А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор


Ӛзін-ӛзі тексеру сҧрақтары мен тапсырмалары



жүктеу 2,39 Mb.
Pdf просмотр
бет94/103
Дата24.12.2019
өлшемі2,39 Mb.
#24826
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   103

216 
 
Ӛзін-ӛзі тексеру сҧрақтары мен тапсырмалары:  
 
1.Драмалық шығармалардың ӛзіне тән қандай ерекшелігі бар? 
2.Драмалық  шығармалардың  мектеп  бағдарламасындағы  орны  қандай? 
Оларды оқыту міндеті қандай?  
3.Оқушылардың  драмалық  шығармаларды  оқып  қабылдау  мүмкіндіктері 
қандай?  
4.Драмалық  шығарманы  оқыту  үшін  5-7  сыныптарда  қандай  даярлық 
жұмыстарын жүргізуге болады? 
5. Драмалық шығармаларды оқыту әдіс-тәсілдерін саралаңыз. 
 
Әдебиеттер тізімі: 
1.Дүкенбаев С.Х. Драмалық шығармаларды оқыту. – А., Мектеп. 1987. 
2.Бораш  Р.Б.  Драмалық шығармаларды  оқытудың кейбір  мәселелері //  Қазақ 
тілі мен әдебиеті. 2006. № 3. 
1.Майман Р.Р. Практикум по методике преподавания литературы.М., 
Прос.1985 -103-с. 
2.Зепалова Т.С. Уроки  литературы  и  театр. Москва, «Просвещение. 1982. 
 
Қосымша әдебиеттер: 
1.Желдербаева С. Мәнерлеп оқу. – А., Қазақ университеті. 1992. 
2.Станиславский К.С.  Особенность драматических прозведениий. М., 1986. 
3.Никольский В.А. Методика преподования литературы в средней школе. М., 
1971, с 163. 
4.Қазақ драматургиясының очерктері. А., 1964, 85 бет. 
5.Әбдібекқызы  Қ.  Оқушылардың  кӛркем  шығармашылық  қабілеттерін 
дамыту. А., Рауан. 1994. 
 
 
ІV БӚЛІМ 
ӘДЕБИЕТТІ ОҚУ ҤДЕРІСІНДЕ  ТІЛ ДАМЫТУ ЖҦМЫСТАРЫ 
  
ІV. 1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӚЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУ  
 
1.Оқушылардың сӛйлеу тілін дамыту – шығармашылық үдеріс. 
2. Оқушылардың сӛйлеу тілін дамытудағы жетекші ұстанымдар. 
3.Сӛйлеу тілін дамыту бағытындағы оқушы құзіреттеліктері. 
4.Тіл дамыту тапсырмалары. 
Оқушылардың  сөйлеу  тілін  дамыту  –  шығармашылық  үдеріс.  Тіл 
дамыту  жұмысы  сӛйлеу  әрекетінен  басталып,  адамның  саналы  ғұмырына 
ӛзек  болатын,  рухани  қалыптасуы  мен  кемелденуіне  ықпал  ететін    психо-
логиялық, философиялық,  ғылыми –әдістемелік мәні бар мәселе.  
Адам  баласы  қоғамық-әлеуметтік  ортада  ӛмір  сүргеннен  кейін  оның 
қалыптасуы мен рухани әлемінің толығуына, тілдік қатынастың ықпалы зор. 
Адамның  ойлау,  сӛйлеу,  қарым-қатынас  жасау,  ойын  дәлелдеу  немесе 


217 
 
дәйектеу,  белгілі  бір  істерге  жұмылдыру,  иландыру,  т.б.  толып  жатқан 
қарым-қатынас әлемі сӛйлеу әрекетіне тікелей байланысты болады.  
Дұрыс  сӛйлеу  әрекеті  адамның      жеке  тұлға  ретіндегі  қалыптасуының 
белгісі, қоғамдағы табысының  да критерийі. Сӛйлеу ӛмірдің барлық саласын 
қамтиды  десек,    сӛйлеу  әрекетінің  жақсы  дамуы  –  адамның  рухани  ӛсуінің, 
кемелденуінің, қоғамның әлеуметтік және экономикалық ӛсуінің де кілті бола 
алады.  Тілдік  қарым-қатынаста  адамның  білімі,  ӛзін-ӛзі  ұстау  мәдениеті, 
тыңдау және сӛйлеу мәдениеті шешуші рӛл атқарады.  
Тіл  мен  сӛйлеудің  адамдар  қарам-қатынасындағы  басты  тірек  екендігі 
айқын. Олай болса, сӛз бен сӛйлеу күнделікті ӛміріміздегі негізгі үдеріс. Осы 
үдерістің  айналасында  адамның  ӛмір  әрекеті  соңына  дейін  жалғасып 
отырады. Сол ӛмір кезеңдерінде сӛз бен сӛйлеу коммуникативтік қызметтен 
ӛзге  де  функциялар  атқарады.  Ол  адамның  ана  құрсағындағы  кезеңінен, 
туғанынан  бастап, ӛмірінің  соңына дейін  психологиялық күйіне,  эмоциялық 
сезіміне, сеніміне,  танымына, талғамына, түсінігіне, пайымдауына, күдігіне, 
күмәніне,  рухына,    күллі  жан-дүниесіне  әсер  ете  отырып,  адамның  да  ӛзін 
ӛсіріп,  дамытып,    кемелдендіреді.  Таным  мен  талғам  биігіне  кӛтереді. 
Логикалық ой жүйесінің дұрыс қалыптасуына әсер етеді. Эстетикалық ләззат 
береді.  Тілдің,  сӛз  бен  сӛйлеудің  ең  биік  тұғыры  —  шешендік  сӛз  деп 
танысақ,  шешендіктің  ӛзі  дұрыс  сӛйлеу  әрекетінен  басталады.  Яғни 
шешендіктің  құралы  —  сӛз,  дұрыс  үйлестірілген,  қиюласқан  сӛз  бен    сӛз 
жүйесі. Жүйелі сӛз жүйелі ойдан ғана туындайды. Сӛзін шашыратып жеткізе 
алмайтын  адамның  ойы  да  жүйесіз,  ретсіз,  шатасқан,  ара  жігі 
ажыратылмаған, толық логикалық үдеріс түзбеген деген ұғым бар. Себебі сӛз 
адам  ойының  жарияланған  формасы.  Әр  сӛз    бейтарап    тұрып  та  басқа 
сӛздермен  бірлікте  де  үлкен  мағына  арқалап  тұратынын  жақсы  білеміз. 
Сонымен  қатар  сӛздің  мағына  жеткізуші  қызметімен  қатар  адамның  сана-
сезіміне әсерлік күші де жоғары.  К.Салықовтың «Бір ауыз сӛз» ӛлеңінде:  
Бір ауыз сӛз қасіретті тияды, 
Бір ауыз сӛз айықпас дерт жияды. 
Бір ауыз сӛз әлемге әйгі еткізсе, 
Бір ауыз сӛз жаманатқа қияды. 
Бір ауыз сӛз мұхиттарды жалғайды, 
Бір ауыз сӛз ұран болып самғайды. 
Бір ауыз сӛз ұшса бақыт құсы боп, 
Бір ауыз сӛз арсыз жанды  алдайды. 
Бір ауыз сӛз таң шолпанын әперер. 
Бір ауыз сӛз анаңдай боп мәпелер. 
Бір ауыз сӛз ұл туды деп қуантса, 
Бір ауыз сӛз әке ӛлімін әкелер. 
Бір ауыз сӛз жан тетігін табады, 
Бір ауыз сӛз мың әуреге салады. 
Қимас жандар кӛз жұмарда қоштасып, 


218 
 
Бір-ақ  ауыз  сӛз  айтысып  қалады
1
  —  деп  сӛздің  адамның  ӛміріндегі 
рӛлін  биік  кӛрсетеді.  Поэтикалық  тілмен  жазылған  бұл  ӛлең  мәтіні  бір  ғана 
сӛздің, бір ауыз сӛздің әлеуметтік, эмоциялық мәнін түсіндіреді.  
Адамның  шебер  сӛйлеуі,  алғашқы  баспалдағы  дұрыс  сӛйлеу,    сӛзді 
дұрыс  таңдау,  ойды  тұжырып,  ықшам  жеткізе  білу  дағдысынан  басталады. 
Айтатын  ойыңның  мақсатына  қарай  сӛздерді  дұрыс  сұрыптап,  ӛз  орнымен 
реттеп, қиюластыру арқылы ғана ӛз ойыңды басқа жанға жеткізе аласың.  Сӛз 
—  ойдың  киімі.  Сӛз  ойды  жеткізудің  ғана  құралы  десек,  сӛздің  мәнін 
тарылтқан  болар  едік.  Дұрыс  ой  жеткізудің      ар  жағында  сӛз  арқылы  басқа 
санаға  ықпал  ету,  әсер  ету  әрекеті      бой  кӛтереді.    Сӛздің  құдіретті  күші 
ертеден    танылған,  бағаланған.  Сӛз  мемлекеттің  ірі  істерінде    мемлекет 
аралық  қарым-қатынастарда,  қоғамдағы  әр    деңгейдегі  топтардың  арасында 
күрес  құралы  болып  келген.  Қазақтың  би-шешендері  «Тоқсан  ауыз  сӛздің 
тобықтай түйінін» тауып, үлкен  дуалы мәселелерді сӛзбен шешіп отырғаны 
осыған дәлел.  
Оқушының  сӛйлеу  тілін  дамытатын,  шебер  сӛйлеуге  баулитын,  ойды 
жүйелі баяндауға, сӛзді әсерлі құруға үйрететін, шебер сӛздік құрылымы мен 
техникасын танытатын – пән бар болса, ол – әдебиет пәні.  
Адамның  белсенді  сӛйлеу  әрекеті  әдебиетті  оқу  үдерісінде  жүзеге 
асады.  Сӛйлеу  әрекетін  адамның  моральдық-эстетикалық  сенімі  мен 
әрекетінен ажыратып қарауға болмайды. 
Оқушылардың  сӛйлеу  тілін  дамыту  мәселесіне  қатысты  жазылған 
әдістемелік  еңбектерді  саралағанда  байқағанымыз  –  әдіскерлеріміз  тіл 
дамыту  жұмыстарын    оқушылардың  сӛйлеу  тілі  мен  жазба  тілін  дамыту 
бағытында бірлікте жүргізуді мақсат етеді. Әрі бұл мәселе қазақ тілін оқыту 
әдістемесі  мен  әдебиетті  оқыту  әдістемесіне  ортақ  зерттеу  нысаны  екен. 
Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі  саласында  кӛбірек  тіл  мәдениетіне  қатысты 
қарастырылған.  Шешендік  ӛнер  нысанын  зерттеушілер  де  аталған  мәселені 
айналып ӛтпейді.  
Жалпы  оқушылардың  сӛйлеу  тілін  дамыту  тек  белгілі  бір  пәндер 
аясында  ғана  зерттеліп,  қарастырылады  десек,  кателескен  болар  едік. 
Жоғарыда айтып ӛткендей  сӛйлеу адамның ӛмір бойғы әрекеті. Оқушының 
сӛйлеу тілін дамытуға барлық пәндер атсалысады.  
Оқушылардың  ауызша  сӛйлеу  тілін  қалыптастыру  олардың  интел-
лектуалдық  әрі  мәдени  сапаларын  дамытумен  байланысты  іске  асырылады. 
Мұнда  оқушылардың  даралық  қабілеттері,  таным  белсенділігі,  талғамы, 
ӛзіндік  кӛзқарасы,  қабылдау  дағдысы,  ойлау  дүниесі  т.б.  толық  ескеріліп, 
соған  қатысты  жүргізілетін  әртүрлі  жұмыстардың  нәтижесінде  сӛйлеу 
дағдылары дамып, қалыптасады. 
Оқушылардың  сӛйлеу  тілін  дамыту  үш  тарапта  жүргізілетін  жұмыс. 
Оның бірі, психолингвистік негіздегі сӛйлеу қызметінің теориясына қатысты. 
Екіншісі,  ана  тіл  мен  шеттілін  оқып  үйренудің  заңдылықтарын 
зерттейтін лингводидактикалық бағыт. 
                                                           
1
 Салықов К. Шығармалар жинағы А., Жазушы. 1995. 145 б
.  


жүктеу 2,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау