Сөздік
жағалау – берег аққу – лебедь
көк шалғын – зеленная трава сыбызғы – свирель, дудка
тысқа – наружу қармақ – удочка
Көктемде Жайық өзенінің жағалауына аққулар қос-қостан ұшып келеді. Біздің киіз үйіміз көк шалғында тұр. Мен далаға шығып, аққудың сыбызғы үні сияқты дауысын тыңдаймын.
Келесі күні таңертең ерте оянып, тысқа шықтым. Өзенге қарай бардым. Өзенің жағасында бір аққуды көрдім. Оның аяғына қармақ кіріп кетіпті. Мен жалма-жан көйлегімді шешіп тастап, аққудың қасына келдім. Аққу қанатымен су сабалап, сыңсыды. Оның аяғы қатты ауырған сияқты, мен оның аяғынан ұстап, қармақтан босаттым. Аққу маған рахмет атқандай, бір рет даусын қатты шығарып, өзеннің арғы бетіндегі өз тобына қосылды.
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Көктемде аққулар қайда ұшып келеді?
2. Көк шалғында не бар?
3. Аққуға не болған?
4. Мен аққуға қалай көмектесемін?
Қосалқы тапсырма: «Аққу даусын қатты шығарып» деген сөз тіркесінің мағынасын түсіндіріңдер.
2-тапсырма. Сөз тіркестерінен сөйлемдер құрастырыңдар.
Қос-қостан ұшып келу, көк шалғын, иіз үй, сыбызға сияқты, аққудың даусы, ерте ояну, тысқа шығу, өзен жағасы, аққудың аяғы, рахмет айту, өзінің тобы, аспанға көтерілу, қанатымен су сабалау, кіріп кетіпті.
3-тапсырма. Мәтіннен төмендегі сөздердің сыңарын тауып оқыңдар.
а) мағынасы жақын ә) қарсы мәндес
екі-екіден - ... қону - ...
көк шөп - ... кешке - ...
дауыс - ... кіру - ...
қораз - ... кию - ...
тез - ... кету - ...
ұшу - ... аспан - ...
жылау - ... ұйықтау - ...
4-тапсырма. Төмендегі сөздерді рет-ретімен орналастырып сөйлем құраңдар.
1. Ұшып, аққулар, жылы, кетті, жаққа, күзде. 2. Біз, қарсы, құстарды, көктемде, аламыз. 3. Қармақпен, жазда, мен, ұстадым, балық, өзеннен. 4. Ыстық, күн, шешіп, тастаймын, көйлегімді, болғанда, мен. 5. Айтты, рахмет, көмегім, аққу, маған, үшін. 6. Мен, қоштастым, олармен.
Жазғы ауа райы
Жылдың төрт мезгілі бір-біріне ұқсамайды. Жазда желсіз, аспан көбінесе бұлтсыз ашық болады. Жаңбыр онша көп жаумайды. Жазда күн ұзақ, түн қысқа болады. Маусымның 22-сінде күн мен теңеледі.
Жылдың әр мезгілінде ауа райы өзгеріп тұрады. Сондықтан адамдар ауа райы болжамын радиодан, теледидардан біледі. Ауа райын бір-екі күн, апта, ай бұрын алдын-ала болжауға болады.
1-тапсырма. Берілген сөздердің аудармасын сөздік арқылы анықтап, әрқайсысымен сөз тіркестерін құрап жазыңдар.
бұлтсыз – болжау –
теңеледі – бұрын –
тапсырма. Жақша ішіндегі сөздердің лайықтысын жазыңдар.
Жазда күн /қысқа, ұзақ/ болады. 2. / Қыста, жазда/ аспан көбінесе бұлтсыз болады. 3. Жылдың әр мезгілінде /жағдайы, ауа райы/ өзгеріп тұрады. 4. Адамдар ауа райының / құбылысын, болжауын / радиодан, теледидардан біледі.
3-тапсырма. Төмендегі сөздерді оқыңдар, жазғы ауа райы жайлы сөйлесім құраңдар.
Жаз, маусым, шілде, тамыз, ұзақ, қысқа, ыстық, жаңбыр, жарқырайды.
Лагерьде
Сөздік
салтанат – церемония жоспар – план
күн тәртібі – режим дня ереже – правил
Мектеп жанындағы лагерьдің ашылу салтанаты өтті. Оқушылар мен ұстаздар ән салды, би биледі, ойындар ойнады. Лагерьдің жұмыс жоспары ата-аналарға және оқушыларға өте ұнады. Мен лагерьге қуана барамын. Лагерьдің күн тәртібі мен ережесін бұзбаймын. Жолдастарыммен көңілді уақыт өткіземіз.
1-тапсырма. «Лагерьде» тақырыбына сөйлесім құрастырыңдар.
2-тапсырма. Төменде берілген сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңдар.
Демалу, шынығу, қуану, шомылу, серуендеу, тынығу, танысу.
Жайлауда
Сөздік
жайлау – джайлау, летнее пастбище
түндік – войлочное покрывало
юрты
төңірек – вокруг
алаша - палас
1-тапсырма. Мына өлеңді мәнерлеп оқыңдар. Жайлау туралы не білесіңдер? Өлеңде жаздың қалай суреттелгенін әңгімелеңдер.
Жайлау таңы
Жайлау қандай тамаша, Ашылыпты түндігі.
Көзді тартар қараса, Ұстамақ боп көбелек,
Қызыл-жасыл төңірек, Балалар жүр жүгіріп,
Бейне жайнаған алаша. Жасыл жайлау жайнаған,
Ақ боз үйлер тігіліп, Гүлге толы айналаң.
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Жайлаудың маңы қандай?
2. Онда не тігілген?
3. Киіз үйдің түндігін көрдіңдер ме?
4. Жазда үш ай бойы не істедіңдер?
5. Өзенге, көлге суға түстіңдер ме?
6. Балық аулауға бардыңдар ма, ата-аналарыңа көмектестіңдер ме? Әңгімелеп айтыңдар.
3-тапсырма. Сөйлесуді оқыңдар, үлгі бойынша екі-екіден жазғы демалыс туралы әңгімелесіңдер.
Алмат: - Мен жазда жайлауда мал бақтым.
Олжас: - Қалай бақтың? Не істедің?
Алмат: - Ерте тұрып, атыма жем беріп, оны суардым.
Олжас: - Ал содан кейін не істедің?
Алмат: - Содан кейін малды өріске айдадым. Күнге күйіп, өзенге барып, суға шомылдым. Күнде осылай.
Олжас: - Кешке дейін тамақ ішпейсің бе?
Алмат: - Неге ішпеймін? Түсте от жағып, шай қоямын. Содан кейін атам екеуміз ыстық шай ішеміз.
Олжас: - Далада өзен жағасында ішкен шай дәмді шығар?
Алмат: - Әрине, таза ауада демалып отырып ішкен тамақ өте дәмді болады екен.
4-тапсырма. Мәтіннен мағынасы жақын сөздерді тауып жазыңдар.
шай қайнату - ... . жігіт - ... .
тәтті -... . тағам - ... .
Табиғат туралы мақал- мәтелдер
Сөздік
ата-баба – предки
сүйіспеншілік – любовь
дәстүр – обычай
қадір-қасиетін – достоинство
қорғау – защищать
тәрбиелеу – воспитывать
тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, сын есімнің астын сызыңдар, мәтінге ат қойыңдар.
Ата-бабамыз “Жер – қазына, су – алтын, мал – байлық” деп тегін айытпаған. Қазақ халқының табиғатқа деген сүйіспеншілігі ерте кездерден-ақ басталады. Көп салалы ұлттық дәстүріміз соның дәлелі. Өсімдіктер мен жануарлардың табиғаттағы, адам өміріндегі қадір-қасиетін, пайда-маңызын жақсы білген. Жас ұрпақтың көкейіне құйып, оларды сақтап, қорғауға бауылып, тәбиелеген. Табиғатқа деген сүйіспеншілігімізді білдіретін мақал-мәтелдер өте көп.
тапсырма. Мақалдарды түсіндіріңдер және жаттап алыңдар.
«Ер – елдің көркі, орман – тоғай жердің көркі»;
«Бір тал кессең, он тал ек»;
«Дәрі шөптен шығады, дана – көптен шығады»;
«Жылап жүріп арық қазсаң,
Күліп жүріп су ішерсің».
тапсырма. Төмендегі сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңдар.
Гүл, өсімдік, шырша, бақ, итмұрын, жеміс, жидек, қауын, қарбыз, пайдалы.
тапсырма. Өзің тұратын өлкеде өзен, көлдер бар ма? Әңгімелеңдер.
«Табиғат – тал бесігің, аяла, қорғай біл, тазалығын сақта!»
Нәтиже сабақ
Демалыс
тапсырма. Сұрақтарға жауап жазыңдар.
Сан есім деген не?
Реттік сан есім деген не?
Жылдың ең жылы мезгілі қай мезгіл?
Жаз айлары қай айлар?
Жазда ауа райы, күндер, түндер, қандай болады?
Жаз туралы қандай өлең білесің?
Қандай мақал – мәтел білесің?
Балалар жазғы демалысын қалай өткізеді?
Жаз мезгілі көпшілікке неліктен ұнайды?
Оқу жылындағы демалыс туралы әңгімелеңдер.
тапсыпрма. Тест сұрақтарына жауап беріңдер.
Сызбаны толтырыңдар.
2. Жазда күндер қандай болады?
а) қысқа
ә) кең
б) ұзақ
3. Мына сөйлемнен сын есімді тап:
Өсімдіктер мен жануарлардың табиғаттағы, адам өміріндегі керемет қадір-қасиетін, пайда-маңызын жақсы білген.
а) өсімдіктер
ә) жақсы
б) керемет
4. Көп нүктенің орнына керекті сөзді жаз.
Қайрат жазғы демалыста ... барды.
а) ауылға
ә) мектепке
б) дүкенге
5. Сөздерді аудар.
1. қызықты купаются
2. жылы лодка
3. қайық теплая
4. шомылады интересна
Қазақ тілі сабағында не үйрендік?
Жаңа сөздерді оқып, естеріңе сақтаңдар.
ұлттық – национальный
таныстық – познакомились
Достарыңызбен бөлісу: |