6 Бензиндік қозғалтқыштардың қоректендіру жүйесі


Жоғары қысымды отын құбырлар



жүктеу 345,41 Kb.
бет8/18
Дата19.01.2022
өлшемі345,41 Kb.
#33446
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
6 Қоректіндіру жүйесі (бензин)

Жоғары қысымды отын құбырлар. Электрлік бензин сорғысын отын рампасымен жалғайтын құбыршектер және түтіктер карбюраторлық қозғалтқыштың аналогты элементтерінен жоғары беріктікпен ерекшеленеді және 0,3 МПа астам қысымға есептелген.
Ауа сүзгісі. Бензин бүркіп енгізілетін қозғалтқыштардың ауа сүзгісі карбюраторлық қозғалтқыштардың ауа сүзгілеріне ұқсас жасалған және әрекет етеді.

ГАЗ-3110 автомобилінде орнатылатын ЗМЗ-4062 қозғалтқышының ауа сүзгісі ауа жинайтын келте құбырлары 23 бар корпустан 13 (2.57 сур.), шығыстық келте құбырлары 16 бар қақпақтан 15 және оған бекітілген сүзгіш элементтен 9 құралады. Сүзгінің металл корпусы қамыт 12 және екі сомын 22 көмегімен төсеме 14 арқылы мотор бөлімінің оң қалқаншасына бекітіледі. Сүзгіге ауаның жиналуы радиатор әрлемесінің қалқанша астына орналастырылған келте құбырлар 1 және 2 арқылы жүзеге асырылады. Кейін ауа жинағыш құбыршектер 3 және 4 бойынша келте құбырлар 23 арқылы ауа сүзгі корпусының 13 ішкі қуысына келіп түседі





    1. сур. ЗМЗ-4062 қозғалтқышының ауа сүзгісі:

1 және 2 — сәйкесінше жоғарғы және төменгі ауа жинағыш құбыршектердің ауа жинағыш келте құбырлары; 3 және 4 — сәйкесінше жоғарғы және төменгі ауа жинағыш құбыршектер; 5 — сомын-қосқұлақ; 6 — тығырық; 7 — тығыздағыш төсемше; 8 — сүзгіш элементті бекітуге арналған бұрандасы бар өзек; 9 — сүзгіш элемент; 10 — перфорацияланған қорғаныстық болат таспа; 11 — сүзгіш элементтің тығыздағыш төсемшесі; 12 — ауа сүзгісінің корпусын бекітетін қамыт; 13 — ауа сүзгісінің корпусы; 14 — сүзгі корпусының төсемшесі; 15 — сүзгі қақпағы; 16 — қақпақтың келте құбыры; 17 — ауаның массалық шығынының бергішіне ауа жеткізетін құбыршек; 18 — ауаның массалық шығынының бергіші; 19 — ауа өткізгіш құбыршектерді бекітетін қамыттар; 20 — дроссельді буынның келте құбыры; 21 — серіппелі ысырма; 22 — қамытты бекітетін сомын; 23 — сүзгі корпусының келте құбырлары; 24 — дроссельді буынға ауа жеткізетін құбыршек; 25 — ауа жинағыш құбыршектер қамыты.
Қақпақ сүзгі корпусына 13 үш серіппелі ысырма 21 көмегімен бекітіледі. Сүзгіш элемент 9 оған жабыстырылған тығыздағыш төсемше 11 арқылы қақпаққа 15 қақпаққа бекітілген өзек 8 көмегімен бекітіледі, өзекте тығырығы 6 және тығыздағыш төсемшесі 7 бар сомын-қосқұлақ бұралатын бұрандалы ұш бар.

Сүзгіш элемент арнайы гофраланған картон таспадан жасалған, сыртқы және ішкі жағында перфорацияланған болат таспамен 10 қорғалған. Сүзгіш элементтің корпусы 13 және сыртқы беті арасында түзілетін қуысқа ауа картон сүзгі арқылы сүзгіш элементтің ішкі қуысына өтеді. Осы кезде ауа сүзгінің сыртқы бетінде шөгетін шаңның қатты бөлшектерінен тазартылады. Кейін тазартылған ауа қақпақтың келте құбыры 16 арқылы ауа өткізгіш құбыршектер 17 және 24 бойынша дроссельді буының келте құбырына 20 және ары қарай ресиверге келіп түседі.



Бензин бүркіп енгізілетін ВАЗ қозғалтқыштарының ауа сүзгілерінде қақпағы 3 бар пластмассалық корпус 2 (2 форзацты қар.) бар, оның ішінде жалпақ сүзгіш элемент 9 орналастырылған. Сүзгі құбыршек 12 көмегімен дроссельді буынның 19 келте құбырымен жалғанады.


жүктеу 345,41 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау