УМКД 042-18-3.1.21/03-2014
|
Басылым № 4
|
беттің -сі
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ
|
3-деңгейлі СМЖ құжаты
| ПОӘК |
УМКД 042-18-3.1.21/03-2014
|
«1С:БУХГАЛТЕРИЯ»
пәнінің оқу-әдістемелік материалдары
|
№1 Басылым
|
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«1С:БУХГАЛТЕРИЯ»
5В070300 «АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР» МАМАНДЫҒЫ СТУДЕНТТЕРІ ҮШІН ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей 2014
Мазмұны
1
|
Глоссарий 3
|
2
|
Дәрістер 5
|
3
|
Тәжірибелік сабақтар 81
|
4
|
Студенттердің өздік жұмыстары 87
|
1. ГЛОССАРИЙ
Бухгалтерлік есеп – білім саласы, жоғарғы оқу орнындарында оқытылатын ғылыми пән.
Бухгалтерлік шоттар – шаруашылық қаржылары мен олардың қайнар көздерімен болатын шаруашылық операцияларын ақшалай бағада бейнелеу, ағымдағы бақылау және топтаудың тәсілі
Бухгалтерлік баланс – бухгалтерлік есеп әдісінің бірі.
Код – шоттың толық коды (нөмірі);
Атауы– шоттың қосалқы шоттың атауы;
Субконто. Программада талдамалы есеп жүргізу үшін субконто термині енгізілген. Талдамалы есеп жүргізілетін әрбір объекті субконто деп аталады. Талдамалы есеп объектілері (субконто) арнайы картотекалар көмегімен ұйымдастырылады. Мысалы, үйлер мен ғимараттар, компьютерлер, маталар, т.б. Ал субконтоның түрі бір тектес объектілер жиынтығынан тұрады. Мысалы, негізгі құралдар, тауарлар, материалдар, т.б.
Анықтамалықтар. Талдамалы есеп жүргізуде және құжаттарды толтыруда қолданылатын біртектес объектілер туралы тұрақты және шартты-тұрақты мәліметтерді сақтайтын орын. Сонымен қатар, анықтамалықтар субконтоның (объектілердің) мүмкін болатын мәндер тізімін құруға, яғни, талдамалы есеп жүргізуге арналған.
Тұрақтылар анықтамасы. Программадағы тұрақтылар анықтамасы жүйенің жұмыс барысында өзгермейтін немесе сирек өзгеретін деректерді сақтауға арналған. Мұндай деректерге жай мысал ретінде кәсіпорынның атауы, мекен-жайы, т.б. да деректері жатады.
Байланыстарды тексеру анықтамалығы. Бұл анықтамалық журналға енгізілген проводкалардың дұрыстығын тексеруге, яғни бақылау жасап отыруға арналған. Анықтамалыққа пайдаланушы мүмкін болатын шоттар корреспонденциясын енгізеді. Егер енгізу барысында сәйкес параметр қойылған болса, жүйе журналға енгізілетін проводкалардың дұрыстығын тексереді, кері жағдайда компьютер қосымша ақпарат береді.
Есеп беру және өңдеу. Есеп беру әртүрлі ақпараттар алу үшін қолданылады, ол белгілі бір шарт бойынша алынған егей-тегжейлі ақпараттан немесе нәтижеден тұрады. Есеп беру бухгалтерлік нәтижелерге талдау жасаумен бірге құралдар қозғалысын (қалдық-айналым ведомосын, журнал-ордерлерді және т.б.) және салық инспекциясына деректер дайындауға (баланс, салықтық есеп беру, бюджеттен тыс қорларға есеп беру) мүмкіндік береді.
Журнал. Журнал негізгі деректер базасы болып есептелінеді. Кәсіпорында болған күнделікті шаруашылық операциялары құжат арқылы немесе проводка түрінде журналға енгізіліп, сәйкес журналдарда сақталады. Журнал жүйедегі құжаттардың барлық кез келген түрімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Типтік операция режимі. Типтік операция механизмі жиі кездесетін, стандартты операцияларды журналға енгізу автоматтандыру үшін қолданылады. Ол үшін пайдаланушы проводка «сценарийі» жазылған операция үлгісін құрады. Операция үлгісі бір немесе бірнеше проводкалардан тұрады және ол бухгалтердің көмегімен жасалады, ал проводка сомасы үлгіде көрсетілген формула арқылы есептеледі. Операция үлгісін құрудың тиімділігі – оны бір рет құрып көп рет пайдалануда.
Меню – программаның жұмысые басқаратын командалар тізімі. Менюден керекті команданы таңдау, сілтеменің көмегімен немесе пернелер тақтасындағы меню атауының үлкен әріпімен бөлектенген символын басу арқылы орындалады.
Мұрағат (архив) – кезекті есеп беру кезеңін (ай, апта, тәулік) жабу кезінде осы кезеңдегі журнал (деректер) мұрағатқа жазылады, ал алымдағы жаңа кезең үшін жаңа журнал ашылады. Мұрағаттағы журналға кез келген уақытта қол жеткізуге болады.
Тәулікті жабу – шаруашылық қызметіне байланысты тәулікті жабу керек болған жағдайда қолданылады. Тәуліктер – бір айға жетпейтін кез келген есепті кезеңнің шартты атауы.
Айды жабу – келесі есепті кезеңге көшу.
«Турбо Бухгалтер» жүйесі. Программа банк және касса операцияларын, жалақы есептеу, негізгі құралдар және материалдық емес активтер есебін, тауарлы-материалдық қорлар есебін автоматтандыруға, сонымен қатар жинақтау, талдау, сандық және көп валюталы есеп жүргізуге мүмкіндік береді.
Бухгалтерлік есеп шоты – шаруашылық қаржылары мен олардың қайнар көздерімен болатын шаруашылық операцияларын ақшалай бағада бейнелеу, ағымдағы бақылау және топтаудың тәсілі.
Синтетикалық шоттар - қаржылардың біртекті топтары мен олардың қайнар көздері жекелеген элементтерге бөлінбей, жинақталған көрсеткіштерде есептелетін, есеп жалпылама және құндық бейнеде ғана есептелетін шоттарды атайды.
Талдамалы шоттар - синтетикалық шоттардың мазмұнын бөлшектеп, даралап, детальді түрде есепке алатын шоттарды атайды.
Шоттар жоспары - бухгалтерлік есеп жүйесінде қабылданып қолданылатын шоттар тізімін айтады.
Есеп регистрлері - есеп процесінде қолданылатын бухгалтерлік құжаттар .
Бос беттер - типографиялық жолмен жеке қағаз беттерінде басылған есеп регистрлері. Бос бет түріндегі есеп регисгрлерінің көлемдері және ондағы бағана мен жолдар саны әртүрлі болады және міндетті түрде сәйкес атауы бар (журнал-орден, тізімдеме, және т.б.)- Есеп регистрлері белгілі бір есептік кезеңге арналады (ай, тоқсан).
Карточкалар - бос беттердің бір түрі болып саналады. Олар да типографиялық тәсілмен, үлкен емес форматқа қатты қағаздан жасалады. әрбір карточка жазбалардың белгілі санына арналған.
Картотека - карточкаларды сақтауға арналған арнайы жәшік. Материалдық бағалықтар есебі, есеп айрысу есебі және басқа да есеп түрлеріне жеке карточкалар пайдаланылған дұрыс. Картотекада карточкалар көрсетілген шот шифрларының ретімен орналасады.
Хронологиялық регистрлар операцияларды хронологиялық жазу үшін арналған, яғни, операцияларды бейнелеу толықтығын тексеруде бақылау функциясын атқарады.
Жүйелік регистрлар операцияларды жүйелі түрде жазуға арналған. Оларда операциялар белгілі белгілері бойынша топталады.
Есептік цикл- қаржылық есеп берушілікке апаратын оның алдында жасалатын бірізді қадамдардың сериясы
Чек - -шот иесінің банкке көрсетілген соманы нақты ақшамен жалақ
2. ДӘРІС МАТЕРИАЛДАРЫ
1- модуль: Сипаттама.Жұмыстың басталуы. Құрылымдар.есеп қағидалары
Тақырып 1 «1С: Бухгалтерия 8 Казахстан үшін» бағдарламасының сипаттамасы.
Дәріс сұрақтары
1. «Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8.0» туралы жалпы мағлұмат
2. 1С:Кәсіпорын 8 үшін «Қазақстан үшін бухгалтерлік есеп» конфигурациялары
«Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8.0» туралы жалпы мағлұмат.
«Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8.0» - бухгалтерлік және салықтық есептің автоматизациясы үшін көпжақты бағдарлама. Бағдарлама негізінде «1С:Кәсіпорын 8.0» жүйесінің икемді технологиялық платформа жатыр, оның мүмкіндігімен әр түрлі бизнес қосымшаларды құруға және модификациялауға болады.
«Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8.0» бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізу үшін арналған, сонымен қатар коммерциялық қызметтің әртүрін: көтерме және бөлшек саудасы, қызмет көрсету, өндіріс және т.б. жүзеге асыратын ұйымдардағы міндетті есеп берудің қалыпын жасауға көмектесуге арналған. Бухгалтерлік және салықтық есеп ҚР-ның заңына сәкес жасалған конфигурацияда ҚМ №426 22.12.2005ж. бекітілген «ҚЕБХС сәйкес қаржылық есеп беруді құратын ұйымдар үшін бухгалтерлік есеп шоттар жұмыс жоспарын жасау бойынша қолдану тәсілін бекіту жөнінде» бұйрығына сәйкес жоспары жасалған.
Бірнеше ұйымдар қызметі есебін жүргізу
«Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8.0» көмегімен бірнеше ұйымдардың шаруашылық қызметінің бухгалтерлік және салықтық есебін жүргізуге болады. Сонымен қатар «Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8.0» бірнеше ұйымдардың бухгалтерлік және салықтық есебін жалпы ақпараттық базада да жүргізуге мүмкіндік береді (мұнда жеке ұйымдар атынан жеке кәсіпкерлер де шыға алады). Бұл қолайлы, егер бұл ұйымдардың шаруашылық қызметі өзара тығыз байланысты болса: тауарлардың жалпы тізімін, контрагентерді (іскер серіктестерді), жұмыскерлерді, қоймалар (сақтау орындары) және т.с.с. қолдануға болады, ал міндетті есеп беруді жеке қалыптастыру қолайлы.
Тауарлы-материалдық қорлардың есебі
ТМҚ есебі үшін материалды-өндірістік қорлардың шығарылуын бағалауда келесі әдістер қолданылады:
орташа өзіндік құн бойынша;
уақыты бойынша алғашқы материалдық-өндірістік қорлардың өзіндік құны бойынша (ФИФО әдісі);
уақыты бойынша соңғы материалдық-өндірістік қорлардың өзіндік құны бойынша (ЛИФО әдісі).
Материалдық-өндірістік қорлар есеп шотындағы ФИФО және ЛИФО бағалау әдістерін қолдау үшін партиялық есеп жүргізіледі. ТМҚ-ның әртүрлі есеп шотына өзіндік құнды бағалаудың әртүрлә әдістері қолданылуы мүмкін (БЕХС 2 сәйкес).
Қоймалық есеп
Қойма бойынша сандық немесе сандық-сомалық есеп жүргізіледі. Бірінші жағдайда тауарлар мен материалдарды бағалау олардыңқай қоймадан алынғанына байланысты болмайды. Қоймалық есеп жабылуы мүмкін, егер оған қажеттілік болмаса.
«Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8.0»-да түгендеу мәліметтері тіркеледі, олар автоматты түрде берілген есеппен сәйкестендіріледі. Түгендеу негізінде артықшылықтар мен кемшіліктердің шығарылып тастауы көрсетіледі.
Сауда операцияларының есебі
Тауарлардың келіп түсуі мен қолдану және қызметтер операцияларының есебі автоматтандырылған. Тауар сатылған жағдайда төлем шоты жазылады, шот-фактуралар мен үстеме қағазы рәсімделеді. Көтерме саудадағы барлық операциялар сатушы мен сатып алушы келісім шартында есептелінеді. Сатып алушыдан жабдықтаушыға тауарлардың қайтарылуын көрсету автоматтандырылған. «Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8.0»-да бағалардың бірнеше типтерін пайдалану жүзеге асырылады, мысалы: «көтерме», «ұсақ көтерме», «бөлшек», «сатып алынған» және т.б. бұл келіп түсу мен қолдану жұмыстарын бейнеленуді жеңілдетеді.
Банктік және кассалық операциялар есебі
Валюталық операциялар мен қолда бар және қолда жоқ ақша қаражаттарының қозғалысының есебі қолданысқа берілген. Төлем тапсырыстарын, кіріс және шығыс кассалық ордерлерді енгізу мен басу қолданады. Жабдықтаушылармен, сатып алушылармен және есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу операциялары, есеп айырысу шотына қолда бар ақшаны енгізу және ақша чегі бойынша ақша алу, шетел валютасын алу мен сату автоматтандырылған. Операцияларды көрсетуде төлем сомалары автоматты түрде аванс және төлемге бөлінеді.
Кассалық құжаттар негізінде берілген үлгіде кассалық кітап нысандалады.
Контрагенттермен есеп айырысу есебі
Жабдықтаушылар және сатып алушылармен есеп айырысу есебін теңгемен, шартты бірлікпен және шетел валютасымен жүргізуге болады. Әр операция бойынша бағамдық және сомалық айырмашылықтар автоматты түрде есептелінеді. Контрагенттермен есеп айырысуды жалпы келісім-шарт бойынша немесе есеп айырысудың нақты құжатын көрсетумен жүргізуге болады. Есеп айырысу әдісін жүргізу әр келісім-шарт үшін жеке анықталады. Келіп түсу және қолданысқа беру құжаттарын рәсімдеу кезінде барлық контрагенттер үшін жалпы бағамен қоса нақты келісім-шарт үшін жеке бағаларды пайдалануға болады.
Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебі
Есеп бойынша барлық негізгі операциялар автоматтандырылған: келіп түсу, есепке алыну, амортизацияны жинақтау, жіберу, шығару, түгендеу. Бір айда жинақталған амортизация сомасын бірнеше шоттар немесе аналитикалық есеп объектілерінің арасына бөлу мүмкін. мерзімді пайдаланылатын негізгі құралдар үшін жинақьалған амортизация графигін қолдану мүмкін.
Негізгі және көмекші өндіріс есебі
Негізгі және көмекші өндіріспен шығарылатын өнімдер мен қызметтердің өзіндік құнының есеп айырысуы шикізатты қайта өндіру есебі автоматтандырылған. Бір ай ішінде шығарылған дайын өнім есебі өзіндік құн жоспары бойынша жүргізіледі. Ай соңында шығарылған өнім мен көрсетілген қызметтің нақты өзіндік құны есептеледі.
Жартылай дайын өнімнің есебі
Жартылай дайын өнімді шығарумен аралық кезеңді болжайтын күрделі технологиялық үрдістер үшін жартылай дайын өнімнің қоймалық есебі мен олардың өзіндік құнының автоматты есеп айырысуы қолданылады.
Жанама шығындар есебі
Жанама шығындарды шығару кезінде өнімдерді (қызметтер) номенклатурасы топ бойынша бөлудің әртүрлі әдістерінің қолданылуы мүмкін. жанама шығындар үшін келесідей бөлу базасы болуы мүмкін:
шығару көлемі;
жоспарлы өзіндік құн;
еңбекақы;
материалдық шығындар.
Еңбекақы және кадрлық есеп
«Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8.0»-да персонал қозғалысының есебі жүргізіледі. Еңбек заңы бойынша бірегей қалыпты қалыптастыру қамтамасыз етіледі.
Автоматтандырылған:
есепте әр жинақтау түрі үшін жеке көрсету әдісін нұсқау мүмкіндігімен кәсіпорынның жұмыскерлеріне еңбекақы жинақтау;
жұмыскерлермен екіжақты есеп айырысуды, тіпті еңбекақы төлеуді жүргізуді енгізу;
еңбекақыны депониттеу операциялары;
атқарушы парақтар бойынша есеп;
регламентацияланған қажетті есеп беруді құру (салықтық есеп беруді және статистикалық есеп беруді)
ҚҚС есебі
Жабдықтаушылар мен мердігерлерге төленген, соның ішінде ҚҚС есептелмейтін операциялар бойынша және сатып алынатын тауар, қызмет құнына кіретін ҚҚС-на есеп автоматтандырылған. ҚҚСалығынан есеп автоматтандырылған, соның ішінде бейрезиденттерден алынған қызметтері бойынша. ҚҚС салығын есептеу мақсаты үшін бөлек және пропорционалды әдістері ретінде есепке алынатын салықты анықтау әдістерін қолдайды.
307.00 «Салықтық кезең ішінде сатып алынған (есеп беру кварталы) тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша шот-фактуралар реестры» қалыпының толтырылуы автоматтандырылған.
Салықтық есеп (табыс салығы бойынша)
Конфигурацияда жалпы бектілген салық салу тәртібін қолдайды. Салықтық есепті жүргізу үшін (корпоративті табыс салығы бойынша) конфигурацияда арнайы шоттар жоспары (салықтық) қосылған. Бұл бухгалтерлік және салықтық есептің мәліметтерінің салыстыруын жеңілдетеді және БЭШ-11 (табыс салығы бойынша есеп) талаптарының салықтық есебі. Сонымен қатар, шоттар жоспары ҚР СК 15 бөліміне сәйкес салықтық есептің спецификасын бейнелейді. Салықтық есептің мәліметтері бойынша автоматты түрде салықтық регистрлер және корпоративті табыс салығы бойынша декларацияларды толтыру үшін мәліметтер дайындайды.
Айдың аяқтаушы операциялары
Ай аяқталуына орындалатын регламенттік операциялар автоматтандырылған, соның ішінде бағамның қайта бағалануы, болашақ кезеңдердің нығындарын есептен шығару, амортизацияны есептеу, қаржылық нәтижелерді анықтау және т.б.
Типтік операциялар
Бастапқы бухгалтерлік операциялар құжаттарына сәйкес келетін конфигурация құжаттарын енгізу есебіне шаруашылық операциялардың өткізгіштерін тікелей енгізілуі мүмкін. Топтық өткізгіштерді енгізу үшін типтік операцияларды қолдануға болады –қолданушы көмегімен жеңіл және жылдам бапталынатын қарапайым құрал автоматизациясы.
Стандартты бухгалтерлік есеп берулер
«Кәсіпорын бухгалтериясы» конфигурациясына қалдықтар бойынша мәліметтерді бақылауға арналған және шот айналымдары мен түрлі кескіндер мен өткізгіштер, яғни стандартты есеп беру жиыны қосылған. Олардың ішінде айналым-сальдо ведомосі, шахматтық ведомос, шот бойынша айналым-сальдо ведомосі, шоттың айналымы, шоттың карточкасы, шотты талдау, субконтоны талдау.
Регламенттелген есеп беру
Конфигурация құрамына бухгалтерге қажетті есеп берулердің толық жинағы қосылған: каржылық, статистикалық, салықтық. Салықтық есеп берудің барлық қалыптарына XML қалыптарында тапсыру мүмкіндігі қарастырылған.
Эргономикалық тұтынушы интерфейсі
Интерфейстің жаңа қазіргі дизайны «Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8.0» бастапқылар үшін жеңіл ұғынуды және тәжірибелі қолданушылар үшін жұмыстың жоғары жылдамдығын қамтамасыз етеді:
«жол бойынша енгізу» функциясы арқылы ақпаратты едәуір жылдам енгізу мүмкіндігі және перне тақтасын тиімді қолдану;
үлкен динамикалық тізімдермен ыңғайлы жұмыс құралдары, көріністі бақылау және бағналарды бақылау;
ақпаратты көрсету үшін экран кеңістігін қолайлы максималды қолдану;
стильдерді безендіру механизмі.
Конфигурациялау
«Кәсіпорын бухгалтериясы» типтіп конфигуряциясы есеп берудің жалпы ортақ схемаларын іске асырады және ұйымдардың көбінде қолданылуы мүмкін. нақты ұйымдардың спецификасының есебін көрсету үшін типтік конфигурациясын өзгертуге болады. «1С:Бухгалтерия 8.0» «Конфигуратор»жіберу режимі бар, ол келесілермен қамтамсыз етеді:
жүйені есептің түрлеріне баптау;
кез келген методологиясын орындау;
кез келген анықтамаларды және еркін құрылымды құжаттарды ұйымдастыру;
ақпаратты енгізу қалыпының сыртқы бейнесән баптау;
енгізілген тіл арқылы түрлі жағдайлардағы жүйенің жұмыс алгоритмін баптау;
кең рәсімдеу мүмкіндіктері, баспалы құжаттар қалыпы мен түрлі қаріптер, жиектеулер, түстер, суреттер қолдану арқылы есеп беру;
ақпаратты диаграмма түрінде көрсету мүмкіндігі;
конфигурацияның визуалды жетілдіру құралдары арқылы тең өзгеруі.
Масштабталуы
1С:Кәсіпорын 8.0 жүйесі қосымша шешімдердің, ең қарапайымынан бастап конфигурацияналдығына дейін масштабталуын қамтамасыз етеді. «1С:Бухгалтерия 8.0» келесі варианттарда қолданылуы мүмкін:
бірқолданушылық – кішігірім ұйымдар мен жеке қолданыс үшін;
файлдық – жеңіл орнатуды және пайдалануды қамтамасыз ететін көпшілікқолданатын жұмыс үшін;
клиент-сервер - көп қолданунылардың бір уақытта жұмыс істеу кезінде мәліметтерді тиімді пайдалану және кепілді сақтауды қамтамасыз ететін үшдеңгейлі архитектура негізінде жұмыс істеуі үшін.
Территоралды-тарату ақпараттық базасымен жұмыс
автономды жұмыс істейтін ақпараттық базаның шексіз саны;
мәліметтердің толық және жартылай синхронизациясы;
еркін тәртіп және өзгерістерді жеткізу тәсілдері.
Достарыңызбен бөлісу: |