А. Х. Тажибаева Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. 87 б



жүктеу 0,81 Mb.
Pdf просмотр
бет16/25
Дата21.11.2017
өлшемі0,81 Mb.
#1248
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25

 

49 


 

3 Тәжірибелік сабақ. Әдістемелік нұсқама 

     


Жоғары 

оқу 


орындарында 

тәжірибелік 

сабақтарды 

өткізу 


қарастырылған. Олар пәнді тереңірек меңгеруге бағытталған. Тәжірибелік 

сабақтар  білім  алушының  алған  білімдерін  тәжірибелік  есептерді  шешу 

барысында қолдануда мүмкіндік берерде ерекше орын алады.   

 

Тәжірибелік  сабақ  дәріс  сабағында  алған  білімдерін  тереңдетуге, 



білімдерді нақтылай шешуде және кәсіптік қызметте шеберлігін шыңдауға 

септігін  тигізеді.  Олар  ғылыми  ойлау  мен  сөйлеуді  дамытады,  білім 

алушылардың білімдерін тексеруге көмектеседі.  

 

Тәжірибелік сабақтарда мынадай міндеттер шешіледі:  



-  Ойлаудың кәсіби шығармашылығын дамыту; 

-  Тиісті ғылымның тілін жетік меңгеру; 

-  Интеллеутуалды  мәселелер  мен  міндеттерді  шешуде  білімдерін  дұрыс 

игере білу; 

-  Білімдерін бекіту мен қайталау. 

Тәжірибелік  сабақтарды  өткізу  барысында  бірігіп  жұмыс  істеу 

принципті  жүзеге  асырылады.  Ойлау  процесі  мен  білімдерін  игеру  жеке 

емес, ұжым болып жұмыс істеу барысында тиімдірек болады.   

 

3.1 Тақырып 1. Еңбек құқығының түсінігі және пәні, әдісі 

   


 Сұрақтар 

1 Еңбекті қоғамдық ұйымдастыру ұғымы 

2 Еңбек құқығының пәні 

3 Еңбек құқығының әдісі  

4 Еңбек құқығының жүйесі 

5 Еңбек құқығының функциялары 

6 Еңбек қатынастарының түсінігі және түрлері 

 

 

Әдістемелік нұсқама 

   


Қазақстан Республикасының еңбек құқығы пәнін оқу үшін ең алдымен 

бұл  пәннің  атауын  және  еңбекпен  байланысты  құқық  салаларының 

атауларын  меңгеріп  алуымыз  қажет.  Соныдықтан  да,  ең  алдымен  «еңбек» 

дегеніміз не және оның қоғамдағы рөлін анықтап алуымыз қажет. ҚР Еңбек 

кодексінің 1 бабында еңбек ұғымына мынадай анықтама берілген: «Еңбек – 

материалдық  және  рухани  игіліктерді  жасауға  бағытталған  адамның 

мақсатты қызметі». 

   


Еңбек  құқығының  пәні  болып  еңбекті  қоғамдық  ұйымдастырудағы 

жұмыскерлердің 

еңбектерін 

ұйымдастыру 

бойынша 

қоағмдық 

қатынастарының жалпы кешені танылады. Пәнді меңгеру барысында еңбек 

қатыастарының  ұғымын,  қоғамдағы  өндірістік  қатынастармен  байланысын, 

оның  аралас  азаматтық  қатынастардың  пәнінен  еңбек  қатынастарының 

пәнінің айырмашылығын білу қажет. 




 

50 


 

   


Еңбек құқығының әдісін еңбекті құқықтық реттеудегі тәсілдер кешені 

ретінде  игеру  барысында,  оның  құқық  нормасы  арқылы  көрінетінін  және 

өзінің ерекшеліктері бар екенін түсіну қажет.   Осыдан келе, әдістің қандай 

тәсілдерден тұратынын анықтау қажет.  

   

Еңбек  құқығының  пәнін,  әдісін  меңгере  келе,  енді  оның  жүйесіне 



көңіл  бөлуіміз  керек.  Еңбек  құқығының  жүйесі  дегеніміз  құқықтың  сол 

саласының  құрылымы  мен  мазмұнының  бүтіндігін,  ажырамас  бірлігін 

құрайтын құқықтық нормалар жиынтығы. 

   


Тақырыпты  толық  меңгеру  үшін  Қазақстан  Республикасының 

конституциясын және ҚР еңбек кодексін қараңыз. 



Әдебиет: 1; 10-16 б.; 2, 8-21 б.; 3; 4 

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1 Еңбекті қоғамдық ұйымдастырудың түсінігі. 

2 Еңбекті қоғамдық ұйымдастырудың құрамдас элементтері.  

3 Еңбек құқығының мәндік белгілері. 

4  Еңбек  құқығы  пәнін  еңбекті  қолдануға  (мердігер,  тапсырма,  т.б.) 

байланысты азаматтық-құқықтық қатынастардан шектеп бөлу. 

5  Еңбек  және  қызметтік-құқықтық  қатынастардың  әкімшілік 

құқықтағы бірлігі және арақатынасы. 

6 Еңбек құқығы әдісінің түсінігі және ерекшелігі. 

7  Еңбек  құқығы  әдісінің  негізгі  элементтері  мен  көрініс  табу 

нысандары. 

8 Еңбек құқығының жүйесі. 



 

 

3.2 Тақырып 2. Еңбек құқығының қағидалары 

     



Сұрақтар 

1 Еңбек құқығы қағидаларының түсінігі, олардың мәні 

2 Еңбек құқығы қағидаларының жіктелуі, мазмұны 

3 Еңбек құқығының конституциялық қағидалары 

4 Еңбек құқығының салалық қағидаларының сипаттамасы 

 

Әдістемелік нұсқама 

   


Тақырыпты  меңгеруге  көшпес  бұрын,  ең  алдымен  құқықтық 

принциптер  ұғымын  анықтап  алуымыз  қажет.  Еңбек  құқығының  принципі 

дегеніміз негізге  алынатын,  бастаушы  бастама,  ол осы  саланың  және  оның 

институттарының  құқықтық  нормаларының  мәні  мен  ішкі  үйлесімділігін 

білдіреді.  Принцип  еңбек  құқығы  жүйесінің  негізге  алынатын  элементі 

ретінде  заңнамада  міндетті  түрде  көрсетіліп,  бекітілуге  тиіс.  Бұл  жағдайда 

ол құқықтық принципке айналады.  

   


Еңбек құқығының принциптерін оқу барысында оның жалпы, салалық 

және салааралық принциптерінен ажырата білуіміз қажет. Еңбек құқығының 

салааралық  принциптері  Қазақстан  Республикасының  еңбек  кодексінің  4 



 

51 


 

бабында  берілген    және  бұл  принциптерді  толық  түсіну  үшін  Қазақстан 

Республикасының  еңбек  кодексіне  түсініктемесін  қарауға  болды 

(Комментарии  к  Трудовому  кодексу  РК.  Под  ред.  Сапарбаева  Б.М.  Астана 

2008.).  

Әдебиет: 1; 10-16 б.; 2, 74-89 б.; 3; 4; 13; 14; 15 

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 

1 Еңбек құқығы принциптерінің түсінігі.  

2 Еңбек құқығы принциптерінің жіктелуі.  

3 Еңбек құқығының салалық принциптерінің сипаттамасы. 

4 Еңбек құқығы қайнар көзінің ұғымы. 

5 Еңбек заңнамасының жүйесі. 

6  Еңбек  құқығы  қайнар  көзінің  негізгі  түрлері  және  олардың 

сипаттамасы. 

 

3.3 Тақырып 3. Еңбек құқығының субъектілері 

  

Сұрақтар 

1 Еңбек құқығының субъектілерінің түісінігі мен түрлері. 

2 Еңбек құқығы субъектілерінің еңбектік құқық субъектілігі, оның 

құқық және әрекет қабілеттілігі. 

3 Жеке тұлға еңбек құқғының субъектісі ретінде. 

4 Жұмыс беруші еңбек құқығының субъектісі ретінде. 

5 Кәсіптік одақтар еңбек құқығының субъектісі ретінде. 

6 Мемлекет еңбек құқығының субъектілері. Олардың еңбек 

қатынастарға қатысуының нысандары. 



 

Әдістемелік нұсқама 

   


Бұл тақырыпты оқу үшін оның субъектілерінің ұғымын, түрлерін және 

олардың әрқайсысының құқықтық мәртебесін білуіміз қажет. 

   

Еңбек  құқығының  субъектісі  дегініміз  бұл  еңбек  қатынастарымен 



реттелетін, еңбек құқықтары мен сәйкесінше заңды міндеттерді иемденетін 

қоғамдық қатынастардың қатысушылары. 

   

Еңбек  құқығының  субъектілері  болып:  еңбекке  қабілетті  азаматтар, 



жұмыс  берушілер,  кәсіптік  одақтар,  әр  деңгейдегі  әлеуметтік  әріптестіктер 

және мемлекеттік органдар танылады. 

   

Тақырыпты толық меңгеру үшін міндетті түрде ең алдымен Қазақстан 



Республикасының  еңбек  кодексін,  Қазақстан  Республикасының  еңбек 

кодексінің  түсініктемесін  және  Қазақстан  Республикасының  «Кәсіптік 

одақтар туралы» заңын басшылыққа алуыңыз қажет. 

Әдебиет: 1; 45-68 б.; 2, 118-134 б.; 3; 4; 13; 14; 15; 18 

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 

1 Еңбек қатынастарының субъектілері ұғымы және сипаттамасы. 

1 Халықты жұмыспен қамту дегеніміз не? 

2 Азаматтардың жұмыспен қамтылу саласындағы құқықтары. 




жүктеу 0,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау