5В031200 «География» мамандықтарына арналған



жүктеу 1,26 Mb.
бет4/7
Дата22.05.2018
өлшемі1,26 Mb.
#16080
1   2   3   4   5   6   7

Кенсіз пайдалы қазбалар


Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

[өңдеу]Асбест


Асбест кен орны магмалық жыныстарға байланысты игеріледі. Ең ірі кен орны Қостанай (Жітіқара) жәнө Қарағанды (Жезқазған) облыстарында. Мұғалжардың оңтүстігінде Бөгетсай және Шу-Іле тауларында, Хантау кен орындарында асбестің едәуір қоры бар.

[өңдеу]Фосфорит


Қазақстан фосфориттің қоры жонінен АҚШтан кейін екінші орын алады. Оңтүстік Қазақстан облысында, Қаратауда ірі фосфорит кен орындары (Шолақтау, Ақсай, Жаңатас) бар. Сапасының жоғарылығы және қабатының қалыңдығы жонінен бұл кен орындарының бүкіл жер шарында теңдесі жоқ. Сондай-ақ фосфорит кен орындары Ақтөбе облысында, Жем озенінің жоғары ағысында да кездеседі.

[өңдеу]Тұз


Қазақстан аумағында тұз қоры өте мол. Әсіресе тұзға Каспий маңы ойпаты бай. Ондағы кей жерлерде тұз қабатының қалыңдығы (тұз күмбездері) 2 км-ден асады. Кейбір қабаттарда ас тұзына қоса, калий, т.б. тұздар да кездеседі. Сондай-ак Каспий маңы ойпаты мен Батыс Сібір жазығында және республиканың басқа да аудандарында кептеген тұзды көлдерде тұнба тұздар жиналған.

Қазақстан әктас, мергель, бор, мәрмәр, гипс, отқа төзімді саз, кварцты құм, минералды бояулар сияқты құрылыс материалдарына да бай. Бүлардың кен орындары республиканың көп жерінде кездеседі.

Пайдалы қазбалардың халық шаруашылығы үшін маңызы зор. Көптеген кен орындары бір-біріне жақын жатқандықтан (темір мен марганец, темір мен тас көмір, өктастар мен отқа төзімді саздар), бүларды кешенді түрде өңдеуге мүмкіндік береді. Кәптеген пайдалы қазбалар жер бетіне жақын жатқандықтан, өларды қазып алу көп шығынды талап етпейтін ашық өдіспен өндіріледі. Қазақстанда барланған кен орындарының едәуірі қазір пайдаланылуда. Солардың негізінде көптеген зауыттар салынды.

Қазақстанда минералды шикізат қорының барлық түрі бар. Бірақ мұнай, көмір, темір рудасы, т.б. минералды ресурстар шексіз емес. Олардың жалпы қоры пайдаланылған сайын азая береді. Кейбір кен орындары сатылып, барлау нөтижесінде жаңа кен орындары ашылып жатыр. Мұның өзі жер қойнауы байлығын қорғауды талап етеді. Сонымен бірғе кен орындарын игеру ісі табиғат қорларының (топырақ жамылғысы, жер асты және жер беті сулары, орман, егістік, жер, ауа т.б.) жағдайына әсерін тигізеді.

Сондықтан сарқылатын қорларды кешенді әрі тиімді пайдалану және оларды сақтап, қорғау ісін жүйелі түрде жүргізу қажет. Табиғатта таза химиялық элемент кездеспейді. Мысалы, көптеген темір кен орындары күрылымында фосфор, күкірт сияқты сирек металдар бар. Негізгі кенмен бірге қосымша құрамын да айырған дүрыс. Ол үшін негізгі және бірге жатқан пайдалы қазбалар қорын жер қойнауынан неғұрлым толық алу керек, шикізатты өндіргенде, тасымалдағанда және еңдегенде кететін қыруар шығынмен күрескен жөн, шикізатты өңдегеннен қалған өнімді тиімді пайдаланып, әрі қалдықсыз технологияны игеру қажет.

. Кіріспе
Бағдарламаны әзірлеудің қажеттілігі “2005-2007 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысының қоршаған ортаны қорғау” өңірлік бағдарламасының 2007 жылы аяқталынуына және табиғат қорғау қызметінің үздіксіздігін, кезектілігін және жүйелілігін өңірлік деңгейде қамтамасыз етумен байланысты.

«Шығыс Қазақстан облысының қоршаған ортасын қорғаудың 2008-2010 жылдарға арналған» өңірлік бағдарламасында Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасына, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес табиғат қорғау іс-шараларын іске асыру және әзірлеу қарастырылады. Бағдарлама Қазақстан Республикасындағы салалық (сектораралық) және өңірлік бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру ережелеріне, «Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшуінің 2004-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 Жарлығына, Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясына және стратегиялық маңызы бар басқа да бірқатар құжаттарға негізделеді. Бұдан басқа, Шығыс Қазақстан облысының бағдарламалық құжаттары мен Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау қоршаған министрінің 2007 жылғы 24 сәуірдегі № 119-ө бұйрығымен бекітілген ортаны қорғау бойынша іс-шаралардың тұрпатты Тізбесі ескерілді.

Өнеркәсіп үшін тұрақты даму - экологиялық тиімді жобаларды, ресурс үнемдеуші технологияларды ендіру. Тұрақты дамуды қамтамасыз етудің маңызды негіздерінің бірі осы саладағы қазіргі заманғы халықаралық танылған қағидалар мен механизмдерді іске асыратын және экономиканың дамуы мен әлеуметтік саланы экологиялық теңгеруді қамтамасыз ететін табиғатты пайдалануды басқару және қоршаған ортаны қорғаудың тиімді жүйесін құру болып табылады. Соңғы жылдары экономиканың даму үрдісін ескере отырып, республиканың Шығыс Қазақстан облысында экологиялық проблемалардың өткірлену мүмкіндігі мен осыған байланысты тұрғындардың, мемлекеттік үкімет органдары мен жергілікті өзін-өзі басқарудың алаңдатушылығын тудыра білу керек. Осыған орай, экономика құрылымының соңғы екі онжылдықта өзгеруі, негізгі құралдардың ескіруі, өндіріс апаттылығының артуы және басқа да факторлар қоршаған ортаның барлық құрауыштары мен объектілерінің барлығының дерлік антропогендік қызметіне келеңсіз әсер етуі біршама өсті. Осындай жағдайларда ұтымды табиғат пайдаланудың тұжырымдамасына қоршаған ортаға келеңсіз антропогендік әсерді болғызбау және төмендету, құқықтық негізді, реттеуші және түзетуші механизмдері, соның ішінде экономикалық аспаптары бар ғылыми негізделген міндеттерді құру және соңынан дамыту бірінші кезекке шығарылады. Осыған байланысты, табиғат қорғау бағдарламалары мен іс-шараларды қалыптастыру кезінде және іске асырғанда экологиялық-экономикалық болжаудың әдістерін одан әрі жетілдіру бойынша мақсатты жұмыс талап етіледі. Шығындар мен экологиялық кері эффектті төмендету мақсатында мемлекеттік және шаруашылық етуші субъектілердің арасындағы негізделген экономикалық жауапкершілікті қайтадан бөлу мәселелерін қосумен табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласында институттық құрылымды жетілдіру талап етіледі.

Жазылғандардың барлығы аталған бағыттарды ескерумен “Шығыс Қазақстан облысының қоршаған ортасын қорғаудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын” әзірлеу бойынша жүргізілген жұмыстардың көкейтестілігіне негізделген.



Табиғат пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы көптеген проблемаларды шешу үшін әлемдік қауымдастық осы стратегияларды құқықтық, қаржылық, техникалық және ұйымдастыру шарттарымен, талаптарымен және шектеулерімен байланыстырып іске асыратын жоспарлар мен бағдарламаларды әзірлеуді қоса отырып ұзақ мерзімді мақсаттарды орнату және оларға қол жеткізу үшін қалыптастыруға негізделген жалпылай танылған әдістемелерді әзірлеп шығарды. Осыған байланысты табиғат қорғау қызметін басқару жүйесінің жұмыс істеуінің соңғы тиімділік көзқарасынан негізгі маңыздылығы осы саладағы мақсаттарды қалыптастыру механизмін және орта мерзімді перспективаға қол жеткізу үшін нақты көрсеткіштерді (индикаторларды) құру. Осыған байланысты бағдарламаны әзірлеу үшін негіз болғандар: қоршаған ортаның мақсатты сапа көрсеткіштерін орнату, таңдаулы қолжетімді технологияларды іріктеу және қолдану мен қалдықтардың пайда болуын азайту, сондай-ақ оларды қайталап пайдалану. Дәл осының негізінде экономиканың салаларының, аумақтарының және ластаушы-кәсіпорындардың шығарындыларды, қашыртқыларды және қоршаған ортаға тигізілетін өзге де келеңсіз әсерлерді азайту бойынша қажетті шараларды қарастырулары керек.

Бағдарлама, бағдарламаны іске асыру бойынша жоспарланған шығындарды ескерумен бюджет және түрлі деңгейлердегі бюджеттен тыс қорлардың, сондай-ақ шаруашылық етуші субъектілердің қаржы мүмкіндіктерінің шынайы мүмкіншіліктерінен аспайтындай етіліп есеппен жасалды.

