3.Диагностикалық критерилерді бағалап, жүктілердің құсуын, асқазан ішек жолдарының ауруларымен, инфекциялық аурулармен салыстырыңыз
Жүкті әйелдер құсуының сараланған диагностикасы. -,-+,+,++,+++ - көріну дәрежесі
Клиникалық симптомдар
|
Жүкті әйелдердің құсуы
|
АІЖ аурулары (гастрит, панкреатит,
ӨТБ, асқазан обыры, соқырішек,
ІЖБ, гепатит, ойықжара ауруы
|
Инфекциялық аурулар
(ТУИ,
нейроинфекция,
вирусты гепатит)
|
Құсу
|
+,++,+++
|
+,++
|
+,++
Нейроинфекция кезінде
– жеңілдеу сезіміне туғызбайтын «бұрқақша» құсу
|
Сілекей ағу
|
+
|
-
|
-
|
Ауырсыну
|
Эпигастриядағы аздап ауырсыну, оң жақ қабырға астындағы ауырсынулар
|
Гастрит – эпигастриядағы ауырсынулар,
Панкреатит – қарынның жоғарғы бөлігіндегі қарқынды ауырсыну, арқаға таралады, жөтелу, ішке терең тыныс алу кезінде күшейеді, көбіне белдеулік сипатқа ие.
ӨТБ – оң жақ қабырға астындағы ауырсынулар
Асқазан обыры – эпигастриядағы ауырсынулар,
Соқырішек – оң жақ мықын аймағындағы ауырсынулар
ІЖБ – іштің өне бойындағы ауырсынулар
Гепатит – оң жақ қабырға астындағы ауырсынулар
Ойықжара ауруы – эпигастриядағы ауырсынулар, құсқаннан кейін азаяды
|
ТУИ – іштің өне бойындағы ауырсынулар,
Нейроинфекция – бастың ауыруы болуы мүмкін
Вирусты гепатит – оң жақ қабырға астындағы ауырсынулар
|
Салмақ жоғалту
|
-+
|
-+
|
-+
|
Әлсіздік, апатия
|
-+
|
+
|
+
|
Бастың ауыруы, басы айналу
|
-+
|
-+
|
-+
|
Дәреттің бұзылуы
|
Дәреттің кідіруі (болуы мүмкін)
|
Гастрит – іш қатумен алмасатын диарея
Панкреатит – нашар шайылатын дәрет
ӨТБ – іш қатумен алмасатын диарея
Асқазан обыры - іш қатумен алмасатын диарея
Соқырішек - іш қатумен алмасатын диарея
ІЖБ - іш қатумен алмасатын диарея
Гепатит – түссізденген дәрет
Ойықжара ауруы -
іш қатумен алмасатын диарея
|
ТУИ – диарея
Нейроинфекция – дәрет бұзылмайды
Вирусты гепатит – диарея болуы мүмкін, дәрет түссізденеді
|
Анамнез
|
Етеккірдің кешігуі
|
АІЖ аурулары
|
Инфекциялық науқастармен жанасу, жеке бас гигиенасының бұзылуы
|
Терінің құрғақтығы
|
-+
|
-
|
-
|
Тахикардия
|
-+
|
-+
|
+
|
Гипотензия
|
-+
|
-+
|
-+
|
Дене қызуының көтерілуі
|
-+,+,++
|
-+
|
-+
|
Несеп шығарудың азаюы
|
-+,+,++
|
-
|
-+
|
Ауыздан ацетонның иісі шығу
|
-+
|
-
|
-
|
Тері мен көз ағының сарғыштығы
|
-+
|
Гепатит, ӨТБ кезінде болуы мүмкін
|
Вирусты гепатит кезінде болуы мүмкін
|
Ацетонурия
|
-+,+,++
|
-
|
-
|
Гемоглобиннің төмендеуі
|
-+,+
|
-+
|
-+
|
Метаболизмдік ацидоз
|
-+,++
|
-+
|
-+
|
Жалпы ақуыздың (альбуминнің) төмендеуі
|
-+,++
|
гепатит кезінде болуы мүмкін
|
Вирусты гепатит кезінде болуы мүмкін
|
Билирубиннің көбеюі
|
-+,++
|
гепатит кезінде болуы мүмкін
|
Вирусты гепатит кезінде болуы мүмкін
|
Несепнәр, қалдық азот деңгейлерінің көтерілуі
|
-+,+,++
|
-
|
-
|
Гематокриттің артуы
|
-+
|
-+
|
-+
|
Лейкоциттердің артуы
|
-+,+
|
+,++
|
+
|
Холестериннің төмендеуі
|
-+
|
Гепатит кезінде
|
Вирусты гепатит кезінде
|
Калийдің төмендеуі
|
-+
|
--
|
-
|
Хлоридтердің төмендеуі
|
-+
|
-
|
-
|
Протеинурия
|
-+
|
-+
|
-+
|
Цилиндрурия
|
-+
|
-
|
-
|
Лейкоцитурия
|
-+
|
-
|
-
|
Эритроцитурия
|
-+
|
-
|
-
|
Уробилинурия
|
-+
|
-
|
-
|
Билирубинурия
|
-+
|
-
|
-
|
4.Әйел М., 24жаста, емханаға үш айдан бері етеккірінің болмауына, күніне 4–5 рет құсуға, жүрек айнуға, апатияға және еңбекке қабілеттіліктің төмендеуіне шағымданып келді. Тері түсі бозғылт, құрғақ, пульс 92 рет минутына, АҚҚ 90\6о мм сын. бағ. б. Қынаптық тексеру: жатыр жұмсақ консистенциялы, 11-12 апталық жүктілік мерзіміне сай ұлғайған, ауырсынусыз. Жатыр қосалқылары анықталмайды. Күмбездер бос. Жағдайды бағалап, диагнозды және жүргізу тактикасын болжаңыз.
Пациент жағдайы шағымдарын,клииникалық көрінісін және объективті тексеру нәтижелерін есепке ала отырып жағдайы орташа ауырлықты дәрежелі деп айтуға болады.
Болжам диагноз: Жүктілік токсикоз,орташа дәрежелі. Жүктілік 11-12 апта.
Диагнозды нақтылау және емдеу шараларын адекватты жүргізу үшін науқасқа лабораторлық және инструментальды зерттеулер жүргізілуі қажет.
-физикалық тексеру (дене салмағын бақылау). Науқастың алдынғы салмағын білсе сол салмақтан қаншалықты жоғалтқанын немесе емдеу барысында салмағын бақылап отыру қажет.
Қосымша науқастан -ЖҚА;,-ЖНА;,-қанның биохимиялық талдауы (билирубин, қалдық азот, несепнәр, электролиттер - калий, натрий, хлоридтер, жалпы ақуыз және ақуыздық фракциялар, -трансаминазалар, глюкоза, креатинин)-құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ,,-бүйректің УДЗ Ұрық УДЗ.зерттеулерін жасау қажет.
Науқас шағымдарына сүйенсек науқас өзінің жүктілігін білмейді. Соған байланысты емдеу барысында жүктілік бойынша Д есепке қоюымыз шарт. Ем шаралары қатаң бақылаумен жасалу қажет. Егерде жағдайы ауырлаған жағдайда бірден стационарлық емге жолдауымыз қажет.
Емдеу – сулы-тұзды теңгерімді, метаболизмді, өмірлік маңызды ағзалардың қызметтерін қалпына келтіруге бағытталуы керек.
Ем:
Режим: І емдік-қорғау, теріс эмоцияларды жою.
Емдәм: жеңіл сіңірілетін, дәруменге бай әртүрлі тағамдар. Тағамды аз мөлшермен жиі қабылдау. Қорытуға ауыр болатын өнімдерді – қақталған өнімдерді, майлы етті, ащы және тұзды тағамдарды тұтынуды шектеу (ДД III).
Сусын: сілтілі – минералды газдалмаған су, шөп шайлар, лимон қосылған қою емес шай, бөлме температурасындағы немесе салқын сұйықтықтар ұсынылады. Имбирь қосылған шай.
метоклопрамид 2 мл (10 мг) б/і немесе в/і күніне 1-2 рет – 5-7 күн Құсу тоқтаған кезде таблетка түріне өткіземіз.
Бір рет амбулаториялық деңгейде су тұз алмасуын коррекциялау мақсатында трисоль (1000 мл), ерітінді, құты 500 мл; В/і енгізуіміз қажет.
5. 24 апталық жүкті әйел, емханаға басының айналуына, аяқтарындағы ісінуге шағымданып келді. Анамнезінен жүктіліктің 22 аптасынан бастап АҚҚ 130/90 мм.сын.бағ. дейін жоғарылауы, протеинуриясыз. Объективті: жалпы жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық. Тері түсі қалыпты түсті, таза. АҚҚ= 140/100 мм.сын.бағ. б. . Аяқтың балтыр және табан аймағында ісінулер. ЖНА: белок 0,33 г/л. Жағдайды бағалап, диагнозды және жүргізу тактикасын түсіндіріңіз.
Науқас жағдайы қарау кезінде қанағаттанарлық дәрежелі.
Науқас қан қысымынын 140/100мм.сын бағ,ісінулерді,протеинурияны есепке ала отырып науқасқа мынандай диагноз қойылды:
Диагноз: Жүктілік 24 апта. Преэклампсия,жеңіл дәрежелі ауырлықта.
Гипертензиялық бұзылыстар кезінде жүкті əйелдерге негізгі диагностикалық шаралар тізімі 2 аптада 1 рет немесе көрсетілім бойынша одан да жиі жүргізілуі қажет:
1. ЖҚА(Гемоглобин, гематокритті анықтау);
2. Тромбоциттер шоғырлануын анықтау;
3. Белоктың сыртқа шығу деңгейін анықтау;
4. Қан сарысуы креатининінің шоғырлануын анықтау;
5. Қан сарысуында зəр қышқылының шоғырлануын анықтау;
6. Сарысулық трансаминаздың қоюлығын анықтау;
7. Сарысулық албуминді, лактатдегидрогеназды анықтау;
8. Коагуляция кескінін анықтау;
9. Нəрестені 18-20, 28-32 апта мерзімінде,сонан соң туғанға дейін ай сайын УДЗ .
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. ЭКГ;
2. Қан тобын анықтау, Rh –фактор;
3. Мерезге серологиялық тексеру;
4. Зəрді бактерилогиялық зерттеу;
5. Нечипоренко бойынша сынама;
6. Бүйректі УДЗ;
7. Нефрологтың консультациясы;
8. Көз дəрігерінің консультациясы;
9. Кардиологтың консультациясы.
Клиникалық протоколға(2014) сәйкес жеңіл дәрежелі преэклампсияда арнайы емшара жасалмайды. АҚҚ систолалық160 ал диастолалық 95мм.сын.бағ нан артық болған жағдайда ұзартылған әсерлі гипотензивті препараттарды тағайындауымызға болады және науқас келісімімен үйіне қайтарып немесе күндізгі стационарда бақылауға аламыз. Бақылау тығыз болуы шарт. Егерде асқыну байғалған жағдайда жедел түрде магнезиялық терапия жасап стационарға жеткізу қажет.
Науқасқа ем-шара:
Режим: шектелген жартылай төсектік режим,стресс көңіл күй бұзылыстарынан аулақ болу
Диета: #7 белок көмірсуларға бай тағамдарды,тұзды шектеу. Лимон-жалбыз қосылған шайларды ішу,газды сусындарды шектеу.
Метилдопа-250 мг нан күніне 3рет ішке тағайындаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |