81
Ал әдіскер-ғалым Н.И.Кудряшев әдебиет пәнінен оқу-танымдық жұ-
мыстарды ұйымдастырудың тұтас құрылым жүйесін ойластырады. Ғалым
бірнеше әдістерді ұсынады. Олар:
1.Шығармашылық оқу әдісі;
2.Эвристикалық әдіс;
3.Зерттеу әдісі;
4.Репродуктивті әдіс.
Әдіс–тәсілдерді әдебиет пәнін оқытуда тиімді пайдалану. Әдіскер-
ғалымдардың әдебиет пәнін оқытуда қалыптастырған әдістер жүйесін
саралай келіп, пәннің ішкі құрылымы мен ӛзіндік ерекшелігіне сай әдістерді
тиімділікпен қолдану мүмкіндіктерін қарастырып кӛрейік.
Шығармашылық оқу әдісі. Шығармашылық оқу әдісі әдебиет пәнін
оқытуға тән негізгі әдістің бірі болып саналады. Бұл әдістің мақсаты мен
міндетінің ӛзі оқушылардың шығарманы кӛркем қабылдауына жол ашу,
шығарманың кӛркемдік табиғаты мен әсерін сезіну қабілетін туғызу. Сондай-
ақ шығарманы кӛркем қабылдау мен эстетикалық әсер алу әдебиетті ғылыми
негізде түсінуге де ең қажетті баспалдақ. Шығарманы қабылдау үдерісінде
оның шығармашылық ерекшелігін меңгеру де қатар жүріп жатады.
Н.И.Кудрящев бұл әдісті оқушылардың кӛркем мәтінді алғашқы қабылдауын
ұйымдастыру мақсаты мен оны талдаудың алғашқы кезеңдерінде қолдануды
кӛздейді.
Ғылыми еңбек пен публистикалық мәтінді оқудан кӛркем шығарманы
оқу әлдеқайда басқаша. Кӛркем шығармада әр сӛзге, фразаға, ырғаққа мән
беру арқылы санада қайта жаңғыртып эмоциялық әсер туғызады. Сӛз ӛнерін
оқыту арқылы оқушыларға сӛздің мәнін жете тануға, ішкі әсері мен мағы-
насына үңілуге, мәнерлеп оқып, ӛздері де кӛркем сӛйлей білуге үйрену
кӛзделеді. Абайдың:
«Шырқап, қалқып, сорғалап, тамылжиды,
Жүрек тербеп оятар баста миды.
Бұл дүниенің ләззаты бары сонда,
Ойсыз құлақ ала алмас ондай сыйды», – деп айтқанындай, кӛркем
шығарманың эмоциялық күші мен қуатын пайдалану арқылы оқушының
таным қабілетін ӛсіруге салмақ салынады. «Әдебиет адамдарға ӛмірді таны-
тып қана қоймайды, олардың сол ӛмірге кӛзқарастарын қалыптастырады,
мінез-құлқына ықпал етеді, күллі тұрмыс-тіршілігіне әсер етеді» деген
З.Қабдоловтың пікіріндей әдебиетті оқытудың мақсат- міндеттері түрлі әдіс-
тәсілдердің, амалдардың негізінде жүзеге асады. Шығармашылық оқу әдісі
«оқу» деген ұғыммен қатысты болғанымен сол оқудың тӛңірегінде мұғалім
мен оқушының түрліше әдіс-тәсілдер мен әрекеттерінің негізінде жүзеге
асыралады.
Шығармашылық оқу әдісіне тән тәсілдер мыналар:
1.мұғалімнің кӛркем сӛз мәтінін мәнерлеп оқуы;
2.кӛркем сӛз шеберлерінің мәнерлеп оқуы;
3.сахна шеберлерінің орындауындағы сахналық кӛріністер (күй-табақ,
радио, теледидар хабарлары),
82
4.оқушыларды мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
5.шығарманың эмоциялық әсер күшін терең де мазмұнды сіңіру
мақсатындағы мұғалімнің кӛркем мәтінге түсініктеме бере отырып оқуы;
6.оқылған мәтін бойынша оқушылармен пікірлесу,
7. шығарманың ішкі мазмұнын терең қабылдай отырып шығарма
мазмұнынан туындаған кӛркемдік таным, адамгершілік, саяси-әлеуметтік т.б
бағытта проблемалық мәселелер кӛтеру;
8. оқушылардың ӛмірден кӛрген, білгендеріне, түйгендеріне сүйене
отырып, шығарма мазмұнынан туындаған мәселелер тӛңірегінде шығарма-
шылық тапсырмалар беру.
Оқушылардың оқу-әрекеттерінің түрлері:
1. шығарманы сыныпта, үйде оқу;
2. кӛркем сӛз мәтінін сазына келтіріп мәнерлеп оқуға дағдылану;
3. мәтінді жатқа оқу,
4. аудиодан мәнерлеп оқылған мәтінді бірнеше рет қайталап тыңдау;
5. эпизодтарға тақырып қоя отырып, мәтінді тұтас қабылдау мақса-
тында жоспар құру;
6. мәтінге жақын баяндау;
7. сценарий құру;
8. шығарма оқиғаларына сәйкес суреттермен иллюстрация жасау;
9. оқушының оқылған шығарма (қойылым, спектакль, радио хабар-
лары, телеқойылым, т.б) бойынша тікелей пікір жазуы;
10. алған әсерлері бойынша шығарма жазу.
Әрбір тәсіл оқушы әрекетіне сай таңдалынады. Мұғалім оқушы әреке-
тіне басшылық жасай отырып, әдістер жүйесін дұрыс құра білуі керек.
Эвристикалық әдіс. Эвристикалық әдіс ішінара ізденіс әдісі деп те
аталады. Мұнда да негізгі оқу материалы — кӛркем шығарма. Кӛркем шығар-
маны оқығандағы алғашқы қабылдауды эвристикалық әдіс арқылы тереңдету
кӛзделеді. Кӛркем шығарманы талдағанда, әдетте жазушы кӛтерген адамгер-
шілік, әлеуметтік, қоғамдық, философиялық проблемаларды қозғайды. Оқу-
шыларға жазушы кӛтерген сол проблемаларды байқап, оларды шешудің
жолдарын іздестіріп, шығарманың кӛп қыры мен құрамының негізгі бірлігін
танып, негізгі ойын саралауға, ой түюге, ойын талдап, дәлелмен жеткізуге
жолбасшы болу мұғалімнің негізгі міндеті болып табылады. Бұл әдіс кӛбі-
несе эвристикалық әңгіме түрінде жүргізіледі. Оқушылар эвристикалық әңгі-
меден белгілі бір дағды алған кезде оны жеке тапсырмалармен алмастыруға
да болады.
Бұл әдіске тән әдістемелік тәсілдер:
1.Логикалық анық сұрақтар жүйесін құру (кӛркем шығарма мәтінін
талдау, сыни мақалалар, теориялық немесе тарихи-әдеби сұрақтар негізінде).
2.Кӛркем шығарма мәтіні немесе сыни мақала, иллюстративті ма-
териалдар арқылы бүкіл топқа немесе сыныпқа тапсырмалар жүйесін құру.
3.Мұғалімнің не оқушының ұсыныстары бойынша шығарма мазмұ-
нына сай проблема қою, сол проблема тӛңірегінде пікір сайыс ұйымдастыру.
83
Эвристикалық әдіс оқушыларға кӛркем шығарманы талдау жолдары
мен әдістерін, әдеби процес пен әдебиет теориясы мәселелерін білуге жәр-
демдеседі. Бұл әдіс оқушылардың сыни ойлауын дамытады, ӛздігінен білім
алуына кӛмектеседі.
Эвристикалық әдіс кезіндегі оқушы қызметі:
1.Мұғалім сұрақтары мен тапсырмаларына кӛркем шығармадан, сыни
мақаладан немесе оқулықтан, басқа да кітаптардан материал жинау;
2.Ішінара талдай отырып оқиғаны баяндау;
3. Мұғалім тапсырмасы бойынша эпизодқа, сценаға, барлық шығармаға
талдау жасау;
4.Шығарманың бӛлігіне немесе тұтастай ала отырып талдауға тиімді
болу үшін жоспар құру;
5.Шығарманың кейіпкерлер жүйесіне талдау жасау;
6.Кейіпкерлерді,
оқиғаларды, пейзажды, тілдік ерекшеліктерін
салыстыра отырып талдау;
7.Шығарманы талдау барысын конспектілеуге, шығармаға, баянда-
маға, кең түрдегі баяндауға кӛмектесетін жоспар құру;
8.Кӛтерілген проблема тек әдебиеттану мәселелерін ғана емес, сондай-
ақ барлық ӛнер түрін қамтитындай болуы керек.
Зерттеу әдісі. Зерттеу әдісінің негізгі мақсаты — оқу материалының
сабақта қарастырылмаған кейбір жаңа аспектілерін ашу, шығармаға ӛз
бетінше талдау жасау қабілеттерін жетілдіру, шығарманың идеялық-кӛркем-
дік салмағын танып, әдеби талғамын дамыту болып табылады. Оқу
тапсырмалары мен қызметі жағынан зерттеу әдісі эвристикалық әдіске жақын
келеді. Ӛзгешелігі мыналар: эвристикалық (ішінара зерттеу) әдісінде мұғалім
жекелеген тапсырмалар жүйесін құра отырып, шығарманы талдау жолына
оқушыларды бағыттап отырса, зерттеу әдісінде талдау жолдары мен зерттеу
әдістерін, талдаудың негізгі бағыттарын, негізгі кӛзқарастар мен шығарма-
ның идеялық құндылығын тану бағытын білетін оқушы күрделі тапсыр-
маларды ӛздігінен шеше отырып, ӛз дәлелдері мен дәйектемелерін, сын
пікірін білдіреді.
Зерттеу әдісін күнделікті сабақта, әсіресе семинар сабақтар жүйесінде,
әдеби конференцияларда, оқушылардың ӛзіндік жұмыстарының қорытынды-
сын бекіту мақсаттарында қолданады.
Зерттеу әдістерінің тәсілдері:
1.Мұғалімнің бүкіл сыныпқа кӛтерген проблемасы, бұл проблема-
лардың кейбір аспектілері топтарда немесе жеке топшаларда қарасты-
рылады;
2.Мұғалім семинар сабақтарына жеке тақырыптар дайындайды, ал
оқушылар қызықты, қажетті тақырыптарға баяндама жасайды;
3. Мектеп бағдарламасы бойынша ӛтілмеген, сыныптан тыс шығарма-
лар немесе оқушылардың ӛздері таңдаған шығармалар бойынша талдау
жүргізу;
4.Кӛтерген тақырыптары немесе қойылған проблемалары ұқсас екі не
бірнеше шығарманы қатар ала отырып салыстыра талдау жасау;
Достарыңызбен бөлісу: |