Дәрістің мазмұны:
1.Адам мен қоғамның географиялық ортамен қарым-қатынасы.
2.Адам мен қоғамның географиялық ортаға тигізер әсері.
Мақсаты:Адам мен қоғамның географиялық ортаға тигізер әсерін анықтау.
Тірек сөздер: ноосфера
Негізгі сұрақтар:Адамның табиғатқа әсері қандай?
Қоғамның географиялық ортаға тигізер әсері?
Адамның қуатты ықпалы, ақыл, ой, санасы, және оның білімі биосфераның жаңа деңгейге көшкенін В.И.Вернадский өзінің биосфера ілімінде ерекше атап көрсетті. Ол биосфераның мұндай ең жоғарғы деңгейін ноосфера деп атады. Ноосфера грекеш саналы қабықша деген мағына береді. Ноосфера адамзаттың ғылми ой-санасы және еңбегі арқылы өзгерген биофераның жаңа деңгейі болып саналады. Ноосфера – биосфераның жаңа жағдайға көшкен деңгейі, онда адамның саналы ақыл-ойы табиғаттағы барлық әрекеттерді айқындайтын негізгі фактор болып табылады. Қазіргі кезде адамзат тек жерді ғана игеріп қойған жоқ, сондай-ақ ғарыш кеңістігін, Айды, Шолпанды және басқа да планеталарды игеруге қадам жасап отыр.
Өзін бақылауға арналған сұрақтар: Ноосфераны анықтаған ғалым?
Биосферадағы зиянды заттардың жинақталуы, қоршаған ортаның ластануының географиялық қабыққа тигізер әсері қандай?
Ұсынылған әдебиеттер:1,2,3,4,5,6,7,11.
6. Практикалық сабақ жоспары
№
|
тақырыбы
|
Сабақтың мазмұны
|
апта
|
әдебиет
|
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
|
Географиялық карта атластарымен танысу.Пункттың географиялық координатасын анықтау.
Күн жүйесі.
Жердің формасы мен өлшемдері.
Жыл мезгілдерінің ауысуы.
Жыл мезгілдерінің ауысуы.
Күн мен түннің тең еместігі.
Жергілікті, белдеулік және декреттік уақыт.
Дүние жүзілік мұхит.
Өзендер морфометриясы және бассейндері.
Жер беті рельефі.
Жер бетіне жалпы сипаттама.
Мұхит түбі бедері.
Биосфера
Биосфера
Жер беті рельефінің жалпы заңдылықтары.
|
1-тапсырма: Географиялық атласпен таныс және атлас көрсеткішінің көмегімен берілген пункттерді тап. Шымкент, Пржевальск, Андижан, Белфаст, Мекка, Вальпараисо, Милоки.
2- тапсырма: Жер шарында қандай нүктеден ендіктердің және бойлықтардың есебі басталады?
3-тапсырма: Жер шарында бір ғана координата арқылы анықталатын нүктені тап.
4- тапсырма: Жер шарында тек қана бойлық бойынша анықталатын нүкте барма?
5-тапсырма: ТМД елдері астаналарының географиялық координатасын анықта.
6- тапсырма: Берілген географиялық координаталарды пайдаланып, қаларды тап.
1-тапсырма: Күн радиусына сәйкес шеңбер ішіне Күн жүйесі планеталарының суретін сал.
2-тапсырма:Геркулес,Бетельгейзе, Антарес, Арктур, Капелла жұлдыздарынан Күн диаметрі неше есе кіші екенін есепте.
1-тапсырма:Көзге көрінетін көкжиекті бақылау орнының биіктігіне байланысты төменде берілген кестені пайдаланып қисық сызықтың өзгеруін құр.
2- тапсырма: Қисық сызыққа талдау жаса.
3- тапсырма: График бойынша көзге көрінетін көкжиекті Эльбрус, Роман- Кош, Народная, Коммунизм шыңы, Жеңіс шыңы, Белуха биіктігінен анықта. Бұл таулардың биіктіктері географиялық атластан алынады.
4-тапсырма: Графикті пайдаланып, сұрақтарға жауап бер.
а)- Қырым тау шыңынан түрік жағалауын көруге бола ма?
ә)- Франция жағалауынан ағылшын жағалауын көруге бола ма?
б)- Дежнев мүйісінен Аляска жағалауын көруге бола ма ?
1-тапсырма:Күннің шығысы және батысы арқылы көкжиек бағыттарын дәл анықтауға бола ма?
2-тапсырма:жер шарының қандай маусымдарында және қандай ендіктерінде тал түсте денелердің көлеңкелері солтүстікке түседі?
3-тапсырма:Жер шарының қандай маусымдарында және қандай ендіктерінде талтүсте күнді солтүстіктен байқауға болады?
4-тапсырма:Жер шарының қандай ендігінде талтүсте күн жарты жыл солтүстіктен, ал жарты жыл оңтүстіктен байқауға болады?
5-тапсырма:Солтүстік жарты шарда солтүстік тропиктен солтүстікке қарай орналасқан ендіктерде талтүсте күнді солтүстіктен байқауға болады?
6-тапсырма:Жазғы және тоқыраумен күзгі және көктемгі күн теңелулеріне сәйкес жердің күнге қарау арақатынасын сызба ретінде бейнеле.
7-тапсырма:Жасаған сызбаға қарап, поляр шеңберінен биік орналасқан ендіктерде поляр түнінің ұзақтығы жарты жыл, ал поляр күнінің ұзақтығы да жарты жыл деп айтуға бола ма?
8-тапсырма:жердің осі жер орбита деңгейіне перпендикуляр орналасқан жағдайда жер шарында маусымдар қалай өзгереді?
9-тапсырма:Жылына күн тропикте және экваторда неше рет зенитте болады?
Жылына күн тропиктер арасында орналасқан ендіктерде неше рет зенитте болады?
11-тапсырма: Теңелу сәттерімен тоқырау сәттеріндегі түрлі ендіктердегі көкжиектен талтүстегі күннің биіктігін анықтайтын кесте құр.
12-тапсырма: Теңелу және тоқырау сәттеріне сәйкес талтүстегі күннің биіктігін анықтайтын қисықтарды тұрғыз.
Абцисса осіне градус есебімен ендіктер (0º- сол жағына с.е., оң жағына о.е.) салынады.Ордината осіне талтүстегі күн биіктігі салынады. 3 қисық сызық 1 графикте тұрғызылады.
13-тапсырма: Графикті пайдаланып теңелу және тоқырау сәттерінде Мурманск, Москва, Саратов, Челябинск, Ташкент қалаларының талтүсте көкжиектегі күннің биіктігін тап.
( ендік географиялық атластан алынады)
14-тапсырма:Солтүстік жарты шардың түрлі ендіктерінде ең ұзақ және ең қысқа күннің ұзақтығын анықтау графигін тұрғыз.Абцисса осіне --- ендік, ордината осіне-- тәулік сағаттары көрсетіледі.Масштабы:г1см-10º, в1см-2сағат.
15 - тапсырма: Қисық сызыққа талдау жаса.
а) экваторда күн мен түннің ұзақтығы қандай?
б) экватордан полюстерге қарай күн ментүннің ұзақтылығы қалай өзгереді?
16-тапсырма: Графикті пайдаланып Санкт-Петербург, Москва, Киев, Саратов, Ашхабад қалаларының ең қысқа және ең ұзақ күнінің ұзақтығын, Нижний Новогород, Самара, дондағы Ростов, Баку, Душанбе қалаларының ең қысқа және ең ұзақ түнінің ұзақтығын анықта.
17- тапсырма: Қандай ендіктерде және қандай себептерден “ақ түн” пайда болады?
18- тапсырма: Солтүстік поляр шеңберінде 1 тәулік бойында ең ұзақ түн және ең қысқа күн, ең қысқа түн мен ең ұзақ күн қашан болады?
19- тапсырма: Солтүстік жарты шардың түрлі ендіктерінде поляр күні және поляр түні ұзақтығын анықтау графигін тұрғыз. Абцисса осіне ендік салынады 1см-10º,
ордината осіне тәулік салынады 1см.-25 тәулік.
20- тапсырма: График бойынша берілген пункттерде Мурманск, Тикса бухтасы, Диксон аралы, Челюскин мүйісі, Рудольф аралдарында поляр күні және поляр түнінің ұзақтығын анықта.
21- тапсырма: Графикке талдау жаса.
1-тапсырма: Бастапқы меридианда 16 сағат жергілікті уақыт болғанда берілген пункттерде уақыт неше болғаны?
2- тапсырма:Берілген пункттердің уақытын біле отырып Лондонда уақыт неше болғанын есепте.
3-тапсырма: Жергілікті уақыт бойынша Лондонда 12 сағат. Жергілікті күн уақыты бойынша Москва, Санкт-Петербург, Вашингтон, Париж қалаларында уақыт неше болады?
4-тапсырма:Егерде орташа күн тәулігі бойынша Владивостокта сағат 04, Тюменьде 16 сағат 32 минут, Берлинде 11 сағат 20 минут, Римде 21 сағат 13 минут болса, Москвада уақыт неше болады?
5-тапсырма:Москва, Санкт-Петербург қалаларында белдеулік және орта күн уақытының айырмашылығы қандай?
6-тапсырма:Егер Москвада декреттік уақыт бойынша 24 сағат болса, Ташкент, Киев, Алматы, Баку, Чита қалаларының орта күн уақытын анықта.
1- тапсырма:Дүние жүзі контур картасына Тынық,Атлант, Үнді,Солтүстік Мұзды мұхиттың шекараларын түсір және 4 мұхиттың ауданына, тереңдігіне сипаттама бер.
2-тапсырма:Контур картаға дүние жүзі мұхит суында тұздылықтың таралуын түсір
3-тапсырма:Контур картаға тамыз және ақпан айларындағы дүние жүзі мұхит беті суының температурасының таралуын түсір.Картаға талдау жаса.
1-тапсырма: Дүние жүзі контур картасына жердің басты су айрықтарына және Тынық, Атлант, Үнді, Солтүстік Мұзды мұхит бассейндеріне бөлінуін көрсетіп сал.
2-тапсырма:Географиялық карта бойынша кез келген өзен және оның саласының ұзындығын анықта.
3-тапсырма:Өзеннің және оның саласының иректілік коэффициентін анықта.
4-тапсырма: Өзен бассейні ауданын есепте.
5-тапсырма:Өзен бассейнінің өзен торы тығыздығын анықта.
6-тапсырма:Енисей өзенінің көлденең қимасын тұрғыз.
7-тапсырма: Амударья өзенінің құламасы мен еңістігін есептеп шығар.
1-тапсырма:Контур картаға әр бір материк үстіне көп тараған геотектура және морфоқұрлымның типтерінің арақатынасын бағаналы диаграмма арқылы белгіле.54 кестеге талдау жаса.
1-тапсырма: 4- кестені пайдаланып материктердің ауданы, олардың орташа және максимальды биіктіктерінің бағаналы диаграммасын сыз. Әрбір 3 диаграмма 1 вертикальды сызық бойында бірінің астына бірі орналасуы қажет. Әрбір диаграмманың аты, өлшем бірлігі жазылады.
1-тапсырма:Орографиялық картаны және атласты пайдаланып, дүние жүзі контур картасына төменде берілген номенклатура бойынша дүние жүзі мұхит түбінің бедер формаларын шартты белгімен сал.
1-тапсырма:Тірі зат құрамын атмосфера, гидросфера, литосфера құрамымен салыстыр, проценттік қатынасын анықта. Қорытынды жаса.
2-тапсырма:Дәптерге биосфераның горизонталь структурасын сал.
1-тапсырма.Алғашқы органикалық заттардың пайда болу уақытымен пайда болған аймақтарына сипаттама бер.
2- тапсырма. Тірі және өлі заттардың байланысын анықтау.
1-тапсырма:Дүние жүзі контур картасына шартты белгімен морфоклиматтық зонаның таралу шекарасын түсір. Әрбір морфоклиматтық зонаға әсер етуші экзогенді күштерді анықтап, қысқаша сипаттама бер.
|
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
|
10
4-5 б
9
14-15 б
10
5-6 б,
10
6-7 б,
8
8-9 б,
10
7 б,
10
7-8 б,
10
9 б,
8
16-17 б,
10
25-26 б,
8
133-134 б,
9
113-114 б,
10
9 б,
8
16-17 б,
10
38 б,
8
182-184 б,
9
132 б,
11
196-213 б,
5
66-74 б,
2,5,6,11
8
184-185 б,
13,16
|
7.Практикалық сабақтарға әдістемелік нұсқаулар.
№ 1 практикалық сабақ
Тақырып:Географиялық карта атластарымен танысу.Пункттың географиялық координатасын анықтау.
Мақсаты:Географиялық карта және атласпен танысып, олардың айырмашылықтарын анықтау. Географиялық карта бойынша географиялық координаталарды табуға үйрету.
Практикалық сабақ мазмұны:
1-тапсырма: Географиялық атласпен таныс және атлас көрсеткішінің көмегімен берілген пункттерді тап. Шымкент, Пржевальск, Андижан, Белфаст, Мекка, Вальпараисо, Милоки.
2- тапсырма: Жер шарында қандай нүктеден ендіктердің және бойлықтардың есебі басталады?
3-тапсырма: Жер шарында бір ғана координата арқылы анықталатын нүктені тап.
4- тапсырма: Жер шарында тек қана бойлық бойынша анықталатын нүкте барма?
5-тапсырма: ТМД елдері астаналарының географиялық координатасын анықта.
6- тапсырма: Берілген географиялық координаталарды пайдаланып, қаларды тап.
5- тапсырма: ТМД елдері астаналарының географиялық координатасын анықта.
Әдістемелік нұсқау:
Картада түсірілген параллельдермен меридиандардың арасында орналасқан пункттердің ендігімен бойлығын интерполяция әдісімен анықтайды.
Мысалы: М нүктесінің координатасын табу.
Бұл пункттың ендігін есептеу үшін АВ және АМ арасын сызғышпен өлшейді. Чертежде АВ арасы- 10º ендікке сәйкес келеді, пропорция құрылады.
АВ--10º АМх10º
АМ—Х Х=------------
АВ
АВ және АМ мәндерін орнына қойып, бір белгісізді қарапайым теңдеумен АВ аралығына сәйкес градустық санын анықтаймыз. Кейін мұны 40ºендікке қосып М нүктесінің ендігін білеміз немесе керісінше 50ºендіктен алып тастаймыз.
М нүктесінің бойлығын есептеу үшін СД және СМ аралығын өлшейміз.
СД---10º СМх10º
СМ---Х Х=---------
СД
СМ-нің мөлшерін 60º бойлыққа қосып, М нүктесінің бойлығын табамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |