76).Ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету
77).Жеке тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуы
Адам дегеніміз денесін тік ұстап, екі аяғымен жүретін, еңбек ете алатын екі қолы бар, жоғары деңгейде дамыған миы бар тірі жан. Жаңа туған нәресте “адам” деп аталғанымен, “тұлға” деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. Өйткені, кісі болып, ержету үшін бала оңы мен солын, өзінің “менің” басқа “мендерден”, яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс. Сондықтан да нәресте, сәби, бөбектерді кісі, тұлға деп айту қиын. Оларды индивид деп атайды. Есейіп ер жетіп, өз бетінше әрекет ете алатын адамды ғана кісі, не тұлға дейміз. Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды-көпті, тәжірбиесі білімі мен дағдысы, икемі, дүние танымы, сенімі мен талғам-мұраты, бағыт-бағдыры бар адамды жеке тұлға деуге болады. Мінез қабілеті бір сыдырғы қалыптасып үлгерген, өзінің іс-әрекетін тізгіндей білетін, өз бойындағы жаман-жақсы қылықтары үшін жауап бере алатын адамды да кісі, не тұлға дейміз. Тұлғаның түрлері сан алуан. Оның жақсы озық, ерен, топжарған түрлерімен қатар жауыз, кері тартпа, бұзық, қасқай т.б. толып жатқан өкілдері болады. Жеке адамның кісілік қасиеттері мен тұлғалық қасиеттері болады. Жеке адам қоғамдық өмірде тіршілік етіп, өзге адамдармен қарым-қатынас жасайды. Осындай іс-әрекетіне сәйкес жеке адамның тұлғалық сипаттары сомдалады, қадір-қасиеттері қалыптасады.
Жеке адам- бұл нақты, жанды адам, ол қоғамның мүшесі бола отырып, басқа адамдармен белгілі бір қарым-қатынаста болады. Адам өмірдің сытрқы жағдайларының ықпалымен қалыптасады. Бірақ та екі бала мүлде бірдей жағдайда тәрбиеленсе де, олардың әрқайсының өздігіне тән ерекшеліктері болады. Сөйтіп адамның қалыптасуына әлеуметтік факторлар мен биологиялық факторлар да ықпал етеді. Бұл факторлардың біріне-бірін қарама-қарсы қоюға, оларды біріне-бірін байланысты емес деп санауға болмайды.
Даралық дегеніміз өзіндік өзгешелігі бар жеке адам.
78).Бала дамуына әсер ететін әлеуметтік, биологиялық, психологиялық факторлар
Педагогикалық теория мен практикасының негізгі және күрделі проблемаларының бірі – ол тұлға және оның арнайы ұйымдастырылған жағдайларда дамуы мәселесі. Бұл мәселенің әр түрлі аспектілерін жас ерекшелік физиологиясы мен анатомиясы, әлеуметтану, балалар жас ерекшелік және педагогикалық психология да зерттейді. Педагогика оқыту мен тәрбие процесіндегі үйлесімді тұлға дамуына тиімді жағдайларды зерттеп анықтайды. Педагогикада тұлға және оның дамуы мәселесіне байланысты бірнеше бағыт қалыптасты: Биологизаторлық бағыт: адамның дамуы оның табиғи (биологиялық) жетілуімен байланысты, соның барысында оның дене құрылымы мен рухани қасиеттері қалыптасады. Адамдар арасындағы моральдық қатынастар биологиялық негізде орнығады. Өкілдері: Аристотель, Ф.Мюллер, Э.Геккель, Ш.Летурно, Ч.Ломброзо.
Психоаналитикалық бағыт: жеке адамдық қалыптасуда қоғам зиянды. Адамның дамуы мен оның мінез-құлқы толығымен жыныстық инстинктке тәуелді. Өкілі: З.Фрейд. Прагматикалық бағыт: адамның психикалық дамуы тума инстинкттерге байланысты, әрбір адамды тұрақты нәсілдік қасиеттерді сақтаушы саналық гендер болады. Сондықтан да жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың қоғамдағы орнын иеленуі олардың биологиялық болмысымен анықталуы тиіс, себебі әр түрлі халықтар мен нәсілдердің бірі табиғатынан дарынды, ал екіншілері – кемірек дамыған. Өкілдері: Дж.Дьюи, Э.Торндайк. Материалистік бағыттағы философия және оның көрнекті өкілдері жеке адамның дамуы мен қалыптасуы туралы:
Ежелгі грек философы Эпикур: адамның қоғамдағы иеленген орнының әр түрлі болуы оның табиғатынан емес, тұрмыстық жағдайы мен таптық тұрғысынан деп есептейді. Француз философы Гельвеций: адам қоршаған орта, нәсілдік және тәрбиеге байланысты біртұтас әсерлердің нәтижесінде қалыптасады. Соның ішінде аса маңыздысы – тәрбие. Н.Т.Чернышевский: адамдарды бұзақылыққа келтіретін табиғат не олардың нәсілдік кемістігі емес, қолайсыз қоғамдық жағдайлар мен жаман тәрбие.
Қазіргі педагогикалық ғылым, тұлғаны тұтастық ретінде қарастырады, онда биологиялық қасиеттер әлеуметтік қасиеттерден ажырамас бөліктер болып табылады. Адамның қоғамдық тұлға ретінде қалыптасуында, оның дамуында табиғи қабілеті маңызды. әр адам іс-әрекеттің түріне негіз болатын нышандармен дүниеге келеді, сондықтан да адамның биологилық және әлеуметтік даму мүмкіншілігі бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ әлеуметтік фактордың ролі басымдау. Табиғи орта. Тропикалық ауа райы жағдайында және ауа райы өте суық солтүстік аймақтарда тұратын халықтардың тұрмысында және іс-әрекеттерінде елеулі айырмашылықтар болады. Географиялық орналасуына байланысты олардың мінез-құлықтарында да ерекшеліктер байқалады. әрине, бұл жағдайлар халықтардың адамгершілік қасиеттеріне, эстетикалық талғамдарына әсерін тигізеді.
Әлеуметтік орта. Адамның қалыптасуы әлеуметтік ортаны құрайтын шындық жағдайларында жүзеге асырылады. әлеуметтік орта мен мектептің ықпал жасауы нәтижесінде дүниеге көзқарас, құлықтық, эстетикалық және т.б. қасиеттер дамиды. Әлеуметтік орта адамның қалыптасуына жоспарлы түрде ықпал жасамайды. Сондықтан да ортада стихиялы жағдайлардың болуы да сөзсіз. Адамның дамып жетілуіне қажетті мүмкіншіліктерді – нышандарды табиғат береді. Бірақ нышандар өздігінен дамымайды. Оның дамуына себепші болатын факторлардың бірі әлеуметтік орта. Егер бала әлеуметтік өмірден тыс қалса, онда оның даму дәрежесі жануарлардан жоғары болмайды. әлеуметтік ортасыз, адамдардың өзара қарым-қатынасынсыз адам адам бола алмайды. Өйткені тек адамдар арасындағы өзара байланыс негізінде әлеуметтік тәжірибе ұрпақтан ұрпаққа алмасады. Сондықтан өзара әрекеттесу, қарым-қатынас, өзара әрекеттесу тәжірибе алмасудың негізгі жағдайлары болып табылады.
Тұқымқуалаушылық – ата-анадан балаға берілетін қасиеттер мен сапалар жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |