Білуге тиіс: қолданылатын электрмен, газбен пісіру аппараттарының типтері мен құрылымын; пісірме жіктерді сынау тәсілдерін; пісірме жіктердегі ақаудың түрлерін мен оларды жою әдістерін; пісіру режимін; күрделі конструкциялардың сызбаларын оқудың тәртібін; қолданылатын жабдықтар мен коммуникациялардың орналасу сызбасын; бұрғы қондырғысын монтаждау және бөлшектеудің тәртібі мен ережесін; бумен, сумен жабдықтау коммуникацияларының сызбасын.
9. Мұнара монтаждаушы-пісіруші
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бұрғы қондырғылары мен қазандықтарды; бұрғы мұнарасы мен негіздеменің жүк көтеруші тораптарын; үлкен динамикалық және вибрациондық жүктемемен жұмыс істейтін, болаттың әртүрлі маркаларынан жасалған труба құбырлары мен қысымы 15 МПа (150 кгс/см2) дейінгі манифольдарды, сыйымдылық асты негіздемелерді, балшық араластырғыштарды, циркуляциондық жүйелерді, ерітінді дайындау блоктарын монтаждау және бөлшектеу кезінде пісірме жіктің барлық кеңістік жағдайларында электрмен және газбен пісіру жұмыстары. Шойыннан жасалған бұрғы насостары мен корпустарының гидравликалық бөлігіндегі жарықтарды пісірмелеу. Электр жеткізу желілері тіреулерін орнату кезіндегі пісіру жұмыстары өндірісі. Манифольдарды салу және орамалау. Көтеру-тасымалдау құралдарын қолдана отырып блоктарды түйістіру және басқа да ұқсас жұмыстарды орындау.
Білуге тиіс: қолданылатын пісіру агрегаттар мен машиналарының электр сызбалары мен құрылымын; жоғары легирленген болатты қоса, пісірілетін материалдардың технологиялық қасиеттерін; пісірме жіктерді салудың технологиялық кезектілігін және пісіру режимін; бұрғы қондырғыларының техникалық сипаттамасы мен олардың нысанын; бұрғы блоктары мен жабдықтарын монтаждау, бөлшектеу және тасымалдауға арналған құралдарды; бұрғы қондырғысын орнату және орамалау сызбаларын; бұрғы қондырғысын құрудың индустриялдық әдістерін.
10. Мұнара монтаждаушы-пісіруші
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бұрғы қондырғысының үлкен қысыммен және вибрациондық жүктемемен жұмыс істейтін, технологиялық желілерін (манифольдар, стояктар); жоғары динамикалық жүктемемен жұмыс істейтін мұнара тораптарын; бұрғы қондырғыларының күштік жетектеріне арналған газ магистральді труба құбырларын; труба құбырлары мен қысымы 15 МПа (150 кгс/см2) труба құбырлары мен жоғары манифольдарды; ауыр дизельді қозғағыштар мен ауа жинағыштардың корпустарын монтаждау және бөлшектеу кезінде пісірме жіктің барлық кеңістік жағдайларында электрмен және газбен пісіру жұмыстары. Бұрғы қондырғысын құру кезіндегі монтаждау және бөлшектеу жұмыстарын орындау.
Білуге тиіс: электрмен және газбен пісіру жұмыстары технологиясын, пісірме жіктерді термиялық өңдеу түрлерін; пісірме жіктердің металлографиясы жөніндегі негізгі деректерді; пісіруге өңдеу түрлерін және ауа райы жағдайының пісірме жік сапасына әсерін; коррозия түрлерін, оларды туындататын факторларды және одан қорғау әдістерін; бұрғы және күштік жабдықтың орналасу мен орамалау сызбасын; жүк көтеруші тораптарын конструкцияларды бұрғы мұнарасы жағдайында сынау әдістерін; бұрғы қондырғысын құру кезіндегі монтаждау және бөлшектеу жұмыстары технологиясын.
Орта кәсіптік білім талап етіледі.
11. Мұнара монтаждаушы-электр жөндеуші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қуаты 100 кВт. дейінгі тұрақты және ауыспалы ток жабдығын монтаждау, құрастыру, реттеу және тапсыру. Ерітіндіні дайындау және тазарту блоктарына арналған топтық ажыратқыштарды, гидроциклонды қондырғыныи, бұрғылау процесінде ұңғыманы толтыру жүйелерін құрастыру және бөлшектеу. Бұрғы қондырғысын электрмен жабдықтау желілерінің трубалары мен қораптарын салу. Таратып бөлу щиттері мен электр шкафтарды, шина жиынтықтарын, реостаттарды, жерге қосу желілерін, қосу контроллерлерін монтаждау және бөлшектеу. Бұрғы қондырғысын бекітілген сызба бойынша жарықтандыруға арналған шамдарды зарядтау және орнату. Электр қозғағыштардағы подшипниктерді ауыстыру. Қуаты 100 кВт. жоғары электр жабдығын біліктілігі анағұрлым жоғары мұнара монтаждаушы-электр жөндеушінің басшылығымен монтаждау, құрастыру, реттеу және тапсыру. Бұрғы қондырғысы блоктарын монтаждау және бөлшектеу бұрғы жабдығын тасымалдау және басқа да ұқсас жұмыстарды орындау.
Білуге тиіс: электротехника негіздерін, орындалатын жұмыс шегінде; қуаты 100 кВт. дейінгі бұрғы қондырғылары электр жабдықтарының, қолданылатын бақылау-өлшеу аппаратурасының негізгі түрлерінің нысанын және техникалық сипаттамасын; бұрғы қондырғысындағы электр аспаптары мен электр жабдығының орналасу сызбасын; электр жабдығын монтаждау кезінде қолданылатын материалдардың қасиеттерін; электр беру мен электр жарығы желілерін монтаждау және бөлшектеу ережесін; бұрғы қондырғысын монтаждау, бөлшектеу және тасымалдау әдістерін.
12. Мұнара монтаждаушы-электр жөндеуші
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қуаты 100 кВт. жоғары тұрақты және ауыспалы ток жабдығын монтаждау, құрастыру, реттеу және тапсыру. Бұрғы қондырғысына жоғары вольтті таратып бөлу құрылғылары жинақтарын орнату. Шығыр жетегінің асинхронды және насос жетегінің синхронды қозғағыштарын монтаждау, бөлшектеу және реттеу. Дизель электр агрегаттарының таратып бөлу щитіндегі ауыспалы үш жолақты автоматтарды, қосалқы шығырдың электр қозғағышын басқаратын контроллерлерді, электр тізбегіндегі ток коммутациялауды басқару блогын орнату және реттеу. Желіні таңбалау және бақылау кабельдерін тарту. Бақылау кабельдері желісін қосуға арналған жиынтық клеммдерді орнату. Кабельдерді науалар мен блоктар бойынша желілік ұштық муфталар мен клемм қораптарымен жалғастырып монтаждай отырып тарту. Ток, уақыт және температура релесін реттеу. Бұрмалы кран электр жабдығын, релелі-контактілі басқарылатын қайтала коммутация сызбасын монтаждау. Бұрғы мұнараларын, бұрғы жанындағы құрылғыларды, мұнараны түсіру және көтеру механизмдерін монтаждау, бөлшектеу және тасымалдау.
Білуге тиіс: монтаждалатын қуаты 100 кВт. жоғары электр жабдығының құрылымын, нысанын және техникалық сипаттамасын; электр жабдығын қосу сызбасын, бұрғы қондырғысын энергиямен қамтамасыз ету сызбасын; электр жабдығын, бақылау-өлшеу және қосуды реттеу аппаратурасын, электр жабдығы коммутациясын монтаждаудың кезектілігін, электр сызбаларын қосудың дұрыстығын тексеру әдістерін; бұрғы қондырғысын монтаждау, бөлшектеу және тасымалдау әдістері мен ережесін.
13. Мұнара монтаждаушы-электр жөндеуші
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғары вольтті жабдықты монтаждау, бөлшектеу, құрастыру және сынау. Бұрғылау процесін бақылау стансаларындағы қайталама коммутация және реле қорғанысы электр тізбектерін, долотты беру реттеуіштерін, көтеру-түсіру автоматтары мен т.б. құрастыру және бөлшектеу. Шығырдың бас жетегі тежегіш жүйесінің тізбегіндегі қосуды реттеу аппаратурасын, соңғы ажыратқыштар мен магнитті қосқыштарды орнату. Асинхронды және синхронды электр қозғағыштарды, күштік және бақылау кабельдерін сызба бойынша қосу және қайталама коммутация сызбасын реле-контактілі және тиристорлық басқарумен монтаждау. Қашықтықтан басқару сызбасын монтаждау және сынамалау. Күштік трансформаторларды, көтеру-түсіру автоматтарын, асинхронды және синхронды қозғағыштарды монтаждау. Монтаж жұмыстары процесінде электр жабдығы сызбаларындағы ақаулар мен зақымдарды анықтау. Электр жабдығын обкаткадан өткізу және оны пайдалануға тапсыру. Бұрғылау процесін басқару пульттерін монтаждау және бөлшектеу, электр жабдығын сынау.
Білуге тиіс: жоғары вольтті электр жабдығын, қосу сызбасы күрделі тұрақты және ауыспалы ток аппаратурасы мен аспаптарының сызбаларын; бұрғы қондырғысы электр жабдығының техникалық сипаттамасын; жабдықты орналастыру кезінде электр сызбалары мен чертеждерді оқуды; қарсыласу және оқшаулау шамасын өлшеу тәсілдерін; бұрғылауда жабдықталған жерге қосу контурының, және бұрғыдан тыс жабдықталған жеке жабдықтың есебін; кабельдерді және жоғары қуатты муфталарды жалғау әдістерін; бұрғы қондырғысының, жабдығының құрылымын.
14. Зертханашы-коллектор
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бұрғылаудағы бұрғы және цемент ерітінділерінің параметрлерін өлшеу және химиялық өңдеу, оларды вахталық журналға тіркеу. Химиялық реагенттердің дайындалуын қадағалау. Цементаж жұмысы процесінде цемент ерітіндісінің сынамасын алу. Керннің іріктелуін, жыныс сынамасының іріктелуін қадағалау, оларды буып-түю және жөнелту. Алғашқы геологиялық құжаттаманы жүргізу.
Білуге тиіс: геологиялық кен орны жөнінде, мұнайды, газды басқа да пайдалы қазбаларды бұрғылаудың технологиялық процесі туралы негізгі деректерді; бұрғы ерітінділерінің, тампонаж цементінің, ауырлатқыштар мен химиялық реагенттердің негізгі физикалық-химиялық қасиеттерін; бұрғы ерітінділерін, химиялық реагенттерді дайындау тәсілдерін; бұрғы, химиялық ерітінділерінің параметрлерін айқындауға арналған бақылау-өлшеу аппаратурасының нысанын және пайдалану ережесін.
15. Зертханашы-коллектор
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бұрғы және цемент ерітінділерін өңдеу рецептін жасау. Бұрғылаудағы тез ұстап қалатын қоспалардың сіңумен күрес кезіндегі дайындалуын, керннің салынуын бақылау және оның сипаттамасының дұрыстығын бақылау. Бұрғы ерітінділерін өңдеуге қолданылатын реагенттердің сапасын анықтау, ерітінді сапасын жақсартумен байланысты зерттеулер жүргізу. Аспаптардың көрсеткіштерін бақылап тексеру. Ерітінді параметрлерін өлшеу аппаратурасын профилактикалық қарау және жөндеу.
Білуге тиіс: кен орны геологиясы, жөнінде, мұнайды, газды басқа да пайдалы қазбаларды бұрғылаудың технологиялық процесі туралы негізгі деректерді; бұрғы ерітінділерінің, тампонаж цементінің, ауырлатқыштар мен химиялық реагенттердің негізгі физикалық-химиялық қасиеттерін; бұрғы, химиялық ерітінділерінің параметрлерін айқындауға арналған бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылымын; бұрғылау процесіндегі қиындықтарды жою әдістерін; кернді іріктеу және сипаттау әдістерін; бұрғы ерітіндісін дайындауға арналған жабдықтың және айлабұйымның құрылымы мен нысанын.
16. Мұнай мен газ бұрғылау қондырғыларының машинисі
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күштік және дизельді электр агрегаттарының, отын-май қондырғысының, компрессорлардың, бұрғы қондырғысының трансмиссиясы мен пневматикалық жүйесінің, бұрғы қондырғысының электр жабдығының сомаланған қуаты 1000 кВт дейінгі қозғағыштарына қызмет көрсету және оларды жөндеу, сондай-ақ біліктілігі анағұрлым жоғары бұрғы қондырғысы машинисінің басшылығымен қуаты 1000 кВт дейінгі жоғары қозғағыштар мен газ турбинді қозғағыштарды жөндеу және қызмет көрсету. Қозғағыштарды майлау және жанармай құю, май мен тоңазытқыш сұйық құю. Бұрғы жабдығы мен қозғағыштарды монтаждау, бөлшектеуге және тасымалдауға қатысу.
Білуге тиіс: бұрғы жабдығы мен қозғағыштарды, күштік агрегаттар мен беру құрылғыларының құрылымын; бұрғы жабдығы мен қозғағыштардың жұмыс принципін, бұрғы жабдығының, көмекші жүйелер мен қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматиканың нысанын; жанар-жағармай материалдарының маркалары мен сұрыптарын; электротехника жөніндегі негізгі деректерді.
17. Мұнай мен газ бұрғылау қондырғыларының машинисі
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күштік және дизельді электр агрегаттарының, отын-май қондырғысының, компрессорлардың, бұрғы қондырғысының трансмиссиясы мен пневматикалық жүйесінің, бұрғы қондырғысының электр жабдығының қоса алғандағы қуаты 1000 кВт дейінгі қозғағыштарына қызмет көрсету және оларды жөндеу, сондай-ақ біліктілігі анағұрлым жоғары мұнай мен газ бұрғы қондырғысы машинисінің басшылығымен қуаты 1000 кВт дейінгі жоғары қозғағыштар мен газ турбинді қозғағыштарды жөндеу және қызмет көрсету. Күштік жабдық пен автоматтарды бөлшектеу, құрастыру, орталандыру, ақауларын жою және реттеу. Қозғағыштар мен күштік агрегаттарға ағымдық және күрделі жөндеу жүргізу, дизельдерді реттеу. Күштік және бұрғы жабдығының, қозғағыштардың, күштік агрегаттардың, дизельгенераторлы және басқа да стансалардың жұмысындағы ақаулардың алдын алу шараларын қабылдау. Суыту, майлау, отын беру және күштік агрегаттардың газ бөліп тарату жүйелерін, күштік агрегаттарды қашықтықтан басқару және күштік агрегаттарды автоматты қорғау жүйелерін реттеу және жүктемелеу. Турботрансформаторлар мен турбомуфталарға қызмет көрсету, оларды бөлшектеу, жөндеу және құрастыру, реттеу және ыңғайлау. Жаңа және күрделі жөндеуден шыққан қозғағыштар мен күштік агрегаттардың бұрғылау жағдайлары мен жыл маусымына қарай қажетті жұмыс режимімен қамтамасыз ету. Вахта журналын, қозғағыштар мен күштік агрегаттардың жұмыс есебін, жанар-жағармай материалдарының шығыс есебін жүргізу. Бұрғы және күштік агрегаттарды жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі жұмысшыларға басшылық ету.
Білуге тиіс: бұрғылаудың технологиялық процесін;, күштік агрегаттар мен өткізу құрылғыларының техникалық сипаттамасын, құрылымын; мұнара жанындағы құрылғылар мен коммуникациялардың нысанын; күштік, бұрғы жабдығымен автоматтар қозғағыштарында ақаудың пайда болу себептерін және олардың жою тәсілдерін; күштік, бұрғы жабдығын реттеу тәсілдерін; күштік, бұрғы жабдығын майлау ережесін; қозғағыштар жұмысының температуралық режимін; автоматтардың құрылымын; қашықтықтан басқару жүйелерінің жұмыс сызбасын; күштік жабдық жұмысының есеп және есептілік жүйесін; жанар-жағармай материалдарының шығыс нормаларын; электротехника негіздерін.
Қуаты 1000 кВт жоғары қозғағыштарына және сомаланған қуаты1000 кВт жоғары қозғағыштар мен газ турбинді қозғағыштарды жөндеу және қызмет көрсету - 5-разряд;
сомаланған қуаты1000 кВт жоғары қозғағыштар мен газ турбинді қозғағыштарды жөндеу және қызмет жөніндегі жұмысшыларға басшылық жасау кезінде - 6-разряд;
Орта кәсіптік білім талап етіледі.
18. Цементтеуші агрегат моторисі
Жұмыс сипаттамасы. Ұңғымаларды, қабаттың гидравликалық үзігін цементтеу, ұңғымаларды химиялық өңдеу жүргізу кезінде, күштік және технологиялық жабдыққа, цементтеуші агрегаттың жүру бөлігіне қызмет көрсету. Цементтеуші агрегатты нысандағы жұмысқа дайындау. Жоғары және төмен қысым желілерін құрастыру, бөлшектеу, орамалау және престемелеу. Ұңғымаларды, қабаттың гидравликалық үзігін цементтеу, ұңғымаларды химиялық өңдеу, жылу өңдеу, ұңғыманы өшіру және жуу, цемент көпірлерін орнату технологиялық процесін жүргізуге қатысу. Айналма және бұрғылау трубаларын, манифольдарды престемелеуге қатысу. Цементтеуші агрегаттың қозғағыштарының қалыпты жұмысын қамтамасыз ету. Цементаж сәтінің аяқталуын анықтау. Технологиялық сұйықты қайта айдау (қысымсыз). Ұңғымаға айдалатын сұйықтың жұмсалуын қадағалау. Цементтеуші агрегаттың жұмыс процесінде пайда болатын ақауларды жою. Автомобильді басқару, май құю. Цементтеуші агрегат пен автомобильге алдын ала және ағымдық жөндеу өндірісі. Жүргізілген жұмыстарға құжаттама әзірлеу.
Білуге тиіс: ұңғымаларды бұрғылаудың және мұнай, газ бен басқа да пайдалы қазбаларды өндірудің технологиялық процесін; цементтеуші агрегат пен автомобильдің техникалық сипаттамасын, нысанын, құрылымын, пайдалану ережесін; агрегаттардың барлық тораптарының өзара әрекеті мен жұмыс принципін; ұңғымаларды, қабаттың гидравликалық үзігін цементтеудің, ұңғымаларды химиялық өңдеу, жылу өңдеу, ұңғыманы өшіру және жудың технологиялық процесін; цементтеуші агрегатты жөндеудің түрлерін; слесарь ісін; ұңғымаларды күрделі жөндеу мен игеру технологиясы туралы негізгі деректерді.
Қысымы 15 МПа (150 кгс/см2) дейінгі цементтеуші агрегаттарда жұмыс істеу кезінде - 5-разряд;
қысымы 15 МПа (150 кгс/см2) жоғары цементтеуші агрегаттарда жұмыс істеу кезінде - 6-разряд.
19. Цемент-құм араластыру агрегатының моторисі
Жұмыс сипаттамасы. Ұңғымаларды, қабаттың гидравликалық үзігін цементтеу, гидроқұм ағынды перфорация және мұнай өндіруді интенсивтендіру және ұңғымаларды гравийлі сүзгілермен жабдықтау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде цемент-араластыру немесе құм араластыру агрегаттарына қызмет көрсету. Ұңғымаларды, қабаттың гидравликалық үзігін цементтеу, гидроқұм ағынды перфорация және гравийлі материалдарды жуу технологиялық процесіне жүргізуге қатысу. Технологиялық сұйықты қайта айдау (қысымсыз). Цементтеуші агрегаттың жұмыс процесінде пайда болатын ақауларды жою, агрегат қозғағыштарының қалыпты жұмысын қамтамасыз ету. Автомобильді басқару, май құю. Жүргізілген жұмыстарға құжаттама әзірлеу. Цемент тасығыш жабдығына қызмет көрсету.
Білуге тиіс: ұңғымаларды, қабаттың гидравликалық үзігін цементтеу, гидроқұм ағынды перфорация және мұнай өндіруді интенсивтендірудің технологиялық процесі мен нысанын; цемент-араластыру немесе құм араластыру агрегаттарының нысанын, құрылымын, техникалық сипаттамасын және пайдалану ережесін, агрегат тораптарының құрылымын, өзара әрекетін және жұмыс принципін, агрегаттардың ықтимал ақауларының сипатын және олардың алдын алу мен жою шараларын; цемент тасығыш құрылымын; слесарь ісін; ұңғымаларды күрделі жөндеу мен игеру, ұңғымаларды забой жабдығымен жайғастыру технологиясы туралы негізгі деректерді.
Агрегаттарды тек құм араластыру жұмыстарында жүйелі пайдалану кезіндегі, цемент-араластыру немесе құм араластыру агрегаттарында жұмыс істеген кезде - 5-разряд;
Қабаттың гидроүзігі кезінде ерітіндіні бір мезгілде араластырып және айдай отырып, цемент-араластыру немесе құм араластыру агрегаттарында жұмыс істеген кезде - 6-разряд.
Орта кәсіптік білім талап етіледі.
20. Цементажды бақылау стансасының оператор-моторисі
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Цементажды бақылау стансасына қызмет көрсету. Қоймадан сәуле көзін алу және оны цементажды бақылау аспабына орнату. Фланецті қосындылардың, расходомер датчиктерінің, плотномер мен қысым датчигінің сенімді бекітілуін тексеру. Цементтеуші агрегаттар мен цемент араластыру машиналарының стансамен және манифолдімен байланыс кабельдерін қосуға қатысу. Жазылатын параметрлердің дәлдігін қамтамасыз ету. Штепсель аралықтарының сенімді бекітілуін тексеру. Кабельді цементжды бақылау аспаптарының датчиктері қорабымен қосу. Автомашинаны басқару, оған май құю, стансаны, автомашинаны ағымдық және алдын ала жөндеуді жүргізу.
Білуге тиіс: ұңғымаларды, қабаттың гидравликалық үзіктерін цементтеудің, химиялық өңдеудің технологиялық процесін; цементажды бақылау стансасының нысаны мен техникалық сипаттамасын, оны басқару ережесін; аспаптарды, цементтеуші және цемент араластырғыш машиналарды, шығару блоктарын қосу сызбасын; радиоактивті заттармен және сәуле көздерімен жұмыстың санитарлық ережесін; отынның және майлаудың түрлерін; станса мен автомобиль жұмысындағы ақаулардың алдын алу және жою тәсілдерін; стансаны ұстау ережесін.
21. Ұңғымаларды сынамалау (сынау) жөніндегі оператор
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ұңғымаларды сынамалау (сынау) процесін біліктілігі анағұрлым жоғары ұңғымаларды сынамалау (сынау) жөніндегі оператордың басшылығымен жүргізу. Әрбір операциядан кейін қабат сынағышты бөлшектеу, жуу. Резбалы қосындылардың, бөліктердің өзара әрекеті мен сальникті тығыздауыштың жай-күйін тексеру. Сальникті тығыздауыштарды жөндеу немесе бөлшектерін ауыстыру және қалпына келтіру. Қабат сынағыштарды құрастыру және престемелеу. Пакерлерді тексеру, пакеровканың герметикалығын тексеру. Сынау құралы жиынтығын құрастыру, бұрғылау трубаларын іріктеу. Отырғызу интервалдарынан өту кезінде қабат сынағыштың түсірілуі мен көтерілуін қадағалау. Сынама сұйығын іріктеу. Ұңғыма сағасында шықпаға қарсы жабдықты монтаждауға қатысу.
Білуге тиіс: кен орны геологиясын, мұнай, газ және басқа да пайдалы қазбалар ұңғымаларын бұрғылаудың технологиялық процесін және ұңғымаларды сынамалауды; қабат сынағыш пен сынама іріктеу іштің нысанын, құрылымын, техникалық сипаттамасын, оларды құрастыру мен бөлшектеу тәртібін; ұңғыма сағасында шықпаға қарсы жабдықты монтаждау сызбасын; бұрғы трубалары мен насос-компрессор трубаларының типтері мен мөлшерлерін; пакерлердің типтері мен мөлшерлерін; мұнай, газ, су көрінісі себептерін; слесарь ісін.
5-разряд__Жұмыс_сипаттамасы.'>22. Ұңғымаларды сынамалау (сынау) жөніндегі оператор
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ұңғымаларды сынамалау (сынау) процесін жүргізу. Қума желінің жай-күйін тексеру. Бұрғылауда қабаттарды тексеру жұмысына қажетті құралдарды дайындау. Ұстынның жекелеген учаскелерінің герметикалылығын тексеру, цемент көпірлерін орнату жұмысына және оларды престемелеуге қатысу. Қабат сынағыш пен сынама іріктеуші апаттарын жоюға қатысу. Пайдаланылатын жабдықтың, құрал мен бақылау-өлшеу аспаптарының жай-күйін қадағалау.
Білуге тиіс: кен орны геологиясын, мұнай, газ және басқа да пайдалы қазбалар ұңғымаларын бұрғылаудың технологиялық процесін; ұңғымаларды сынамалау жұмыстарын жүргізу технологиясы мен әдістерін; ұңғыманы пакерлеуге қажетті қыспа жүктеме шамасын; қабат сынағыштың созу жүктемесінің шекті шамасын; ұңғыманы сынауға дайындау жөніндегі жұмысты; қабат сынағыш пен сынама іріктеуішпен жұмыс кезінде пайда болатын ақаулардың себептері мен оларды жою тәсілдерін.
23. Ұңғыма цементажы жөніндегі оператор
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Цемент-араластыру машинасына қызмет көрсету және цемент ерітіндісін әзірлеу мен цементаж кезінде оның жұмысын реттеу. Шнектерді орнату және бөлшектеу. Цементті сұрыптау және оны бұрғылауға жөнелту жұмыстарын ұйымдастыру.
Білуге тиіс; тампонажды цементтердің физикалық-химиялық қасиеттерін; цемент-араластыру машиналарының құрылымын, техникалық сипаттамасын; цемент-араластыру машиналарының көмегімен цемент ерітіндісін дайындау технологиясын; цемент сапасын анықтау тәсілдерін; тампонажды цементтерге, қиындықтармен күресу кезінде қолданылатын цемент негізіндегі ерітінділерге қойылатын талаптарды.
4-разряд__Жұмыс_сипаттамасы.'>24. Ұңғыма цементажы жөніндегі оператор
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тереңдігі 4000 м дейінгі ұңғымалар мен қабаттың гидравликалық үзігін цементтеудің технологиялық процесін жүргізуге қатысу. Қума желінің агрегаттармен және арматура сағасымен құрастыру, бөлшектеу және байламдау. Төмен және жоғары қысым желілерін престемелеу. Цементтеуші ұш пен манометрлерді орнату, оның жұмысын және тіркеуші аспап көрсеткіштерін қадағлау. Цементтеуші ұш тығын салу. Цементтеуші ұштағы крандарды ашу және жабу, судың және сұйықтың агрегатқа берілуін реттеу. Цементтің ұстау мерзімін тежейтін және жылдамдататын қосылған суды дайындау. Беру шнектерінің жұмысын, берілетін қоспа консистенциясын қадағалау. Цемент-араластыру машинасын алдын алу және ағымдық жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: қабаттың гидравликалық үзігін цементтеудің технологиялық процесін; цемент араластыру және цементтеуші агрегаттардың техникалық сипаттамасы мен нысанын; цемент ерітіндісін дайындау тәсілдері мен цемент консистенциясын реттеу тәсілдерін, қолданылатын цемент маркасына қарай құюдың ұзақтығын; ұңғыманың температурасы мен тереңдігін; қабаттың гидравликалық үзігін цементтеудің сәтсіз өтуі себептерін және олардың алдын алу мен жою шараларын; слесарь ісін орындалатын жұмыс шегінде.
Тереңдігі 4000 м артық ұңғымалардағы жұмыс кезінде - 5-разряд.
25. Трубаларды престемелеуші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ұңғымаларды бұрғылау кезінде қолданылатын трубалардың барлық түрлері мен мөлшерлерін 10 МПа (100 кгс/см2) дейінгі қысыммен престемелеу. Трубаларды престемелеуге жүк көтеру механизмдерінің көмегімен беру. Трубаларды престемелеу орнына әкелу, сақтандыру сақиналары мен ниппельдерді престемлеу алдында бұрап алу, резьбаларды майлау, престемелеуден кейін сақиналарды бұрап кіргізу, престемелеуден кейін трубаларды шаблондау және жинау. Престемелеу жабдығын құрастыруға және бөлшектеуге қатысу, жабдықты престеуді жүргізуге дайындау, жабдық пен айлабұйымдарды алдын алу және ағымдық жөндеуге қатысу. Алғашқы құжаттаманы жүргізу.
Білуге тиіс: трубаларды престемелеу технологиясы мен ережесін; престемелеу жабдығының, жүк көтеру механизмдері мен шағын механизация элементтерінің нысанын, құрылымы мен техникалық сипаттамасын; трубалардың, пресстемелеу арматурасының, калибрлердің, шаблондардың, щуптардың мақсаты, типтері мен мөлшерлерін; бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын және әрекет ету принциптерін; электротехника, слесарь ісін орындалатын жұмыс шегінде.
Трубаларды 10 МПа (100 кгс/см2) –ден15 МПа (150 кгс/см2) дейінгі жоғары қысыммен престемелеу кезінде - 4-разряд;
трубаларды 15 МПа (150 кгс/см2) жоғары қысыммен престемелеу кезінде - 5-разряд.
Достарыңызбен бөлісу: |