Заттардың судағы ерігіштігі
Ерігіштік дегеніміз заттардың суда еруін сипаттайтын қасиет. Заттардың барлығының суда еруі бірдей емес, осыған байланысты оларды жақсы еритін (е), аз еритін (ае) және ерімейтін (ем) деп бөледі. Заттардың ерігіштігі төменде көрсетілген жағдайларға байланысты: еріткіш пен еріген зат табиғатына, температураға, заттың еріткішпен жанасу бетінің ауданына, қысымға (газ тәріздес заттар үшін).
Белгілі бір тұрақты температурада зат ерітіндіге өткен затпен тепе-теңдікте болса, ондай ерітіндіні – қаныққан, ал ерітіндіде зат одан ары ери алса - қанықпаған деп, еріген зат концентрациясы қаныққан ерітіндіден жоғары болатын болса, оны аса қанық ерітінді деп атайды. Заттың ерігіштігі деп белгілі бір температура еріткіштің масса (100г,1000г), көлем (1л) бірлігінде ери алатын зат массасын не мөлшерін айтады.
S { , , }
Заттар ерігіштігінің температураға тәуелділігі ерігіштік қисығы арқылы беріледі (1 – сурет)
Ерігіштік қисығы көмегімен төмендегі мәліметтерді алуға және есептер шығаруға болады:
Белгілі температурада заттың ерігіштігін анықтауға болады;
Ерігіштік қисығының формасы бойынша еру жылуы туралы мәлімет алуға болады, егер ерігіштік температура артқан сайын артса, еру эндотермиялық, кемісе – экзотермиялық болады;
Белгілі температурада еріген зат пен еріткіш массасы бойынша ерігіштігін есептеу;
Белгілі температурада қанық ерітіндінің белгілі бір массасын әзірлеу үшін қажетті зат пен еріткіш массаларын есептеу;
Егер заттың ерігіштігі температура артқан сайын артатын болса, қанық ерітіндіні суындырғанда кристалданатын тұз массасын есептеу.
1 – Сурет. Заттар ерігіштігінің температураға тәуелділігі
Ерітінді концентрациясын белгілеу әдістері
Ерітінді концентрациясы деп ерітіндінің масса не көлем бірлігінде, не еріткіштің масса бірлігінде еріген зат массасымен не зат мөлшерімен анықталатын шаманы айтады.
Ерітіндінің көптеген қасиеттері (Рауль заңдарымен анықталатын ерітінді үстіндегі еріткіштің буының парциалды қысымының төменделуі, ерітіндінің қайнау температурасының жоғарылап, қату температурасының төмендеуі) оның концентрациясына байланысты.
Ерітінді концентрациясын белгілеудің екі тәсілі бар: біріншісі – массалық (ω, χ, Сm(х)), екіншісі – көлемдік (С(х), С(fэ(х)), Т(х)) ал екеуін біріктіретін шама ерітінді тығыздығы (ρ).
Достарыңызбен бөлісу: |