2.Клиникалық симптомдарды бағалап, жүктілердің құсуын ауырлығына байланысты жіктеңіз.
Жүктілер кұсуы жеңіл, орташа, ауыр дәрежелі болып бөлінеді. Құсудың ауырлыгы құсу мен организмдегі бұзылыстардың (зат алмасу процестері, маңызды мүшелер мен жүйелер қызметі) косарлануымен анықталады. Жеңіл қусу асқынбаган жүктілікте болатын құсудан айтарлықгай ерекшеленбейді, бірақ тәулігіне 4—5 рет пайда болады, тұрақты түрде жүрек айнумен қосарланады. Құсуға қарамастан, астың бір бөлігі қалады да, жүкті әйелдің жүдеуіне әкелмейді. 1—3 кг дейін салмақ жоғалту болады (ақырғы салмақтан 5%). Жалпы жағдайы қанағаттанарлық болып қала береді, апатия мен енбекке қабілеттіліктің төмендеуі.
болуы мүмкін. Гемодинамикалық көрсеткіштер (тамыр соғысы, артериялық кысым) көптеген жүктілерде калыпты дентейде қалады. Кейде аздаған тахикардия (80-90 рет минутына) болады. Қанның морфологиялык кұрамы өзгермеген, диурезі калыпты. Ацетонурия жоқ. Жеңіл құсу емге тез көнеді немесе өздігінен кетеді, бірак 10—15% жүктілерде ол күшейіп, келесі сатысына өтуі мүмкін. Орташа қусу (орташа ауырлық дәрежесі) — тәулігіне 10 рет және одан да көп болуы мүмкін. Жалпы жағдайы нашарлайды, кетоацидозбен метаболизм бұзылысы дамиды. Кұсу жиі сілекей агумен қосарланады, соған байланысты сұйықтық пен қоректік заттарды косымша жоғалту болады. Сусыздану үдейді, дене салмағы 3-5 кг дейін азаяды (ақырғы дене салмағынан 6%). Жүкті әйелдің жалпы жағдайы нашарлайды, айтарлықгай әлсіздік пен апатия туындайды. Тері жамылғысы бозғылт, қүрғақ, тілі ақшыл жамылғымен жабылған, кұрғақгау. Дене қызуы субфебрильді (37,5 °С аспайды), тахикардия (100 рет минутына дейін) мен гипотензия байқалады. Қанды тексеру кезінде жеңіл анемияны анықтауға болады, метаболикалық ацидоз байқалады. Диурез төмендеген, зәрде ацетон болуы мүмкін. Жиі іш қату байқалады. Болжамы негізінен қолайлы, бірақ емдеуді талап етеді. Ауыр немесе шамадан тыс қусу — сирек кездеседі және өмірлік маңызды мүшелер мен жүйелердіц қызметінің, онда айқын интоксикация мен сусызданудың нәтижесінде дистрофиялық өзгерістердің дамуына дейін жүретін бұзьшыстармен көрініс береді. Құсу тәулігіне 20 ретке дейін болады, әйел көп мөлшерде сілекей ағумен және тұрақты жүрек айнудан зардап шегеді. Жалпы жағдайы ауыр. Адинамия, бас ауруы, бас айналуы байқалады, дене салмағы тез азаяды (аптасына 2—3 кг дейін, ақырғы дене салмағынан 10% жоғары). Тері асты шел-май қабаты жоғалады, тері құрғақ және болбыр болады, тілі мен ерні кұрғақ, аузынан ацетон иісі шығады, дене кызуы субфебрильды, бірақ 38 °С дейін жоғарылауы мүмкін, айқын тахикардия, гипотензия туындайды. Диурез күрт төмендейді. Қанда қалдык азот, мочевина, билирубин, гематокрит, лейкоциттер саны жоғарылайды. Бір мезетте альбумин, холестерин, калий, хлоридтер мөлшерінің азаюы болады. Зәр анализінде протеин- және цилиндрурия, уробилин анықгалады, өт пигменттері, эритроциттер мен лейкоциттер табылады. Зәрдің ацетонға реакциясы күрт оң болады. Шамадан тыс кұсудың болжамы барлық уақытта қолайлы емес. Жүктілікті жедел үзуге көрсеткіш болып табьшады: әлсіздіктің, адинамия, эйфория немесе сандырақтаудың ұлғаюы, тахикардия 110—120 рет минутына дейін, гипотензия 90-80 мм сын.бағ. дейін, тері мен көз склерасының сарғаюы, оң жақ қабырға астындағы ауырсыну, диурездің 300—400 мл/тәул дейін азаюы, гипербилирубинемия 100 мкмоль/л деңгейінде, қалдык азот, мочевина деңгейінің жоғарылауы, протеинурия, цилиндрурия.
Достарыңызбен бөлісу: |