Зертханалық сабақ 9 – Мыс-аммиакатты жібек алу
Жұмыс мақсаты: Мысты-аммиакты жібекті алу.
Жұмысты жасау: Химиялық стаканға 20 мл су құяды, оған ұнтақталған мыс сульфатының ұсағын еруі азайғанша дейін салады. Алынған қаныққан ерітіндінің 10 мл 100 мл сумен сұйылтады, оған бюреткамен тамшылап, араластыра отырып, сілтілік орта түзілгенше 30% NaOH ерітіндісін қосады. Ерітінді сілтілігін қызыл лакмус қағазымен тексереді. Бюретканың көрсеткіштері бойынша қосылған сілті мөлшерін жазады. Қалған CuSO4 ерітіндіге (10 мл жуық) 10 мл 25% аммиак ерітіндісін қосады, оған бірінші жағдайдағы мөлшердей NaOH ерітіндісін қосады (0,2-0,3 мл немесе одан аздау). Алынған ерітінді қанық көк түсті. Бұл ерітіндіде 1 г ұсақталған мақтаны ерітеді де үздіксіз араластыра 10-20 мин қояды. Осының нәтижесінде біртекті тұтқыр ерітінді түзіледі. Тұтқыр сұйықты шприцпен сорып алады. 30% NaOH ерітіндісімен тұндырғыш ваннаға шприцті салып, жіпті тартып, тұндырғыш ваннада 2 мин ұстайды. Одан кейін жіпті таза дистильген сумен шайып, мысты алып тастау үшін 2% күкірт қышқылы ерітіндісімен түссізденгенше шаяды.
Жұмыс нәтижесін өрнектеу: Мысты-аммиакты жібекті алу әдістемесін сипаттау. Алынған өнімді мұғалімге өткізу.
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Мысты-аммиакты жібек қандай зат?
2. Мысты-аммиакты жібекті алу үшін қолданатын заттар
3. Мысты-аммиакты жібек қандай қасиеттерге ие? Қайда қолданады?
Зертханалық сабақ 10 – Мұнай өнімдерінің жану және тұтану температурасын анықтау
Жұмыс мақсаты: Мұнай өнімдерінің жану және тұтану температурасын анықтау
Жұмысты жасау: Тұтану температурасын анықтайтын екі құрал түрі бар: ашық және жабық тигельмен. Тұтану температурасын анықтау кезінде ашық приборда құм моншасына салынған темір тигельді қолданады. Тигель түбі мен сауыт арасына жуандығы 5-8 мм болатындай құм сеуіп қою керек. Моншадағы құм мөлшері тигельдегі сұйықтың мөлшерімен тең болу керек. Құм моншасын штатив сақинасына орнатады. Термометрді сұйықтыққа 45мм терендікке батырады. Мұнай өнімінің тұтану температурасы 2100С төмен болса сұйықтық тигель шетінен 12 мм қашықтықта болу керек, ал 2100С жоғары болса сұйық мөлшері тигель шетінен 18 мм қашықтықта болу керек. Тұтану температурасын анықтау үшін термометрді бақылай отырып құм моншасын қыздырады. Бас кезінде мұнай өнімінің температурасын 1 минутта 100Сқа көтереді, тұтану температурасына 400С қалғанда 1 минутта 40Сқа көтереміз. Тұтану температурасына 100С қалғанда қыздыруды азайтып, әр 20С сайын микрогорелка жалынымен тигель шетінен қыздырып отырады. Жалын ұзындығы 3-4 мм, қыздыру ұзақтығы 2-3секунд.
Тұтану температурасын өнім үстінде аз қопарылыс пайда болып, түтін пайда болғанда белгілеп алады.
Мұнай өнімінің жану температурасын анықтау үшін 1 минутта 40С жылдамдықпен қыздырады және әр 20С температура жоғарлауын горелка жалынымен суйықтықтың бетінде жүргізеді. Жану температурасын өнім жанып 5с жана берген кезде белгілеп алады.
Жұмыс нәтижесін өрнектеу: Жұмыс әдістемесін сипаттау және алынған нәтижелерді жазу.
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Мұнай өнімінің тұтану температурасы деп қай температураны айтады?
2. Мұнай өнімінің жану температурасы деп қай температураны айтады?
3. Тұтану және жану температурасын анықтау жағдайлары.
Зертханалық сабақ 11 – Минералды бояғыштарды алу
Жұмыс мақсаты: Минералды бояғыштарды алу
Жұмысты жасау: Баритті бояғышты алу. 300 мл стаканға барий хлоридінің ерітіндісін құяды да 800С қа дейін қыздырады. Ерітіндіні тез араластыра отырып аз порциялармен натрий сульфатының ерітіндісін жіңішке ағынмен құяды. Алынған сүт тәрізді ерітіндіні біраз уақытқа қойып қояды, осыдан кейін түзілген ұсақ кристалды BaSO4 тұнбасын фильтрлейді. Фильтратты жинап алады, егер фильтрат лайланған болса, оны сол фильтрден қайтадан өткізеді. Тұнбаны 2-3 рет шаяды. BaSO4 тұнбасын кептіргеннен кейін таза ыдысқа салып қояды.
Мырыш бояғышты алу. 500 мл-лік стаканға 0,5М сода ерітіндісін құяды да қайнағанша қыздырады. Тез араластыра отырып ыстық сода ерітіндісіне көлемі алдынғы ерітінді көлеміндей мырыш сульфатын жіңішке ағынмен құяды. Мырыш карбонаты тұнбасы түзіледі. Тұнбаны біраз уақытқа тығызданғанша қойып қояды. Декантация арқылы Na2SO4 ерітіндісін алып тастап, тұнбаны таза сумен бірнеше рет шаяды. Әр кезде тұнбаны таза сумен араластырып, біраз уақытқа қойып, декантацияны жүргізу керек. Шайғаннан кейін мырыш карбонатын фильтрлеп, фильтрде кептіреді. Содан кейін құрғақ ұнтақты фарфор тигельге салып, ашық жалында қыздырады. Реакция соңын анықтау үшін, яғни мырыш карбонатының ыдырауын анықтау үшін біраз мөлшерде сынама алып, пробиркаға салады да, үстіне бірнеше тамшы тұз немесе күкірт қышқылын қосады. Егер мырыш карбонаты толық ыдырамаса, ол қышқылмен әрекеттесіп, көмір қышқыл газы бөлінеді. Ал егер ZnCO3 толық ыдыраса, қышқылмен мырыш тотығы газ бөлінуінсіз әрекеттеседі.
Берлин лазурін алу. 120 мл 1М FeSO4 ерітіндісін стаканда қайнағанша қыздырады. Осы ерітіндіге үздіксіз араластыра отырып 90 мл 1М KSCN жіңішке ағынмен құяды. Түзілген ақ тұнбаны тұндырып, одан ерітіндіні құйып алады, 70-800С қыздырылған таза сумен екі рет шайып, ерітіндіні тұнбадан бөліп алады. Түзілген түссіз немесе аздап боялған тұнбаны қышқылдау үшін 20 мл конц. күкірт қышқылы ерітіндісін құяды, 70-800С дейін қыздырады, 30 мл конц. азот қышқылын араластыра отырып қосады. Содан кейін реакциялық қоспаны қайнағанша қыздырып, қалыпты температурада үздіксіз араластыра отырып 20-30 мин ұстайды. Қоспаны екі күнге қалдырады. Тұнба қою көк түске ие болады. Тұнбадан ерітіндіні құйып алып, оны таза сумен шайып, фильтрлейді.
Жасыл бояғышты алу – яр-медяник және Гинье жасылын алу. Яр-медяникті алу үшін 100 мл 1М CuSO4 ерітіндісіне 100 мл 1М сода ерітіндісін құяды. Түзілген тұнбаны бірнеше рет сумен шаяды, содан кейін оны сірке қышқылында ерітеді. Алынған ерітіндіні қайнағанға жеткізбей буландырады, содан кейін суытып тұнба қатайғанша қойып қояды. Содан кейін кристалды яр-медянкті негізгі ерітіндіден бөліп алады, кептіреді.
Гинье жасылын алу үшін калий дихроматының 1 массалық бөлігін кристалды бор қышқылының 3 массалық бөлігімен араластырады. Қоспаны тигельге салып, 30 минут балқығанша қыздырады. Тигельден қалған затты ступкада ұсатып фарфор ыдысқа салады, су құйып 1-2 сағаттай қайнатады. Бор қышқылы бар ерітіндісіне тұнбадан бөліп алып, екінші ыдыста кристалл түзілгенше буландырады. Бор қышқылы алынған жасыл тұнбаны ыстық сумен, содан кейін 1М күкірт қышқылымен, содан соң 1М NaOH ерітіндісімен шаяды. Фильтрлеп, 1000С температурада кептіреді.
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Мырыш карбонатының тұз қышқылымен әрекеттесу реакциясын жазыңыз.
2. Мыс сульфатының натрий карбонатымен әрекеттесу реакциясын жазыңыз.
Зертханалық сабақ 12 – Металдардың коррозияға тұрақтылығын анықтау
Жұмыс мақсаты: Тұз және күкірт қышқылында жүретін коррозиялық тұрақтылықты анықтау
Жұмысты жасау: Металлдардың коррозиялық тұрақтылығын стационарлыұ жағдайда анықтау үшін келесілерді ескерген жөн:
Металл пластинкалары оңай өлшенетін размерде болу керек, жуық шамамен 15-30см2 арасында жату керек.
Берілген пластинка размеріне жуық шамамен 150 мл қышқыл алу керек.
Металл қышқылда массасы 0,1000-0,3000г кішірейгенше ұстау керек.
Үш болат пластинканы наждак қағазымен өңдеп, майсыздандырып, аналитикалық таразыда өлшейді де концентрациясы белгілі қышқылға (1,3,5,7 н) салады. Бірнеше сағаттан кейін (2-4) қышқылдан алып сумен, сүйытылған сода ерітіндісімен, қайтадан сумен, спиртпен және эфирмен шаяды. Пластинканы кептіреді, өлшейді, коррозия жылдамдығын есептейді.
Жұмыс нәтижесін өрнектеу: жұмыс әдістемесін қысқаша сипаттау. Алынған нәтижелерді кестеге енгізеді.
Үлгі массасы (г)
|
Массаның азаюы (г)
|
Ауданы
(см2)
|
Уақыт (с)
|
Коррозия жылдамдығы (г/м2*с)
|
Тәжірибеге дейін
|
Тәжірибеден кейін
|
|
|
|
|
|
|
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Металл коррозиясының механизмі.
2. Металдың коррозияға тұрақтылығын анықтау үшін қандай әдістер қолданылады?
3. Металдың коррозияға тұрақтылығын анықтайтын гравиметриялық әдіс неге негізделген?
Студенттердің өздік жұмысын тексеру үшін тест сұрақтары:
1. ХТЖ-ні моделдеу үшін операторлық сұлбаларды қолданады. Химиялық ауысу опреаторын көрсетіңіз:
А) В) С) Д) Е)
2. Бензиннің октандық санынжоғарлатуға әсер ететін өнімдерді көрсетіңіз:
А) Қалыпты парафиндер мен олефиндер
В) қалыптыпарафиндер мен циклопарафиндер
С) изопарафиндер мен ароматты көмірсутектер
Д) циклопарафиндер мен олефиндер
Е) ароматты көмірсутектер мени олефиндер.
3. Мұнайды гидротазалау кезінде күкірт қандай түрінде бөлінеді?
А) SO2 В) SO3 С) S Д) H2S Е) R-SH.
4. Көмірді кокстеу кезіндегі кокстің орташа шығымы қандай?
А) 30-40% В) 40-50% С) 50-80% Д) 65-80% Е) 85-90%
5. Көмірді газдандыру кезінде қолданылатын газификациялық агенттері.
А) H2O + O2
В) CO2 + O2
С) CO2 + CO2
Д) N2 + H2O
Е) N2 + CO2
6. Фишер-Тропш синтезінде синтез-газдан көмірсутектерді алу кезіндегі қолданылатын катализаторлар:
А) никель
В) платина
С) темір
Д) мыс
Е) хром
7. Кучеров бойынша ацетилен гидратация кезіндегі ацетальдегидті алу үшін қолданылатын катализатор:
А) Сd
В) Hg
С) Ni
Д) Cu
Е) AI2O3
8. Мұнайдың каталитикалық крекинг процесінің температурасы:
А) 200-2500
В) 150-2000
С) 250-3500
Д) 450-5500
Е) 600-7000
9. Мұнайдың риформинг процесінің катализаторы:
А) NiO AI2O3
В) CuO AI2O3
С) AI2O3 MoO3
Д) TiO2 AI2O3
Е) Fe2 O3 MoO3
10. Төментемпературалы кокстеудің температурасы:
А) 6500 В) 7000 С) 7500 Д) 8000 Е) 9000
11. Көмірді термиялық ерітудегі қолданылатын еріткіштер:
А) тетралин және толуол
В) күкіртті эфир және хлороформ
С) ацетон және этилацетат
Д) бензол және диметилформамид
Е) петролей эфирі және хлорлы метилен.
