77
Әдіскер ғалым әдебиетті оқыту әдістерін саралай отырып, ӛлең
табиғатының ӛзгешелігін орынды ескертеді. Кӛркем мәтіндердің ішінде
ӛлеңді оқыту әдістері ӛзгеше құрылымда жүзеге асырылу керектігін атап
ӛтеді. Ӛлең мәтінінін оқуда шығарманы кӛркем қабылдау мен терең тану
мүмкіндіктерін туғызбай, жалаң насихат пен таңырқау мен тамсанудың орын
алуы бүгінгі сабақтарда да жиі ұшырасатыны жасырын емес. Әдіскер-ғалым
шығарма табиғатын, жанрлық қырын терең тани отырып, бүгінгі әдебиет
пәнін оқытуда ӛзекті болып отырған біраз жайды сол тұстың ӛзінде айқын
таныған. Соның бірі мәтінге интерпретация жасай оқыту қажеттігі. Автор:
«...сабақты жалаң «түйіндеуге» құрсақ, сӛзуарлық, жалпылық бел алып,
әдебиеттік оқудың басқа міндеттеріне кӛңіл бӛлінбейді. Ӛлеңнің басты әсері
оның эмоциялық-сезімталдық, эстетикалық мәнінде десек, ал идеялық,
тәрбиелік мәні тексті тікелей оқып талдаудан, содан нәр алудан келіп тууға
тиіс» деген пікірді ӛлең мәтінін оқытудың нақты жүйесін ұсынумен кеңейте
түседі.
Прозалық шығарма мен ӛлең мәтінін талдауда екі түрлі жүйені
ұсынады. Прозалық шығармаға талдау→жинақтау әдісі ұсынылса, ӛлеңді
оқытуда жинақтау →талдау→жинақтау әдісінің тиімділігін кӛрсетеді.
Автор алғашқы жинақтауға ӛлеңнің жазылу тарихы мен авторына қатысты
әңгімені жатқызады. Лирикалық шығармалардың жанрлық ерекшеліктерін
түсіндіре келе, «лирикалық шығарманың эстетикалық әсерін сақтау үшін,
поэтикалық мәтінге прозалық түсініктеме жасамаңыз, грамматикалық
жаттығу бермеңіз деген кеңес айтамыз» дейді
1
. Ӛлең мәтінін оқытуды
мазмұндаудан бастамай, композициялық талдаудан бастау керектігін, ӛлеңнің
әрбір бӛлшегінің қызметі мен суреттеу, образдау тәсілдерін анықтау, талдау
оның идеясы айқындаудың ретті жолы екендігін ашып кӛрсетеді. Мектеп
бағдарламасында белгілі бір автордың шығармаларын сол тақырыптар
бойынша қалыптастырылатын әдеби-теориялық білімге сәйкес жүйелеп беру
оқу үдерісінің оңтайландырып, білімді мазмұнды ететіні анық. Автордың
әдістемелік жүйесі әдебиетті оқытудың бірден бір тиімді амал-тәсілі ретінде
танылып, тұрақтанған. Осылайша әдебиетті оқыту әдістемесінің дәстүрлі
жүйесін құруға негіз болғанын атап айту орынды.
Автордың «Әдебиетті оқыту методикасы» атты оқу құралы 1966 жылы
жарық кӛрді. Қазақ мектептерінің 9-10 сынып мұғалімдеріне кӛмекші құрал
ретінде ұсынылған оқу құралының қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің
негізгі ұстанымдары мен жүйесін танытуға тигізген ықпалы мол болды.
Әдебиеттің қысқаша тарихын оқитын жоғары сыныптар үшін лекциялық
әдісті түсіндіре келе, әдебиет пәніне арналған шолу түріндегі лекция,
монографиялық лекция, әдеби-теориялық лекциялар, жинақтау лекциялары,
талдау формасындағы лекциялардың ерекшеліктерін, мақсат міндеттерін,
құрылымы мен ӛткізілу әдістерін кӛрсетеді. Оқу құралының әдістемелік
1
Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасының очерктері.
– А., Мектеп, 1970. -115 б.
.
78
бағасы әдебиет сабағында мәтінге жасалатын талдауды кең қамтуымен де
айқындалады. «Шығарма және оны талдау» деп аталатын бӛлімінде автор
талдау сабақтарының формаларын айта келе, жазушы және оның стилі,
шығарма образдарына талдау, кейіпкерге мінездеме жасау жолдарын,
шығарманың композициясы мен сюжетін талдау, шығарманың тілін талдау
жолдарын танытады.
«ҮІІІ-Х кластарда оқушы тексті лекциядан бұрын үйде толық не
бӛлімі бойынша оқып келуге тиіс. Бұл сабақ міндетін жаңартады. Әдетте
методиканың бұл шарты орындалмай жүр. Соның салдарынан ҮІІІ-Х
кластарда да текст класта, үйде жеке бӛлімдері бойынша оқылып, мазмұн-
далып, Ү-ҮІІ кластардағыдай әдебиеттік сабақтарына ұқсап жүр. Бұған тағы
бір себеп — оқушылардың дайындығының тӛмендігі. Кейбір мұғалімдер
үлкен романдарды да жеке бӛлімдері бойынша талдауға, дәлірек айтқанда,
мазмұндауға бейімделген. Дұрысында, жоғары кластарда, тарихи курс
методикасында қандай үлкен роман болмасын ол әуелі үйде алдын-ала
оқылып, лекция бағдарлаушы әңгіме, талдау сол негізде жүргізілуі тиіс.
Басқаша айтқанда VІІІ-Х кластарда текске тұтас талдау жүргізіледі»,–дейді
1
.
Автордың ұсынған әдістемелік жүйесі бүгінгі мектеп практикасында
қолданылып жүрген басты әдістемелік бағыт.
Ә.Қоңыратбаев әдістерді тӛртке жіктеп кӛрсетеді. Олар:
1.Түсіндірме оқу әдісі;
2.Баяндау әдісі;
3.Эксперимент әдісі;
4.Кӛрнекілік әдісі.
Автор ӛзіне дейінгі әдіскерлердің (Ц.П.Балтолон, А.Д.Альферов,
В.Шереметовский, Д.И.Тихомиров, Ы.Алтынсарин) тәжірибесіндегі түсін-
дірме оқу әдісі туралы кӛзқарастарды саралай келіп, аталған әдістің орта
буын сыныптар мен жоғары сыныптарда да белсенді жүргізілетінін айтады.
Автор оқу кезеңінде әдістің жүргізілу ерекшеліктеріне ерекше мән береді:
«Кейбір мұғалімдер әдеби оқу мен тарихи курс методикасындағы оқу,
талдау сабақтары тұсында кей айырмашылық пен ұқсастықты жетік түсін-
бей, әдістерді шатастырып алады. Мысалы, кіріспе сӛз (4-7) бен лекция (8-
10) арасы қосылып кеткен. Оның үстіне жоғары сыныптарда мәтінді үйде
толық күйінде оқып келу ұйымдастырылмағандықтан, кӛптеген мұғалімдер
әдеби оқу методикасын қолданып, 8-10 сыныптарда да мәтінді бӛлшек
бойынша бірте-бірте сабақ қуып оқытып жүр. Одан қалса, нақты мәтінді
оқудан ӛткізуге мән бермей, кейбір мұғалімдер кіріспе сӛз бен лекция
тұсында шығарманың мазмұнын ӛзі айтып беріп, сол тұста оның образдарын
да алдын-ала талдап береді. Дұрысында оқу, талдау балалардың ӛз
тәжірибесіне негізделуге тиіс. Әйтпесе бала мәтіннен қол үзеді»,
2
– деп
орынды ескертеді. Жасыратыны жоқ, мектеп практикасында бұл олқылықтар
1
Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы «Қазақ мектептерінің ІХ-Х класс
мұғалімдері үшін кӛмекші құрал).– А., Мектеп, 1966.
2
Қоңыратбаев Ә. Әдебиет пәнін оқыту әдістемесі.– А., 2005.
Достарыңызбен бөлісу: |