210
сыйластық, отбасы мен қоғам алдындағы азаматтық борыш мәселелерін
мезгілінде кӛтерген шығарма. «Әпке» драмасы арқылы оқушыларға адамдар
арасындағы күрделі психологиялық мәселені, туысқандық қарым-қатынасты
танытып, адамдық, отбасылық борыш, жеке бас мүддесі, ӛмірдің мәні сияқты
күрделі мәселерді сӛз етуге, проблема етіп кӛтеруге болады.
Драма негізінен екі бӛлімнен тұрады. Бірінші бӛлім бес суреттен
құралған.
Ең әуелі Қамажайдың ана орнына ана болып сіңілілері мен інілері-
нің қамқорлығын ӛз мойнына алып, үлкен міндетті атқаруға бел буған-
дығы байқалса, сонымен қатар Қамажайдың салмақтылығы, аңқаулығы
байқалады. Інілерін оқытып, есейтіп адам қатарына қосуға бел буған
мейірімді жан екені, Нәзиләның құрбысы Гауһар мен Темірбектің ең
жақсы досы Сұлтан оның жанындағы екі құрбы қызы Сұлухан мен
Кәмиләлардың (кейіннен Темірдің әйелі) осы үйге қонаққа келіп, сол
сәттерде біраз мәдениетсіздік танытқан Кәмиләні кӛрсе де інісі үшін
бәріне кӛз жұмып, тек қана қонақжайлылық танытқаны суреттеледі.
Драманы сынып оқушылары үйде оқып келеді. Сыныптағы сабақ
мұғалімнің кіріспе әңгімесі мен кіріспе сұрақтарымен басталады. Мұндағы
мақсат оқушылардың драмалық шығарманың ӛнердің бір түрі ретінде ерте
туып қалыптасқандығы туралы ұғым-түсініктерін қалыптастыру. Қазақ
драматургиясының тууы мен қалыптасуы туралы қысқаша түсінік беру.
Алдымен драмалық шығарманың табиғатын танытатын кіріспе әңгіме
жүргізу сабақтың кіріспе кезеңіне тиесілі. Драмалық шығармалардың ӛзіндік
ерекшелігін таныту үшін драмалық шығарманың ӛзіне ғана тән түсініктерін
акт, кӛрініс, ремарка, перде, т.т. білгізу аса маңызды. Ең бірінші драмалық
шығарма да
басқа тектегі, жанрдағы шығармалар сияқты кӛркем
мәтін болып
есептеледі. Ендеше, драмалық шығармаларға да мәтін талдау жұмыстарының
барлығы дерлік жүргізіледі. Шығарманың идеялық кӛркемдік ерекшеліктері,
кӛтерген басты тақырыбы, кӛркемдік әлемі, кейіпкерлер жүйесі, шығарма-
дағы тартыстық ӛрбуі, сюжеттік, композициялық құрылымы, кейіпкерлер тілі
т.т.
Д.Исабековтің драматургия саласындағы ізденістері туралы қысқаша
түсінік бере отырып, драмалық шығармалардың ӛзіндік ерекшеліктерін
танытатын кіріспе сұрақтар қойылады:
1. Қазақ әдебиеті пәні бойынша осыған дейін оқыған шығармалардан
бүгінгі оқып отырған шығарманың қандай айырмашалағын байқадыңдар?
2. Сахна, акт, сурет, шымылдық деген ұғымдарды қалай түсіндіңдер?
3.«Ремарка» деген ұғым нені білдіреді?
4.«Әпке» драмасына қатысушы кейіпкерлерді атап кӛріңдер.
Сыныптық сабақта оқиға желісін еске түсіріп, шығарманың сюжеттік
композициялық құрылымын тұтас елестету үшін тӛмендегідей талдау сұрақ-
тары
беріледі:
1.Пьесаның оқиға желісі қандай кейіпкерлердің арасында ӛрбиді?
2.Шығармада барлық оқиғаның негізгі желісі кімнің тӛңірегіне
топтастырылған?