А.Бине (1857‑1911) Францияда эксперименталды психологияның негізін салды. «Жеке ерекшеліктер» психологиясының дамытты. Ол ойлау процесін зерттеу бойынша атақты болған. Сонымен қатар, қиял ес, балалардың интеллектуалдық дамуын да зерттеген. 1896ж. Бине жеке тұлғаны зертеу үшін бірнеше тесттердің жинаған жасайды. Бұл зерттеулерінің нәтижесін «Изменения личности» деген еңбегін жазады. Осы жылы В.Анримен бірігіп «Индивидуальная психология» деген кітабы шығады.
Кейін оның атағын шығарған тағы бір еңбегі «Инттеллектуалдық дамудың метрикалық мектебі» деген дәрігер Т.Симонмен өңдеген жобасы болды. Бұл жобаның мақсаты‑ қалыпты мектептерден ақыл‑ойында кемшлігі бар балаларды іріктеу және бір текті класстарды білімі емес, қабілеттері бойынша таңдау болды. Соған байланысты бірініші варианттағы мәселеге орай 1905ж. мектеп ашылады. Онда Бине өмірінің соңғы уақытына дейін жұмыс жасаған. Бине тестісінің негізінде 9‑12 жас аралығындағы балалар да зерттелеген.
№ 13 дәріс
Тақырып Психологияның дербес ғылым болып даму жолындағы қалыптасқан ғылыми лабораториялар.
Мақсаты: Тақырып жөнінде білім беру.
Дәрістің мазмұны
Германияда пайда болған ғылыми зерттеу орталықтарының негізі.
Францияда қалыптасқан зерттеу орталықтарының жұмысы.
Психологияның қалыптасып, дамуы, ғылыми‑теориялық негізінің құрылуы әртүрлі елде бірдей болған жоқ. Бірақта ортақ прогрессивті мәселе ол психологияны нақты да сенімді ғылымдар саласына енгізу болды. Психологияны жаңарту және дамыту бағытындағы әлемдегі жетекші инициатор болған елдер – Германия, Ресей, АҚШ, Франция және Англия.
Германия – 1879ж. бұл елде әлемдегі алғаш психологиялық лабоаторияның ашылуы, психология жеке және эксперименталды білім саласы ретінде танытуы. Неміс психологиясының реформаторы болып В.Вундт табылды. Жаңа эксперименталды ғылымының пайда болуы ғылым әлемінде терең резонансты көрсетті. В.Вундттың Лейпцигте құрған психологиялық лабораториясы неміс және басқа шетелдегі көптеген ғалымдардың назарын аударта бастайды. Таныстық және оқу үшін оның лабораториясына АҚШ, Франция, Англиядағы психологияның жаңа бағытындағы энтуазиасттар келе бастайды.
Сол кезеңде лейпциг лабораториясының ғылыми‑зерттеушілік және оқу іс‑әрекеті тез шешіліп дами түскен болатын. Жұмыс ұжымының өсуі байланысты эксперименталдық зерттеу жұмыстарының шеңбері кеңейе түсті және оны жариялау мақсатында арнайы журналды қажет етті. Вундттың инициативасы бойынша 1883ж. мұндай ғылыми журнал «Философиялық мектеп» деген атпен шығарыла бастайды. Ал, 1903ж. ол «Психологиялық мектеп» деп өзгереді. Зерттеу жұмыстарының қарқынды жүруі 1889ж. Вундт лабораториясының институтқа айналуына әкелді.
Алғашында лейпциг лабораториясында физикалық және физиологиялық құрал-жабдықтар қолданылып жүрді, ал кейіннен тек таза психологиялық проблемаларды шешетін арнайы аппараттарды дайындау сұрағы туды. Осы мақсатта Вундттың және оның шәкірттерінің жұмысы негізінде өте құнды құрал-жабдықтардың қатары құрастырылп шықты. Психологиялық аппараттарды өндірумен арнайы Вундт басшылығымен 1887ж. құрылған «Э.Циммерман» фирмасы жұмыс жасады.
ХХғ. басына дейін институтқа айналған вундттық лаборатория осы дәуірдегі басқа ұйымдардың ішінде басты орынды алды. Ол ұзақ уақыт бойына Германияның ішінде және басқа шет елдерде құрылған психологиялық лабораториялар үшін үлгі болып келді. 1832ж. Германияның өзінде жаңа лабораториялар Геттингте (Г.Мюллер), Берлинде (Г.Эббингауз), Фрейбургте (Г.Мюнстербург), Боннада (Г.Липпс) пайда болды. Кішкене психологиялық кабинеттер Гейдельбергте, Страсбургте, Галледе құрылды. Кейіннен Вюрцбургте (О.Кюльпе), Франкфуртте (Ф.Шуманн) лабораториялар ашылады. 1890ж. Г.Эббингауз және А.Кеннинг «Журнал психологии и физиологии органов чувств» атты жаңа журналдың негізін қалайды. 1903ж. бастап Э.Мейманның басшылығымен тағыда бір «Архив общей психологии» атты ғылыми журнал шығады.
Дегенменде Германияда алғаш рет психологиядағы эксперименталды бағыттың ашылуы болғанмен, бірақ ол әлемдік эксперименталды психологияның тағдырларын байланыстырған әлемдегі бір ғана ел болмады. Сол заманда психологиялық лаборатриялар Ресейде, АҚШ-та, Францияда, Англияда бір уақытта ашылып жатты.
Франция – елдегі эксперименталды психологияның негізделуі алдымен Т.Рибо, Ж.Пиаже, а.бине сында ғалымдардың есімімен тығыз байланысты. Т.Рибоның Францияда эксперименталды лабораторияны құрудағы ролі, ресейдегі И.М.Сеченов, германиядағы В.Вундт секілді ғалымдардың еңбектерімен бірдей болды. Т.Рибоның өзі экспериментатор болмасада, ол эксперименталды психологияның дамуын жақтағандардың бірі болды. Рибоның айтуынша: «Экспериментсіз – психологияны түсіне алмаймыз, ал психология жоқ жерде, тек құр, жалғасы жоқ мистика орын алады» деген.
Өз принциптері бойынша Т.Рибо Сорбонда 1889ж. бірінші психологиялық лабораторияны құрады. Оны А.Бониге басқаруға береді. Ал, 1895ж. оны А.Бине басқарады. Екінші психологиялық лаборатория Францияда 1896ж. А.Бурдонның басқаруымен Реннеде ашылады. 1906ж. Монпеьеде үшінші лаборатория, 1921ж. А.Пьеронның басқаруымен Парижде психология Институты құрылады. Негізгі ғылыми журналдар Т.Рибо редакциялығымен 1876ж. «Обозрение философии», А.Бине редакц. «Психологический ежегодник», 1904ж. П.Жане мен Ж.Дюма ұсынған «Журнал нормальной и поталогической психологии» деп аталды. 1901ж. Француз психологиялық қоғамы құрылады.
Қорыта айтқанда ХХғ, басына қарай әлемде 45‑50 эксперименталды лаборатория, кабинеттер құрылған. Онда көптеген ғылыми зерттеулер жүргізіліп, арнайы ғылыми журналдарда, баспаларда жарияланып отырған. Психологияның даму тарихында болған елеулі оқиғаның бірі ол Халықаралық психологиялық конгрестер еді. Оның бірі 1889ж. Парижде болады. Оның көрнекті төрағасы болып орыс ғалымы И.М.Сеченов тағайындалды.
№ 14 дәріс
Тақырып Психологияның дербес ғылым болып даму жолындағы қалыптасқан ғылыми лабораториялар.
Мақсаты: Психологияның дербес ғылым болып даму жолындағы қалыптасқан ғылыми лабораториялар жөнінде білім беру.
Дәрістің мазмұны
АҚШ та ашылған ғылыми лабораториялардың ерекшелігі.
Ресейде дамыған ғылыми зерттеу орталықталықтарының жұмыс бағыттары мен өкілдері.
АҚШ – бұл елдегі эксперименталды психологияның пайда болуы мен құрылуы Европа елдеріндегі ғалымдардың тәжірибесі, идеяларымен өзара байланыс жасауына орай туындады. Бастапқыда американдық эксперименталды психология екі бағыт шеңберінде дамып отырды. Олардың бірі Э.Титченер арқылы Америкаға жетіп отырған құрылымдық психология болса, екіншісі негізін салушылар В.Джемс, Д.Дьюи, Д.Энжелл және т.б. болған функционалдық психология болды. Э.Титченердің мектебі вундттық интроспективтік психологияның белгілерін насихаттауды мақсат қылса, ал, функционалдық психология Г.Спенсердің, Ч.Дарвиннің, Г.Лейбництің, Х.Вольфтің идеяларын таратуды көздеген болатын. Сондықтанда, американдық эксперименталды психологияның жетекші теориялық принциптері европалық және философиялық психологияның идеяларын өз ішінде қамтыған болатын.
Психологияны эксперименталды ғылымға айналдыру тәжірибесіне- лабораториялар мен ғылыми-зерттеушілік жұмыстарды ұйымдастыру және де Америка мен Германиядағы кейбір ғылыми мәселелерді қосуда көзделді. Германиядағы лейпциг лабораториясының тәжірибелік жұмыстарын байқап көру үшін Американдық эксперименталды психологияның негізін салушылар: Ст.Холл, Д.Кэттел, Д.Энжелл, Е.Скрипчер ұзақ уақытта арнайы жолсапарлар жасап отырды.
Америкаға келген бірінші психологтардың бірі ретінде Э.Титченерді, Г.Мюнстенбергті атауға болады. Кейіннен олардың қатарына К.Левин, Мак-Дауголл және т.б. қосылды.
АҚШ-тағы эксперименталды психологияның құрылуына елеулі үлес қосқандардың бірі Ст.Холл болды. Ол бірінші болып америкада эксперименталды психологияны ашты. Ол 1883ж. Балтимордағы Д.Гоппкинс ат. университетте ашылады. 1888ж. Ворчестерге келіп Ст.Холл онда, Кларкс университетінде Э.Санфорд бақарған екінші эксперименталды психологияны ашады. Ст.Холл есімімен байланысты көптеген ғылыми журналдар «Американский журнал психологии»(1877), «Педагогический семинар»(1891), «Журнал прикладной психологии»(1915) жарық көрді. Ст.Холл 1892ж. құрылған Американдық психологиялық ассоциацияның инициаторы, ұйымдастырушысы және бірінші президенті болды.
Ашылған бірінші психологиялық лабораториядан соң елдегі басқа университеттерде де осы тәрізді лабораториялар қатары құрыла бастайды. 1887ж. Пенсилвань және Йованск университеттерінде де Д.Кеттел мен Д.Пэтрик лабораториялар ұйымдастырады. 1888ж. Д.Ястров Висконсинск университетінде де ашылады. Сонымен қатар, Д.Болдуин негізін қалаған екі психологиялық лаборатория Торонто(1891) және Принстонда (1893) ашылады. 1891ж. Колумбийск университетінде психологиялық лаборатория құрылады. Ондағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастырушы Д.Кеттел болды. В.Джемстің оқу кабинетінің базасы негізінде 1892ж. Гарвардта (Г.Мюнстенберг) лаборатория ашылады. Сол жылдары Йеле де (Е.Скрипчер) және Корнеле де (Э.Титченер) психологиялық лабораториялар ашылған болатын. Ірі университеттер қатары мен бірге психологиялық лабораториялар жеті колледжде ашылды. ХІХғ. аяғына қарай Америкада жалпы есеппен 27 психологиялық лабораториялар мен кабинеттер бар екені анықталды.
1894ж. Д.Кеттел және Д.Болдуин төмендегідей белгілі журналдарды шығара бастайды: «Психологическое обозрение», «Психологические монографии», «Психологический индекс», «Психологический бюллетень»(1904).
Англия – бұл елде Америка, Германия, Ресейге қарағанда эксперименталды лаборатория ны құру соншалықты белсенді және жоғары ұйымдастырушылық деңгейде болмады. Англиядағы бірінші психологиялық лаборатория 1897ж. Кембриджде ашылды. Оның басшылары алдымен Р.Риверс, ал кейін С.Майер (1912) болды. Келесі лаборатория 1897ж. Лондондағы университет жанындағы колледжде ашылады. Оның негізін салған Дж.Салли болды. 1900ж. бастап Англияда ұзақ уақытқа дейін басқа психологиялық лабораториялар болған жоқ. Тек, 1903ж. ғана астананың Корольдық колледжінде үшінші кішкене психологиялық лаборатория ашылған болатын. Оның негізін салған С.Майер. Үш жылдан соң (1906) В.Смит Эдинбургте лаборатория ашылады. Сол қалада 1912ж. эксперименталды педагогика саласы бойынша лаборатория ұйымдастырылады. 1910ж. дейін лабораториялар Манчестер мен Глазго қаласында пайда болады. 20‑30ж.ж. Англияда институттар қалыптасады: 1922ж. Лондонда Ұлттық Өндірістік психология институты (С.Майер), 1936ж. Оксфордта Эксперименталды психология институты (В.Браун).
Психологиялық лабораториялармен қатар, Англияда ғылыми психологиялық ассоциациялар пайда болады. Психология бойынша шығатын ғылыми баспалар ішінен 1875ж. А.Бэн негізін салған әлемдегі бірінші «Душа» деп аталатын журнал болды. Сонымен қатар, 1904ж. Р.Риверс, С.Майер, Д.Уорд редакторлық еткен «Британский журнал психолгии» деген баспа болды.
Ресей - жоғарыда айтылғандай ресей эксперименталды психологияның негізін салушылардың бірі И.М.Сеченов болды. Оның идеялары алдыңғы қатарлы дәрігер-невропатологтар және психиатрлармен қабылданып отырды. Тек осылардың күшімен ғана физиологиялық негізде психологияны парктикалық жағынан қайта құру жүзеге асқан болатын.
Ресейдегі бірінші психологиялық лаборатория 1886ж. Қазан қаласындағы жан-күйзелісі мен жүйке бұзылысы ауруларына шалдыққан клиникада В.М.Бехтеревтің басшылығымен ашылады. Онда біраз эксперименталды-психологиялық жұмыстар жүргізіліп, көптеген аппараттар мен құралдар қайтадан жиналып, құрылады. 1893ж. Қазанда В.М.Бехтерев «Неврологический вестник» деген ғылыми журналдың негізін қалайды, онда анатомиялық-физиологиялық зерттеулермен қатар психофизиологиялық эксперименталды жұмыстарда жарияланып отырды.
В.М.Бехтеревтің Петербургке келуімен байланысты 1894ж. әскери-медициналық академияда екінші психологиялық лабораторияны құрады. Онда көп мөлшерде сезімталдықтың (тері, көру, есту, кинестетикалық, вибрациялық, ауырлықты сезіну) түрлеріне байланысты эксперименталды зерттеулер жүргізілді. Осы зерттеулер үшін құнды аппараттар: трихоэстезиометр, болемер, бароэстезиометр, миоэстезиометр, акузометр, сейсмометр және т.б. құрастырылған болатын. Материалдар В.М.Бехтеревтің басшылығымен 1896ж. шағарылған «Обозрение психиатрии, неврологии и экспериментальной психологии» атты арнайы журналда жарияланды. Кейіннен В.М.Бехтерев Психоневрологиялық институттың(1907), Петербургтегі «бас миы мен психикалық іс-әрекетті зерттеу Институтының» (1918) құрылуына инициатор болған. ХІХғ.аяғы мен ХХғ.басында Ресейде эксперименталды патопсихология бойынша өте үлкен жетістіктер Бехтерев пен оның шәкірттері арасындағы ғылыми және ұйымдастырушылық іс-әрекетінің байланысы негізінде болып отыр.
ХІХғ. 80ж. эксперименталды-психологиялық лабораториялар Харьков пен Юрьевте ашылады. Харьковтағы лабораторияның негізін қалаушы белгілі орыс психиатры П.И.Ковалевский болды. Ол сонымен қатар, Ресейдегі «Архив психиатрии, нейрологии и судебной психопоталогии» (1883) атты бірінші психиатрлық журналдың негізін қалаушы. Онда өз лабораториясында жүргізген эксперименталды зерттеулердің материалдары басылып отырды. Э.Крепелин басшылығымен ашылған Юрьев лабораториясын 1891ж. бастап В.Ф.Чиж басқарды. Бұл лаборатория эксприменталды жұмыстарының саны мен проблемасының ауқымдылығына байланысты Вундт лабораториясынан кейінгі екінші орынды алды(В.Ф.Чиждің бағалауы бойынша).
1895ж.Москвада белгілі орыс психиатры С.С.Корсаковтың басшылығымен лаборатория ашылады. Бұл лабораторияны басқару оның жақын серіктесі А.А.Токарскийге беріледі. Москва лобаториясында түйсік, ес, қабылдау, реакциялар уақытын зерттеу бойынша бірнеше жұмыс сериялары орындалады. Осы зерттеулердің нәтижелері «Записки лаборатории» деп аталатын ғылыми хабаршы журанылында жарияланып отырды.
Москва және ресей психологиясы үшін өте елеулі оқиға болып 1912ж. бірінші Г.И.Челпанов басқарған Психология Институтының ашылуы болды.
И.А.Сикорскийдің басшылығымен Киевте психологиялық лаборатория ұйымдастырылады. Онда ақыл-ой жұмысының қабілеті мен адамның «шаршау күйіне» арнайы психологиялық зерттеулер жүргізіліп, олардың нәтижелері И.А.Сикорский 1895ж. құрған «Вопросы невро-психической медицины» атты журналда жарияланып отырды.
Тағы да бір психологиялық лаборатория 1892ж. Одессадағы Новороссийск университетіндегі филология факультеті жанынан профессор, психолог Н.Н.Лангенің басшылығымен ашылады. Ол қабылдау және зейін процестерін зерттеумен айналысқан. 1901ж. психологиялық лабораториялардың жалпы саны А.П.Нечаевтің баланы дамыту және оқыту мен тәрбиелеу проблемаларымен айналысатын лабораториясын есептегенде 8- ге жетеді. Ресей эксперименталды психологиясы тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі ол 1891ж. Орыс эксперименталды психологиялық қоғамының құрылуы болды.
№15 дәріс
Тақырып ХІХ‑ХХ ғ.ғ.шеберіндегі теориялық тұжырымдамалар.
Мақсаты: Тақырып жөнінде білім беру.
Дәрістің мазмұны
Э.Б.Титченердің құрылымдық психологиясы.
К.Штумпф, В.Джеймстің функционализмдік психологиясы.
Құрылымдық психология бағыты ‑ Вундт психологиясы бағытының басты «мұрагері» немесе тікелей оның мектебімен байланысты мектептің бірі болды. Құрылымдық психология бағытының өкілдері өздерін бұл мектептің негізгі лидерлеріміз деп санады және олардың ойынша психологияның басты міндеті сана құрылымын эксперименталды зерттеу деп білді. Құрылымдық ұғымы – олардың элементтері мен байланыстары деп түсіндірілді, сондықтан да мектептің бар күші психиканың бастапқы бөліктерін (санамен байланысты) анықтап, оларды құрылымдық негіздеу тәсілін жасау бағытында болды. Осындай идеяның, бағыттың негізін салған Вундт еді. Алайда, кейіннен Вундттың мектебі мен бағдарламасы құрдымға кетіп, оның мектебінде білім мен тәжірибе алған шәкірттері, ғалымдар бас тартады. Бірақ, бір ғана ағылшын шәкірті Эдвард Титченер бұл болған жайтқа қарамастан Вундттың идеясы мен ғылыми жетістіктеріне сеніп, тек Вундт ғана психологияны нағыз ғылымға айналдыра алады деді.
Оксфордта философияны оқып бітірген Э.Титченер (1867-1922) төрт жыл бойына физиология пәнінің оқытушысы болып қызмет атқарған. 90ж. Англияда ол эксперименталды психологиямен айнылыса алмаған соң Лейцигке кетеді. Вундттың қасында екі жыл болып, ол өз еліндегі психология ғылымының «пионері» болуға ұмтылғанмен, бұл ойы жүзеге аспады. Сол себепті Титченер АҚШ‑қа кетеді. Онда 1893ж. Корнельск университетінде жұмыс атқарады. Осында 35жыл жұмыс жасап, Лейпциг лабораториясынан бар игерген, жинақтаған тәжірибесі мен білімін өзінің шәкірттерімен бөлісіп, бағдарламаны құрудың негізін салуға тырысты. Титченер «Экспериментальная психология» (1901-1905) еңбегін жариялайды, бұл оны атақты психологтар дәуірінің қатарына жетікізген болатын.
Титченер бойынша психологияның алдында «не?», «қалай?», «не үшін?» деп аталатын үш сұрақ бар.
Бірінші сұрақтың жауабы – бұл аналитикалық қатардағы міндеттерді шешу: зерттелетін пән қандай элементтерден құралғандығын анықтауды талап етеді. Осы элементтер қалай комбинацияланатындығын қарастыра отырып, ғылым ситездік міндетті шешеді. Психология қатысты бұл мәселе ‑ сананың қарапайым элементтері анықтап, олардың байланысындағы реттілікті ашу (мыс., тон немесе түстер контрастының өзара байланыс заңы).
Титченердің айтуынша «не үшін?» деген сұраққа психолог психикалық процестермен параллельді термин нерв жүйесі процестерімен түсіндіре отырып жауап береді деді.
Титченер сана өз құбылыстарынан тыс жасырынған, өзіндік құрылым мен материалдан тұрады. Бұл материяда элементтердің үш категориясы ажыратылды: түйсік (сапасы, қарқындылығы, нақтылығымен сипатталатын қарапайым процесс ретінде), бейне, сезім. Бұл үш элементке қатысты, байланысты қарсы пікірлердің бірінде қабалдамады. Вюрцбург мектебі сананың сезімдік бірліктеріне қатысты тағы да бір сезімнен тыс, бейнелерден еркін, тәуелсіз бірлік – «таза ой» қосылу керек дегенде Титченер ол көзқарасты қабылдамай, өзінің «мағынаның контекстік теориясын» қарсы қояды.
Қандай да бір обьекті туралы пікірлер, ойлар Титченер бойынша сезімтал элменттердің жиынтығынан құрылады. Кейін олардың белгілі бір бөлігі санадан шығып, тек негізгілері қалуыда мүмкін. Егер сыналушылар қандй да бір интеллектуалды тапсырмаларды шешуде сүйеніш болатын, мағынаның сезімталдық‑бейнелік құрамын саналы ұғынбайтын болса, онда ол жеткілікті түрде интроспекция әдісіне жаттықпағандығынан болады.
Осылайша Титченер интроспекцияның эсперимент, математикамен байланысы болатынан және ақырында психологияны жаратылыстану ғылымдарының стандартына жақындатынынан үмітін үзген жоқ. Дегенменде, Титченердің өмір бойғы зерттеулерінің нәтижелері мен мектебі біртіндеп құлдырай бастады. Тарихшы Р.Уотсонның пайымдауынша «соңғы 15жыл ішінде титченер лабораториясының жұмысы мен оның зерттеулері көлемі мен ғылымилығы жағынан еш нәтижелер бермеді». Титченер мектебінің құлдырауының себебін психологияның дамуындағы обьективті жағдайдардан іздеу қажет. 30‑жылд. оның тәрбиелеген көп шәкірттері белсенді түрде жұмыстанып жатқанымен, ешкім құрылымдық психология бағдарламасы бойынша зерттеулер жасаған жоқ.
Титченер өз кезегінде психологияның зерттеушілік аппаратына қатысты келесі идеяларын ұсынған:
Құрылымдық психологияның пәні болып – табиғаты қарапайым, талдау жүйесіне жатпайтын сана құрылымдары тыбылады.
Құрылымдық психологияның мақсаты болып – сана құрылымдарының эелементтерін зерттеу және олардың құрылымдық, комбинациялық ерекшеліктерін құру.
Психологияның ғылым ретінде келесі міндеттері болады: жан‑рухани күйді қарапайым бөліктерге бөлу; осы бөліктерді біріктіретін заңдылықты табу; осы заңдылықтарды физиологиямен өзара байланыстыру.
Зерттеу әдісі болып – интроспекция болуы керек.
Батыс европалық вариантта Функционализм бағытының негізін салған неміс психологы Карл Штумпф (1848-1936) болды. Ол Прага, Галль және Мюнхендегі университеттерде философия кафедасының профессоры болып қызмет атқарды. 1894ж. ол Берлин университетінде жұмыс жасап, психологиялық лабораторияны ұйымдастырды. Оның пайымдауынша: «психологияның зерттеу пәні психологиялық функиялар немесе актлер (қабылдаушылық, түсінушілік, қажет етушілік)» деп санаған. Ал, психологияның жеке зерттеу пәні Штумпф бойынша функциялар (немесе актлер). Яғни, субьекті өз актлері (немесе әрекеті) арқылы қоршаған дүниені танып, ондағы құбылыстарды ажырата алады. Функциялар арасынан Штумпф екі категорияны бөледі: интеллектуалды және эмотивті (немесе аффективті). Эмотивті функциялар қарама‑қайшы жұптардан тұрады: қуаныш және өкініш, ниет және бас тарту, ұмтылыс және қашу.
Бала кезінен музыкамен айналысқан Штумпф өзінің көптеген эксперименталды зерттеулерінде музыкалық тондарды қабылдауды зерттеуге назар салған. Осы мәселеге қатысты ауқымды жұмысының нәтижелері екі томдық «Психология тонов» атты еңбегінде жарияланған.
Штумпф музыканы мәдениет феномені ретінде қарастырды. Ол фонограммалар архивін жасап, онда әртүрлі халықтардың өзіне тән қарапайым музыкаларының 10мыңнан астам фонографикалық жазбаларын салды.
Ол балалар психологиясы бойынша зерттеулерге қатысып, неміс «Балалар психологиясының қоғамын» ұйымдастырды. Сонымен қатар, өзінің шәкірті В.Келердің Африкаға жасаған саяхатына бірге қосылып барып, онда адам тектес маймылдарды зерттеу жұмыстарына араласқан болатын. Оның атақты психолог болған басқада көптеген шәкірттері бар.
Штумпф және Бретаноның функционализмдік бағыты АҚШ‑та үлкен даңққа ие болып, жетекші психологиялық оқулардың бірі болған. Оның бағдарламасы құрылымдық психологияға қарсы болып, жеке адам психикалық функцияларының бірізділігі негізінде өзгермелі ортаға қалай бейімделеді деген міндетті қойды.
АҚШ‑та функционализмнің дамуы Вильям Джемс (1842-1910) есімімен тығыз байланысты. Ол Гарвард университетін бітіріп, медициналық және көркем‑өнер саласы бойынша білім алып шыққан. Оның психологиялық жұмыстарында тек тұтас көзқарастардың жүйесі ғана емес, сонымен қатар, қазіргі заман психологиясындағы түрлі бағыттардың негізі – бихевиоризмнен бастап, гуманисттік психологияға дейінгі мәселелер кірістірілген. Джемс психологияны Америкадағы ең бір атақты ғылымдардың бірі жасады. Ол Гарвард университетінде психология ғылымының бірінші профессоры, бірінші психологиялық лабораторияның негізін салушы (1875) және Американдық психология ассоциациясының президенті (1894-1895) болды.
Джемс көптеген проблемалармен айналысты – бас миын, танымдық процестер және эмоцияны зерттеуден бастап, тұлға мәселесін зерттеуге дейін. Негізгі зерттеу сұрақтарының бірі болып ‑ сана табылды. Джемс «сана ағымы», яғни сыртқы қолайсыздық пен кей жағдайдағы бейсана психикалық процестердің ықпалына қарамастан адам санасы үзіліссіз жұмыс жасайды деген идеясының негізін салушы. Сананың күнделікті бөлінушілігіне қарамастан адам ойының үзіліссіздігі «өзіндік индентификация» мүмкіндігін көрсетеді. Сондықтан да, адам ұйқыдан оянғанда «ол өзінің өзі екендігін білу үшін айнаға қараудың қажеті жоқ екендігін» лезде саналы ұғынады. Осы мысалы арқылы Джемс адам ойының тек үзіліссіз жүріп жататындығын ғана айтып қоймай, сананың динамизмі мен өзгермелілігін де ескертті. Джемс Гераклиттің «алғашқы құбылыстар қатысты адам санасы мен ойы әруақытта өзгереді» деген пікірін жалғастыра отырып, бір мәселеге қатысты адам ойының өзі екі жақты болуы мүмкін. Сана функциясы тек үзіліссіз және өзгермелі ғана емес, ол селективтілік, таңдамалылық, қабылдау және терістеу (қабылдамау), бір заттарды таңдау немесе оның белгілі бір параметрлерін жоққа шығару сияқты қызметті атқарады. Джемстің көзқарасы бойынша сананың жұмыс жасау заңдылығы психологияның басты міндетін құрады. Дәл осы сұрақ немесе мәселе төңірегінде Джемстің функционализм мектебі мен Титченердің құрылымдық мектебі арасында қайшылықтар болған еді. Титченерге қарағанда, жемс үшін басты мәселе болып сана элементтері емес, оның динамикалық тұтастығын көрсететін ағымы табылды. Сол себептен ол «ананың құрылымы емес, оның өзін, қызметін зерттеу керек» деп есептеді.
Сана қызметін зерттеу негізінде ол екі негізгі детерминантын ашады – зейін және әдеттер. Адамдардың белсенділіктері туралы айта келіп, ғалым психика – тек адамның практикалық іс-әрекетіне көмектесіп ғана қоймай, әлеуметтік бейімделуін жақсартып, кез-келген іс-әрекеттегі табыстылығына, сәтті болуына деген мүмкіндіктерін арттырады дейді. Джемстің көптеген көзқарастары функционализмнің философиялық теориясымен байланысты болған соң, ол қолданбалы психология саласына көп көңіл бөліп, оның теориялық психологиядан маңызыдылығы кем еместігін айтады. Әсіресе, психологияның педагогикамен байланысына ерекше назар аударды. Ол тіпті педагогтар үшін арнайы «Беседы с учителями о психологии» атты еңбегін жазып, онда тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеу мүмкіндіктерінің жоғары болуы, балаларда дұрыс әдеттердің қалыптасуына әсер етеді дегенді дәлелдейді. Сонымен қатар Джемс тұлға проблемасына қатысты да көптеген мәселелерді талдап, зерттеген. Тұлға құрылымында ол - өзін-өзі бағалау (өзіне көңілі толу және толмау) мәселесіне талдау жасаған. Ол өзін-өзі сыйлаудың формуласын ұсынды: Өзін-өзі сыйлау (самоуважение) = табыс (успех)/ (притязания)
Джемс ең танымал «эмоция теориясын» өңдеп шығарды (дат психологы К.Лангемен бірге). Бұл теория эмоция мен физиологиялық өзгерістердің арасындағы байланысты көрсетеді. Джемстің айтуынша «біз жылаймыз, өйткені қайғырамыз, біреуді ұрамыз, өйткені ашулымыз, алаңдаймыз, өйткені қорқамыз», яғни біздің ағзамыздағы физиологиялық өзгерістер біріншіден эмоциямызға қатысты екендігін дәлелдеді. Джемс-Лангенің бұл теориялары кейіннен үлкен атаққа ие болады.
Джемс өз өмірінде психологияның медицина мен философиядан бөлек жеке ғылым саласы болып дамуына үлкен үлес қосты. Алайда ол қандай да бір психологиялық мектептің немесе жүйенің негізін қалаушы емес, бірақ Джемс тек психологиялық ғылымының дамуына ғана емес, философия мен педагогиканың дамуына да зор еңбек сіңірген ірі тұлғалы ғалымдардың бірі болып қала береді.
№ 17 дәріс
Достарыңызбен бөлісу: |