курс бағдарламасына келесі өзгертулер (толықтырулар) енгізілді:
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
Курс бағдарламасы Педагогика және психология кафедрасының отырысында қарастырылып мақұлданды.
“___” ______________200__ ж. № __хаттама.
Кафедра меңгерушісі ___________ А.С.Иргалиев
(қолы) (аты-жөні)
Педагогикалық факультетттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді.
“___” ___________ 200_ ж. № __ хаттама.
Факультеттің оқу-әдістемелік
кеңесінің төрағасы ___________ А.С.Иргалиев
(қолы) (аты-жөні)
1.“Психология тарихы” пәнінен оқу-әдістемелік кешен Абай атындағы қазақ ұлттық Педагогикалық университетінде психология және педагогика кафедрасында құрастырылған және типтік оқу бағдарламасы. Алматы,2006 ж.
2.КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ (SILLABUS).
Оқытушылар жөнінде мәліметтер
Оқытушы аты-жөні: оқытушы Муханбетчина Ахлима Габдиловна
“Педагогика және психология” кафедрасы.
Жұмыс орны: Студенттер к,.4. 2-этаж, 212 каб.
Жұмыс телефоны 8 (7112) 50-53-46.
Пән жөнінде мәліметтер
Пән атауы – «Әлеуметтік педагогика»
Семестр 15 оқу аптасы және 2 апта сессиядан тұрады.
Аптасына 2 кредит-сағат беріледі, әрбір кредит-сағат бір байланыс сағатынан (дәріс, практика) және студенттердің оқытушының жетекшілігімен орындалатын екі сағаттық өзіндік жұмысынан(СӨЖ, СООӨЖ) тұрады.
Кредиттің аптаға бөлу кесеті:
-
Сабақтар
|
Өткізілу уақыты
|
СОӨЖ
|
Өткізілу уақыты
|
Байланыс сағаты 1 (дәріс 1)
|
50 мин.
|
СООӨЖ, СӨЖ
|
50+50 мин.
|
Байланыс сағаты 2 (дәріс 2)
|
50 мин.
|
СООӨЖ, СӨЖ
|
50+50 мин.
|
Байланыс сағаты 3 (практикалық сабақ 1)
|
50 мин
|
СООӨЖ, СӨЖ
|
50+50 мин
|
Өткізілу орны: №7 оқу ғимараты, сабақ кестесі бойынша.
Оқу жоспарынан көшірме:
Курс
|
Семестр
|
Кредит саны
|
Дәрістер
|
Семинарлар
|
ОЖСӨЖ
|
СӨЖ
|
Барлығы
|
Бақылау
түрі
|
4
|
8
|
3
|
30
|
15
|
45
|
45
|
135
|
емтихан
|
1. Кіріспе
Психология тарихы психологиялық білімдер жайлы көзқарастардың пайда болуын, психология пәнінің өзгеруіне байланысты психологиялық ғылымдардың дамуын, сондай-ақ психикалық құбылыстардың табиғаты жайла мәселелерді қарастырады. Психология тарихы оның негізін салушы ізашарлардың ғылыми мұраларына ұқыпты қарауға, одан ғылымның әрі қарай дамуына қажет өшпес идеяларды алуға, ғалымдардың жанқиярлық еңбектерін бағалауға үйретеді. Психология тарихын зерттеу арқылы бүкіл психологиялық болмысты жүйелі қарастыру қалыптьасады және ғасырлар бойы дамып келген әрі қазіргі психологияның ұғымдар аппаратына енген ғылымның негізгі категорияларын меңгеру жүзеге асады.
Курс шетелдік психологиямен бірге отандық психология тарихында қамтиды. Арнайы түрде Шығыс, соның ішінде Қазақстан ойшылдарының психологиялық көзқарастарына көңіл аударылады. ТМД елдеріндегі психологияның қазіргі жай-күйі көбінесе кеңестік кезеңде жасалған зерттеулермен анықталады, сондықтан психология таризы курсында отандық психологиялық ғылымдардың дамуына марксизмнің әсері көрсетіледі.
Курстың мақсаты:
Студенттерді психология тарихының өзекті проблемаларымен, зерттеу әдістері мен әдіснамалық мәселелерімен таныстыру. Психология тарихындағы бағыттар мен мектептердің, ағымдардың қалыптасып дамуын және хронологиясын таныстыру. Курста негізгі психологиялық категориялар мен көзқарарстардың дамуындағы сабақтастық, әр түрлі ғылыми мектептер мен бағыттардың әрекеттестігі қадағаланып отырады. Психология тарихы әр түрлі дәуірлер мен әр тарапты халықтардың ойшылдары мен ғалымдарының үздіксіз сұқбаты ретінде көрінеді және онда әр қайсысы психологиялық білімдер қоржынына өзінің қайталанбас үлесін қосқан.
Курстың міндеттері:
Психология тарихы туралы білімдерін қалыптастыру, басқа психологиялық пәндерден алған білімдерін жүйелеу. Психология ғылымының даму логикасын түсіндіру. Аталмыш курста тарихи-психологиялық материалдарды баяндау тарихилық пен логикалық, обьективтілік, детерминизм мен тарихилық принциптеріне сүйенеді.
Осы оқу курсында әлемдік және отандық тарихтың, философияның, көркем әдебиет мен өмірбаяндық әдеьиеттердің, өнердің материалдарын пайдалану қажет. Сондықтан курс студенттердің әлеуемттік-гуманитарлық циклдегі сәйкес пәндерді оқып білумен тығыз байланысты. Психологиялық категориялар мен іргелі проблемалардың мазмұны жалпы психология курсында да қарастырылады, онда тарихи-психологиялық мағлұматтар міндетті түрде келтіріледі, сондықтан психология тарихын оқыту мен зерделеу осы пәнге де сүйенеді.
Пререквизиттер:
«Тұлға теориясы», «Жалпы психология», «Эскперименталды психология» пәндері
Постреквизиттер:
Бұл пәнді оқу барысында студенттер төмендегілерді меңгеруі тиіс:
- психология тарихындағы ғылыми теориялар мен ғылыми ұғымдардың мәнін түсіну;
- оқу-танымдық іс-әрекет үрдісінде алған білімдерін өз бетімен қолдана білу.
Оқыту әдістемесі:
Оқыту дәріс, практикалық сабақ түрінде өтеді. Студенттердің білімін бақылау үй тапсырмаларын тексеру, тесттерді орындау, ауызша сұрау түрінде, жеке семестрлік тапсырмалар оларды қорғау түрінде жүзеге асады. Берілген мәліметтерді талдау әдістері, ұйымдастыру, эмпирикалық, интерпритациялау әдістері қолданылады. Курс аяқталғаннан кейін емтихан тесттік түрде өтеді.
2. Пәнді оқу бағдарламасы
1 апта
1 кредит сағат
№ 1 дәріс
Тақырып Кіріспе. Психология тарихы курсына шолу.
Дәрістің мазмұны:
Психология тарихы курсы туралы түсінік.
Психология тарихы пәнінің мақсат, міндеттері мен ғылыми мәселелері
Ғылымда қолданылатын зерттеу әдістері.
ОЖСӨЖ мазмұны:
Ежелгі тайпалардағы жан туралы түсініктер
Дін және мифологиядағы психика туралы көзқарастар
СӨЖ мазмұны:
Психология тарихының зерттеу әдістеріне талдау жасау
2 кредит сағат
№ 2 дәріс
Тақырып Ежелгі Шығыстағы психологиялық ой-пікір.
Дәрістің мазмұны:
Ежелгі Египет, Үнді жерлеріндегі алғаш психика туралы пайда болған көзқарастар.
Ежелгі Қытайдағы психика туралы білімдердің мазмұны.
Ежелгі шығыс ғұламаларының ой‑пікірлері.
ОЖСӨЖ мазмұны:
Психика туралы алғаш түсініктердің пайда болуы.
Ежелгі шығыстағы психологиялық ой‑пікірлердің бағдары.
СӨЖ мазмұны:
Психологияның философия шеңберінде даму тарихын талдау.
3 кредит сағат
№1 практикалық сабақ
Тақырыбы: Ежелгі және қайта өрлеу дәуіріндегі психологиялық мәселелер.
Семинар мазмұны:
Ерте гректік философиядағы «жан» мәселесі.
Ежелгі грек дәрігерлерінің зерттеулері.
ОЖСӨЖ мазмұны:
Ғылымда қалыптасқан принциптер, әдістер.
Ғылымның міндеттері мен ғылыми мәлелелер.
СӨЖ мазмұны:
Психология ғылымының даму кезеңдерінің кестесін дәптерге тусіру
Әдебиеттер:
Столяренко Л.Д. Психология. Р/Д,Феникс, 2003
Галустова О.В. Истории психологии в вопросах и ответах. Москва.,Проспект,2005
Ждан А.Н. История психологии от Античности до наших дней. Москва., Акад-Проект, 2005
Лучинин А.С. История психологии. Ростов-на Дону, Феникс, 2005
Под ред. Ролло Мэя. Экзистенциальная психология. Москва, Эксмо-Пресс, 2001
А.В.Петровский, М.Г.Ярошевский История психологии. М, 2001ж.
В.А.Якунин История психологии. СПб:,1998ж.
2 апта
4 кредит сағат
№ 3 дәріс
Тақырып Антикалық психология.
Дәрістің мазмұны:
Антика заманындағы анимизм, гилозоизм мәселелері.
Антика дәуіріндегі атақты ойшыл‑философтардың психологиялық ойлары.
ОЖСӨЖ мазмұны:
Орта ғасырдағы психологиялық ілімдердің сипаты мен дамуы.
Діни философиялық‑психологияның ерекшелігі.
СӨЖ мазмұны:
Қайта өркендеу дәуірінің ойшылдары.
5 кредит сағат
№ 4 дәріс
Тақырып Антикалық психология.
Дәрістің мазмұны:
Аристотельдің психологиялық идеясы.
Грек және рим дәрігерлерінің зерттеулері.
ОЖСӨЖ мазмұны:
Р.Декарт, Б.Спинозаның психологиялық ілімдері.
Арабтық шығыстағы психологияның даму ерекшелігі.
СӨЖ мазмұны:
Қайта өркендеу дәуірінің нәтижесіндегі басты хронологиялық жәйттер
6 кредит сағат
№ 2 практикалық сабақ
Тақырыбы: Антикалық психология.
Семинар мазмұны:
Демокрит, Гераклит, Платонның идеялары мен оның психологиялық негізі.
Антикалық психологиядағы ғылыми бағыттар.
Антикалық заманнан қайта өрлеу заманына өту кезеңі.
ОЖСӨЖ мазмұны:
Орта ғасырдағы медициналық ілімдердің мамұны мен маңызы.
СӨЖ мазмұны:
Антика заманындағы басты психологиялық ілімдерді кестеге түсіру.
Әдебиет:
Ждан А.Н. История психологии от Античности до наших дней. Москва., Акад-Проект, 2005
Лучинин А.С. История психологии. Ростов-на Дону, Феникс, 2005
Под ред. Ролло Мэя. Экзистенциальная психология. Москва, Эксмо-Пресс, 2001
Столяренко Л.Д. Психология. Р/Д,Феникс, 2003
Галустова О.В. Истории психологии в вопросах и ответах. Москва.,Проспект,2005
А.В.Петровский, М.Г.Ярошевский История психологии. М, 2001ж.
3 апта
7 кредит сағат
№ 5 дәріс
Тақырып Орта ғасыр дәуіріндегі психология.
Дәрістің мазмұны
Ғылым дамуы барысындағы дін үстемдігі.
Орта ғасыр ойшылдарының (Ф.Аквинский, В.Оккам, Р.Бэкон) психологиялық ойлары мен зерттеулері.
ОЖСӨЖ мазмұны:
Буржуазиялық дәуірдің жалпы сипаты, ондағы психологиялық идеялар.
Декарттың «жан құмарлығы» туралы ілімі.
СӨЖ мазмұны:
Орта ғасырдың негізгі хронологиясын жасау.
8 кредит сағат
№ 6 дәріс
Тақырып Түркі-мұсылмандық психологияның дамуы.
Дәрістің мазмұны
Арабтық шығыстағы психологияның дамуы.
Әл‑Фараби, Ибн‑Сина, Ибн‑әл‑Хайсам т.б. араб ғалымдарының зерттеулері.
ОЖСӨЖ мазмұны:
Т.Гоббстың психологиялық идеясы.
Дж.Локктың эмпирикалық психология саласындағы бастаулары.
СӨЖ мазмұны:
Орта ғасырдың негізгі хронологиясын жасау.
9 кредит сағат
№ 3 практикалық сабақ
Тақырыбы: Қайта өркендеудегі психологиялық көзқарастар.
Семинар мазмұны:
Схоластикалық, теологиялық, гуманизм бағыттары.
Номинализм және реализм мәселелері.
ОЖСӨЖ мазмұны:
Ассоцианизм және сенсуализм ағымдары.
Г.Лейбництің апперцеция туралы ілімі.
СӨЖ мазмұны:
ХҮІІ ғасыр психологиясының нәтижесі.
Әдебиеттер:
Т.Д.Марцинковская История психологии М, 2001ж.
А.Н.Ждан История психологии. От античности к совреммености М,1997ж.
А.В.Петровский, М.Г.Ярошевский История психологии. М, 2001ж.
В.А.Якунин история психологии. СПб:,1998ж.
Т.Д.Марцинковская История психологии М, 2001ж.
4 апта
10 кредит сағат
№ 7 дәріс
Тақырып ХҮІІІ ғ. психологияның дамуы.
Дәрістің мазмұны
Англиядағы ассоциативтік психология Д.Гартли.
Э.Кондильяктің, Д.Дидроның психологиялық көзқарастары.
К.А.Гельвецийдің психологиялық көзқарастары.
ОЖСӨЖ мазмұны:
Э.Кондильяктің түйсік туралы ілімі
К.Гельвеций ‑ адамның ақыл‑ой қабілеттерінің ерекшеліктері.
СӨЖ мазмұны:
ХҮІІІ ғ. қайта өрлеу дәуіріндегі психологиялық ойлар.
11 кредит сағат
№ 8 дәріс
Тақырып Эмпирикалық психологияның бастау алуы.
Дәрістің мазмұны
Дж.Берклидің сана туралы ілімі.
Д.Юмнің ассоциация туралы тұжырымы.
ОЖСӨЖ мазмұны: Неміс эмпирикалық психологиясы.
И.Кант идеясы.
Г.Фихтенің психологиялық көзқарастары.
СӨЖ мазмұны:
ХҮІІІ ғ. қайта өрлеу дәуіріндегі орыс психологиялық ойлары.
12 кредит сағат
№ 4 практикалық сабақ
Тақырыбы: Француздық эмпирикалық психологияның құрылуы (ХҮІІғ.)
Семинар мазмұны:
Француздық материалисттердің теориялық ізденістері.
Ж.Ламетридің ілімі.
Ж.Ж.Руссо теориясы.
ОЖСӨЖ мазмұны:
И.Ф.Гербарт концепциясы.
Г.Гегель зерттеулері.
СӨЖ мазмұны:
Орыс психологиялық ойлары (В.Н.Татищев, И.Михайлов, М.В.Ломоносов, А.Н.Радищев)
Әдебиеттер:
А.Н.Ждан История психологии. От античности к совреммености М,1997ж.
А.В.Петровский, М.Г.Ярошевский История психологии. М, 2001ж.
В.А.Якунин история психологии. СПб:,1998ж.
Т.Д.Марцинковская История психологии М, 2001ж.
5 апта
13 кредит сағат
№ 9 дәріс
Тақырып ХІХ ғ. психологияның дамуы.
Дәрістің мазмұны
Т.Браун психологиясы.
Дж.Милл және Дж.Ст.Миллдің психологиялық идеялары.
ОЖСӨЖ мазмұны:
К.Д.Ушинскийдің педагогикалық антропологиясы.
П.Г.Чернышевский зертеулері.
СӨЖ мазмұны:
Ресей психологиясындағы этникалық психологияның негізінің қалануы.
14 кредит сағат
№ 10 дәріс
Тақырып ХІХ ғ. психологияның дамуы.
Дәрістің мазмұны
А.Бэннің эмпирикалық психология жүйесі.
Г.Спенсердің эволюцилық ассоцианизм теориясы.
ОЖСӨЖ мазмұны: ХІХ ғ. орыс қоғамындағы психология.
К.Д.Ушинскийдің педагогикалық антропологиясы.
П.Г.Чернышевский зертеулері.
СӨЖ мазмұны:
Ресей психологиясындағы этникалық психологияның негізінің қалануы.
15 кредит сағат
№ 5 практикалық сабақ
Тақырыбы: Ағылшын ассоцианистік психологиясы (ХІХ ғ.)
Семинар мазмұны:
Ағылшын ассоцианистік психологиясының негізгі кезеңдері.
Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының психологияға әсері.
Г.Гельмгольцтің зерттеулері.
ОЖСӨЖ мазмұны: ХІХ ғ. қазақ ағартушыларының еңбегі.
Ш.Уалихановтың этнопсихологиялық зерттеулері.
А.Құнанбаевтың шығармалырындағы психологиялық идеялар.
СӨЖ мазмұны: Қазақ ағартушыларының психологиялық ілімдерін талдау
Әдебиеттер:
А.В.Петровский, М.Г.Ярошевский История психологии. М, 2001ж.
Т.Д.Марцинковская История психологии М, 2001ж.
В.М.Розин Психология: теория и практика М.,1997ж.
В.В.Большаков Очерки истории русской психологии М, 1997ж
В.А.Якунин история психологии. СПб:,1998ж
Қ.Б.Жарықбаев Психологическая наука в Казахстане А,2002ж.
Қ.Б.Жарықбаев Қазақ психологиясының тарихы.А,1996ж.
6 апта
16 кредит сағат
№ 11 дәріс
Тақырып Психологияның дербес ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы.
Дәрістің мазмұны
Психологияның жеке ғылымға бөлінуінің табиғи‑ғылыми алғышарттары.
Г.Гельмгольцтің ілімі.
Э.Вебер, Г.Фехнер зерттеулері.
ОЖСӨЖ мазмұны:
В.Вундт және оның психологияның ғылым ретінде дамытудағы еңбектері.
В.Вундттың негізгі зерттеулері мен жасаған тұжырымдары.
СӨЖ мазмұны:
Психологияның дербес ғылым жолында ашылған ғылыми қоғамдар мен мектептер.
17 кредит сағат
№ 12 дәріс
Тақырып Психологияның дербес ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы.
Дәрістің мазмұны
В.Вундттың ғылымның дамуындағы еңбегі мен ролі.
Э.Пфлюгер, И.Мюллер т.б. ғылыми теориялары мен зерттеулері.
ОЖСӨЖ мазмұны:
И.М.Сеченовтың рефлекторлық теориясы.
И.М.Сеченовтың қабылдау, ойлау, ес, ерік туралы нақты ғылыми көзқарастары.
СӨЖ мазмұны:
Психологияны оқыту проблемасы.
17 кредит сағат
№ 6 практикалық сабақ
Тақырыбы: Психологияның дербес ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы.
Семинар мазмұны:
ХІХғ. аяғы‑ХХғ.басындағы психологияның дербес ғылым ретінде қалыптасуындағы бағыттары.
Психологияның жеке ғылым ретінде құрылуындағы жаратылыстық‑ғылыми тасымалдар.
ОЖСӨЖ мазмұны:
И.М.Сеченовтың психологияны дамыту бағдарламасы.
СӨЖ мазмұны:
И.М.Сеченовтың ғылыми зерттеулерін кестеге түсіру.
Әдебиеттер:
А.Н.Ждан История психологии. От античности к совреммености М,1997ж.
А.В.Петровский, М.Г.Ярошевский История психологии. М, 2001ж.
М.Г.Ярошевский Психология в ХХ столетии М,1971ж
7 апта
19 кредит сағат
№ 13 дәріс
Тақырып Психологияның дербес ғылым болып даму жолындағы қалыптасқан ғылыми лабораториялар.
Дәрістің мазмұны
Германияда пайда болған ғылыми зерттеу орталықтарының негізі.
Францияда қалыптасқан зерттеу орталықтарының жұмысы.
ОЖСӨЖ мазмұны:
Ф.Гальтонның «дифференциалды психологиясы».
СӨЖ мазмұны: В.Вундттың еңбек жолын хронологиялық кестеге салу.
20 кредит сағат
№ 14 дәріс
Тақырып Психологияның дербес ғылым болып даму жолындағы қалыптасқан ғылыми лабораториялар.
Дәрістің мазмұны
АҚШ та ашылған ғылыми лабораториялардың ерекшелігі.
Ресейде дамыған ғылыми зерттеу орталықталықтарының жұмыс бағыттары мен өкілдері.
ОЖСӨЖ мазмұны:
ХХғ. басында психотехника ғылым саласының дамуы.
Достарыңызбен бөлісу: |