|
42 Жастарды отбасы өміріне даярлау. 43. Халықтық педагогикадағы адамгершілік ұғымы).«Жас ерекшеліктері» ұғымының анықтамасы
|
бет | 25/28 | Дата | 18.05.2022 | өлшемі | 2,19 Mb. | | #38668 |
| 23,06,2021 тәрбие жұмысының әдістемесі80).«Жас ерекшеліктері» ұғымының анықтамасы
81).Мектепке дейінгі балалық шақ
Мектепке дейінгі балалық шақта (үштен алты жасқа дейін ) организмнің қарқынды жетілуі жалғаса түседі. Жалпы өсумен қатар тканьдер мен мүшелердің анатомиялық қалыптасуы және функциялық дамуы жүріп жатады. Скелеттің сүйектеніп , бұлшық еттердің сомдануының , тыныс алу, қан айналу мүшелерінің дамуының үлкен маңызы бар. Ми салмағы 1110 грамнан 1350 грамға дейін өседі. Үлкен ми сыңарлары қабықтарының реттегіш рөлі мен оның ми қабағы астындағы орталықтарды бақылауы арта түседі. Шартты рефлекстердің пайда болу жылдамдығы артып əсіресе, екінші сигнал жүйесі қарқынды дамыды.
Дене дамуы баланың дербестігінің арта түсуі үшін, тәрбие мен оқыту процесінде қоғамдық тәжірибенің жаңа формаларын инеруі үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Мектепке дейінгі жас бала дамуының жаңа əлеуметік ситуациясының пайда болуымен сипатталады. Мектеп жасына дейінгі баланың айналадағы адамдар арасынан алатын орнының ерте сәбилік шақтағы балаға қарағанда елеулі айырмашылығы болады . Баланың қарапайым міндеттер өрісі пайда болады. Баланың үлкендермен байланысы жаңа формаға ие болды, бірлескен іс-əрекет ересек адамның нұсқауларын дербес орындаумен алмасады. Тұңғыш рет баланы белгілі программа бойынша біршама жүйелі оқыту мүмкін болады. Бірақ, Л.С.Выготскийдің айтып көрсеткеніндей бұл бағдарламаның жүзеге асуы оның қаншалықты дәрежеде баланың өзіндік программасына айналуына тығыз байланысты болып келеді.
Мектепке дейінгі шақтың елеулі ерекшелігі болып баланың құрдастарымен жасайтын арнайы өзара қарым-қатынасының пайда болуы, 《балалар қоғамының 》құрылуы болып табылады. Мектеп жасына дейінгі баланың басқа адамдарға қатысты өзіндік ішкі позициясы өз 《менін 》және өз қылықтарының маңызын аңғрудың арта түсуімен, үлкендердің ішкі дүниесіне, олардың іс-əрекеттері мен өзара қарым-қатынасына ерекше қызығуымен сипатталады.
Мектеп жасына дейінгі бала дамуының əлеуметтік ситуация ерекшеліктері оған тән іс-əрекет түрлерінен, алдымен сюжеттік-рольдік орындардан көрініп отырады. Үлкендер өмірімен араласу талабымен оған деген білім мен іскерліктерінің болмауының ұштасып келуі баланың сол өмірді өзінің шамасы келетін ойын формасында игеруіне алып келеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы үшін айрықша қолайлы жағдайлар мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие жүйесі арқылы жасалынды. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды оқыту проблемасы жүзеге асып, олардың бірлескен іс-əрекеттерінің алғашқы түрлері қалыптасып, қоғамдық пікір пайда болады. Арнайы жүргізілген зерттеулердің нәтижесі көрсетіп отырғандай, психикалық дамудың жалпы дәрежесі мен мектепте оқуға даярлықтың барысы жағынан балабақшада тəрбиеленгендер баршаға бармағандардан жоғарырақ болады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|