8 энергетикалық деңгейлердің ҚҰрылысы


Сұрақтар мен тапсырмалар бойынша конспект жасап, жазбалар жасау



жүктеу 0,95 Mb.
бет16/18
Дата07.01.2022
өлшемі0,95 Mb.
#36997
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
8 ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ДЕҢГЕЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

Сұрақтар мен тапсырмалар бойынша конспект жасап, жазбалар жасау
Cұрақтар мен тапсырмалар:

1) Берілген заттардың электролиттік диссоциациялануының теңдеуін жазыңыз және қай жағдайда диссоциация сатылап жүреді: AlCl3, Cu(NO3)2, Ca(OH)2, H3PO4, H2SO3, NaOH.

2) Берілген гидраттанған иондардың қайсысы түсті:

Н+, ОН-, Со2+, Са2+, Аg+, Cu2+, MnO4-, Cl-.

3) Молекулалық және иондық реакция теңдеулерін жазыңыз:

CuCl2 + NaOH →

Zn(OH)2 + HCl →

H3PO4 + Ca(OH)2

CuSO4 + H2S →

4) Молекулалық реакция теңдеуімен өрнекте:

Pb2+ + SO42- = PbSO4

H+ + OH- = HOH

CO32- + 2H+ = CO2 + H2O

Fe3+ + 3OH- = Fe(OH)3


14 ТҰЗДАР ГИДРОЛИЗІ
Тұздар гидролизі - тұздың құрамындағы иондары мен су молекулаларының арасында жүретін, нәтижесінде әлсіз электролит молекуласы не иондары түзілетін реакциялар.

Тұздар түзілу табиғатына қарай мынадай топқа бөлінеді:



    1. Күшті негіз бен күшті қышқылдан тұратын: KCl,K2S04, NaN03, NaCl;

    2. Күшті негіз бен әлсіз қышқылдан тұратын: Na2S,Na2C03,K2S03,Na3P04;

    3. Әлсіз негіз бен күшті қышқылдан тұратын: Al2(S04)3,FeS04,ZnCl2.

I.Натрий хлориді (NaCl) — NaOH күшті негіз (к.н.) және HCl күшті қышқыл (к.қ.) әрекеттескенде түзілетін тұз.

NaCl →Na++CI-

НОН →Н++ОН-


Диссоциация нәтижесінде пайда болған әр аттас иондар электростатикалық күштердің әсерінен тартылады. Сонда түзілген электролиттер күшті болғандықтан (NaOH, HCl) құрамдас бөліктеріне толық диссоциацияланады, сондықтан су иондарының концентрациялары өзгермейді:

С (Н+) ═ С (ОН-)

Сондықтан күшті негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұздар гидролизге ұшырамайды, оның ортасы бейтарап болады.

IІ. Натрий карбонаты Na2CO3 – NaOH күшті негіз (к.н.) бен әлсіз көмір қышқылы(Н2СО3) әрекеттескенде түзілген тұз.

Na2CO3→ 2Na++ CO32-

НОН → Н++ OH-

NaOH→ Na+ + OH-

CO32- + HOH → HCO3- + OH-


Натрий карбонаты суда ерігенде түзілген С032- ионының сумен әрекеттесуі әлсіз электролит ионы НСО3- және ОН- ионын береді. Олай болса орта негіздік, себебі түзілген натрий гидроксиді (NaOH) толық диссоциацияланады.

Күшті негіз бен әлсіз қышқылдың тұзы гидролизденгенде тұз құрамындағы қышқыл қалдық анионы су құрамынан сутек катионын қосып алып, ерітіндіге гидроксид ионы босап шығады, сондықтан орта негіздік (сілтілік) болады.

C(H+) ≤ C(OH-)
Гидролиздену реакциясының молекулалық теңдеуі:
Na2C03+ НОН = NaHC03+ NaOH
IІI. Алюминий хлориді АlСl3- Аl(ОН)3 әлсіз негіз (ә.н.) бен HCl күшті қышқыл (к.қ.) әрекеттескенде түзілген тұз.

АlСl3 → Аl3++ 3Cl-

НОН → Н++ОН-

Al3+ + HOH ↔ Al(OH)2+ + H+

АlСl3 ерігенде түзілген Аl3+иондары судың ОН- иондарымен бірігіп (Аl0Н)2+ ионын түзеді, сутек ионы ерітіндіде қалады, ал түзілген қышқыл иондалады.

Тұздардың гидролизге ұшырауы және олардың судағы ерітіндісіндегі ортасы тұздың құрамындағы иондардың қасиеттеріне тәуелді. Гидролизге тек ерімтал тұздар ғана түседі, гидролиз қайтымды үдеріс. Бейтараптану реакциясы тек күшті қышқылмен күшті негіздің әрекеттесу реакциясы, яғни осы жағдайда ғана С(Н+) = С(ОН-) орындалып, орта бейтарап болады.



жүктеу 0,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау