Сҥзбе сыроктары. 50-125 грамдап қаптайды. Құрамына байланысты тәтті, тұзды, қоспамен және қоспасыз, майлы, жартылай майлы, майсыз болып бӛлінеді. Славяндық сыроктарды майлы сүзбеге сары май, дәмдік және ароматты заттарды қосу арқылы жасайды. Глазурленген сыроктарды славяндық сыроктар сияқты дайындайды тек шоколад глазурімен қаптайды.
Диабетикалық сыроктар. Азықтық ксилит бойынша дайындайды. Сүзбе кремдерін сүзбеге кілегей немесе сары майды және дәмдік, ароматтық заттарды қосу арқылы дайындайды. Сүзбе кремдерін 18%, 12% және 5% - майлылықта шығарады. Кремдердің консистенциясы нәзік, жұмсақ болады.
Сҥзбе торттары. Бұл ӛнімді майлы сүзбеге сары май, дәмдік, ароматты заттарды қосып, әртүрлі кілегейлі кремдермен әсемдеп немесе шоколад глазурімен жабылған түрде дайындайды. Құрамына байланысты торттар келесідей аталады «Кофейный», «Шоколадный» және т.б. Майлылығы 22-26% аралығында болады.
Достарыңызбен бөлісу: |