Электрлік-магниттік бүріккіштер. Электрлік магниттік бүріккіштер 8 енгізу құбыр желісіне және цилиндрлер бастиегінің енгізу арналарына ұсақ бүркіп енгізілген түрде бензинді мөлшерленген күйде бүркіп енгізу үшін арналған, мұнда оның онда берілетін ауа қоспасымен араласуы және жанғыш қоспаның түзілуі жүргізіледі. Бүріккіштер отын рампасында 10 орнатылады, ал олардың бүріккіштері енгізу құбыр желісінің 34 саңылауларына кіреді. Бүріккіштердің рампамен және енгізу құбыр желісімен жалғануы резеңке сақиналармен 2 (2.55 сур.) тығыздалады.
Электрлік-магниттік бүріккіштер электрлік-магниттік қысымтығын болып табылады, оның бөлшектері талап етілетін өткізу қабілетін және саңылаусыздығын қамтамасыз ету үшін жоғары дәлдікпен жасалады. Ол өзекшесі 16 бар электрлік магнит орамасы 9 орналастырылған корпустан, тиекті қысымтығын инесінен 4, бүріккіш корпусынан 17, бүріккіш саптамасынан 1 және сүзгіден 12 құралады.
Отын қысым астында отын рампасынан бүріккіш ішіне сүзгі 12 арқылы тиекті қысымтығын инесіне 4 келіп түседі. Серіппе 15 инені 4 бүріккіш корпусының 17 конустық саңылауына қысады, осы кезде қысымтығынды жабық күйде ұстап тұрады. Электрлік магнит шығысына 10 12 В кернеу берілген кезде электрлік-магниттік өріс туындайды, нәтижесінде инемен 4 бірге электрлік магнит өзекшесі 16 ішке тартылады, серіппені 15 қысады, және бүріккіштің ашылатын конустық саңылауы арқылы бензин бүріккіштен конустық саптама 1 арқылы бүркіп бүркіп енгізілген күйде бүркіп енгізіледі.
Электрлік магнит орамасының шығысына кернеудің берілуі тоқтатылғаннан кейін электрлік-магниттік өріс жоғалады, инесі 4 бар өзекше 16 серіппе 15 әрекеті нәтижесінде бастапқы жайғасымға қайтарылады және ине бүріккіштің конустық саңылауын жауып, отынның берілуін тоқтатады. Ақаулы бүріккіштер ауыстырылуы тиіс.
сур. ЗМЗ-4062 қозғалтқышының 0280150711 электрлік-магниттік бүріккіші:
1 — бүріккіш саптамасы; 2 — резеңке тығыздағыш сақина; 3 — тығырық; 4 — қысымтығын инесі; 5 — тығыздағыш; 6 — шектегіш тығырық; 7 — корпус; 8 — оқшаулағыш; 9 — электрлік магнит орамасы; 10т— электрлік магнит орама шығысы; 11 — қалып; 12 — сүзгі; 13 — түтік; 14 — қақпақ; 15 — серіппе; 16 — электрлік магнит өзекшесі; 17 — қысымтығын-бүріккіш корпусы
Достарыңызбен бөлісу: |