Бағдарламада тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету, тұрмыстық қатты қалдықтармен айналысу, канализация жүйесін дамыту және қайта жаңарту, ормандарды дамыту, дағдарысқа ұшыраған ауыл шаруашылығы жерлерінің деңгейін азайту қарастырылмайды, өйткені ондай іс-шаралар тиісті арнайы бағдарламаларда қарастырылған.

Бағдарламаның негізгі бағыттары тұрақты даму тұжырымдамасына сәйкес ресурстарды үнемдеуші қазіргі заманғы технологияларды пайдалануға және экономиканың өсуі кезіндегі қоршаған ортаның сандық көрсеткіштерін жақсартуды анықтауға негізделген.



3. Шығыс Қазақстан облысының

қоршаған ортасының

қазіргі заманғы ахуалына талдау
3.1. Табиғи-климаттық сипаттама
Шығыс Қазақстан 283,23 мың шаршы шақырым аумақты алып жатыр, Қазақстанның барлық аумағының 10 % аз ғана астамын құрайды, тұрғындарының да үлесі ұқсас. Облыс шекарааралық басты күретамыр – Ертіс өзенімен дамыған өзен желілерімен сипатталады.

Облыстың аумағы орташа және нашар ылғалды аймаққа жатады (жауын-шашынның мөлшері жылына 100-ден 1000 мм дейін, биік тауларда жылына 2500 мм дейін жетуі мүмкін). ШҚО климаты континенттіктен қоңыржай континентікке ауысады, жылдық температураның ауытқуы 43-30°С құрайды. Күрделі таулы бедерге байланысты климаттық жағдай тік белдеу заңына бағынады. Күн радиациясының қосындысы жылына 4525,2 бастап 6565,5 МДж/м2 шегінде солтүстіктен оңтүстікке ауысады. Радиациялық баланс (радиациялардың қосындысы арасындағы айырмашылық және оның шағылудағы жоғалтулары мен сәулеленуінің тиімділігі) жылына орта есеппен оң және жылына 1815 МДж/м2 құрайды.

Аумақтардың өнеркәсіптік-ауыл шаруашылықтық тегіс игерілмеуі және Шығыс Қазақстан облысының қалалар мен ауылдық елді-мекендерін орнату өзіндік табиғи шартқа – тігінен мүшеленген жоғары деңгейлік, ландшафттық құрылымының уатылуы мен біртекті еместігінің жоғарылығына негізделген.

Облыстың солтүстік, солтүстік-шығыс және шығыс аудандары ауыл шаруашылық қатынасында жерді пайдалану ауданы, ал батыс және оңтүстік аудандары – жайылымдық пайдаланудағы аудандар болып келеді. Аграрлы-өнеркәсіпті кешеннің дамуы табиғи ландшафттардың антропогендік әсерге әлсіздігінің және ауылдық аумақтардың экологиялық ахуалға тұрақсыздық деңгейінің жоғарылылығын алдын ала анықтады. Ауыл шаруашылығына тағайындалған жерлердегі қазіргі заманғы ландшафттық-экологиялық ахуал табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен қалыптасады, олардың ішіндегі маңыздысы тау-кен өндіру және өнеркәсіптің кен өңдеу салалары мен энергетика болып табылады. Пайдалы қазбаларды өндіруді үдете түсу (кенді, кенсіз, құрылыс материалдарын), алынатын және өңделетін шикізаттың агрессивтілігінің артуы ландшафттың құрауыштарының барлығының қарқынды ластану үдерісіне әсер етеді (атмосфераның ауасы, жер үсті, жер асты, ыза сулары, топырақ және өсімдік жамылғысы). Қоршаған ортаның қазіргі заманғы ахуалы кейбір шамада Семей ядролық сынақ полигонының қызметіне негізделген.




3.2. Атмосфераның жай-күйі
Облыс аумағының шегіндегі атмосфера ауасының ластану сипаты - өңірлік және климаттық, экологиялық және демографиялық ахуалға келеңсіз әсер етеді. Облыстың қалаларындағы ауа алабының ластануы тау-кен өндіру және металлургия өнеркәсібінің, жылуэнергетикасы, химия және мұнай өңдеу өнеркәсіптерінің, мал шаруашылығы кешендерінің және ластаушы заттардың таралуына келеңсіз әсер ететін климаттық жағдайлардың көрінісіндегі автокөліктердің шығарындыларына негізделген. Атмосфера ауасының жай-күйі тұрақты көз - 1953 кәсіпорыннан, сондай-ақ жылжымалы көздерден шығатын шығарындылардың тигізетін әсерінде қалуда.

Облыстың атмосферасына негізгі зиянды әсерді тигізетіндер Өскемен қаласының кәсіпорындары (ластаушы заттардың шығарындысы 46 %-ды құрайды), Риддер (7 %), мен Семей (19 %) (1 қосымша).

Атмосфераны ластаушы заттарды шығаратын негізгі көздер түсті металлургия кәсіпорындары - “Қазмырыш” ААҚ, “Қазақмыс” корпорациясы, “Востокцветмет” ӨБ, жылу энергетикасының кәсіпорны - Алтай Пауэр корпорациясы, құрылыс материалдарын өндіру бойынша кәсіпорын – Семейцемент ЖАҚ, Бұқтырма цемент компаниясы және басқалары болуда және солай қалады да.

Негізгі ластаушы заттар күкірт диоксиді (37 %), көміртек оксиді (24 %,) қаттылар (24%) болып табылады (2 қосымша).

Атмосфераның ауасын ластауда жылжымалы көздердің атқаратын рөлі елеулі, бұл сапасы төмен отынды пайдаланатын автомобиль парктерінің көбеюімен негізделеді.

2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Өскемен қаласында 61 082 бірлік көлік құралы тіркелген, соның ішінде: жеке тұлғаларда 50 212 және заңды тұлғаларда 10 870 бірлік (3 қосымша).

Соңғы 5 жыл бойы қалада орта есеппен 2-2,5 мың бірлік автокөлік қосылып отырады. Өсім 2006 жылы 6,5 мың бірлікті құрады. Көше-жол желілерін дамыту және қайта жаңарту автомобилизацияның қарқынынан біршама қалып қоюда. Қаланың ескі құрылысының ерекшелігі - көлік ағындарын көше-жол желілері бойынша тең бөлуге мүмкіндік бермейді. Қаланың орталық көшелерінің өткізу қабілеттілігі нормативтен 3-4 есе төмен, бұл жол-көлік оқиғаларының болуына ғана емес, сонымен қатар көліктердің тоқтауының көбеюіне, қозғалыстың орта жылдамдығының төмендеуіне әкеліп соғады, осының салдарынан қоршаған ортаның ластану деңгейі жоғарылайды. Көлік құралы орнынан қозғалған кезде, сондай-ақ ағында төменгі жылдамдықпен қозғалған кезде шығатын түтінде зиянды заттардың басым концентарциясы бөлінеді.

Қаладағы шығатын газдан негізгі ластану үлесін көлік құралын үнемі пайдалануға байланысты қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың көліктері береді, бұл маршрутты таксилер, автомобиль-таксилер, сауда нүктелеріне қызмет көрсететін жүк көліктері. Ластаудың біршама үлесі жеңіл автомобильдер паркінің карбюраторлық қоректену жүйесі бар ескі үлгілеріне келеді.

Өскемен қаласы Үлбі және Ертіс өзендерінің аңғарында орналасқан. Өскемен қаласының ерекшелігі оның ластаушы заттардың таралуына әсер етпейтін физикалық-географиялық орналасу жағдайы, сондай-ақ қаланың ішінде өнеркәсіп өндірістерінің шоғырлануы (түсті металлургия, жылу энергетикасы, ядролық отын). Қаланың ауасын негізгі ластаушылар ірі өнеркәсіп кәсіпорындары болып табылады (“Қазмырыш” ААҚ, Өскемен ЖЭО, “ҮМЗ” АҚ, “ТМК” ААҚ). Қаланың ластануына елеулі, бірақ осы уақытқа дейін анықталмаған үлесті жекеменшік тұрғын секторлар мен шағын кәсіпорындар қосады.

Облыс тұрғындарының бесінші бөлігінен тұратын қала ШҚО-ның жалпы өнімінің жартысын өндіреді. Бұл орайда Өскемен қаласының үлесі - ШҚО бойынша барлық шығарындылардың жалпы көлемінің 56,2 %-ын құрайды (4 қосымша).

Өскемен қаласы бойынша шығарындылардағы ластаушы заттардың құрамдарының түрі 170-ке дейін жетеді, олардың 22 %-ның қауіптілігі 1 класқа жатады. Бұл қорғасын, кадмий, мышьяк, фторлы сутегі, хлор, берилий, бұлардың пайызы жалпы шығарындыларда азғана, бірақ олардың уыттылығы қоршаған орта үшін елеулі. Бұдан басқа, олардың көбінің атмосфера ауасында бірігіп қосылған кезінде адамның денсаулығына қатты әсер ететін қосылыс түзу ерекшілігі бар.

Шығыс Қазақстан гидрометеорология орталығының деректері бойынша Өскемен қаласына 2006 жылғы атмосфераның ластану индексі оның алдындағы жылмен салыстырғанда 8,7-ден 6,5-ке төмендеген.

Бұл төмендеу хлордың, күкірт диоксидінің, бенз(а)пиреннің, мышьяктың, өлшемелі бөлшектердің, азот диоксидінің, фенолдың және формальдегидтің жылдық орта концентрациясының азаюымен байланысты. Көміртек оксидінің, фторлы сутегінің және күкірт қышқылының құрамы өткен жылдың деңгейінде қалды. Өлшемелі бөлшектердің құрамының өсуі байқалады (5 қосымша).

Семей қаласы техногендік ластауыштарының көптігімен сипатталады, олардың арасында өнеркәсіп кәсіпорындарын, көліктерді, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын, жанар-жағармай құю станцияларын, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарын, жекеменшік тұрғын секторды, тұрмыстық қатты қалдықтар күресіндерін ерекше айтуға болады. Техногендік әсер етуші көздері болып жылуэнергетикасының кәсіпорындары (Семей ЖЭО), қазандықтар, цемент, кірпіш өндірісі (“Семейцемент” АҚ, “Силикат” ЖШС), қайта өңдеу өнеркәсібі, ет-консерві комбинаты, “Эко Семей” терімехбірлестігі, құрылыс материалдары зауыты, машина жасау және танкжөндеу зауыттары, коммуналдық кәсіпорындар, Семей қалалық су каналының тазарту ғимараттары, автомобиль және темір жол көліктері болып табылады. 2005 жылғы шығарындылары 36,6 мың тоннаны құрады. 2005 жылғы атмосфераны ластау индексі (АЛИ5) 2004 жылмен салыстырғанда көбейген: 2004 - АЛИ5 = 3,9, ал 2005 – АЛИ5= 4,9.

Семей қаласы бойынша қоршаған ортаны өңірлік басқармасының деректері бойынша 2004 жылы атмосфера ауасына шығарылған шығарындылардың қосындысы 35 186,635 тонна/жыл, 2005 жылы – 35390,35 тонна/жыл, 2006 жылдың бірінші жартыжылдығында – 17 700,031 тонна болды (6 қосымша).

Атмосфера ауасын негізгі ластаушылардың үлесі Семей қаласының атмосферасын ластайтын жалпы шығарындылардың 70 %-дан астамын құрайды.

Қазіргі кезде 2 посты жұмыс істейді: ЛБП-2 (ластануы бақылайтын пункт ПНЗ) цемент зауытының ауданында, ЛБП-4 “Силикат” ААҚ ауданында, олар пайдаланылуға 2003 жылғы 1 шілдеде қосылған.

№ 2 ЛБП, № 4 ЛБП бақылау постыларының деректері бойынша және өнеркәсіп кәсіпорындарының санитарлық-қорғаныс аймақтарының шекараларында 2006 жылы алынған ауаға жүргізілген сынамалардың нәтижелерінің деректерін қала бойынша АЛИ5 бөлу, (7 қосымша).

№ 1 ЖЭО, № 2 ЖЭО көбірек ластанған аудандар болып табылады. № 1 ЖЭО ауданындағы АЛИ5 24,464-ке тең, № 2 ЖЭО 21,86-ға тең. Осы аудандардың ластану деңгейі төтенше жоғары ретінде жіктеледі.

ЛБП-те ауа сынамасын алу күн сайын тәулігіне 3 рет жүзеге асырылады. Мынадай қоспалар анықталады: күкірт диоксиді, азот диоксиді, көміртегі оксиді, шаң, фенол (8 қосымша).

Айдағы орташа концентрация: орта тәуліктік рұқсат берілген шектегі концентрация (РБШК) есе артқаны.

Бір жолғының ең жоғарысы: РБШК бір жолғы ең жоғарғы артудың еселігі.

Облыстың шығыс аудандарында атмосфера ауасының ахуалы жылу энергетикасы кәсіпорындарының, Зырян қаласындағы “Қазмырыш” ААҚ тау-кен байыту комбинатының үйінділерінің және қалдық сақтау, физикалық шаңдануы шығарындыларының көлемімен анықталады, алайда қаладағы атмосфера ауасының ахуалына мемлекеттік бақылау жүргізілмейді.
3.3. Су ресурстарының жай-күйі
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының су ресурстарына бай және онымен көбірек қамтамасыз етілген өңіріне жатады, бұл оның табиғи-климаттық жағдайымен анықталады.

Облыстың су қорына өзендер, көлдер, батпақтар, тоғандар мен су қоймалары, жер асты сулары мен мұздақтар кіреді. Тұщы су ресурстарының қосындысын облыстың бір тұрғынына шаққанда жылына 50 мың текше метрден келеді, бұл әлемдік стандарт бойынша өте жоғары көрсеткіш болып саналады.

Облыстың су ресурстары Ертіс алаптық су шаруашылығы басқармасының деректері бойынша мыналардан тұрады:

1) жалпы ұзындығы 28 мың шақырым және жылдық орта ағыны шамамен 30 миллиард текше метр болатын 1017 өзен;

2) су массасының көлемі 6,5 миллиард текше метр болатын 1967 көл (Алакөл және Сасықкөл көлдерін қоспағанда);

3) жобалық сыйымдылығының қосындысы 53 текше шақырым болатын 75 су қоймасы мен шағын тоғандар;

4) бекітілген пайдалануға қосу қоры жылына 2,4 миллиард текше метрге жуық жер асты сулары.

Өнеркәсіп, құрылыс, көлік және тұрғын үй – коммуналдық салаларында су тұтыну мен суды бөлу көлемдеріне есеп 2-ТП-водхоз статистикалық есеп нысаны бойынша жүргізіледі. Жер үстіндегі сияқты жер асты суларының да көп бөлігі есеппен қамтылған.

Облыстың негізгі су тамыры Ертіс өзені болып табылады, оның алабында ұзындығы 21,8 шақырым және жалпы суы жылына 33 миллиард текше метр болатын 819 өзен бар, олардың 8 миллиард текше метрі жыл сайын Қытайдың аумағынан ағып келеді. Шекара тұстамасының деректері бойынша Қытайдан су орташа ластанып келеді, және Ресейдің шекарасына жеткенге дейін барлық қашықтықта осы күйінде сақталынады (9, 10 қосымшалар).

Қорықтық көл - Марқакөл ерекше орын алады, онда 6,4 миллиард текше метр ультратұщы су бар. Ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе аса ғылыми құнды көлдердің тізбесіне тектоникалық шығу тегі бар Рахман, Аблакетка, Сібе, Дұбығалы, Айыр көлдері жатқызылады.

Жалпы алғанда облыстың жер үсті суларының шамасы - жылдық орта сулылығы 35,92 текше шақырым болып бағаланады, соның ішінде жергілікті ағындар – 27,81 текше шақырым және суы аз жылдары – 20,62 текше шақырым, соның ішінде жергілікті ағындар – 15,47 текше шақырым. Бұл орайда жер үсті сулары ресурстарының пайдалануға жарайтын шамасы, орта жылдық сулылығы бойынша 3,54 текше шақырымды құрайды (2,3 мың м3/жыл бір адамға), су аз жылдары – 1,92 текше шақырым (1,2 мың м3/жыл бір адамға).

Жер асты суларының бекітілген пайдалану қоры жылына 2,4 млрд.м3 құрайды. Соңғы 5 жылдың ішінде коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждықтар мен өнеркәсіп мұқтаждықтары үшін алынатын суларды сараптағанда байқалғаны: су шаруашылығының 2 ТП водхоз жаңа бағдарламасын ендіруге байланысты өткен жылы осындай мұқтаждықтар үшін су алу көлемін ішінара нақтылау және қайта бөлу жүргізілді. 2006 жылы коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждықтар мен өнеркәсіп мұқтаждықтары үшін су алу көлемін нақтылау және қайта бөлу жүргізілді.

Ауыл шаруашылығының мұқтаждықтары үшін ағымдағы жылы 263,30 млн.м3 су алынды, оның ішінде жер үсті суы 242,16 млн.м3 (92%) және жер асты суы 21,14 млн.м3 (8%). Соңғы бес жылдың ішінде су алу және ауыл шаруашылығының қажеттіліктері үшін пайдалану 70 млн.м3 жуық азайды, бұл жүйелі және лимандық суармалы жерлердің азаюы себебінен болуда (11, 12 қосымшалар).

Соңғы тоғыз жылдағы мұқтаждықтар бойынша су пайдалануға талдау жасай отырып, мыналарды атап өту қажет:

1) шаруашылық ауыз су мұқтаждықтары бойынша шамалы ауытқу байқалады;

2) өндірістік мұқтаждықтар бойынша өнеркәсіп өндірістерінің ұлғаюы себебі бойынша су тұтынудың көлемі артуда;

3) суды жерді суару үшін жүйелі пайдалану суарылатын алаңдарға пропорционалды тәуелді (соңғы жылдары 5,32 мың га суарылатын жерлердің азаюы суды пайдалануды 2,7 млн. м3 азайтты);

4) лиманды суару бойынша суару алаңдарының азаюымен суды пайдалану да азаюда;

5) суды ауыл шаруашылығында пайдалану бойынша шамалы өзгеріс бар;

6) жайылымдарды суару мал басының көбеюіне пропорционалды өсуде (2001 жылдан бастап мал басының қырқынды өсуі байқалады, осы кезеңде су тұтыну екі есе артты);

7) су тоғаны - балық шаруашылығы бойынша суды пайдалану өсіру материалдары өндірісінің азаюы себебінен біртіндеп азайып келеді (шабақтар, осы жылғы өсім мен жас балық), соңғы екі жылда су алу 7,47 млн. текше метр шегінде анықталды (13 қосымша).

Сарқынды суларды жерүсті су объектілеріне су бөлу динамикасы бірдей емес, бірақ 2001 жылдан бастап төмендеу үрдісі байқалуда, бұл кәсіпорындарда суды ұтымдырақ пайдалануына байланысты болуы мүмкін, бірінші кезекте өндірісте оны қайтара пайдалану.

Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының деректері бойынша табиғи су объектілеріне 2005 жылғы 01 қаңтар бойынша 231,32 млн. м3, оның ішінде 84,78 млн. м3 (36,7%) ластанған және жеткілікті тазартылмаған су құйылды (14 қосымша).

Жер үсті суларының ластану проблемасын шешу ШҚО-ның қоршаған ортасын қорғаудың басым бағыттарының бірі болып табылады.

“Қазгидромет” РМК жүргізетін мониторингтің деректері бойынша Шығыс Қазақстанның өзендері – республикадағы ең ластанған өзендер. Жер үсті суларының ең жоғарғы ластануы полиметалл кенін өндіру және байыту аудандарында байқалады.

Шығыс Қазақстан облысының су ресурстары тау-кен өндіру саласының өнеркәсіп кәсіпорындарының уытты құрауыштармен ластануы бойынша қарқынды жүктемені басынан кешіруде. Бұл кәсіпорындар өзен желілерінің неғұрлым жиі аймақтарында орналасқан. Осындай жерлерде жылу энергетикасының ірі кәсіпорындары орналасқан.

Тау-кен өндіру өнеркәсібі облыстың су объектілерінің тарихи ластануына негізделген. Бұлар су қорғау белдеулерінде және өзен аймақтарында орналасқан тау жыныстарының үйіндісі, қалдық сақтау орындары. Олардың қатарына пайдаланудан шыққан кеніштер мен тау-кен өндіру кәсіпорындарының шахталары жатады. Су тоғандарын негізгі ластаушылар – дренаждық, шахталардың жеткілікті тазартылмаған және тазармаған сулар.

Өткен ғасырдың 40-50 жылдарында ашық әдіспен полиметалл кен орындарын өңдеудің салдарынан баланстық кендер мен аршынды жыныстар фильтрлі экрандарынсыз өзендердің жайылмаларына үйілді. Үйіндінің бойына жинақталған атмосфераның ылғалы металдармен қаныққан күкірт қышқылына айналады және дренаждық сулармен ыза суларға, бұлақтарға және өзендерге қосылды.

Сонымен, жоғары ластану (ЖЛ) мен экстермальды жоғары ластану (ЭЖЛ) оқиғалары Брекса, Тихая, Үлбі өзендерінде тіркелген, олардың әрқайсысы бірінен кейін бірі бір-біріне қосылады, тарихи ластануға негізделген. Брекса өзенінің ластануы Мартынов қайнары (Брекса өзеніне құяды) бұлағының, Шүлбі кенішінің жыныс үйіндісінің дренаждық суларының қарқынды ластануына байланысты. Ары қарай Брекса Тихая өзеніне құяды, мұнда Брекса өзені мырышпен араласады және ластанады, экстремальды жоғары ластану РБШК 191,3-дан 17,4 РБШК дейін төмендейді, ары қарай ағысы бойынша 12 РБШК дейін азаяды (2004 жылғы мониторингтің деректері).

Үлбі өзенінің мырышпен, марганецпен жоғары ластану оқиғасы сондай-ақ Тишинский кенішінің № 2 үйіндісінің уытты элементтерін сілтісіздендіру үдерісімен байланысты. Тишинский кенішінің № 2 үйіндісін қайтадан үю 1967 жылдан бастап 1977 жыл бойынша кезең аралығында Үлбі өзенінің аңғарындағы малтатасты шөгінділерін төсемей арнайы негізгі дайындықсыз жүргізілген.

Экономикалық дағдарыстың кесірінен кен шығару орындарының бір бөлігі ешкімге керексіз болып қалды, оларды пайдаланудан алу бойынша табиғат қорғау іс-шаралары орындалған жоқ және бүгінгі күні олар біршама ластаушы көздер болып табылады, олар – Чекмарь, Березовское, Ново-Березовское, Покровское, Рулиха, Сугатовское, Ақтау, Бакенное, Маралиха. Алда тұрған қорды өңдеумен Зырян, Греховское, Ақ Жал, Жерек, Мұқыр, Тишинское, Бакенное, Белоусовка, Николаевское, Риддер-Сокольное, Бақыршық, Шубинское, Большевик кен өндіру орындарын консервациялау қажет етіледі.

Химиялық көрсеткіштері бойынша көбірек ластанған өзендер: Красноярка, Глубочанка, Тихая, Брекса және Үлбі (Тишинский кеніші) жұмыс істеп тұрған Қазақмыс корпорациясының ВостокКазмедь филиалы мен “Қазмырыш” АҚ кен өндіру кешенінің кәсіпорындарының әсерінде қалуда. Соңғы жылдарда осы өзендердің суларының ластану индексі жоғары қалпын сақтауда. Мыс пен мырыштың жылдық орта РБШК асып кетуде, Красноярка, Глубочанка, Брекса өзендері суларының бетінің ластану шегі жоғарғы экстремальды ластануға жеткен (15 қосымша).

2005 жылмен салыстырғанда 2006 жылы Шығыс Қазақстанның өзендері бойынша судың сапасы Ертіс (ШҚО), Бұқтырма, Үлбі, Оба, Аягөз өзендерінде және Бұқтырма су қоймасында өзгерген жоқ.

Брекса, Тихая, Глубочанка, Красноярка, Емел өзендерінде және Өскемен су қоймасында судың сапасының жақсарғаны анықталды.

Жер асты сулары. Барланған кен өндіру орындарының жер асты суларына негізгі техногендік әсерді шахта сулары мен кеніштердің үйінділері, байыту фабрикалары, металлургия және отын-энергетика кәсіпорындары мен зауыттары, сондай-ақ мал шаруашылығының кешендері мен құс фабрикаларының кәсіпорындары тигізеді. Мыс, мырыш, қорғасын, селен, марганец, кадмий, аммиак, фенол, ал мал шаруашылығының кешендерінде нитраттар мен аммиак ластаушы құрауыштар болып табылады.

Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының деректері бойынша жер асты суларының неғұрлым келеңсіз жағдайы Семей өнеркәсіптік ауданы мен Өскемен қаласының Заульбинский бөлігінде.

Өскемен қаласын сумен қамтамасыз ету. Өскемен қаласының тұщы су ресурстарының қоры үлкен болса да, қоршаған ортаны қарқынды техногендік ластауға әкеліп соққан өнеркәсібінің дамуына байланысты және бас тоғандарының бөлігінде ұтымсыз орналасуынан ауыз сумен толық қамтамасыз етілмейді, ал қаланың батыс бөлігін орталықтандарылған ауыз сумен қамтамасыз ету СанПиН ауыз су нормаларының талаптарын қанағаттандырмайды. Орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету көздерінің сапасы іс жүзенде бақыланбайды.

Орталықтандырылмаған көздердің суларына 2004-2005 жылдары жасалған сынама жеке құрылыстар мен ірі бау-бақша кооперативтерінің тұрғындары тұтынатын сулардың сапасы бұрынғысынша өткір күйінде қалуда.

Сонымен, 2004 жылы алынған 8 сынаманың ішінен, органикалық емес заттардың құрамы бойынша төрт сынама Ва, В, Cd, Se, Pb, Tl бойынша РБШК артуымен қауіпті және төтенше қауіпті ластануымен сипатталды.

2005 жылы алынған 20 сынаманың екі сынамасы ғана ауыз судың нормаларын толық қанағаттандыра алмады, ал қалғандарының нормативтері бір, не болмаса көрсеткіштерінің қосындысы бойынша рұқсат берілген – орташа ластану нормаларынан асып кетеді.

Қолданыстағы жер асты сулары сапасының жай-күйі ластаушы-кәсіпорындар мен қаланың агломерациясының су горизонтына көп жылғы тигізген әсерінің салдарынан қалыптасты. Қаланың аумағында жер асты суларына түрлі әсер ету дәрежесіндегі 18 ластану ошағын анықтауға болады.

Ауылдық елді мекендерде судың санитарлық нормаларға сәйкес келмеуі су құбырлары жүйелерінің тозғандығы, қаржының жетіспеушілігінен күрделі жөндеу мен ағымдағы жөндеудің уақытында жүргізілемеуі болып табылады.

Су құбыры суларының сапасы бойынша Аягөз, Күршім, Тарбағатай, Ұлан, Зайсан, Бесқарағай ең қолайсыз аудандар болып табылады. Орталықтандырылмаған көздердің суларының жай-күйі бойынша Шемонайха, Зырян, Бесқарағай, Бородулиха, Глубокое, Жарма, Катон-Қарағай, Күршім, Ұлан әкімшілік аудандары қолайсыз аудандар болып табылады.


жүктеу 1,26 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау