Флегматик типті темперамент – салмақты, сабырлы, сезім білдіре бермейтін, асықпай баппен жүретін, байсалды, ұстамды, табанды, төзімді, еңбекқор, шыдымды, зейінді, орнықты, қозғалысы баяу, селқос, жұмысты аспай-саспай тыңғылықты орындайтын, ұзақ уақыт жұмыс істеуге сабырлық пен әрекет етуге төзімді адам.
Меланхолик типті темперамент – аса сезімтал, тұйық, қиын жағдайлардан жол тауып шығуға олақ, адамдардан оқшау жүргенді ұнатады, қозғалысы баяу адам.
Мінез — адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол — көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар, адамды әр қырынан көрсететін қасиет. Мінез бітістері көп. Олардың бәрі де жеке адамның қасиеттері болып табылғанмен, мұның кез келгені мінездің бітістері болып саналмайды. Мінездің моральдық жағынан тәрбиелілігі, бірқалыптылығы, толықтылығы, күші мен айқындығы, салмақтылығы — оның негізгі сапалары болып есептелінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |