.Сабақтың түрі: СТО оқыту технологиясын сабақта қолдану.
Кезең
|
Мұғалімнің әрекеті
|
Оқушылардың әрекеті
|
Ұйымдастыру
1мин
|
Оқушылармен амандасып, сабақта кім бар-жоғын анықтайды. Сабаққа дайындығын тексереді.
|
Мұғаліммен орындарынан тұрып амандасады. Сабақта кім бар-жоғын тексереді.
|
Үй тапсырмасы
10мин
|
Қызығушылықты ояту
1.Психологиялық дайындық
2. Түрлі түсті таспалар арқылы оқушыларды топқа бөлу.Бағалау парақтарын тарқату.
3. Мұғалім өткен сабақтардан оқушылардың алған білімдеріне сүйеніп сұрақ қояды. «Таным таразысы»
1.Жер бедері дегеніміз не?
2.Литосфера дегеніміз не?
3.Ежелгі біртұтас материк?
4. Литосфералық тақталардың қозғалу теориясын ұсынған неміс ғалымы?
5. Тау жыныстары қаншаға бөлінеді?
6.Мұхит түбінде жазықтардың қандай түрлері бар?
7.Мұхит түбін зерттейтін құрал?
8.Мұхит түбіндегі таулар қалай аталады?
9.Жер шарындағы ең терең шұңғыма?
10.Мұхиттық жер қыртысында кездеспейтін қабат.
|
. Оқушылар топқа бөлінеді,өз топбасшысын тағайындайды.
Топ ережесін еске түсіреді.
Әр оқушы өз білетіндерін еркін жауап береді.
Әр топтан топ басшылар топ мүшелерінің жауабына бағалау парақтарына баға қойып отырады .
Оқушылар нақты дәлелдермен жауап беріп отырады.
|
Жаңа сабақ
20мин
|
Мағынаны тану.
1.Суретпен жұмыс.
2.Жаңа сабақтың мағынасын ашу.Уақыт береді.Әр топтың тапсырмасын мұқият орындауын
қадағалайды.Жолдастар-ң жауаптарын тыңдауын, толықтыруын қадағалайды.
А)1-шаңырақ. Неліктен жер бетін табиғи байлық көзі дейміз ?
Ә)2-шаңырақЖер қойнауының шаруашылыққа тигізетін пайдасы қандай?
Б) 3-шаңырақ. Жер бетін ұтымды пайдалану мен қорғауға бағытталған қандай шаралар бар?
В) 4-шаңырақ Табиғатты қорғау заңында қандай мәселелерге көңіл бөлген.
3.Тапсырмалар арқылы постер қорғау.
|
Топқа берілген суреттер арқылы оқушылар өз ойларын айтып әңгімелейді.
Мұғалімнің әр топқа берген тапсырмасы бойынша оқушылар постер жасайды,оларды өз деңгейімен қорғайды
Топта жеке,бәрі бірігіп шартты белгілер қойып, талдау жасайды. Әр топтан біреу жауап береді. Негізгі жауапты таңдауға үйренеді. Бір-бірін тыңдауға үйренеді.
Мұғалімнің қосымша сұрақтарына жауап береді.
|
Сабақты бекіту
10мин
|
Ой-толғаныс
Тақырыпты бекіту үшін тапсырмалар береді: 1)Графикалық диктант.
2) Проблемалық сұрақтар беріледі Ой-қозғау
А)Табиғатқа байланысты мақал-мәтелдер
Ә)Егер мен табиғатты қорғау министрі болсам..........
Б) Құмды шөл табиғат кешенін көз алдарыңа елестетіңдер.
сусыған құм, тікенекті сирек өсімдік,құмға бейімделген жануар.Енді осы табиғат кешеніне өзен суын бұрып,канал жүргізгенде қандай өзгеріске ұшырайды?
В)Егер мен ақын болсам........
«Ребус шешейік»жасырылған сөзді табу (Қорғалжын)
|
Графикалық диктантты барлық оқушылар орындарында орындайды, тақтадағы дұрыс жауабымен бір-бірінің жұмысын тексереді,бірі-бірін бағалайды.Жұмыстың бағасын топ басшы бағалау парағына қояды.
Мұғалімнің Ой-қозғау кезеңінде берген тапсырмаларын орындайды:
Ауызша тапсырманы орындай отырып,еркін өз ойларын жеткізеді.Топтан бір –екі оқушы сөйлеп тапсырманың толық орындалуын топ басшы қадағалайды.Бағалау парағына топ мүшесінің бағасын әділ қояды.
|
2мин
|
Оқушыларды сабақтағы белсенділігіне қарай,
топ басшылардың бағалау парақтарына қарап бағалайды.
|
Оқушылар бағаларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырады.
|
1мин
|
Үй тапсырмасына §26 Жер бетін шруашылыққа пайдалану және оны қорғау.
Қосымша материалдар
Дайындап келу.(Өздігінен іздену).
|
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. Түсінбегендерін мұғалімнен сұрап, анықтап алады.
|
2мин
|
Сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, оқушылармен бірге сабақты қорытындылайды.
|
Кері байланыс. Сабақтан алған әсерін стикерге жазып, плакатқа бекітеді.
|