А. Б. Медешова қыркүйек 2010ж



жүктеу 1,47 Mb.
бет23/30
Дата19.11.2018
өлшемі1,47 Mb.
#20826
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30

Дәрістің мазмұны:


1.Көл ұғымына анықтама.

2.Көлдердің пайда болу жолдары.



Мақсаты: Көлдің географиялық қабықтағы ролі мен қалыптасу эволюциясын түсіндіру.

Тірек сөздер:тектоникалық, опырылма, органогендік, вулкандық, аккумулятивті, эрозиялы.

Негізгі сұрақтар:Көл дегенді қалай түсінесің?

Көлдің өзеннен қандай айырмашылығы бар?

Көлдің пайда болуының қандай жолын білесің?

1. Көлдер дегеніміз мұхитпен екі жақты байланысы жоқ, баяу су алмасатын су қоймасы. Өзеннен көлдің айырмашылығы арнаның еңістігіне байланысты болатын ағысы болмайды, теңізден айырмашылығы мұхитпен тікелей байланысы болмайды. Көл су массасы мен шұңқырдың біртұтас болып келуінен тұрады.

Көлдің морфометриялық сипаттамаларына мөлшерін, формасын және көлемін: ұзындығын, енін, жағалық сызықтарының ұзындығын, оның тілімделуін, көлдің бетінің ауданын, тереңдігін сипаттайтын абсолюттік және салыстырмалы шамалары құрайды.



Көлдің ұзындығы (I) көлдің беті бойынша өлшенген жағалық сызықтың бірінен-бірі мейлінше алшақ жатқан екі нүктесінің арасындағы ең қысқа аралық..Көлдің ені(В) — орташа ені (Ворт ) — көлдің ауданының ұзындығына қатынасы F/L. Максимал ені (В мах ) көлдің ұзындығына перпендикуляр болатын жағалар арасындағы ең үлкен аралық.. Жағалық сызықтың ұзындығы (Z) — су жиегінің ұзындығы (судың құрылықпен жиектелген сызықтары).Жағалық сызықтың жырымдылығы — көлдің жағалық сызық ұзындығының ауданы көлдің ауданына тең, дөңгелек шеңберінің ұзындығына қатынасы: К= Көл бетінің ауданы (Ғ) — аралдарсыз су бетінің ауданы. Максимал тереңдігі (Ныах ) тікелей өлшеу арқылы табылады. Орташа тереңдігі міх) су массасыныңкөлемінбетініңауданына бөлу арқылы табылады.Су массасының көлемі (W) изобат бойынша жүргізілген екі көршілес горизонталь жазықтар арасында жатқан жеке қабаттар көлемінің жиынтығы ретінде есептеліп шығарылады. Горизонталь қабаттар қиық конус ретінде немесе призма ретінде қарастырылады.Көлдің барлық морфологиялық сипаттамалары оның дең-гейі өзгергенде өзгеріп отырады.

2.Көлдің мөлшері, формасы, оның тереңдігі едәуір дәрежеде көл шұңқырының шыққан тегі арқылы анықталады, бұлар бірнеше генетикалық типтерге бөлінеді:

1)тектоникалық көлдер жер қыртысының майысуы, жарық, ыдырауынан пайда болуына байланысты туады, едәуір-тереңдігімен және мөлшерімен көзге түседі.Мысалы: Ладога, Онега, Ыстық көл, Байкал, Танганьика жатады.

2)вулкандық көлдер сөнген вулкандардың кратерлері (мысалы, Камчаткадағы Кроноц көлі), жарылу маар-кратерлері (ФРГ-дағы Лахер көлі) алып жатыр және лава алқаптарының ортасында орналасады (Исландиядағы Комарин көлі);

3)мұздық көлдер жазықтықтар мен тауларда мұздықтардың бұзу және түзу әрекеттерінің нәтижесінде құралады. Бұл Кола түбегі, Прибалтика, сондай-ақ, Альпі, Кавказ және басқа таулы елдердің көлдері;

4)сулы-эрозиялық және сулы-аккумулятивтік көлдер өзендердің (ескі арналардың) әрекеті арқылы жасалады немесе тосқындардың жиналуымен теңізден бөлініп қалған өзен аңғарларының (лимандар, лагуналар) учаскесін теңіздің басып қалуынан пайда болады; Мысалы, Кубаньдағы көл, Қара теңіз жағалауларынын лимандары;

5)опырылма көлдер жер асты суларымен ерігенде шөгу және опырылу салдарынан (карст көлдері, бұлар Ақ теңіз бен Онега көлі арасында көп) немесе бөлшектердің шайылуынан және алынып кетуінен (Батыс Сибирьдің оңтүстігіне тән суффозиялық көлдер) құралады. Сондай-ақ бұл типке көп жылдық тоң жыныстарының немесе жер асты мұздарының еруінен туған жер бетінің шөгуінен пайда болған термокарст көлдері жатады;

6)эолдық көлдер желдің үрлеп соғуынан пайда болған қазан шұңқырларында орналасады, мысалы, Қазақстандағы Теке көлі.

7)тоғандық көлдер (тоған асты көлдері) тау жыныстары лава, мұздык опырылғанда өзен арнасын бөгеудің нәтижесінде пайда болады. Памирдегі Сарез келі мысал бола алады.

8)органогендік көлдер батпақтардың арасында немесе коралл құрылыстарының (аттолдардың) ортасында пайда болады.Әсіресе адам әрекеттері арқылы жасалған, қазан шұңқырларды: ескі кен орындарын, тұз кендерді, бөгендерді бөліп көрсетуге болады.

Өзін бақылауға арналған сұрақтар:Көлдің пайда болуының генетикалық типі?

Көлдің органогендік пайда болуы қалай жүреді?

Көлдің тектоникалық пайда болу типі?

Ұсынылған әдебиеттер:1,3,4,5,6,7,11.
24дәріс

Тақырыбы: Литосфера бетінің геоморфологиялық ерекшеліктері.

Дәрістің мазмұны:


1.Литосфера географиялық қабықтың құрамдас бөлігі.

2.Бедер қалыптасу.



Мақсаты:Литосферадағы рельеф формаларының орналасуы, оның ерекшеліктері және рельеф түзудегі климаттың ролін қарау.

Тірек сөздер: геоморфология, нивальды, аридті, гумидті.

Негізгі сұрақтар:Литосфералық қабықтың географиялық қабықтағы алатын орны қандай?

Литосфераның қалыптасуын ерекшеліктер?

Рельефтің қалыптасуы қалай жүреді?

1. Литосфера – жердің қатты тас қабығы (гректің lithos-тас, sphaira –шар деген сөздерінен шыққан), географиялық қабық компоненттерінің бірі. Литосфера жер қабығын зерттеп қана қоймайды, ол мантиядан астеносфераға дейінгі қабатты да қамтиды. Литосфераны жер денесінің қатты бөлігі ретінде оның заттық құрамын, құрлысын, шығу тегін және дамуын геология зерттейді, ал жердің сыртқы қабығын географиялық қабықтың компоненті физикалық география зерттейді.

Геоморфология – (грек сөзі гео-жер, морфо - пішін, логос –ілім) жер бедері туралы ғылым. Ол теңіз, мұхит суы астындағы және жер бетіндегі бедер пішіндерінің құрлымын (морфологиясын), өлшемдерін (морфометриясын), жасын және түзілу тарихымен қазіргі динамикасын, таралу заңдылықтарын зерттейді.

Геоморфологияның негізгі нысаны – жер бетінің қазіргі бедері мен оның даму тарихы. Жер бетінің бедері – ол әртүрлі пішіндердің жиынтығы, ол таулар, жазықтар, қыртаттар мен шатқалдар, төбелер т.б. Оларға үнемі табиғаттағы сыртқы (экзогендік) және ішкі (эндогендік) күштер әсерлерін тигізіп отырады, сондықтан бедер пішіндерін оларды құрайтын тау жыныстарының құрамы мен қасиеттерін және оған әсер ететін геологиялық процестерді біліп алып, зерттеу қажет.

Геоморфологияның негізгі міндеті – рельефтің географиялық компоненттерінің бүкіл табиғатпен тығыз байланыста тұтас алынып қаралуы, рельеф өзі ғана өзгеріп қоймай ол табиғатқа, оның дамуына да әсер етеді. Жер қыртысы атмосфера, гидросфера, биосфера арасындағы қатынасты анықтайтын болғандықтан геоморфология геология, тектоника, климатология, геоботаника, топырақтану т.б. ғылымдармен тығыз байланысты.

Геоморфология “жалпы” және “региональдық” болып екіге бөлінеді. Жалпы геоморфология – рельефтің пайда болуы мен даму заңдылықтарын барлық геоморфологиялық комплекс тұрғысынан кең көлемде қарайды. Региональдық геоморфология – нақты аймақтар бедерін құрлықтың, мұхиттың т.б. рельефтің құрлымын зерттейді.



Геоморфологияның негізгі салалары:

1.Планетарлық геоморфология – материктер мен мұхиттар бедерін зерттейді.

2.Тарихи геоморфология – жер бедерінің түзілу тарихын зерттейді.

3.Құрлымдық геоморфология – тектоникалық қозғалыстар нәтижесінде пайда болған бедер пішіндерін зерттейді.

4.Тәжірибелік геоморфология (прикладная геоморфология) – рельефті өндірістік- шаруашылық қажетіне пайдаланумен шұғылданады.

5.Палеогеоморфология – ежелгі дәуірдегі рельефтің даму жолдарын зерттейді.

6.Климаттық геоморфология – сыртқы күштердің әсерінен пайда болған рельеф түрлерін зерттеумен шұғылданады.

7.Ғарыштық геоморфология - әртүрлі планеталардың бедерін салыстыра отырып зерттейді.

8.Экологиялық геоморфология – геологиялық және техногендік бедер пішіндерінің қоршаған орта мен қоғамға тигізетін әсерін зерттейді.

Геоморфологияның мақсаты:

1 - жер бедерін жан-жақты зерттеу және оның пішіндерін талдау

2 – бедер пішіндерінің морфологиялық жиынтығын, олардың өзара байланысын анықтау

3 – бедер жасауға қатысқан эндогендік және экзогендік геологиялық процестерді анықтау және географиялық факторлардың әсерін айқындау, яғни жер бедерінің генезисін анықтап, классификациялау

4 – жер бедерінің даму тарихын анықтау

5 – жер бедерінің практикалық мәнін бағалау, оның дамуын болжау.

2.Рельеф (жер бедері) – жер бетінің горизонтальды және вертикальды тілімденген формалары, яғни қыраттар мен ойпаттар, таулар мен жазықтар жиынтығы. Ол эндогендік және экзогендік процестердің әрекеттерімен түзіліп, өзгеріп отырады. Эндогендік процесс – жердің мантия қабатының ішкі күштері салдарынан туатын процестер. Эндогендік процестерге тау жарылу, жер сілкіну, вулкан атқылау сияқты тектоникалық құбылыстар жатады. Экзогендік процесс – жер бетінде жер қыртысының беткі қабаттарында өтіп жататын алуан түрлі процестер. Экзогендік процестер күн энергиясынан қуат алады: бұған тау жыныстарының үгілуі, жел, су, мұздық, су толқыны, адам әрекеті жатады. Эндогенді күштердің әсерінен жердің бір шеті көтеріледі, екінші жері төмен түседі, ал экзогенді күштер тауларды мүжиді, ойыс жерлерді тегістейді. Бұл екі күш өзара қарама-қарсы әрекет жасайды және әр жерде әртүрлі уақытта болады. Рельефтің қай бағытта дамуы (төменнен жоғары немесе керісінше) оның түріне, ерекшелігіне сол жердің қасиетіне байланысты. Рельеф түзуші факторларға эндогенді және экзогенді факторлардан басқа тау жыныстарының заттық құрамы, геологиялық құрлымы, климаттық жағдайда өз әсерін тигізеді. Тау жыныстарының заттық құрамына беріктілік, өткізгіштік, бұзылушылық, тотығу қасаиеттеріне қарай бөлінеді.Мысалы: тау жыныстары желге төзімді болғанымен, тұрақты су ағындарына төзімді емес. Бұзылу интенсивтілігі жыныстың физикалық-химиялық қасиетіне және физико-географиялық жағдайына байланысты жүреді. Мысалы: өткізгіштік дәрежесі (бос, кеуекті, жарықты болуы).Геологиялық құрлымының типтері денудациялық (сыртқы күштер әсерінен),горизонтальды (платформаның жоғарғы шөгінділеріне байланысты), моноклинальды жатыс (төзімді және төзімсіз қабаттардың кезектесуі) деп ажыратылады. Климатпен рельефтің арақатынасы өте өзгергіш. Климат экзогенді процестердің итнесивтілігіне әсер етеді де климат зоналыққа бағынып, зоналық белгілерді қалыптастырады, ал эндогенді рельеф түзілу зоналыққа бағынбайды, сондықтан азональды.

ХХ ғасырдың басында неміс ғалымы А.Пенк климатты рельеф түзуші роліне қарай классификациялайды. Ол негізгі 3 климат типін анықтады: нивальды (қар), гумидті (ылғалды), аридті (құрғақ).



  1. Нивальды – жылдың барлық маусымында жауын-шашын қатты түрінде түсіп, қысқа салқын жаз кезінде еріп буланып үлгермейтін климат. Қардың көп мөлшерде жинақталуы мұздықтардың пайда болуына бастама береді. Негізгі рельеф түзуші фактор қар, мұз. Нивальды климат Антарктида, Гренландия, Солтүстік Мұзды мұхит аралдарына тән.

  2. Гумидті – жыл бойы жауын-шашын мөлшері көп, буланып үлгермейді, топырақта артық су ағыны қалыптасады. Уақытша және тұрақты су ағындарынан өзен аңғарлары, жыра, сайлар қалыптасады. Суға езілетін жыныстар тараған жерлерде карст воронкалары интенсивті дамиды. Гумидті климат 3 зонаға бөлінеді: 2-уі солтүстік және оңтүстік жарты шардың қоңыржай ендігінде, 3-шісі – экваторлық белдеуде орналасқан.

  3. Аридті – қауңшылық климат, жауын-шашын аз, ауаның құрғақ, жоғары буланушылық, аз бұлттылықпен сипатталады. Рельеф түзуші фактор – жел. Аридті климат сай облыстар материктің 20º-30º ендіктер аралығында орналасады, Орта Азияда 50º с.е.дейін жетеді.

Өзін бақылауға арналған сұрақтар:Экзогенді процесс дегеніміз не?

Эндогенді процесс дегенімз не?

Рельефтің түзілуі климатқа тәуелді ме?

Ұсынылған әдебиеттер:1,2,3,4,5,6,7,11.

25 дәріс



Тақырыбы: Морфоқұрлым және морфомүсін.

Дәрістің мазмұны:


1.Морфоқұрлымның басты типтері.

2.Морфомүсін. Жер бедерін қалыптастырушы процестердің классификациясы.



Мақсаты:Морфоқұрлым және морфомүсін ұғымдарын анықтау.

Тірек сөздер:Флювиальды, карсты, суффозды, көшкін, нивальды, гляциальды.

Негізгі сұрақтар:Тау дегеніміз не және оның бөлінуі?

Жазықтар дегеніміз не және оның бөлінуі?

Рельеф формаларын шығу тегіне қарай бөледі?

1.Жер бетінде морфоструктураның 2 типі бар: жазықтар және таулар. Осы морфоструктуралар платформалық және жылжымалы геосинклинальды облыстарды қалыптастырады. Платформа дегеніміз – (француз сөзі plate – тегіс, жазық; forme – пішін) материктердің геологиялық құрлымының негізгі элементі, жер қыртысының нашар тілімденген, тектоникалық активтілігін жойғанжер қабықтың бөлігін айтады. Мұндай аудандарда вулкан атқыламайды, жер сілкінбейді, жай ғана қозғалыс байқалады. Платформалық типке жазықтар жатады. Мысалы: Шығыс Европа, Шығыс Сібір, Солтүстік Америка, Үндістан, Солтүстік Қытай платформалары. Жер қыртысының ұзыннан созылып жатқан тектоникалық активтігін жоймаған ауданы геосинклиналь деп аталады. Геосинклиналь аймағында ойыс немесе геосинклиналь майысулары, оларды бөлетін геоантиклиналь жүйелері дамиды. Геосинклиналь аймағында қатпарлар бұзылып, қирап, терең магмалық атқылауын туғызады да, жер қабығының күшті қозғалысын болдырып отырады. Геосинклинальды аймақтың бастапқы дамуы кезінде майысу процестері мен вулкандық, шөгінді жыныстардың жиналу процесі күшті болады.

Жазықтар деп – биіктігі бірдей және геологиялық құрлымы біртектес жер рельефінің формасын айтады. Жазықтарды абсолюттік биіктігіне қарай: ойпатты – теңіз деңгейінен төмен; аласа жазықтар – биіктігі 200м дейін; орта биік немесе қыратты – биіктігі 200-500м дейін; биік жазықтар немесе таулы үстірт – биіктігі 500м артық деп ажыратылады. Рельеф формаларына қарай жайпақ, сатылы, ойлы-қырлы, төбелі жазықтар деп жіктеледі. Жазықтар пайда болу тегіне қарай бастапқы, аккумуляциялық, вулкандық, денудациялық деп бөлінеді. Бастапқы жазықтар - теңіздің қайтуы нәтижесінде құрлықта пайда болады.Мысалы: Каспий маңы ойпаты теңіз шөгінділерінен түзілген. Аккумуляциялық жазықтар жер бетінің төмен түскен тұстарына аллювиальдық, көлдік, желдік, флювиогляциялық т.б. борпылдақ жыныстар қабатының ұзақ уақыт жинақталуына құралады. Вулкандық жазықтар базальтты лавалардың жайылуы нәтижесінде бұрынғы кедір-бұдырлардың тегістелуінен пайда болады. Денудациялық жазықтар тау жыныстарының үгітіліп немесе су эрозиясына шалынып тегістелуінен пайда болады. Денудациялық жазықтарда кішігірім таулардың жұрнақтары кездеседі. Мысалы: Қазақтың ұсақ шоқысы, Сары арқа жазығы. Рельефте жас және ежелгі платформалардың шекаралары анық бола бермейді. Жас платформалар жылжымалы, олардың бетінде түрлі қозғалыстар өтеді. Платформалар құрлықтың 64% алып жатыр, соның ішінде платформалық жазықтарға 47%, платформалық тауларға 17% сәйкес келеді.

Таулар -жер қыртысының қатпары және қатпарлы-жақпарлы құрлымдарымен күрделенген, теңіз деңгейінен және өзін қоршаған айналадағы жазық кеңістіктен биік көтерілген жер бетінің учаскелері. Таулардың пайда болуының басты себебі жоғары бағытталған тектоникалық қозғалыс. Тауларды абсолюттік биіктіктеріне қарай 3 топқа бөледі: 1) аласа таулар – биіктігі 1000м дейін; 2) орта биік таулар – биіктігі 1000-3000м дейін; 3) биік таулар – 3000м-ден жоғары. Таулар шығу тегі жағынан тектоникалық, эрозиялық және вулкандық болып 3-ке бөлінеді. Жалпы тектоникалық және эрозиялық таулар жиі кездеседі. Вулкандық таулар Камчатка және Жапон аралдарында (Фудзияма тауы) дамыған. Таулар морфологиялық түрімен, нақты биіктігімен, жотасымен, жұрнағымен, тау жыныстарымен сипатталады. Таудың шыңы – таудың ең биік бөлігі. Дүние жүзіндегі ең биік тау шыңы Гималайдағы Джомолунгма 8849м, Қарақорымдағы Чогори 8611м, Паимрдегі Коммунизм 7495м, Тянь-Шаньдағы Жеңіс 7439м.. Тау бөктері – таулы аймақтың төбелі немесе аласа таулы пішінді келетін, төмендеу шеткі бөлігі. Тау жүйесінің осьтік бөлігіне қарағанда жас жыныстардан түзіледі. Тау жотасы – таулы рельефтің созыла, беткейлермен шектелген ірі пішіні, көбінесе тектоникалық, эрозиялық денудациялық процестердің нәтижесінде қалыптасады. Биіктігі ұзындығы және пішіні рельефтің даму ерекшелігімен түзуші тау жыныстарының литологиялық құрамына байланысты. Тау жұрнағы – экзогендік факторлардың әрекетінен мүжілген бір кездегі таулы аймақтың қалдықтары, негізінен өте қатты тау жыныстарынан тұрады. Таулы қырат – мегарельефтің формасы, биікте жоталар мен таулы үстірттер аралас кездесетін таулы аймақтың бір түрі. Тау жыныстары – жер қыртысының жеке геологиялық денелерін құрайтын, тұрақты құрамды минералдардың табиғи агрегаттары, Магмалық және метаморфттық болып бөлінеді.

2. Морфоскультралар экзогендік рельеф түзуші факторлар процесі әсерінен қалыптасады. Экзогендік процестер бірнеше қатар өтетін сыртқы факторлардың нәтижесінде пайда болады. Рельефке әсер ететін бірнеше фактордың арасында рельеф түзуші басты фактор болады. Басты экзогендік рельеф түзуші процесс бойынша морфоскультуралар бірнеше түрге классификацияланады.

1.Флювиальды - су ағыны әсерінен пайда болады.

2.Карстты – суға езілетін жыныстар тараған жерлерге тән рельеф.

3. Суффозды - судың вертикальды қозғалысына байланысты.

4.Көшкін - немесе жылжымалар- жер массасының төмен қарай сырғанауына байланысты.

5.Гляциальды – мұздың әсерінен пайда болады.

6.Нивальды – қардың әсерінен пайда болады.

7.Тоң – топырақ астында қатқан су әсерінен пайда болады.

8.Эолды – жел әрекетінен пайда болады.

9. Жағалық – толқын әсерінен пайда болады.

Өзін бақылауға арналған сұрақтар:Платформа дегеніміз не?

Плита дегеніміз не?

Геосинклиналь дегеніміз не?

Ұсынылған әдебиеттер:2,3.
26 дәріс

Тақырыбы:Дүние жүзілік мұхит түбінің рельефі.


жүктеу 1,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау