А. С. Аманбаев мансап орталығының директоры



жүктеу 0,74 Mb.
бет2/5
Дата15.04.2020
өлшемі0,74 Mb.
#29429
түріСабақ
1   2   3   4   5

2011 – 2012 оқу жылында сараманды ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру бөлімі университет әкімшілігінің қолдауымен түлектерді жұмысқа орналастыру мақсатында ұйымдастырылған бірқатар шаралардың негізгілері ретінде жұмыс берушілермен, мекеме өкілдерімен өткізілген кездесулерді атап өтуге болады.

10 сәуір 2012 оқу жылының түлектерін жұмыспен камтамасыз етуге көмектесу мақсатында жоспарланған көлемді шараларының бірі «Қазіргі еңбек нарығы мен ЖОО түлектеріне қойылатын талаптар» тақырыбында жұмыс берушілермен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты – еңбек нарығының өзгеріп отыратын сұраныстарын айқындау және осы мәселер бойынша жұмыс берушілермен пікір алмасу.

Кездесуді университет ректоры педагогика ғылымдарының докторы, академик Асхат Сәлімұлы Иманғалиевтің алғы сөзінен кейін университетіміздің барлық факультет декандарының мамандықтарды таныстыру презентациялары жалғастырды.

Шараға 40 мекеме қатысты, олардың ішінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Утемисов Шафхат Аннесұлы, Киянский Виктор Владимирович, «ӨЖК «Серік» ЖШС директоры Мергалиев Серик Ролланович, Қарашығанақ б.в шетелдік компаниясынан Қожахметова Асел Айболатқызы және басқалары қатынасты.

Дөңгелек үстел барысында БҚО әлеуметтік-экономикалық салаларының сұраныстары негізінде мамандарды даярлау және қайта даярлау, кәсіби сараман уақытында жас мамандарды сынақтан өткізіп, алдағы уақытта жұмысқа орналасуы, 2012-2013 жылы жас мамандарға қажеттік мәселелері кеңінен талқыланды. Шараға қатысқан барлық мекеме өкілдері өз пікірлерін ортаға салды.

Шара соңында дөңгелек үстелде қаралған сұрақтар мен мәселелерді қорытындылай келе, ұсыныстар жобасы жасалды.

Жоба бойынша жұмыс берушілерге университетпен әлеуметтік байланысын жетілдіруге (мақсатқа бағытталған мамандарды даярлауға гранттар мен стипендиялар бөлу, оқу-ғылыми зертханалық база құруға көмектесу); студенттерге кәсіби және дипломалды сараманнан өту кезінде көмектесуге; ұзақ мерзімді келісім-шартқа отыруға ықыласты болуға; мүмкіндігінше Мансап күні, жастар практикасы және тағы да басқа осы бағыттағы шараларға демеуші болуға; жоғары оқу орындарының түлектерін белгілі бір мақсатта мамандандыруды көздейтін ортақ бағдарламалар жасауға ұсыныстар жасалды.

Университетке факультеттер арасында жұмыс берушілермен қарым-қатынастың инновациялық жобасын іске асыру бойынша конкурсын ұйымдастыруға; жұмыс берушілерді университеттің шараларына қатыстыруға; факультеттерде компаниялардың презентациясын ұйымдастыруға жәрдемдесуге; университет түлектерінің іскерлік дағдысын және тілдік дайындығын қалыптастыруға ұсыныстар жасалды.

Мекеме өкілдерімен кездесу:

Елімізге танымал ірі компаниялардың бірі - КПО б.в компаниясы. Ақпан айының 27-сі күні компания өкілдері университетіміздің ректоры академик Имангалиев Асхат Сәлімұлымен кездесті. Келген қонақтар Антонио Маглио – қызметкерлерді басқару менеджері және Игизова Шолпан – кадр бөлімінің бас маманы. Кездесу барысында студенттердің сараманнан өтуі туралы сөз етілді. Компания туралы ақпарат беру үшін арнайы мамандар келіп дәріс жүргізу керектігі талқыланды. Университеттің озық студенттері үшін танысу экскурсиясын ұйымдастыру келісілді. Сөз соңында ректор өз қолымен сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етті. Оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректор Ғ.Х.Жүсіпқалиевамен кездесіп, академиялық ұтқырлық туралы, оқытушыларды шетелге біліктілік арттыруға жіберуге жәрдемдесу керектігі жөнінде талқылады. Қонақтар университетіміздің тарихы туралы мұражайды аралап мағлұмат алса, кітапханаларды аралап оқулық қорымен танысты. Сонымен қатар химиялық лабораторияны аралап, жаңа құрылғылармен тәжірибе алмасты. «Химия» мамандығы студенттеріне компаниядан сараманнан өтуге келісім жасалды. Университетіміздің және «ТДК - 42» телеарнасынан келген БАҚ қызметкерлеріне сұхбат берілді.



2012 жылдың 30 наурыз күні Жаңақала ауданы бойынша университет студенттерінің аталған аудан әкімшілігімен кездесуі ұйымдастырылды.

Кездесу барысында келген қонақтардың барлығы сөз алып, ҚР Президентінің «Қазақстан-2020» бағдарламасы, «Дипломмен ауылға!», «Жастар практикасы» бағдараламаларының аясында өз ауданының студенттеріне аудан тарапынан әрқашан қолдау көрсетілетініне, әсіресе өнер саласындағы мамандықтардың студенттерін ерекше атап, жуырда облыста құрылатын Жаңақала ауданының қауымдасдастығына мүшелікке шақырды. Сонымен қатар, студенттер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға жауап алды. Сұрақтардың дені университетті биыл бітіретін түлектердің өздері түлеп ұшқан мектептерге жұмысқа орналасуға ниеттерінің қолдау табуы туралы болды. Ал студенттерді сараманнан өту, дипломдық жұмыс жазу барасыныда керекті деректермен қамтамасыз ету, қысқы-көктемгі, мереке күндеріндегі демалысы кезінде студенттерді ауылына жеткізетін арзан көліктің ұйымдастырылуы университет қабырғасында әлі де білім алып жатқан студенттердің басты сұрағы болды.



Сергалин Әкімгерей Бексұлтанұлының студенттермен кездесуі

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде 25 сәуір күні мәжіліс залында БҚО мемлекеттік қызмет істері басқармасының бастығы Сергалин Әкімгерей Бексұлтанұлының студенттермен кездесуі болып өтті. Кездесу барысында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жаңалықтарға тоқталып, ҚР азаматтарына тест тапсыру арқылы мемлекеттік қызметке тұруға ерікті екендігін, құжат тапсыру жұмысы жалғасып жатқанын айтты. Студенттер мемлекеттік қызмет өтілін есептеу тәртібі мен ережелері туралы, қолданыстағы мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың өзгерістері туралы сұрақтар қойды. Әкімгерей Бексұлтанұлы келушілердің барлық сұрақтарына жауап беріп, түсініктемелер және ұсыныстар берді.



3-кесте

Педагогикалық мамандықтардың түлектерін тарату комиссиясының отырысы шешімінің қорытындысы




Оқу түрі

Барлық студент саны

Қалалық білім бөлім, мектептеріне таратылғаны

Аудандық білім бөлімдеріне, ауылдық мектептерге таратылғаны

Ерікті таңдау берілгені

1

Грант

364

48

265

51

2

Грант (ауыл квотасы)

121

-

112

9

3

Ақылы

56

9

32

15




Барлығы

541

57

409

75

Түлектерді тарату комиссиясы отырысына, сонымен қатар, төмендегідей педагогикалық емес мамандықтар қатыстырылды:



Сәндік өнер

Аспапта орындау

Вокалдық өнер

Дәстүрлі музыка өнері

Режиссура

Хореография

Кітапханатану және библиография

Мәдени-демалыс жұмысы

Филология: қазақ тілі

Филология: орыс тілі

Тарих (ғылыми)
Түлектердің таратылуы мен олардың жұмысқа орналасуында биылғы оқу жылында төмендегідей қиындықтар кездесті:

  • Тарату комиссиясы отырысының барысында түлекті қарамағына қабылдаған білім беру ұйымдары кейіннен өз шешімдерінен бас тартты;

  • Түлектер көп жағдайда ауылға барудан бас тартады.

Сонымен қатар, осы айда университет түлектеріне жұмысқа орналасуға көмектесу мақсатында ұйымдастырылатын маңызды шаралардың бірі «Мансап күні» (мамандықтар жәрмеңкесі) өткізілді. Шараға облыстық (қалалық) жұмыспен қамту басқармалары, облыстық (қалалық) Мәдениет басқармалары, шығармашылық орталықтары, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ АФ, Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В. шетелдік компаниясы, Қазақстан банктерінің облыстық филиалдары, «ПСП «Серік», акционерлік қоғамдар, биологиялық-экологиялық орталықтар, туристік фирмалар тәрізді 46 мекеме, 400-ден астам педагогикалық емес мамандықтардың студенттері қатысты.

Шара салтанатты және жұмыс бөлімінен тұрды. Салтанатты бөлімді М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің бірінші проректоры, тарих ғылымдарының докторы Әсет Сембайұлы Тасмағамбетов ашып, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының «Жас Отан» жастар қанаты БҚО филиалының атқарушы хатшысы Қадралиев Дархан Қаныбекұлы, студенттік ректор, Н.Назарбаев атындағы шәкіртақы иегері, қазақ тілі мамандығының 4 курс студенті Асылханова Елдана Асылханқызы сөз сөйледі.

Шара барысында университетті бітіргелі отырған жас мамандарға сынақ мерзімінен өтіп, өз мүмкіндіктері мен қабілетін көрсетіп, тәжірибе жинақтап, қазіргі заманның жұмыс нарығында орнын табуға септігін тигізетін «Жастар практикасының», факультеттердің өз мамандықтарын таныстыру презентациялары көрсетілді; студенттер жұмыс берушілердің негізгі талаптарымен танысып, олардың берген ақпараттарын қызығушылықпен тыңдады, келген мекемелерге түйіндемелерін тапсырды.

Сонымен бірге, шараға қатысуға «Орал өңірі», «Пульс города», «Жайық үні» газеттері мен «Қазақстан-Орал», «ТДК-42», «Хабар» телеарналарының түсіру тобы келді.

Мекеме басшыларынан педагогикалық емес мамандықтардың түлектерін тарату аясында жүргізілетін осы шара түлектердің диплом берілген уақыттан кейін өткізілсе деген ұсыныстар түсті.

Жыл бойы студенттерге жүргізілген «Дипломмен ауылға» атты «Нұр Отан» партиясының бағдарламасын насихаттау акциясы барысында осы шараға қатысқан жоғары курс студенттері арасында дөңгелек үстел өткізілді. Онда ауылдық жерлерге жұмысқа орналасқан студенттердің әлеуметтік жағдайы мен бағдарлама бойынша оларға жасалған көтерме көмек мәселелері қаралды.

Желтоқсан айында дайындау бағыттары мен мамандықтар бойынша түлектердің электрондық базасы жасалып, ЖОО-ның сайтында, қаңтарда – БҚО ауыл жастары Одағының, БҚО кәсіпкерлері Ассоциациасының, ауылшаруашылық министрлігінің, облыс аудандары әкімдерінің, маусым айының басында еңбек және әлеуметтік бағдарламалар сайтарында орналастырылды.

Аталған шаралар мен атқарылған жұмыстардың университет түлектерінің жұмысқа орналасуына септігін тигізгенін келесі көрсеткіштерден көруге болады.

2011-2012 оқу жылындағы түлектердің жұмыспен қамтылғандарының жалпы саны 712 адам; олардың 40% мемлекеттік тапсырыс бойынша және 60% ақылы негізінде оқығандар. Педагогикалық мамандықтар бойынша 429 студент университетті бітірген болса, соның ішінде 350 түлек (81%) жұмыспен қамтылған, педагогикалық емес мамандықтар бойынша бітірген 481 түлектің 411-і (85 %) жұмысбасты.

Жұмыспен қамтудың қорытындысының салыстырмалы сараптамасы дайындау бағыттары бойынша мынадай нәтижелер көрсетті: жұмыспен қамтудың ең жоғары көрсеткіші түлектердің «Білім беру» бағытындағы - 80%; «Өнер» бағытында - 75%,«Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес», «Гуманитарлық ғылымдар» - 72%, «Қызмет көрсету» - 70%, «Құқықтану» -52% жұмыспен қамтылғандығы байқалды.



2-диаграмма


«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 қаулысымен білім беру гранттарын тағайындау ережесі бекітілген. Ережеге сәйкес ауыл квотасымен педагогикалық мамандық бойынша білім алып шыққан жас мамандар ауылдық жерде орналасқан білім беру ұйымдарында кемінде 3 жыл қызмет атқарулары қажет. Ауыл квотасымен грант негізінде аяқтаған 121 түлектің 23-і келесі себептермен жоғарыда аталған міндеттен босатылып отыр: жүктілік; 3 жасқа дейінгі сәбилері болса; І немесе ІІ топтағы мүгедектер.
4-кесте

Педагогикалық мамандықтар бойынша бітірген және жұмысқа орналасқан түлектерінің сандық көрсеткіші



Мамандық атауы

Ағымдағы жылдағы бітірушілер

Оның ішінде жұмысқа орналасқаны

Жұмысқа орналасу пайызы

Барлығы

оның ішінде грант негізінде

грант ауыл квотасы негізінде

Барлығы

оның ішінде грант негізінде

грант ауыл квотасы негізінде

 

Қазақ тілі мен әдебиеті

38

26

8


27

20

5



71

Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті

3

3




-







0

Орыс тілі мен әдебиеті

8

7

1


6

5

1


75

Шет тілі: екі шет тілі

45

18

20


23

10

12


51

Дене шынықтыру

18

5

6

14

2

5

77

Бастапқы әскери дайындық

12

7

4


7

4

3


58

Педагогика және психология

25

13

6


12

5

3


48

Бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі

20

15

3


9

7

1


45

Тарих

44

30

13

33

23

9

75

Құқық және экономика негіздері

37

20

17


15

5

10


40

Химия

21

12

8

9

4

5

42

Биология

17

8

3

12

3

3

70

География

22

9

2

7

3

-

32

Математика

17

15

2

14

14

-

82

Физика

19

10

8

12

7

5

63

Информатика

24

16

6

15

11

3

62

Кәсіптік білім

6

4

1

5

3

1

83

Бейнелеу өнері және сызу

31

19

7


27

18

4


87

Музыкалық білім

22

17

3

19

15

2

86

Қорытынды саны

429

317


118

258

156


71





5-кесте

Педагогикалық емес мамандықтар бойынша бітірген және жұмысқа орналасқан түлектерінің сандық көрсеткіші



Мамандық атауы

Ағымдағы жылдағы бітірушілер

Оның ішінде жұмысқа орналасқаны

Жұмысқа орналасу пайызы

Барлығы

оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша

Барлығы

оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша

 

Филология: қазақ тілі

7

4

5

3

71

Филология: орыс тілі

5

4

3

2

60

Аударма ісі

16

1

-

-

0

Тарих (ғылыми)

22

4

15

8

68

Құқықтану

54

3

19

1

35

Халықаралық қатынастар

11

-

3

-

27

Әлеуметтану

20

7

11

3

55

Аймақтану

9

1

3

1

33

Экономика

15

-

9

-

60

Менеджмент

26

1

13

-

50

Туризм

30

-

13

-

26

Ақпараттық жүйелер

6

10

6

1

100

Есеп және аудит

48

3

38

3

79

Қаржы

57

2

41

1

71

Маркетинг

17

1

4

1

23

Мемлекеттік және жергілікті басқару

20

1

11

1

55

Экология

13

3

7

1

53

География

3

3

1

1

33

Информатика

12

11

10

9

83

Химия

2

2

-

-

0

Сәндік өнер

3

3

3

3

100

Аспата орындау

3

3

2

2

66

Вокалдық өнер

6

5

6

5

100

Дәстүрлі музыка өнері

6

5

6

5

100

Режиссура

12

4

11

9

91

Хореография

10

4

10

4

100

Кітапханатану және библиография

12

4

11

11

91

Мәдени-демалыс жұмысы

11

10

10

9

90

Дизайн

25

-

20

-

80

Қорытынды саны

481

99

286

84





Мәдениет және өнер факультетінің жұмыспен қамтылу қорытындысы
2012 жылында Мәдениет және өнер факультетінің барлық мамандықтары бойынша жұмыспен қамтылу көрсеткіші 88% (147 түлектің 130–і жұмыспен қамтылған) көрсетті.

3-диаграмма


Мамандық

Жұмысқа орналасуының % көрсеткіші

1.Режиссура

91

2.МДЖ

90

3.Дәстүрлі муз.өнер

100

4.Аспапта орындау

66

5.Муз.білім

86

6.Бейнелеу және сызу

87

7.Кәсіптік білім беру

83

8.Дизайн

80

9.Сәндік өнер

100

10.Вокалдық өнер

100

11.Хореография

100

12.Кітапханатану және библиография

91




жүктеу 0,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау