72
жалғыз орыстың ғана әдісқойларын алып сӛз қылар болсақ, оның ӛзі
әлденеше журнал бетін аларлық сӛз болар еді».
1
Білім алу — әдістемелік деңгейдегі ең маңызды әрі басты мәселенің
бірі болып саналатындықтан, оқыту әдістері ғылыми мәселе ретінде еш
уақытта да кез-келген ғылымнан кенже болып кӛрмеген.
Олай болатын себебі, оқыту әдістері болмаса білім беру мәселелерінің
жоғарғы сапаға ие болуы, онсыз ғылымды дамыту мүмкін болмаған болар
еді. Демек оқыту әдістерінсіз ешбір оқу тәрбие процесі, танымдық, тәрбиелік
әрекеттер жүзеге аспайтын да еді. Сондықтан Батыс Европа дидактиктері
шығыс ғалымдары, орыс педагогтары мен қазақ әдіскерлерінің жазған
еңбектері, әдістемелік тәсілдері қазіргі таңда ұсынылып, қолданылып келе
жатқан жаңа әдіс-амалдары оқу-тәрбие ғылымы саласында ӛз орнын табуда.
Айталық, дидактиканың жалпы мәселелеріне байланысты М.А.Данилов,
М.Н.Скаткин, М.И.Махмудов, И.А.Ларнер, Б.П.Есипов секілді орыс
дидактиктерінің еңбектерінде бұл мәселелер жӛнінде жақсы пікірлер
айтылса, әдебиет сабақтарының дидактикалық астарлары Н.И.Кудряшев,
Л.С.Айзерман, О.Ю.Багданова т.б. еңбектерінде кеңінен талданған.
Оқыту әдістері арқылы мұғалім таным қызметіне басшылық етеді.
Бірақ осы уақытқа дейін оқыту әдістерін саралауда бірізділік жоқ екені
білгілі. Бұл тұрғысында белгілі педагог-ғалым Т.А.Ильина «Педагогика»
оқулығында былай деп тұжырым айтады: «Оқыту әдістерінде жақсы бағдар
алу үшін мұғалім оларды белгілі жүйеде түсінуі тиіс. Алайда кеңес
әдіскерлерінің арасында осы күнге дейін әдістерді классификациялау
тұрғысынан алғанда пікір бірлігі жоқ екенін мойындау қажет болады»
2
).
Оқу — білім қоғамдық даму сатының маңызды құралы болғандықтан
әр ғасырдағы қоғам және мәдениет қайраткерлері, зерттеуші ғаламдары
оқыту әдістеріне және оның даму жолдарының қалыптасуына сан қилы
анықтама беріп отырған. А.Байтұрсыновтың әдіске берген анықтамасында:
«Әдіс — керекшілдіктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы
жұмсалатын орынның керек қылуына қарай. Мәселен, сауаттау әдісін алсақ
бір жұрттық сауаттау әдісіне қолайлы болған әдіс
екінші жұрттың да сауаттау
ісіне қолайлы болуға тиіс деп атауға болмайды. Екеуінің тілінің заңы,
емлесінің жүйесі бірдей болса, біріне қолайлы болған әдіс екіншісіне де
қолайлы болуы мүмкін емес. Егер де тілінің заңы, емлесінің немесе әрпінің
жүйесі басқа болса, онда біріне жақсы болған сауаттау әдісі екіншісіне де
жақсы болады деп ешкім айта алмайды».
3
Абай Құнанбаев болса ӛзінің
қарасӛзінде замана бейіліне қарай оқыту, білім беру қағидаларының да
ӛзгеріске түсіп және оның ғылымдар тарапынан жетілдіріліп отырылуы
қажеттігін нақты әрі ұлағатты мысалмен білдіреді: «Пайғамбарымыз
саллаллаһу ғалайһи уассәлам «ақырзаман бір жылдық бір күн болар» дегенде
сахаба и кәримлар (ғылым үйренушілер) «бұл бір жылдық күнде намаз нешеу
1
Тіл тағлымы,– А. «Ана тілі», 1992.
2
Ильина Т.А. Педагогика.– А., Мектеп, 1997.
3
Байтұрсынұлы А.Тіл тағлымы.–А., Ана тілі, 1992.