А. Б. НҦртаева, А. Ж. Бекқожин


Ӛндірісте Я9ОПТ - 2.5 линиясында сҥзбе дайындау



жүктеу 1,46 Mb.
бет100/162
Дата04.01.2022
өлшемі1,46 Mb.
#31470
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   162
Зертханалық жұмыс

Ӛндірісте Я9ОПТ - 2.5 линиясында сҥзбе дайындау. Сүзбені дайындауда сүтті сүтқышқылды бактериялармен ашытып, қойыртпақ салынған сыйымдылықты жылытады және сусыздандыру жүргізіледі. Линияның құрамына келесідей құрылғылар кіреді: Я1-ОСВ ашыту сыйымдылығы, П8-ОНБ насосы, жылыту аппараты, бойлер құрылғысы, қойыртпақты сусыздандырғыш, сүзбені салқындатқыш пен басқару системасы. П8-ОНБ бір винтті насосы сүзбе қойыртпағын сыйымдылықтан жылыту құрылғысына жіберуге арналған. Жылыту аппараты 42-60°С температурада 1-З мин жылытады және 25-З 5°С дейін салқындатады, жылыту аппараты жеті секциядан, бір-бірімен ӛзек арқылы байланысып тұрады. Бойлерлі құрылғы суды 60-95 °С-қа дейін жылып оны жылыту аппаратына жіберуге арналған.

Сүзбе қойыртпағын сусыздандырғыш құрылғысы қойыртпақтан сарысуды бӛліп алуға арналған. Электрлі двигатель кӛмегімен барабандар айналып, сусыздандыру жүргізіледі.

Сүзбені 8°С салқындатқыш құрылғысы шнекті ығыстырғыш барабаннан тұрады. Барабандар бір бункерде екі цилиндрі қабаттасқан тұғырға монтаждалған корпуста орналасқан. Шикізатты және ӛнімді жеткізу және тасымалдау құбыр, насос, клапан арқылы жүргізіледі. Басқару жүйесі технологиялық линияларды автоматты түрде басқару мен шиттан тұрады

Бұл технологиялық линияда сүзбені дайындау процесі сыйымдылықты пастерленген, гомогенденген және ашыту температурасына дейін салқындатылған сүтті толтырудан басталады. Бұл сыйымдылықта сүтті ашыту және ашу процесі, оны ашытқымен араластыру үрдістері жүргізіледі. Дайын болған қойыртпақты насос арқылы жылыту аппаратына жіберіледі, онда қойыртпақты жылытады, ұстайды және салқындатады. Қойыртпақты бойлер құрылғысынан түсетін ыстық сумен жылытады. Жылытылған қойыртпақты мұздатылған сумен салқындатады.

Жылумен ӛңделген сүзбе қойыртпағын сусыздандырғыш аппаратына жібереді, мұнда (лавсан) маталы фильтрден ӛткізіп, қойыртпақ пен сарысуды бӛледі. Сусыздандырылған сүзбені насос арқылы екі цилиндрлі салқындатқыш бункеріне ӛткізеді. Барабанның кӛмегімен сүзбені араластырады, цилиндрді бойлай анйлапы, алынбалы қақпақтың саңылауы арқылы фасовкаға жіберіледі. Линияны басқару системасы технологиялық процестің жүруін қадағалайды.

Бӛлек әдіс. Бӛлек әдісте майсыз сүзбеге 50-55% майлылықтағы кілегей қосып дайындайды. Майсыз сүзбені біртекті консистенциялы болу үшін ұсақтайды. Бұл әдіспен әртүрлі майлылықтағы сүзбе алуға болады.


жүктеу 1,46 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау