Ақыл-ойға сүйеніп, рационалды əдіспен шығарылған музыка көне заманнан бастау алады. Энциклопедист ғұлама ғалым Əбу Насыр əл-Фараби музыканы математиканың əдістерімен зерттеген болатын. Ал Еуропаның атақты композиторы И.С.Бах фуга атты көп дауысты шығарманы

ақыл-оймен пішіп, əр дауыстың жүргізілуін ережеге бағына жазды. ХХ ғасырда компьютер тарала бастаған соң, музыканың мүмкіндіктері арта түсті. Қазіргі таңда компьютерлік музыкадан басқа,
электронды музыка, за-манауи музыканың көптеген бағыттары пайда болды, со-нымен бірге алуан түрлі қазіргі заманғы композиторлық техникалар қолданылып келеді. Əсіресе, э
лектронды музыканың қазіргі таңда əр түрлі бағыттары өріс алды
. Транс – адамды өмірде жоқ бейқам көңіл күйге бөлейді.
Хаус – бұл электронды музыка түрі өте қарапайым би ырғақтарының қайталануынан құралған əуенге негізделеді.
Техно –
табиғатта кездеспейтін, машина дыбысына ұқсас синтетикалы дыбысты əуеннің бірнеше рет қайталануынан құралатын электронды музыка түрі.
Драм-н-басс (джангл)
– өзгермелі ырғақ пен жылдамдық маңызды рөл атқаратын электронды музыка стилі.
Индастриал электронды музы-касында механикалық дыбыстар эстетикасы жатыр.
Нью-эйдж – электронды музыкасының басты міндеті – адамды рахатқа бөлей отырып (релаксация), жағымды сезімдерді ояту, ол əсіресе стресске қарсы жəне йога сабақтарында көмектеседі
. Заманауи композиторлар əр түрлі техника-ларды да пайдаланады.
А. Бестібаев «Азия дауысы», «Ашу басар».
А. Райымқұлова «Дала сыры».
-
Үш шығарманы тыңдап салыстыр.
-
Бұл шығармалардың бейнесіне қандай мінездеме беруге болады?
-
Ол туралы өз пікіріңізді қысқа эссе түрінде жаз.
-
Бұл шығармаларды интеллектуалды музыкаға жатқызуға бола ма?
Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова – сазгер, танымал қоғам қайраткері
-
Қазақстан заманауи музыка өнерінің қалыптасуы мен дамуына сазгер Ақтоты Райымқұлова нендей үлес қосты?
-
Қазақстан сазгерлерінің ішінде электронды музыкаға үлес қосып жүрген композиторлар жайлы ақпарат ізде.
Əділ Бестібаев – сазгер, Қазақстан Композиторлар одағының жəне Канада музыка орталығының мүшесі.
-
Интеллектуалды музыка деп қандай шығарманы атауға болады?
-
Заманауи электронды музыканың бағыттарын
ата?
-
Өзің білетін заманауи музыка шығаратын саз-герлер жайлы əңгімеле.
-
Заманауи техника əдістері қолданылған
А.Райымқұлова, А.Бестібаев, Қ.Шілдебаевтің шығармаларын ата.
«Арман-ай»
Халық əні
Ойлап тұрсаң, бұл дүние
шолақ екен, ай.
Бұл адамдар бір-біріне қонақ екен, ай.
Қ-сы: Арман-ай, өтеді дүние-ай, жалған-ай.
Қызғалдақтай, ай,
құлпырған қайран жастық, ай Қара жерге, ай, қар жаумай солады екен, ай.
Қудым, дүние, ай,
өзіңді жалықпай-ақ, ай.
Ұстатпайсың, ай, судағы балықтай-ақ.
-
Əннің сөзіне көңіл бөл. Бұл əн не туралы?
-
Сенің ойыңша, бұл əн бізді не нəрсеге үйретеді?
-
Тарихи əндерді интеллектуалды əндерге жатқызуға бола ма?
Достарыңызбен бөлісу: