42 Жастарды отбасы өміріне даярлау. 43. Халықтық педагогикадағы адамгершілік ұғымы


).Тәрбие және балалардың дербес ерекшеліктері



жүктеу 2,19 Mb.
бет26/28
Дата18.05.2022
өлшемі2,19 Mb.
#38668
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
23,06,2021 тәрбие жұмысының әдістемесі

82).Тәрбие және балалардың дербес ерекшеліктері
Бастауыш сынып жасындағы баланың ерекшелігі мен дамуы. Тәрбие - жеке тұлғаның дамуы мен жалпы қоғамның негізгі мақсаты және қоғамның әрбір мүшесінің жан-жақты дамуына жағдай жасауға бағытталады.
Белгілі кезеңдегі балалардың жас мөлшері дегенде олардың өздеріне тән ерекшеліктері мен сипаттары бар. Бұл ерекшеліктер педагогикалық процесте ескеріліп, пайдаланылуы керек.
Бастауыш сынып жасындағы баланың салмағы бір жылда 2-2,7 кг өседі. 6-12 жас аралығында бала денесінің салмағы 18-ден 36 килограмға дейін артады. Бала миының көлемі 5 жаста үлкен адам миының 90 % болса, 10 жаста 95 % тең болады.
Нерв жүйесінің жетілуі де жалғасады. Нерв клеткалары арасында жаңа байланыстар түзіліп, мидың жарты шарында икемділік күшейеді. 7-8 жаста жарты шарды жалғап тұрған нерв талшықтары жетіле түседі және олардың өзара қарым-қатынасының арта түсуін қамтамасыз етеді. Нерв жүйесіндегі бұл өзгешеліктер, баланың ақыл-ойы дамуының келесі кезеңінің негізін қалайды. Баланың білім алудағы іс-әрекеті де, бұған дейінгі барлық іс-
әрекеттері сияқты, оған ену тәжірибесі арқылы бірте-бірте дамиды. Бастауыш сыныпта оқушы баланың білім алу іс-әрекеті өзіне бағытталған іс-әрекеттен тұрады. Бала жазу, есептеу, оқу және тағы басқа оқу еңбегінің түрлерін үйрену арқылы өзін - өзі өзгертуге талаптанады, яғни ол іс-әрекеттік және ақыл-ойды дамытатын әдістерді меңгереді. Өз санасы арқылы өзінің психологиялық күйін бұрынғы және бүгінгі қалпымен салыстырып, өз бойындағы жетістіктерін анықтайды.
Ақыл–ойдың дамына оқу іс-әрекеті ерекше әсер етеді. Әсіресе оқу жүйесінде сөйлеу қабілетін меңгерудің және дамытудың айқындауыштық маңызы бар. Сөйлеу қабілетін бағдарлама бойынша дамыту мақсатында баланы оқытудың және дамытудың мынадай түрлері болады: қалыпқа сәйкес әдеби тілді меңгеру, оқи және жаза алу. Оқушылардың сөйлеу мәдениетінің белгілі бір талап деңгейіне сәйкес келуі тиіс.
Жүректің көлемінің өсуі бойдың өсуін қуып жете алмайды, сондықтан да қан жүретін тамырлар әлдеқайда жіңішке болады, қан қысымы артады. Өсудегі морфологиялық тепе-теңдіктің болмауынан тамырдың соғуы да, жүректің жұмысы да қалыпты болмайды, басы ауырады, қаны аздылықтан тез шаршайтын болады.
Бала жасөспірім шаққа өткен кезде оның нерв жүйесінің құрылымы морфологиялық жағынан жетіліп болады. Оның одан әрі қарай дамуы ағзаның барлық қызметіне және екінші сигналды жүйенің жетілуіне бақылау жасауды күшейтеді. Балалық жастан өту нерв жүйесіне де оңайлыққа түспейді.
Баланы әлеуметтендіру факторларының бірі - қоғамның алғашқы ұжымы болатын – отбасы, бала оның ықпалын бәрінен бұрын, тез қабылдағыш қасиеті артып тұрған кішкентай кезінде ерекше сезінеді. Отбасы жағдайы, оның әлеуметтік деңгейі, ата-аналарының айналысатын кәсіптері, материалдық жағдайы және олардың білім деңгейі баланың өмірлік жолын айқындайды. Балаға ата-аналар беретін саналы және мақсатты тәрбиемен қатар, отбасының жағдайы да ықпал етеді және бұл ықпал өскен сайын, ол тіпті баланың тұлғалық қалыптасуында көрініс табады. Жасөспірімдік өтпелі кезеңнің ерекшелігі – жасөспірімнің өз ата-аналарымен, мұғалімдерімен және жалпы үлкендермен, құрбыларымен, барлық жағдайы бойынша өзіне тең немесе тең еместермен қарым-қатынасында қайта бейімделу байқалады. Бұл қайта бейімделу жағдайы бірте-бірте болуы мүмкін немесе аяқ астынан мінез көрсетеді. Жасөспірім үшін үлкендер мен өз қатарластары мәртебесінің деңгейі бірдей болмайтындығынан қайта бейімделу процесі әртүрлі көрініс береді.
Өз құрбыларымен қарым-қатынаста болуға деген қажеттіліктің орнын ата-аналары толтыра алмайды, ол баланың бойында 4-5 жасында басталады да, жасы өскен сайын дамиды. Құрбы-құрдастарымен қарым-қатынастың болмауы мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тұлғалық коммуникативті мүмкіншіліктері мен ақыл ойының дамуының кешеуілдеуіне айтарлықтай әсерін тигізеді. Жасөспірімдердің мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері өз мәні жағынан ұжымдық-топтық болып табылады.
Жасөспірімдерді өмірдің қарама-қайшылықтары қызықтырады, бұл жастағылардың қажеттілігі - өздерінің айналадағы адамдарға деген қарым-қатынасын, әлемдегі өзінің орнын табу.
Ал бұл қажеттілік басқа адамдармен қарым-қатынастары қанағаттандырады. Бұл қажеттілікті қанағаттандыруда әдебиет пен өнердің атқаратын рөлі ерекше. Әдебиет жасөспірімнің алдына адамзаттық қарым-қатынастардың, мінез-құлықтардың, сезімдердің аса бай да күрделі мәнін ашып береді: ол әрбір кейіпкерден өзін көретін болады, өзінің сезімдері мен құмарлық-құштарлықтарының дұрыстығына жауап іздейді. Ал музыка – адамның сезімдерінің әміршісі. Оның тілі толқу үстіндегі адамға түсінікті. Сондықтан да жасөспірімдердің тыңдайтын музыкасына қатты көңіл бөлу керек.
Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктерінің педагогикалық процесте ескерілуі. Жеке ерекшеліктерді есепке алу – бұл әрбір жеке тұлғаның қызығушылығын, бейімділігін, сапасын, қасиетін, талабын және мүмкіншілігін ескере отырып, өскелең ұрпақтың әлеуметтік қалыптасу процесінде сәтсіздіктер мен қателіктерді барынша кеміте отырып тәрбиелеуде педагогикалық құралдардың, әдістемелердің және түрлердің барлығын пайдалану.
Мектеп оқушыларының жеке ерекшеліктерін есепке алуда нерв жүйесінің қызметі, адамның темпераменті көп жағдайда ескеріле бермейді. Темперамент – бұл адамның психикалық қызметі мен мінез-құлқының қуатын анықтайтын жеке ерекшелігі. /Сангвинник – еті тірі; флегматик – жәй, салмақты; холерик - қызба, шапшаң; меланхолик – ойлы, терең толғанысты/.
Жеке ерекшеліктерді есепке алу маңызды жағдай. Мұғалім бұл мәселеде шектен шығып кетпеуі керек, яғни, баланың мүмкіншілігін артық бағалау да, ескермеуі де баланың жеке дамуына зиянын тигізеді.
Міне, осылайша тәрбие беруде де, оқытуда да әр балаға жеке қарым-қатынас жасау маңызды, себебі әр балада оның рухани қажеттілігінің, өзіндік қызығушылығының көрінісі ретіндегі жеке ерекшелігі айқын көрініс береді, ал ол әр адамның жан-жақты дамуы үшін қоғамның талабы негізінде туындайды. Жеке қарым-қатынас әр баланың бейімділіктері мен қабілеттерінің ашыла түсуіне жақсы жағдай жасау үшін аса маңызды, сондай-ақ ол оқу бағдарламасының талаптарын орындаудағы қиыншылықтарды жеңуде де зор рөл атқарады.



жүктеу 2,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау