5В050400 «Журналистика» мамандығына арналған



жүктеу 386,5 Kb.
бет4/5
Дата21.11.2018
өлшемі386,5 Kb.
#22708
1   2   3   4   5

Бақылау сұрақтары:

1.Шығармаларды пайдалану тәртібі

2.Авторлық құқық және әдеп әлемі

3. Авторлық қаламақы



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Прохоров Е.П. Введение в теорию журналистики.М:1989

2. Елеукенов Ш.Р. Кітаптану негіздері. А.,1999

3. Ворошилов В.В. Журналистика. Учебник-СПб.:1999

4. Б.Жақып Публицистиканың шығармашылық негіздері

5. Б.К.Барманкулов Телевидение: деньги или власть. А.,1998



11 -Дәріс. БАҚ жүйесі мен типологиясы

Журналистика – шығармашылық қызметтің саласы. БАҚ аудиториясы: қалыптасуы мен үйретудің проблемалары.

БАҚ аудиториясы. Бұқаралық ақпарат процестерінің әлеуметтік- психологиялық проблемалары. БАҚ аудиториясының талап-тілектері мен қажеттіліктері. Аудитория мүддесін білудің пішіні мен әдісі журналистика тиімділігін арттырудың факторы.

БАҚ жүйесі мен типологиясы.

БАҚ-ң жіктелісі. Қазақстан БАҚ жүйесі. Баспасөз. Газет-журналдар. Кітап баспалары. Ақпарат агенттіктері. Баспасөз қызметі. Баспасөз орталықтары. Электронды ақпарат құралдары. Радиохабар. Теледидар. Интернет. Электронды газеттер. Электорнды журналдар.

Журналистік қызметті ұйымдастыру.

Журналистік қызметтің түрлері. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет.Ұйымдаструшылық қызмет. Публицистік қызмет. Журналист шығармашылығының түрлері.

Журналистика – шығармашылық қызметтің саласы.

Журналистік қызметте кездесетін объективті және субъективті факторлардың бірлігі. Шығармашылық ұжым. Еңбек бөлінісі және ұжымдық шығармашылық. Публицистика – журналистикадағы шығармашылықтың негізгі түрі. Журналистикадағы ғылыми және әдеби шығармашылық. Журналистік шеберлік.

Теледидар – еш жерде аялдауға, артыңа қайырылып қарайлауға мүмкіншілік қалдырмайды. Мұның өзі тележүргізушілерге айрықша жауапкершілік жүктейді. Шет ел хабарларындағы жүргізушінің орны осындай жағдайларға байланысты айрықша жауапты болып келеді. Олардың қоғамдық пікірді қалыптастырудағы ерекше рөлі президент пен премьердің, небір өнер жұлдыздарының, небір спорт саңлақтарының күн сайын жұрт алдына шығатын осынау телевизиялық тұлғалармен санасуына мәжбүр етеді. Оның себебіне үңілетін болсақ, тележүргізушінің үлкен саясаткер, білікті экономист, кемел заңгер, сонымен қатар қарапайым көрерменге әбден түсінікті адам бола алатынын көреміз. Бұл тұрғыдағы мықты тележүргізушілер Мәскеудің телевизиялық каналдарында да, Санкт – Петербургтің телеарналарында да көптеп кездеседі. Любимов пен Невзоровтың, Позднер мен Сагалаевтың, Молчанов пен Якубовичтің және басқаларының есімдерін бедел рейтінгіне салатын болсақ, Ресейлік көрермендер оларды мемлекет басшыларымен партия жетекшілерінен кейін қоймасы анық. Өйткені, елдегі барлық мәселелер мен жаңалықтар, басшылар мен жетекшілердің іс - әрекеттері көрермендерге нақ сол тележүргізушінің көзқарасы арқылы жетіп жатады.

Телехабардағы жүргізушілерді әрбір елде әрқалай атайды. Мәселен, Германияда олардың «Модератор», АҚШ – та «Шоумен», Англияда «Энкормен» деген есімдері теледидар көрермендеріне жақсы таныс. Энкорь сөзінің түбірі «Якорь» (зәкір). Ол хабардың барлық тыныс – тіршілігін қолында ұстаушы, соған бақылау жасаушы.

Шет елде «Шоумен», «Энкормендердің» жүргізушілік даралығы, шеберлік қарымы, алымдылығы мен шалымдылығы жүз миллиондаған көрермендердің көз алдында тікелей өтіп жатады. «Энкормендер» - теледидардың қоғамға, халыққа әсер етуінде теңдесі жоқ ерекше, зор құбылыс «СИ-БИ-ЭС» - тің жаңалықтар қызметіндегі Дэн Рауер «энкормендердің» немесе «тележұлдыздардың» бірі. 1984 жылы Разердің жылдық табысы 2,2 миллион долларды құраса, 1990 жылы бұл көрсеткіш 4 миллионға немесе аптасына 76 мың долларға жеткен.

Дэн – аса талантты, қарымды, өткір тұлға. Ол өзі жүргізетін әрбір хабарға мұқият дайындала, оны қызғылықты жайлармен әрлей, өте тартымды, аса тартысты жүргізеді. Тікелей оқиға өтіп жатқан «отты нүктелерден» репортаж бере отырып, әлем таныған ірі айтулы тұлғалармен экранда бетпе – бет келіп, азулы айтысқа түседі. Білімі мен біліктілігін, таланты мен интеллектуалын әрбір хабарда соңына дейін сарқа пайдаланады.

Шындығында, бағдарлама жүргізушісі болу аса ауыр, әрі азапты жұмыс. Күн сайын әрбір қимылың мен сөзіңді, ақыл – ойың мен парасат – пайымыңды қалт жібермей қадағалап, таразылап, ой - өлшеміңе баға беріп жатады.

БАҚ-ның ең бірінші пайда болған түрі. Баспа-дегеніміз кітап, газет-журнал, плакат, брашура т.б. баспа өнімдерін шығаратын мемлекеттік мекемелер. Қазақстанда кітап шығару 1932ж. бастап шығады. Ал, бұған дейін қазақ тіліндегі кітаптар Қазан, Санкт-Петербург, Ташкент, Мәскеуде басылып шығарылды. 1918ж. Батыс Қазақстандағы Орда қаласында баспа бөлімі құрылып, онда қазақ және орыс тілінде газет-журналдар, листовкалар, кітапшалар, үндеулер болып табылады.

Қазақ автономиялы республикасы құрылғаннан кейін 1920ж. 3 қарашадаЕжелгі Інжіл,Таурат т.б. кітаптардың дүниеге келуі. Қазақстандағы кітап басу ісінің қалыптасып, дамуы. Баспа кітаптың маңыздылығы. Қазіргі жекеменшік кітап баспаларының өнімділігі. Кітап саудасы. ХҮ ғ. Қолжазба кітаптар.

Біздің қоғамымыздағы аса зор рөл атақаратын БАҚ. әсіресе бүгінгі таңда оның қызметі алдыңғы орында. Себебі, тікелей мемлекет ісіне қатысты маңызды мәселелерді талқылап, күн сайын бұқараға жеткізіп отырғаны бір болса, екінші бір жағынан алып қарайтын себебіміз сол қоғамымыздағы өзекті проблемалардың барлығын талқылай келе оның жауабын шығарып, жүзеге асуына, проблемадан шығудың жолдарын қарастырып қоймай, яғни оның тікелей қолдаушысы бола алатыны оның пәрменділігін аңғартады. Ақпарат құралдары әрқайсысы ір кезде дүниеге келген. Міне осы ір кезде қалыптасқан, дамыған БАҚ ты біз біртұтас жүйе ретінде қарастырамыз. Оларға: газет, журнал, кітап баспалары, теледидар, радио, ақпарат агенттіктері жатады. Миллиондаған газеттер күн сайын оқырман қолына түседі, жүздеген радиостанциялар толық эфирді жаулап алып, әлемнің түпкір түпкірінен хабарлар жеткізеді. Осыдан ақ БАҚ бүгінгі таңда атқарып отырған қызметінің орасан зор екенін аңғартпақ. Қоғамда әртүрлә көзқарастар болады. Олардың біреулері журналистиканың белсенділігін, кемшілігін ашық сынайды, қолдайды да. Тағы бір тобы олардың жұмыстарына қанағаттанбайтынын байқатады. Үшіншіден; газет журнал, телерадио хабарының жаңаша бет бейнесіне өз көзқарасын ашық білдіретін, болып жатқан өзгерістерді, сабырлықпен сырттай бақылайды. Еліміз егемендік алғаннан кейін тоталитарлық кезеңдегі БАҚ тың міндеті қоғамдағы экономикалық саяси және рухани мәселелер БАҚ та толық қамтыла бастады. Енді осы газетжурналдарға және басқа да БАҚ тың қоғам өмірінде алатын орнына анықтама берелі;

Бірінші сөз ететініміз газеттер. Жалпы БАҚ тың үлкен бір саласы газет, журнал радио, теледидар, телефон. Газеттің бет бейнесін айқындайтын факторлар;

а) газеттің шығарушысы, құрылымы

б) оның әлеуметтік мақсат мүддесі

в) қандай аудиторияға лайықталғандығы

сондай ақ газеттер: қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттер мен ведомостволардың, шығармашылық одақтардың кооперативтер мен акционерлік қоғам органдары ретінде шығарылып, түрлерге бөлінеді. Газет өзінің шығарылу мерзіміне қарай

а) ертеңгілік

б) кешкілік болып бөлінеді.

Газеттің төменгі буыны деп көп тиражды, қабырға газеттерін атайды. Қазір апталық газеттер мен қосымшалар шығарыла бастады. Газеттің тиімдігі мен әсерлілігі олардың сапасын анықтайды.

Қазір қазақстан журналистикасы ерекше қызықты әрі күрделі құбылыс. Онда жетпіс жыл бойы қызмет еткен кеңес журналистикасының дәстүрлері бар. Сонымен қатар Қазақстан журналистикасында БАҚ туралы қабылданған екі заңға байланысты журналистік қызметтің қазіргі тенденциялары айқындалып, қазақ баспасөзінің қайта жаңғырған ұлттық дістүрлері көрініс табуда.

Қазақстан журналистика ғылымының үлкен тарихы бар, ол зерттеудің ғылыми бағыттарын қалыптастырды, ғылыми ізденістердің негізін қалады.

Курстың теориялық және методологиялық негізін құрайтын ҚР БАҚ тың ақпараттық талдамалы материалдары, ҚР ның БАҚ туралы заңы журналистика мектебінің әр түрлі өкілдерінің еңбектері.

Қазақстан журналистика ғылымының мектебі коммунистік журналистика институты құрылған 1934 жылдан бастау алады. Института Қазақстан тарихының белгілі қайраткерлері дәріс оқыған. Олардың арасында С.Мұқанов, С.Асфендияров, С.Сейфуллин т.б. болды. ҚазМҰУ де филология факультетінде журналистика бөлімі, кейіннен факультет болып құрылған оқу орнында Қазақстанның журналистика тәжірибесінің барлық сферасында қызмет жасайтын ғылыми зерттеулер айрықша бағыт болып қалыптасты. Осы сферадағы ғылыми ізденістердің бүгінгі күні де негізгісі болып табылады.

Кеңестік журналистика ғылымы кезінде Мәскеу мемлекеттік университетінің ғылыми мектебінің айтарлықтай ықпалы зор болды. Себебі ғылыми және методологиялық орталық Мәскеуде болғандықтан жоғары журналистік білім Мәскеу университетінің ғалымдары дайындаған принциптерге негізделді. Сондықтан Қазақстан үшін де журналистика теориясының негізі болып өала бермек,

Қазақ журналистикасы тарихын оқытудың негізін қалаған Қазақстан ғылымының ,алымдары, журналистика факультетінде қызмет еткен Х.Бекхожин, Т.Амандосов, Т.Қожакеев, М.Арғынбаев, Ш.Елеукенов, Ә.Ыдырысов болды. Журналистика ғылымының әр түрлі саласында зерттеу жасаған ғалым профессорллар М.Барманқұлов, С.Қозыбаев, Н.Омашевтардың еңбектері өз жалғасын табуда.

Қазіргі қазақ журналистикасы белгілі бір бағытта зерттеу жасап қана қоймай, жаға аралас ғылымаралық және пәнаралық зерттеулер жасауда. Адамзат қызметінің барлық түріне журналистика ықпалының артуына байланысты көптеген зерттеулер еліміздің БАҚ бейнеленген мемлекет ішіндегі саяси экономикалық әлеуметтік қоғамдық процестерге арналуда.

Соңғы он жылдағы зерттеулердің бірқатары республиканың егемендігі мен тәуелсіздігіне байланысты. Қазақстан ақпарат кеңістігінде пайда болған БАҚ ның қызмет етуі мен ұйымдастыруының жаңа пішіндеріне арналды.

Нарық заманы кеңістігіне де жаңа үрдіс пен жаңа екпін ала келді. Көптеген зерттеушілердің ғылыми еңбектерінде БАҚ болып саналатын мерзімді баспасөз, радио, телевизия мәселелеріне біршама назар аударғанмен, оларға материал әзірлеумен айналысатын ақпарат агенттіктері жөнінде аса көп айта қоймаған. Бұл бір жағынан ақпарат жұмысының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты болса керек, дегенмен ақпарат кеңістігіне олардың өзіндік орны бар екендігі даусыз.

Ақпарат агенттіктері өз материалдарын бір уақытта барлық БАҚ-қа бірдей етіп әзірлейді., жұмыстағы басты нәрсе, нақтылық пен шапшаңдылық.

Ақпарат агенттігі таспаның «күн тәртібін» құрған кезде ақпарат агенттігі журналистері қандай қағидаларға сүйенетіндігін саралап көрелік:



  1. Басты назар таспаның сауатты түрде құрылуына аударылады;

таспаға түсетін материалдар да қозғалған тақырыпты спецификалық тұрғыдан алғанда білімді журналистің жазғандығына баса назар аударылады.

Бақылау сұрақтары:

1.Ақпарат агенттіктерінің рольі

2.Әлемдік ірі ақпарат агенттіктері

3.Қазақстанның ақпарат агенттіктері ақпарат тарату аймағы

4.Газет өзінің шығарылу мерзіміне қарай неше түрге бөлінеді?

5.Қазақстан журналистикасы қазіргі бет –бейнесі

6.Қолжазба кітап деген не?

7.Алғашқы баспаханалар

8.БАҚ жүйесі мен типологиясы

9.Газет-журналдар

10.Теледидар, Радиохабар, Интернет, Электронды газеттер

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Амандосов Т.С. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы. А.,1978

2. Жақып Б. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары, Алматы 2004

3. Нургожина Ш.И. Введение в журналистику: учебное пособие.–Алматы:Қазақ университеті,2001



12- Дәріс. Журналистік қызметті ұйымдастыру

Журналистік қызметті ұйымдастыру.

Журналистік қызметтің түрлері. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет.Ұйымдаструшылық қызмет. Публицистік қызмет. Журналист шығармашылығының түрлері.

Журналистер де жазушылар секілді шығармашылықпен айналысатын болғандықтан, көп жағдайда бір – біріне ұқсас процестер бастан өтіп жатады. Творчество – шығарма жасау, шығарма туғызу, шығармашылыққа байланысты ұғым болса, «творчестволық лаборатория» ұғымы ХІХ ғасырда орыс әдебиеттануында ғылыми айналымға енген термин ретінде қабылданды. Міне, содан бері осы атау өмірде үзбей қолданылып келеді. Онымен қоймай, бұл сөздер журналистика саласында да жиі қолданыла бастады. Мұның өзі, әрине, заңды нәрсе еді, өйткені журналистің де еңбегі туралы осылай айтуға толық мүмкіндік береді. Сондықтан, журналистің «творчестволық лабораториясы» (шығармашылық шеберханасы) деген ұғымдағы сөз тіркестерін қолдануды ғылыми ортада жатсынбай, қайта өмірдің қажеттілігі ретінде өзінен - өзі қалыптасып келеді.

Егер қазақ журналистикасының тарихына үңілсек, жалпы публицистиканың дамуына назар аударсақ көп жайды аңғаруға болады. Ал мұның бәрі өздігінен болған нәрсе емес, қайта көптеген тұлғаларымыздың басқа да елдердегі секілді, қазақ журналистикасының негізін салып кеткеніне байланысты өткен ғасырдағы Шоқанның «Жоңғария очерктерінен» бастап, Абай мен Ыбырай еңбектеріндегі публицистикалық сарындар мен элементтер қазақ журналистикасының бастау бұлақтары десе де болады. одан соң мерзімді басылым ретінде дүниеге келген «Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты» газеттерінің, «Шолпан», «Сана», «Садақ» журналдарының атқарған рөлі қалай айтуға да тұрарлық.

Бақылау сұрақтары:

1. Ақпарат тарату құралы түрлері: радио, баспасөз, теледидар

2. Жанрлық мамандану деген не?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Амандосов Т.С. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы. А.,1978

2. Жақып Б. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары, Алматы 2004

3. Нургожина Ш.И. Введение в журналистику: учебное пособие.–Алматы:Қазақ университеті,2001



13- Дәріс. Журналистика –шығармашылық қызметтің саласы

Журналистің шығармашылық ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне сай белгілі бір жүйе қалыптасқан. Ғылыми еңбектердегі солардың кейбірі былай жіктелген:



  • ақпарат тарату құралы түрлері: радио, баспасөз, теледидар, т.б.;

  • жергілікті орнына байланысты: орталық, облыстық, қалалық, аймақтық, халықаралық;

  • функциясы бойынша: арнаулы немесе жалпы саяси, жалпы ұлттық...

  • қай әлеуметтік топқа арналғаны: балаларға, жастарға, әйелдерге, т.б.

  • мерзімі бойынша: күнделікті, апталық, айлық, кешкі;

  • салалары бойынша мамандану: саясат, мәдениет, ауыл шаруашылық, экономикалық, қоғамдық - саяси;

  • жанрлық мамандану: очеркші, репортер, фельетоншы.

Қазіргі кезде журналистиканың негізгі міндеті – информациялық қызметпен бірге, қоғамның саяси - әлеуметтік мәселелеріне бұрынғыдан да батыл араласу болып отыр. Оның жиі айтылып жүргендей «төртінші өкімет» рөлі қоғамдық өзгерістер мен тәуелсіздік жағдайында онан сайын бел ала түсуі – заман алға қойып отырған талаптан туындайды.

Сондықтан беріліп жатқан әрбір хабар мен әрбір сөздің саяси өткір, шығармашылық көркем, әлеуметтік актуальді әрі проблемалы болуы кезек күттірмейтін міндеттер. Журналистің ойы, сөзі мірдің оғындай көздеген жеріне дөп тиіп жатуы жөн. Мұның өзі оперативтілікке, жедел де жылдамдыққа ұласып жатса журналист еңбегінің жанғаны деп ұғу керек. Журналистің өз инициативасы, белсенді әрекеті де көп нәрсені шеше алады. Ол қоғам дамуына қызу атсалысып, жұртшылықтың қоғамдық пікіріне зор әсер етеді.

Бүгінгі күнде халықтың өзі де белсенді өмір кешуде. Неге десеңіз, заман, қоғамның жылжуы осындай кезеңге әкеліп отыр. Ендеше, журналистің де жайбарақат күй кешуіне, жайбасарлыққа салынуына құқы жоқ. Күнделікті өмірде адамдар теледидар көріп, радио тыңдап, газет - журналдар оқып, қарбалас - қарекетті мол сәттерді бұқаралық ақпарат құралдарының қай түрі болсын өз жұмысын әдеттегіден өнімді де, сапалы іс танытуына тура келеді.

Кім болса да журналист болып тумайды. Демек, қандай мамандық иесін алсаңыз да өмірді көре келе, білім – ғылымнан сусындай отырып, тәжірибе жинақтау арқылы қажетті саланы үйренеді, меңгереді. Бұл орайда журналист туралы сөз, ой – пікір тіпті күрделі десек артық айтқандық емес. Себебі аталмыш мамандықтың оңайлықпен қолға түсе бермейтін қыр – сырлары баршылық. Соның ең бастысы, әрі бірегейі – тың творчествосы қай заманнан – ақ адамзатты ойландырып, толғандырып келген мәселе екені белгілі. Творчество ақыл – ойға, ілім – білімге терең бойлағанда ғана пайда болатын құбылыс. Сонымен бірге осынау мамандықтың тағы бір қасиеті – ол табиғи қабілет дарынға, яғни талантқа байланысты екендігі. Бұл ретте көп сөз айтуға болады. Өйткені осы жолда талай ғалымдар зерттеу жасаған, ой – пікірлер қорытқан. Сондықтан бұл проблемаға үңіліп, талдаулар жасап, қажетті көзқарас, танымдарға ұмтылыс жасап көрелік. Ол үшін назар аударатын мәселелер де аз емес.



14- Дәріс. Журналистиканың негізгі функциялары

«Функция», «Әлеуметтік функция», «Журналистиканың функциялары» ұғымдарының мәні. Журналистика функцияларының жүйесі. Тікелей ұйымдастырушылық және мәдени функциялар. Қоғамдық пікірді қалыптастыру – журналистиканың маңызды функциясы. Анықтамалық және жарнамалық функциялар.

Баспасөз бен радио және телевизия арқылы берілетін материалда тақырыптың көптігі, ішкі және сыртқы өмір жайларын беруде кең көлемде әрекет етіп, географиялық тұрғыдан шектеліп қалмауды қарстыру абзал. Әрбір БАҚ берген материалдарда хабарлардың толық әрі жеткілікті болуы өте қажет. Бұл ретте мына жүйе бойынша жұмыс жүргізілмек. «Журналист – ақпарат - аудитория». Журналист шығармашылық тұлға – ол айтады, жазады, ал оны халық тыңадйды, көреді, оқиды. Міне, бұл байланыс үзілмей жүріп отырмақ. Сонда ғана бұқаралық ақпарат құралдарының ісі ойдағыдай жүзеге асады.

Демек, жұртшылық газет оқып, радио тыңдап, теледидар көрген кезде әлемдегі жаңалықтар мен өзгерістерді біліп қана қоймай, сонымен бірге сол жайларға өзінің де қаншалықты қатысы бар екенін сезініп, сол құбылыстардың неге, қалай, не үшін болғанына анық көзі жетуі тиіс. Сол оқиғалардың болу процесін аңғарып, даму тенденциясына ой жіберіп, қандай заңдылығы барын пайымдап, өзі де іштей дайындықта болуына, қажет жағдайда нақты іс-әрекетке араласуына әсері болуы керек.

Журналистика ең алдымен өмір көрінісін беретінін есте сақтаған жөн. Журналистика өмірді сипаттап қана қоймай, онда болып жатқан іс-әрекеттерге адамның өзінің де бағыт-идеалға жетуіне ой тастайды. Мақсатына жол сілтейтін бағыт-бағдар алуына көмек етеді.

Осылайша журналистиканың ақпарттық қызметі маңызды қоғамдық-саяси рөл атқарып, жұртшылыққа әлеуметтік белсенділік туғызып, шындықты ашып береді, әлеуметтік дамудың жолдарын жариялап отырады. Сондықтан журналист бұл салад қоғамдық-саяси қызмет жасаудың өнерін игере біліп, әлеуметтік процестерге өз еңбегімен белсене араласуы – күн тәртібінен түспейтін мәселе.

Жалпы журналистика – халықтық болып саналады. Өйткені журналистика – халықтың қамын ойлайтын, соның қажетін қарастыратын сала. Сондықтан халықтың жағдайын ойластыруы журналистика әркез назардан тыс қалдырған емес. Қандай мәселені көтермесін, журналистика соның бәрін халықтық тұрғыда қозғауға, халықтың сөзін сөйлеуге күш салады. Әрқашан халықтың жағында болып, халықтық позиция ұстайды. Бұлыс дұрыс та. Себебі, жеке біреулерге қызмет етпей, немесе азын-аулақ топтың мүддесін көздемей, осылайша бүкіл жұртшылықтың, жалпы адамдардың мүддесін көздейтін мақсат анағұрлым ақылға сыйымды, адамгершілікке жататын іс болса керек. Тар көлемде белгілі біреулердің ғана идеясын жақтамай, нағыз адамзатқа қызмет ету – биік моральдық этикалық қасиет екені ақиқат.

Журналистиканың халыққа қызмет етуі – сол халықтың реалды қажеттерін өтеу үшін, оны прогреске бастайтын, жақсылыққа жеткізетін жолды таңдау деген сөз. Дүниеде бірер адамның бақытты болғанынан ештеңе бітпейді, ал бүкіл халық бақытты болса, онан асқан арман-мақсат жоқ шығар. Міне, журналистика да осы жағдайды ескеріп, осы бағытта жұмыс істемек. Халық өмірінде қандай жаңалықтар, өзгерістер, бастамалар болып жатыр? Осының бәрі журналистикада айнадағыдай көрініп отыруы керек. Сондай-ақ, халықтың пікірі, ойы, мақсаты журналистиканың ең бір мұқият назар аударып отыратын тұсы. Ал өмірде жақсылықтар болып жатса, соны журналистика ең бірінші көре біліп, ізін суытпай жариялап отыруы тиіс. Оны кең насихаттап, қолдап, таратып отыруы жөн. Ал егер, қажет болған жағдайда, оны тіпті, тез өмірге енгізуге күресіп отырудың да артықтығы жоқ. Өмірдегі нағыз заңдылықтардың өзі халықтың шынайы қажетін қанағаттандыратын болуы керек. Сол үшін де халықты біріктіріп, оның жетімсіз нәрсесін жеткізуге ұмтылу үлкен жауапкершілік. Ал журналистер жан-тәнін аямай, қате идеяларды немесе астарында жалған мақсат жатқан істерді халық алдында әшкерлеп, кемшілігін ашып айтып, оны толықтыруға, түзетуге тырысу керек. Мүмкін жалған идея халық алданып қалған шығар, осы жағын ойластыру жөн. Халық өміріне кедергі келтіретін нәрсенің бәрін журналистика дер кезінде көріп-біліп, ескертіп-отыруы, қоғамдық пікір туғызуы қажет екені айтпаса да түсінікті. Сондықтан өмірде сенімсіз нәрсеге жол бермеу керек.

Мұндай жайларды айтқанда, жазғанда, әрине оның қарапайым халыққа түсінікті болуын ойластыру керек. Бұл ретте ауыл адамы үшін де, қала адамы үшін де, сондай-ақ интеллигентке де қозғалып отырған мәселе ортақ әрі екі жаққа бірдей түсінікті, ұғынықты болуы өте маңызды. Жалпы, журналистикада екіұшты ойдан, бір-біріне қайшы пікірден сақтану керек. Ондай жағдайда оқырманды не тыңдаушыны шатастыру оңай. Ал бұл журналисиканың беделін түсіретіні белгілі. Журналист үшін түсінікті тіл, анық ой қажет. Сөзді, сөйлемді ауырлатпауға тырысу керек. Халық әрбір мақаланы оқығанда, не тыңдағанда қиналмай ұғатындай дәрежеде болуы тиіс. Әртүрлі терминдер мен шетелдің сөздерін және түсініксіз ұғымдарды журналистикаға тықпалай бермей, тиімді тәсілдерді қолдану қажет.

Келесі бір білуге тиіс нәрсе – журналистиканың демократиялылығы. Яғни, журналистика шынайы демократия үшін еңбек етеді, күреседі. Халықтың еркіндігі, өз ісін атқаруы мен мемлекет ісіне араласуы баспасөз, радио, телевидениенің үздіксіз жүргізіп отыратын мәселесіне айналуы қажет.

Демократия – саяси құрылыстың формасы ретінде азаматтардың теңдігі мен бостандығын, өкіметті басқаруға араласуын, әртүрлі орындарға сайлануға қатысуын, Конституцияда адам құқықтарын қамтамасыз етуді көздейтін бағыт. Ол қоғамдық ұйымдар қызметін, өкіметті, мемлекеттік мәселелерді бүкілхалықтық етіп талқылауды жүргізуге пайдалы. Демократия жағдайында барлық адам заң алдында бірдей құқыққа ие болады, олардың әділ өмір сүруіне кепілдік береді. Біреуге біреу қысым жасау демократияға жатпайды. Сондықтан қоғам жан-жақты демократияға көшкенде ғана шынайы өмір қатынастары орнығады. Демократияның тағы бір пайдасы – жариялылықты күшейтіп, әділетсіздікке қарсы сынды дамытуға жағдай жасайды. Демократия мен журналистика тығыз байланысты болуы тиіс.

Демократия кезінде журналистиканың рөлі онан сайын артып, қоғамдық пікірдің ұйымдастырушысы мен жариялаушысы ретінде көрінеді. Қоғамдық пікріді туғызатын да, жасайтын да халық, әлеуметтік топтар. Қоғамдық пікір – өз кезегіндегі әлеуметтік өмірдің маңызды мәселелеріне байланысты туады. Өткен мен бүгінге байланысты процестер мен фактілерге байланысты өріс алады. Актуальді оқиғалар мен құбылыстар, іс-әрекеттер мен идеялар бағаланып, нақты мақсаттар мен міндеттер және оған жету жолдары жөнінде қоғамдық пікір пайда болады. Ол көзқарастар мен тарихи санаға қатысты болып келеді. Жалпы қоғамдық пікір – өмірдің нақты жағдайларын байқай отырып, оны қалай өзгертудің жолдарын қарастыратын жүйе болып табылады. Қоғамдық пікір тарихи жағдайларға байланысты өзгертіп отырады. Ол ғылым, саясат, экономика, мәдениет, яғни барлық саланы қамти береді. Демек, журналистика болса, сол қоғамдық пікірдің туып, дамуына, жариялануына қызу араласып отырады. Егер демократия болмаса, қоғамдық пікір де еркін дами алмайтыны белгілі. Қоғамдық пікір – қоғамдық санадан туып, әртүрлі пікірлер арқылы қалыптасады.

Журналистиканың халықтығы мен демократиялығы – оның қалың көпшілікпен байланысында. Сол арқылы журналистика өз жұмысы туралы халықтың қатысын әрі пікірін біліп отырады және халық арасында демократиялық құбылыстардың ашық, екпінді жүруіне мүмкіндік туғызады.

Қазір Қазақстан журналистикасы тек өз республикамызбен ғана шектеліп қалмайды. Бүгінгі заманда олай болуы мүмкін де емес. Әрине, уақыт талабы да басқа екені белгілі. Өйткені, бұрынғыдай емес, әр ел өз тәуелсіздігін алғанмен, жер шарының бүкіл елдерге, халықтарға мәселесі аз емес. Мысалы, бейбітшілік, табиғат апатына тосқауыл, экология, экономика, саясат, мәдениет, ғылым, халықтар достығы еш уақытта тар шеңберде қалып қоймайды, оған қоса, ондай мәселелерді тек бір елдің, бір республиканың шешуіне де мүмкіндік бола бермейтіні бегілі. Сондықтан бүкіл адамзаттық мәселелер бәрібір ортақ тіл табысуға, бірлесуге, өзара келісімдер жасауға әкелетіні белгілі.

Осы ретте Қазақстан журналистикасы да жер жүзі журналистикасы секілді даму, қалыптасуды бастан өткеріп отыр. Кейде өзара байланыстар да болып, бір-біріне әсер ету арқылы жаңа жетістіктерге жол ашылуда. Баспасөз, радио, телевидение ұжымдарымен бірге, жекелеген журналистер де шетелдерге шығып, тәжірибелер алмасып тұрады. Ал енді нақты мысалдарға келетін болсақ, Қазақстанда алдымен көпұлтты халықтар тұратыны белгілі. Соған орай әрбір ұлттың, мысалы, орыс, неміс, ұйғыр, корей т.б. халықтардың өз тілдерінде газеттері шығып, радио, телевидение арқылы арнаулы бағдарламалар беріліп тұрады. Сондай-ақ, театрлар мен ұлттық орталықтар жұмыс істейді.

Енді қазақ журналистикасындағы шетел тақырыбына тоқталсақ, мына жайларды айтуға болады. Мәселен, баспасөздің «қара шаңырағы» саналатын «Егемен Қазақстан» газеті күнделікті нөмірінде шетел жаңалықтарын міндетті түрде беріп отырады. Бұл ең басты қоғамдық-саяси газет болғандықтан, әлемде болып жатқан оқиғаларды назардан тыс қалдырмайды. Идеология, саясат саласында және мемлекет басшылары жайлы материалдарға мол орын беріледі. Ондай материалдар мүмкіндігінше бірінші бетке орналастырылады. Мұнда, әсіресе, дипломатиялық қарым-қатынастар туралы жиі айтылады. Президент



жүктеу 386,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау