6 Бензиндік қозғалтқыштардың қоректендіру жүйесі


Бензинді бүркіп енгізу жүйелері туралы жалпы мәліметтер



жүктеу 345,41 Kb.
бет2/18
Дата19.01.2022
өлшемі345,41 Kb.
#33446
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
6 Қоректіндіру жүйесі (бензин)

6.2 Бензинді бүркіп енгізу жүйелері туралы жалпы мәліметтер

Бензин бүркіп енгізілетін қозғалтқыштың қоректену жүйесі ауа жеткізу жүйесін, электронды басқару жүйесі бар бензинді бүркіп енгізетін жүйені және пайдаланылған газдарды шығаратын жүйені қамтиды. Бензин бүркіп енгізілетін қозғалтқыштардағы пайдаланылған газдарды шығаратын жүйе ертерек қарастырылған карбюраторлық қозғалтқыштың аналогты жүйесіндегідей жасалған және әрекет етеді. Сондықтан ары қарай тек отын және ауа жеткізетін аспаптардың, сонымен қатар бензин бүркіп енгізілетін қозғалтқыштардың басқару жүйесінің құрылысының және жұмысының ерекшеліктері қарастырылады.

Отандық автомобильдерде кері байланысы бар және кері байланысы жоқ, орталық (бір нүктелі) және үйлестірілген (көп нүктелі) фазаланған және фазаланбаған бүркуі бар, қоспасы сыртта түзілетін бензин бүрку жүйесі қолданылады.

Қоспасы сыртта түзілетін бүрку жүйелерінде дайын қоспаның дайындалуы қозғалтқыштың жану камераларынан тыс (енгізу жолында) жүргізіледі.





    1. сур. Бензинді бүркіп енгізетін жүйелер сұлбалары:

а — орталық «бір нүктелі» бүркумен; б — үйлестірілген «көп нүктелі» бүркумен;

1 — қозғалтқыш; 2 — енгізу құбыр желісі; 3 — дроссельді жапқыш; 4 — дроссельді жапқышы бар орталық бүрку агрегаты; 5 — бүріккіштер; 6 — дроссельді буын; 7 — ресивер; 8 — бүріккіштер рампасы; — ауа; — бензин.
Бензиннің үйлестірілген бүркуі бар жүйелерде қозғалтқыштың әр цилиндріне бір электрлік-магниттік бүріккіштен 5 (2.39, б сур.) орнатылады. Бүріккіштер 5 рампамен 8 жалғанған, ол бойынша оларға қысым астында отын беріледі; олар енгізу құбыр желісінде 2 рампамен бірге орнатылады немесе тікелей қозғалтқыш цилиндрлерінде орнатылады. Осы кезде бүріккіштермен бензинді бүрку тікелей цилиндрлер бастиегінің арналарына енгізу қысымтығынына жүзеге асырылады, бұл енгізу құбыр желісінің қабырғаларында отынның конденсациялануының алдын алады.

Үйлестірілген бензинді бүрку жүйелерінде фазаланған және фазаланбаған бүрку қолданылуы мүмкін. Отандық автомобильдерде қолданылатын фазаланбаған бүркуі бар жүйелерде бензинді бүрку бүріккіштермен жұп-жұппен (1-4 және 2-3 цилиндрлер) әр піспектер жұбының жоғарғы өлі нүктеге (ЖӨН) жақындауы кезінде жүзеге асырылады, қысу тактісінің соңында бір цилиндрде және шығару тактісінің соңында – екіншісінде. Осы жағдайда отын әр бүріккіш арқылы иінді біліктің бір айналымында бір рет бүркіп енгізіледі. Фазаланған бүркуі бар жүйелерде бензинді бүрку әр бүріккішпен басқа бүріккіштерден тәуелсіз әр цилиндрдегі қысу тактісінің соңында жүзеге асырылады, осы кезде отын әр бүріккіш арқылы иінді біліктің екі айналымында бір рет бүркіп енгізіледі. Отын бүрку мезеттерін анықтау үшін бүріккіштермен фазаланған бүркуі бар жүйелерде иінді білік жайғасымының қосымша бергіші орнатылады. Фазаланған бүркуі бар жүйелер отынның жоғарырақ дәлдікпен мөлшерленуін қатамасыз етеді, бұл қозғалтқыш жұмысының тиімділігін жоғарылатады және оның уыттылығын төмендетеді, сондықтан қазіргі уақытта шығарылатын автомобильдердің көпшілігінде қолданылады.



Бензин бүрку жүйелерінде отынның берілуін басқару электронды басқару блогынан (ЭББ) және бергіштерден құралатын электронды басқару жүйесі көмегімен жүзеге асырылады. ЭББ онымен жалғанған бергіштер сигналдарын ескерумен (дроссельді жапқыштың ашылу дәрежесін, келіп түсетін ауа мөлшерін, қозғалтқыш температурасын және т.б. ескерумен) отынның берілуін басқарады. Заманауи автомобильдерде бүркіп енгізу жүйелері қолданылады, осы жүйе бір уақытта отынның берілуінің (бүріккіштермен және электрлік бензин сорғысымен) тұтандырудың басқарылуын қамтамасыз ететін қозғалтқыш жұмысын басқаратын кешенді жүйемен, сонымен қатар қозғалтқыш уыттылығын төмендететін жүйелермен (автомобильде катализдік бейтараптандырғыш және адсорбер орнатылған кезде) қамтылады.

Пайдаланылған газдар құрамын ескерумен жанғыш қоспаның дайындалуын қамтамасыз ететін, бір немесе екі оттегі концентрациясының бергіштері бар бензинді бүркіп енгізетін жүйелер кері байланысы бар жүйелер деп аталады. Осындай жүйелер пайдаланылған газдардың катализдік бейтараптандырғышымен жабдықталған автомобильдерде қолданылады, және кері байланысы жоқ (оттегі концентрациясының бергіші және катализдік бейтараптандырғышы жоқ) жүйелермен, одан бетер карбюраторлық жүйелермен (отынның берілуінің электронды басқаруысыз және бейтараптандырғышсыз) салыстырғанда, оның тиімді жұмысын және сәйкесінше пайдаланылған газдар уыттылығының елеулі төмендеуін қамтамасыз етеді.

Карбюраторлық жүйелермен салыстырғанда, бүркіп енгізу жүйелерінің негізгі кемшіліктері келесідей болып табылады:


  • диффузорлары бар карбюратор түріндегі кірістегі ауа ағынына қатысты қосымша кедергінің жоқ болуы цилиндрлердің толуының жақсартылуына және қозғалтқыштың жоғарырақ литрлік қуатының алынуына жәрдемдеседі;

  • ықтимал үлкенірек қысымтығынның жабылуын пайдалану (бір уақытта екі қысымтығын ашық болған кезде) және қоспамен емес, таза ауамен жану камераларын үрлеп тазарту есебінен жану камераларының үрлеп тазартылуын жақсарту, бұл дайындалатын жұмыс қоспасының сапасын жақсатады;

  • қозғалтқыш жағдайын ескерумен оның барлық жұмыс режимдерінде дайындалатын жанғыш қоспа құрамын оңтайландырудың айтарлықтай жоғарырақ дәрежесі және қозғалтқышты басқаратын кешенді электронды жүйені пайдалану есебінен тұтандыру жүйесі жұмысының оңтайландырылуы жоғары отындық үнемділікті және пайдаланылған газдар уыттылығының бір уақытта төмендетілуін қамтамасыз етеді;

    • үйлестірілген бүркіп енгізу кезінде цилиндрлер бойынша отынның жоғарырақ дәлдікпен үйлестірілуі (цилиндрлердегі қоспа құрамының үйлестірілген бүркіп енгізілуі кезінде 6...7%-ға ерекшеленуі мүмкін, ал карбюратордан қоректену кезінде – 11...17%-ға), бұл қозғалтқыш қуатының жоғарылауын қамтамасыз етеді.

Жану камераларының үрлеп тазартылуының жақсартылуы да және цилиндрлер бойынша қоспаның біркелкі үйлестірілуі де цилиндрлер қабырғаларының, піспектер түбінің және шығару қысымтығындарының температурасын төмендетеді, бұл, өз кезегінде, детонация мүмкіндігін азайтады және бензиннің қажетті октандық санының 2-3 бірлікке төмендетілуін қамтамасыз етуге, немесе детонация қаупісіз қозғалтқыштың қысу дәрежесін (демек, қуат) арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, осы кезде жану кезінде азот тотықтарының түзілуі азаяды және цилиндрлер айналарын майлау шарттары жақсартылады.


      1. жүктеу 345,41 Kb.

        Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау