6 шығарылым «Ұңғыма бұрғылау»



жүктеу 1,22 Mb.
бет6/7
Дата25.05.2018
өлшемі1,22 Mb.
#17765
1   2   3   4   5   6   7

Білуге тиіс: көтеру құрылғыларының орнын ауыстыру ережесін; мұнараның қосындылары мен бөліктеріндегі ауытқуларды жою тәсілдерін; ұңғымаларды түрлі ерітінділермен тұншықтыру тәсілдерін; көтеру құрылғыларын (мұнараларды, мачталарды) орнынан ауыстыру бағытының сызбасын; ерітінділерді дайындау тәсілдері мен оларды қолдану әдістерін.
28. Қабат қысымын ұстап тұру өніндегі оператор

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. 10 МПа (100 кгс/см2) дейінгі қысым кезінде жұмыс істейтін және тәулігіне 3600 м3/ дейінгі көлемде су айдайтын айдау ұңғымалары жабдығына қызмет көрсету. Конденсатты ылғал бөлгіштен түсіру, айдау ұңғымалары сағалық жабдығының, ылғал бөлгіштің жарамдылығын қадағалау және оларды жөндеуге қатысу. Таратып бөлу будкаларындағы батарея байламдарының жарамдылық жай-күйін қадағалау. Магистральдік және жұмыс труба құбырларын жүйелі аралап қарау, олардың жарамдылығы жай-күйін қадағалау және жөндеуге қатысу. Ұңғымалардың қабылдауыштығын арттыру жұмыстарына қатысу. Тіркеуші құралдардың көрсеткіштерін қадағалау және көрсеткіштер есебін жүргізу. Труба құбырларын монтаждау және демонтаждау жұмыстарына қатысу. Айдау ұңғымалары мен су арналарынан сынама алу. Қабатқа жұмысшы агентті сіңірудің вахталық журналын жүргізу.

Білуге тиіс: жұмысталатын кен орнының сипаттамасы мен оны пайдалану тәсілдерін; қабат қысымын ұстап түру әдістерін; айдау ұңғымаларының магистральді су арналары жабдығын пайдалану ережесін мен нысанын; қабатқа сіңірілетін судың, газ бен ауаның сапасына қойылатын негізгі талаптарды; труба құбырларын қосу сызбасын; таратып бөлу батареяларының құрылымын; бақылау-өлшеу аспаптарының (расходомерлердің, водомерлердің, манометрлер мен т.б.) құрылымыммен нысаны туралы негізгі деректерді.
29. Қабат қысымын ұстап тұру өніндегі оператор

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. 10 МПа-ден 12,5 МПа-дейін және одан жоғары (100-125 кгс/см2) қысым кезінде жұмыс істейтін және тәулігіне 3600 м3/-тан 7200 м3/дейінгі көлемде су айдайтын айдау ұңғымалары жабдығына қызмет көрсету. Ұңғымалардың қабылдауыштығын қалпына келтіру және ұстап тұру жұмыстарын жүргізуге қатысу. Қабатқа жұмысшы агентті берілуін реттеу. Айдау ұңғымаларының жердегі жабдығын монтаждауға, демонтаждауға және жөндеуге қатысу. Айдау ұңғымаларының, таратып бөлу құрылғыларының режимін белгілеу жұмыстарына қатысу. Қорғау автоматикасы мен таратып бөлу пункттеріндегі бақылау-өлшеу аспаптарының ұсақ ақауларын жою.

Білуге тиіс: мұнай мен газ, газ конденсатын өндірудің технологиялық процесін, айдау ұңғымаларын зерттеудің негізгі әдістерін; құбырларды қосудың бөлшектік сызбасын; айдау ұңғымалары мен қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын, нысанын, пайдалану ережесін
30. Қабат қысымын ұстап тұру өніндегі оператор

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. 12,5 МПа (125 кгс/см2) қысым кезінде жұмыс істейтін және тәулігіне 7200 м3/жоғары көлемде су айдайтын айдау ұңғымалары жабдығына қызмет көрсету. Ұңғымалардың қабылдауыштығын қалпына келтіру және ұстап тұру жұмыстарын жүргізу. Айдауды есептеу пункттерінде бақылау-өлшеу және баптау жұмыстарын орындау. Труба құбырларын қорғау құралдары мен ұңғыманы коррозиядан қорғау жабдығының жұмысын бақылау. Айдау ұңғымаларын күрделі және ағымдық жөндеуге дайындау жұмыстарына қатысу. Айдау ұңғымаларын жөндеуден қабылдап алу және оларды игеру, пайдалануға қосу. Автоматика, телемеханика және бақылау-өлшеу аспаптарының жұмысын бақылау. Вахта журналын және жұмысшы агентті сіңіру есебінің алғашқы құжаттамасын жүргізу. Вахта жұмысына басшылық ету.

Білуге тиіс: жұмысталатын кен орнының сипаттамасын; мұнай шөгіндісіне әсер ету жүйелерін; жердің бетіндегі және астындағы жабдықтардың нысанын, құрылымын; насос стансасының, таратып бөлу құрылғысының, айдау ұңғымасының байламы сызбасын; айдау ұңғымасын ағымдық және күрделі жөндеу түрлерін; ұңғыманың қабылдауыштығын көбейту, айдау ұңғымаларын игеру және зерттеу әдістерін; автоматика, телемеханик, бағдарламалық құрылғылары жүйелерінің нысанын, құрылымын, пайдалану ережесін.
31. Ұңғымаларды жер астында жөндеу операторы
Жұмыс сипаттамасы. Ұңғымаларды жер астында жөндеу жұмыстарын орындау. Бір қатарлы және екі қатарлы лифтілерді, парафинделген трубаларды, терең насостарды, бөліп пайдалану жабдығын, газлифті клапандарын ауыстыру. Терең насостарды сіңіруді өзгерту, үзіктерді, штанга қайырмаларын жою, құралдар мен сымдарды алып шығу жұмыстары. Терең насос пен плунжердің төменгі клапанын жуу. Құм зәкірлерді бөлшектеу және тазалау. Ұңғымаларды құм тығындардан, балшықты ерітіндіден жуу, тазалау. Ұңғымаларды ыстық мұнаймен және басқа да химиялық реагенттермен жуу. Ұңғыма оқпанындағы гидратты тығындарды жою, пайдалану ұстыны мен насос-компрессор трубаларын парафиннен, тұз бен шайыр шөгінділерінен тазарту. Забойды уата отырып ұңғымаларды шаблондау. Ұңғыманы пайдаланудың бір тәсілінен екіншісіне ауыстыру. Қабылдау клапандары мен кескілерді орнату және алып тастау. Циркуляциялық механикалық клапандарды ашу және жабу; ұңғыманың жер асты жабдығын престемелеу. Түрлі пайдалану тәсілдері кезінде ұңғыманың сағалық жабдығын құрастыру және бөлшектеу. Жабдықты, құралды, салмақ индикаторын профилактикалық күтімді жүзеге асыру. Ұңғыманы жер астында жөндеумен байланысты тиеу-түсіру жұмыстарына қатысу. Ұңғымалардың қабылдауыштығын қалпына келтіру және ұстап тұру жұмыстарын жүргізу. Жылжымалы агрегаттарды, құрылғылар мен канат техникасын орнату және бекіту. Дайындау бригадалары жоқ кәсіпшіліктерде, көтеру құрылғыларын орнатумен және қосалқы-көмекші жұмыстарды атқарумен байланысты барлық жұмыстарды (ұңғыманы жөндеуге дайындау, ұңғымаларды тұншықтыру және т.б.) орындау. Ұңғымалардағы, штепсель ажыратқыларымен жабдықталған электр жабдығы мен жарық беру аппаратураларын қосу және ажырату. Канат техникасын басқару.

Білуге тиіс: ұңғыманы пайдалану тәсілдерін; газ, мұнай және айдау ұңғымаларының құрылымын; түрлі пайдалану тәсілдері кезінде ұңғыманы жер астында жөндеу, игеру және тұншықтыру өндірісі технологиясын; ұңғыманы жер астында жөндеу кезінде қолданылатын көтеру құрылғыларын (мұнараны, мачтаны), таль жүйесі мен оның элементтерін, терең насостарды, газлифт клапандарын, канат техникасын пайдалану ережесін, олардың құрылымы мен нысанын; насос-компрессор трубалары мен штангаларын, кабель орағышты, салмақ индикаторын механикалық бұрау және бұрап алуға арналған автоматтардың құрылымы мен жұмыс принципін; көтеру-түсіру операцияларын механикаландыру және автоматтандыру құралдарының нысаны мен құрылымын; гидро- және пневмо жүйелер туралы негізгі деректерді және олардың құрылымын; көтерілетін жүгіне қарай таль жүйесін пайдалану тәсілдерін және оларды жарақтандыру есебін; канат жұмыстарын орындау кезіндегі шекті жүктемені және жылдамдықты; шықпаға қарсы жабдықтың (шағын габаритті превенторларды) құрылымын және оны орнату ережесін; гидравликалық терең шығыр мен тюбинг қондырғысының құрылымын, қызмет көрсету және оларды басқару тәсілдерін; газ-құм зәкірлердің түрлерін және оларды қолдану ережесін;ұңғыманы жер астында жөндеу кезінде қолданылатын құралдардың түрлері мен оларды пайдалану ережесін; түрлі жарақтандыру мен түрліше ұңғыма жабдығы кезінде трубалар мен штангаларды көтеріп түсірудің шекті жылдамдығын; құм тығынын жуу процесінің есебін; еңбекті ұйымдастырудың қолданыстағы нұсқаулық карталарын; станок-качалканы, жарық беру аппаратурасын қосу ережесін.

І санаттағы ұңғыманы біліктілігі анағұрлым жоғары ұңғымаларды жер астында жөндеу операторының басшылығымен жер астында жөндеу кезінде - 4-разряд;

І санаттағы немесе ІІ санаттағы ұңғыманы біліктілігі анағұрлым жоғары ұңғымаларды жер астында жөндеу операторының басшылығымен жер астында жөндеу кезінде - 5 разряд;

ІІІ санаттағы ұңғыманы жер астында жөндеу кезінде - 6-разряд;



Тереңдігі 3000 м астам ұңғыманы, тереңдігі 2000 м астам жазық ұңғымаларды немесе газ лифт әдісімен пайдаланылатын ұңғыманы жер астында жөндеу кезінде - 7-разряд.

6 және 7- разрядтағы ұңғымаларды жер астында жөндеу операторлары үшін орта кәсіптік білім талап етіледі.
32. Газ жинау жөніндегі оператор

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары газ жинау жөніндегі оператордың басшылығымен сепараторларға, газ құбырларына, газды таратып бөлу құрылғылары мен газ шаруашылығының басқа да нысандарына қызмет көрсету. Газ шаруашылығы нысандарын аралап көру және олардың жай-күйін тексеру, жабдықтың жұмысындағы ақауларды жою. Сепараторлар мен газ құбырларын үрлеу. Сепараторлардағы сұйықтың деңгейін қадағалау. Жабдықтар мен аппаратураны ағымдық жөндеуге қатысу, жарамсыз жаппаларды ауыстыру, прокладкаларды ауыстыру, сальниктерді толтыру. Газ құдықтарының техникалық жарамдылығын қамтамасыз ету. Қарапайым слесарлық жұмыстарды орындау.

Білуге тиіс: мұнайды, газды және конденсатты өндіру, жинау және тасымалдау технологиясы жөніндегі негізгі деректерді; қоспалардың жарылыс қауіпті негізгі қасиеттерін, олардың улылығын; сепараторларға, газ құбырларына, газ таратып бөлу құрылғыларына, жаппа құрылғыларына, сақтандырушы, кері және реттеуші клапандарға, қысым мен деңгей реттеуіштеріне, қолданылатын басқа да бақылау-өлшеу аспаптарына қызмет көрсету ережесін, олардың құрылымы мен нысанын.
33. Газ жинау жөніндегі оператор

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сепараторларға, газ құбырларына, газды таратып бөлу құрылғылары мен газ шаруашылығының басқа да нысандарына қызмет көрсету. Мұнайдың газ жинау желілеріне жетуінің, газ құбырларында гидратты және сұйық тығындардың пайда болуының, газ құбырлары учаскелерінде қысым артуының алдын алу, газдың технологиялық шығындарын азайту жөніндегі профилактикалық іс-шараларды жүргізу. Газ құрамында күкірт сутегінің болуын анықтау үшін сынама алу. Аппараттар мен газ құбырлары қабырғаларын оқшаулаудың қалыңдығы мен сапасын анықтау. Телемеханиканың ауа және кабель желілерін жұмысқа жарамды жағдайда ұстау. Метал коррозиясымен күрес жұмыстары өндірісі. Газ құбырларын шурфтау. Қызмет көрсететін жабдықты, аппаратураны ағымдық жөндеуді жүргізу. Жабдықтың және газ құбыры жұмысының, газды өндіру және пайдалану, газдың технологиялық шығыны журналдарын жүргізу.

Білуге тиіс: мұнай мен газды өндірудің, сепарациялаудың технологиялық процестерін; газ жинау тораптары коммуникацияларының сызбасын; газдардың, қолданылатын ингибиторлардың қасиеттерін; күкірт сутекті газды жинау мен тасымалдау ерекшеліктерін; газ факторын, технологиялық газ шығынын анықтау әдістерін; газ жинау желілері мен газ құбырларында гидраттың пайда болуы себептерін және олармен күрес әдістерін; газ нысандарының, жабдығы мен аппараттардың техникалық сипаттамасын, қызмет көрсету және қалыпты технологиялық жұмыс режимін ұстап тұру ережесін; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының, автоматика және телемеханик құралдарының құрылымы мен техникалық сипаттамасын.

34. Газ жинау жөніндегі оператор

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Топтық қондырғыларға, насос стансаларына, соңғы сепарациялау сатыларына, жинау пункттері мен тауар парктеріне қызмет көрсету. Автоматтандырылған жабдықты берілген технологиялық жұмыс режиміне шығару. Негізгі автоматтандыру құралдарының жұмысын бақылау. Жер бетіндегі және астындағы жабдық пен коммуникацияларды, жабу, үзуші, сақтандыру және реттеуші арматураны жөндеуді ұйымдастыру және соған қатысу. Газ және конденсат шығынын қысқарту, газды жинау, дайындау және тасымалдау технологиялық процестерін жетілдіру жөніндегі техникалық және технологиялық іс-шараларды жүзеге асыру. Ауа сынамасын алу және газ талдағыштарды пайдалана отырып оның газдылығына талдау жасау. Звеноның, бригаданың жұмысына басшылық ету.

Білуге тиіс: жұмысталатын кен орнының сипаттамасын; жер бетіндегі жабдықтың, ұңғымалардың, мұнай мен газды сепарациялау пункттерінің нысаны мен құрылымын; газ және газ конденсатын жинау мен тасымалдаудың технологиялық сызбасын; газ факторын анықтаудың, қысым мен деңгей реттеуіштерінің, мұнай үзгілерінің, бақылау-өлшеу аспаптарының, газ құбырларының изоляциясын бақылау аспаптарының технологиялық сызбасын; ортадан тепкіш және винтті насостардың жұмыс принципін; жоғары күкіртті мұнай газын жинау мен пайдалану ерекшеліктерін; метанолдың, ингибиторлар мен газдардың қасиеттерін.
35. Мұнай мен газ өндіруді басқару пультінің операторы
Жұмыс сипаттамасы. Кәсіпшілікте мұнай, газ және газ конденсатын өндірудің технологиялық процесін бақылау және автоматика мен телемеханика құралдарының көмегімен мұнай, газ және газ конденсатын өндіруді өлшеудің технологиялық процесін қашықтықтан басқару. Қондырғылар мен механизмдерді қосу және ажырату. Ұңғымалар мен топтық өлшеу құралдарынан ақпарат жинауды, өңдеуді және беруді жүзеге асыру. Басқару пульті мен қызмет көрсетуші операторлардың ақпараты арқылы жұмыс істеп тұрған ұңғымалар қорының жұмысын бақылау. Кәсіпшілік пен орталық технологиялық қызметтегі апаттық жағдайлардағы жұмыстың орындалғаны туралы ақпаратты дайындау және беру. Орталық инженерлік-технологиялық қызметке қажетті арнаулы техника мен көлікке өтінім беру. Ұңғыманың жұмысы мен өнімді тапсыру, ұңғыманы жер астында және күрделі жөндеу бригадасының қозғалысы туралы мәліметті жасау. Кәсіпшіліктің инженерлік-технологиялық қызметінің басшылығымен жұмысты жүзеге асыру және мұнай-газ өндіруші басқарманың орталық инженерлік-технологиялық қызметінен жедел нұсқаулар алу. Ұңғыманың жұмыс режимін өзгерту және мұнай кәсіпшілігі нысандарында жүргізіліп жатқан жұмыс жөніндегі вахталық құжаттаманы жүргізу. Мұнай және газ өндіру, ұңғымаларды қосу және тоқтату операторлардың жұмысына басшылық ету.

Білуге тиіс: жұмысталатын кен орнының сипаттамасын; мұнай, газ және газ конденсатын өндірудің технологиялық процесін; ұңғымаларды игеру және мұнай, газ және газ конденсатын өндіруді интенсивтендіру әдістерін; жердің бетіндегі және астындағы жабдықтың нысаны мен сипаттамасын; Ұңғыманы күрделі және жер астында жөндеу түрлері мен ұңғымаларды зерттеу әдістерін; мұнай, газ және газ конденсатын жинаудың, тасымалдаудың, есепке алу мен дайындаудың технологиялық сызбасын; қызмет көрсететін аппаратураның, автоматика мен телемеханика құралдарының принциптік және монтаждау сызбаларын; телебақылау мен телебасқару, телемеханика мен бағдарламалық құрылғылар негіздерін; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын; электротехника негіздерін.

Автоматтандырылмаған кәсіпшіліктердегі жұмыс кезінде - 4-разряд;

автоматтандырылған кәсіпшіліктердегі жұмыс кезінде - 5-разряд.
36. Ұңғымаларды химиялық өңдеу жөніндегі оператор

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Химиялық реагенттер мен жабдықты дайындау. Ұңғыма жанына жабдық орнату кезінде жоғары және төмен қысым желілерін, икемді шлангілерді құрастыру және бөлшектеу. Айдалатын сұйықтың көлемін өлшеу. Тұзды қышқыл концентрациясын анықтау және химиялық реагенттерді дозалау. Ұңғыманы термоөңдеу жұмыстарына қатысу. Қолданылатын жабдықты ұсақ жөндеу.

Білуге тиіс: мұнай мен газ өндіру технологиясы, мұнай мен газ кен орындары, мұнай өндіруді интенсивтендіру әдістері жөніндегі негізгі деректерді; ұңғымаларды химиялық және термиялық өңдеу нысанын; қолданылатын жабдықтың құрылымы мен жұмыс принципін; химиялық реагенттерді дайындау тәсілдерін және оларды сақтау ережесін; химиялық реагенттерді тиеу және түсіру ережесін.

Біліктілігі анағұрлым жоғары ұңғымаларды химиялық өңдеу жөніндегі оператордың басшылығымен жұмыс істеу кезінде - 2-разряд.


37. Ұңғымаларды химиялық өңдеу жөніндегі оператор

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ұңғымаларды химиялық өңдеудің технологиялық процесін жүргізу. Картограмманы орнату және тіркеуші бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін қадағалау. Химиялық реагенттерді дозалау жұмыстарына басшылық ету. 100 атм.дейінгі қысым кезінде желіні монтаждау және демонтаждау, химиялық реагенттерді айдау. Забой жанындағы қабатты деблокировкалау және игеру. Термоөңдеу процесін қадағалау. Параметрлерді тіркеу.

Білуге тиіс: ұңғымаларды химиялық және термиялық өңдеу технологиясын; қызмет көрсететін жабдықтың, қышқыл концентрациясын анықтау, ұңғымаларды химиялық және термиялық өңдеу аспаптарының, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын және жұмыс принципін, техникалық сипаттамасын.
38. Ұңғымаларды химиялық өңдеу жөніндегі оператор

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ұңғымаларды химиялық өңдеу жөніндегі технологиялық процесін жүргізу және жұмысты үйлестіру. Айдалатын сұйықтың параметрлерін есептеу. Желілердің герметикалығын престемелеу, ұңғымалардың қабылдауыштығын анықтау. 100 атм.дейінгі қысым кезінде химиялық реагенттерді айдау. Сұйықтың агрегат насосына берілуін реттеу. аспаптарды ұңғыма сағасына орнату, оларды сағалық арматурамен қосу. Ұңғымаларды динамометрлеу. Автоматика және телемеханика құралдарын жөндеуге, бастапқы элементтерді баптауға қатысу. Вахталық құжаттаманы жүргізу. Бригаданы басқару. Вахтаны қабылдау және тапсыру.

Білуге тиіс: мұнай мен газ өндіру технологиясын; ұңғымаларды химиялық өңдеу технологиясын; қызмет көрсететін жабдықтың, химиялық реагенттердің концентрациясын анықтау, ұңғымаларды химиялық өңдеу аспаптарының, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен пайдалану ережесін, техникалық сипаттамасын; ерітінділерді дайындаудың рецептурасы мен технологиясын; химиялық реагенттерді дайындау, тасымалдау және сақтау тәсілдерін; қызмет көрсететін аппаратураның, автоматиканың, диспетчерлеу сызбасын; төмен вольтті және электротехникалық қондырғыларда жұмыс істеу ережесін.

39. Ұңғымаларды күрделі жөндейтін бұрғышының көмекшісі
Жұмыс сипаттамасы. Ұңғымаларды күрделі жөндеудің технологиялық процесін жүргізуге қатысу. Көтеру қондырғыларын монтаждауға және демонтаждауға қатысу. Ұңғымаларды күрделі жөндеуді жүргізу жөніндегі дайындық жұмыстарына қатысу, насос-компрессор және бұрғылау трубаларын орнату жөніндегі жоғарыдағы жұмыстарды орындау; жуу стансалары жұмысының параметрлерін қадағалау, машина кілттерін ілу және автоматты кілттерді орнату; желдету жүйесін қадағалау және оны шламнан тазарту;жабдық пен құралды тексеруге және майлауға қатысу; таль жүйесін жарақтандыруға және қайта жарақтандыруға қатысу. Трубаны саусақтарға орнату немесе оларды бұрғылау және насос-компрессор трубаларын түсіру және көтеру кезінде көпіршеге салу жұмыстарын орындау. Трубаларды өлшеуге қатысу. Таль жүйесінің жарамдылығын қадағалау. Кілттерді, элеваторларды, трубалар мен штангаларды бұрау және бұрап алу автоматтарын түсіру-көтеру операцияларына дайындау. Марш баспалдақтары мен полаттердің жарамдылығын қадағалау. Тампондаушы қоспалар мен химиялық реагенттерді дайындауға, ұңғымаларды қышқылды және гидротермиялық өңдеуге; ұстап қалу, зерттеу және ату жұмыстарын жүргізуге ұңғымаларды игеруге, канат әдісімен ұңғыма жөндеуді жүргізуге, турбұрғылар мен забой қозғағыштарын құрастыруға, бөлшектеуге және сынамалуға қатысу. Металл пластырьллерін, эксплуатациялық және престелетін пакерлерді, ұстағыш және кескіш құралдарды, забой жабдықтарын, сүзгіштерді, саға байламдарын, атқыма арматураларды, шығарындыға қарсы жабдықтар мен өрт сөндіру құралдарын құрастыруға, бөлшектеуге және орнатуға, саға пакерлерін ауыстыруға, жоғары және төмен қысымды желілерді монтаждауға, демонтаждауға, байлауға және престеуге қатысу. Жабдық пен құралды тікелей ұңғымаларда ағымдық жөндеуді жүргізу. Жетекті ротордың жарамдылық жағдайын, сұйықтардың, тампондаушы қоспалар мен химиялық реагенттердің параметрлерін бақылау. Ұңғымадағы электр жабдығы мен жарық беру аппаратурасын штепсельді ажыратқышы болса, қосу және ажырату

Білуге тиіс: ұңғымаларды күрделі жөндеу технологиясын; ұңғымаларды күрделі жөндеу кезінде қолданылатын жабдықтың, механизмдер мен бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын және пайдалану ережесін; жуу насостарын қосу тәртібін, олардың құрылымы мен жөндеу технологиясын; қолданылатын тампондаушы сұйықтар, тұншықтыру қоспалары, көп компонентті ерітінділер, химиялық реагенттер, балшықты ерітінділер туралы және оларды дайындау тәсілдері туралы деректерді; қышқылдармен және сілтілермен жұмыс істеу ережесін; ұңғымаларды игеру әдістерін; ұңғымаларды аспаптармен ("Надым", "Дикт" және т.б.); жабдықты байламдау сызбасын; элеваторлардың, көтеру ілмектерінің, таль блоктарының, кронблоктардың, вертлюгтер мен канаттардың типтері мен мөлшерлерін; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс принципін; көтеру құрылғылары мен механизмдерінің құрылымын; трубалар мен и штангаларды түсіру-көтеру және құралды ұзарту кезіндегі операциялардың кезектілігін; қолданылатын құралдарды және оларды пайдалану ережесін; марш баспалдақтарының, полаттардың, шам орнатуға арналған кронблок астындағы алаңдар мен саусақтардың құрылымын; шықпаға қарсы құрылғыны басқару ережесін; жұмыс орындарын жоспарлаудың үлгілік жобалары мен еңбектің озық және қауіпсіз жолдары картасын.

Күрделілігі I санаттағы ұңғымалардағы жұмыс кезінде - 4-разряд;

күрделілігі IІ санаттағы ұңғымалардағы жұмыс кезінде - 5-разряд;

тереңдігі 4000 м асатам ұңғымалардағы жұмыс кезінде - 6-разряд.



6-санаттағы ұңғымаларды күрделі жөндейтін бұрғышының көмекшісі үшін орта кәсіптік білім талап етіледі.
40. Теңіздегі жүзбелі бұрғылау агрегаты бұрғышысының көмекшісі

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Теңізде жүзбелі бұрғылау агрегатын орнатуға, агрегатты жұмысқа дайындауға, бұрғылау құралын түсіруге және көтеруге қатысу. Құралды, шығырды, насосты тексеру және дайындау. Жекелеген тораптарды майлау және бекіту.

Білуге тиіс: теңізде тік шурфты бұрғылау, құрал мен арматураны түсіру және көтеру, шурфтар мен қадаларды цемент қоспасымен толтыру жөніндегі технологиялық процессті және операциялардың кезектілігін; қолданылатын құралдың құрылымын; қарапайым теңіз тораптарын шешу тәсілдерін.
41. Теңіздегі жүзбелі бұрғылау агрегаты бұрғышысының көмекшісі

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Теңізде бұрғылау процесін біліктілігі анағұрлым жоғары теңіздегі жүзбелі бұрғылау агрегаты бұрғышысының көмекшісінің басшылығымен жүргізу. Барлық типтегі тіреулерді, полотноларды, секцияларды орнату және оларды бекіту. Насос агрегатының жұмысын қадағалау және оны басқару. Цемент ерітіндісін дайындау. Шурфтар мен қадаларды толтыру. Қолданылатын жабдықтың жарамдылығын қадағалау.

Білуге тиіс: теңізде бұрғылаудың технологиялық процесін; апаттардың себептерін және олардың алдын алу мен жою әдістерін; бұрғы жабдығы мен құралының құрылымы мен жұмыс принципін; теңіз бұрғылары негіздемелерінің блоктарының, секциялары мен полотноларының типтері мен мөлшерлерін; таль блоктарының, кронблоктардың, вертлюгтер мен канаттардың типтері мен мөлшерлерін; қолданылатын болат және трос, канаттардың түрлерін; жүзбелі бұрғы агрегатында орнатылған бақылау-өлшеу аспаптарының нысаны мен пайдалану ережесін.
42. Теңіз бұрғылары мен эстакадалары негіздемелерін монтаждау және жөндеу жөніндегі слесарь

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Теңіз мұнай кәсіпшілігі құрылғыларының жекелеген тораптарын жөндеумен байланысты қарапайым монтаждау, демонтаждау және ұсталық жұмыстарды біліктілігі анағұрлым жоғары теңіз бұрғылары мен эстакадалары негіздемелерін монтаждау және жөндеу жөніндегі слесарьдің басшылығымен орындау. Жұмыс орнын жөндеу жұмыстары өндірісіне дайындау. Теңіз эстакадаларында, тротуарларда, брусьялар мен қоршамаларда тар табанды жолдарды ағымдық жөндеу. Эстакада мен теңіз негіздемелеріндегі жұмыс және қорғану төсемін ішінара бөлшектеу және құрылымдау. Қада қағу агрегатын құрастыруға, бөлшектеуге, жарақтандыруға және жұмысқа дайындауға қатысу. "Электргазбен пісірушіге" бұрғы құрылғыларында жөндеу жұмыстарын орындауда көмек көрсету.

Білуге тиіс: теңіз мұнай кәсіпшілігі құрылғыларын жөндеу кезіндегі операциялардың кезектілігін; қарапайым ұста және слесарь жұмыстарын; қолданылатын ұста және слесарь құралдарын; қада қағу жұмыстарының негізгі жолдарын; конструкциялар мен жүктерді ілмектеу және орнын ауыстыру ережесін.
жүктеу 1,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау