46
Еңбек шарты тараптарының
материалдық жауапкершiлiгi
Қызметкердің мүлкіне
келтірілген залал үшін жұмыс
берушінің материалдық
жауапкершілігі:
Қызметкердің мүлкіне залал келтірген
жұмыс беруші оны еңбек шартының,
ұжымдық шарттың талаптарына
сәйкес толық өтеуге міндетті.
Еңбек шарты тараптарының
келтірілген залалды өтеу
тәртібі:
Еңбек шартының басқа тарапқа залал
келтірген тарапы оны Еңбек
кодексінде және ҚР заңдарында
белгіленген мөлшерде сот шешімінің
негізінде не ерікті түрде өтейді.
Мына реттерде зиянды өтеу
сотқа талап қою арқылы
жүргізіледі:
- егер қызметкер ұйыммен еңбек
қатынастарын тоқтатса;
- жұмыс беруші немесе
бағыныштылығы жағынан жоғары
тұрған орган еңбек заңдарында
белгіленген зиянды өтеу мерзімін
жіберіп алса;
- қызметкер келтірілген зиянның
ұсталу мөлшерімен немесе оның
жалақыдан ұсталуына келіспесе.
47
9. Тақырып. Еңбек даулары
Еңбек даулары
Еңбек дауы - Қазақстан Республикасының еңбек
заңнамасын қолдану, келісімдердің, еңбек шартының және
ұжымдық шарттың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын
орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша қызметкер
мен жұмыс берушінің арасындағы келіспеушіліктер
(ҚР ЕК 1бап).
Еңбек дауларының барлығын
даудың пәніне қарай 2 топқа бөлуге
болады:
1) нақты құқықтық қатынаста еңбек
заңнамаларын қолдану туралы даулар, яғни
осы құқықтық қатынастың субьектілерінің
құқықтары мен міндеттерін сақтау;
2) заңмен немесе басқа актілермен реттелмеген
жаңа еңбек жағдайларын жергілікті түрде
белгілеу бойынша даулар.
Еңбек заңдарын қолдану бойынша еңбек
даулары:
а) еңбек құқықтық қатынасынан;
б) еңбек өндірісі сұрақтары бойынша кәсіподақтың
әкімшілікпен құқықтық қатынасы;
в) еңбек шарты субьектілерінің бір-біріне келтірген
зияны үшін материалдық жауапкершілік бойынша
құқықтық қатынас;
г) еңбекті қорғауды қадағалау бойынша құқықтық
қатынас.
48
Еңбек даулары
Еңбек дауларын түрлерге
бөлудің белгі:
а) оларда қатысатын субьектілер
бойынша – жеке және ұжымдық;
Жеке еңбек дауларында, бір жағынан,
қызметкер, келесі жақта – жұмыс
беруші қатысады. Ұжымдық еңбек
дауларында,
бір
жағынан,
қызметкерлер
тобы,
ұйымның
қызметкерлері, екінші жағынан –
жұмыс
беруші
немесе
жұмыс
берушілер.
б) мазмұны бойынша еңбек даулары –
еңбек жағдайларын белгілеу бойынша
даулар. Еңбек жағдайларын белгілеу –
оларды заңдар, басқа нормативтік-
құқықтық актілері арқылы анықтау.
Осылай белгіленген еңбек жағдайлары
жалпы мінезді болады және барлық
немесе
қызметкерлердің
кейбір
санаттарына таралады, еңбектің жеке
жағдайлары
еңбек
шартымен
анықталады.
Түрлері
Жеке еңбек даулары
дегеніміз
– тікелей немесе
кәсіподақ
қатысуымен
келіссөздермен реттелмеген
әкімшілік және қызметкер
арасындағы
еңбек
заңдарын,
басқа
нормативтік-құқықтық
актілерді, келісімді, еңбек
шартын қолдану туралы
сұрақтары
бойынша
келіспеушілік.
Ұжымдық еңбек даулары
–
ұйымдарда
еңбек
жағдайларын
белгілеу мен өзгертуге және еңбек ақы
төлеуге, ұжымдық шарттар мен
келісімдер
жасасуға,
оларды
орындауға байланысты, сондай-ақ
қолданылып
жүрген
заңдардың,
ұжымдық шарттар мен келісімдердің
ережелерін
қолдану
мәселелері
бойынша
жұмыс
беруші
мен
қызметкерлер ұжымдары арасындағы
келіспеушіліктер.