12. Қандай газ қоспасы синтез-газ деп аталады?
А) CO2 + CO В) CO2 + Н2 С) CO + Н2 Д) O2 + H2 Е) CO + O2
13. Мұнай крекингінің белсенді компоненттері:
А) силикагель
В) карборунд
С) цеолит
Д) алюмосиликатар
Е) металдардың тотықтары.
14. Жартылай кокстеу температурасы:
А) 2000 В) 250-3000 С) 350-4000 Д) 450-5000 Е) 550-6000
15. Синтетикалық шайырларды өндірістік мөлшерде шығару кезінде қолданатын, тек көмірдің кокстеу процесінде түзілетін ароматты көмірсутекті атаңыз:
А) бензол В) толуол С) ксилол Д) нафталин Е) этилбензол
16. Синтез-газ дан өндірісте тұрмыстық газ – метанды алуға болады. Метандару реакциясын жетілдіретін катализаторды атаңыз:
А) NiO В)Ni С) Сr Д) Cu Е) CuO
17. мұнай өнімдердің гидротазалау кезінде азот қандай қосылыс ретінде бөлінеді?
А) элементті азот В) аммиак С) метиламин Д) гидразин Е) нитрометан
18. Лугри бойынша (тығыздалған қабаттағы) көмірдің газификация температурасын көрсетіңіз:
А) 7000 В) 8000 С) 9000 Д) 10000 Е) 11000
19 Копперса-Тотуена бойынша (тығыздалған қабаттағы) көмірдің газификация температурасын көрсетіңіз:
А) 1100-12000 В) 1200-13000 С) 1300-14000 Д) 1400-15000 Е) 1500-16000
20. Винклера бойынша (қайнау қабаттағы) көмірдің газификация температурасын көрсетіңіз:
А) 800-9000 В)9800-10000 С) 1000 - 11000 Д) 1100-12000 Е) 1200-13000
21. «технология» терминін алғаш енгізген:
A. Н.Н. Семенов
B. П.А. Ильенков
C. И. Бекман
D. К. Либих
E. Ф.А. Денисов
22. Химиялық ауысулар арқылы, шикізатты өңдеуге арналған машиналар мен аппараттарда жүретін процесстер мен операция үйлесімділігі аталады:
A. химиялық-технологиялық процесс
B. химиялық өндіріс
C. технологиялық процесс
D. химиялық –технологиялық жүйе
E. химиялық процесс
23. химиялық құрамын өзгертпей, тек фазалардың компоненттік құрамын өзгертіп жүретін фаза аралық алмасу аталады:
A. механикалық процесс
B. жылуалмасу процесс
C. химиялық процесс
D. массаалмасу процесс
E. энергетикалық процесс
24. ХТП-тің техникалық көрсеткіштеріне жатады:
A. өнім шығымы, шығын коэффициенттері, процесс интенсивтілігі, еңбек өнімділігі
B. еңбек өнімділігі, шығын коэффициенттері, өнім шығымы, өнімнің өзқұндылығы
C. өнім шығымы, сенімділік, процесс интесивтілігі, капиталды кішігірім шығындар
D. өндіріс өнімділігі, өнім шығымы, шығын коэффициенттері, процесс интенсивтілігі, капиталды кішігірім шығындар, өнім сапасы
E. өнім сапасы, өнім шығымы, қауіпсіздік.
25. алынған өнім мөлшерінің теориялық алуға болатын өнім мөлшеріне қатынасы аталады:
A. өзқұндылық
B. интенсивтілік
C. шығын коэффициенттер
D. өндіріс құатты
E. өнім шығымы
26. Өнім шығымы анықталады:
A.
B.
Достарыңызбен бөлісу: |