40-шығарылым «Құрылыс материалдарының өндірісі» бөлімі Астана 2009 Кіріспе



жүктеу 2,78 Mb.
бет9/14
Дата14.05.2018
өлшемі2,78 Mb.
#12940
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Біліге тиіс: плиталардың бетін жабуға арналған кабиналардың, араластырғыштардың, бояуларды беруге арналған сорғылар мен бүріккіштердің, тасымалдау үшін құрал-саймандардың құрылысы, бояулардың қасиеттері мен түрлері; оларды әзірлеу технологиясы; акустикалық плиталарды жабудың қасиеттері және оларға талаптар; жабылу түрлері; әртүрлі жабылуларды кептіру режимі; жабылу сапасын бақылау әдістері; бояу кезінде бұйымдарды орналастыру және бекіту ережесі; бояу және кептіру үшін плиталарды тасымалдау тәртібі; бояу әдістері, бүріккіштерді, араластырғыштарды тазалау тәсілдері.
175. Бұйымдарды бояу желісінің операторы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бүріккіштің көмегімен кірпіштің үстіне бояу жағу. Кірпішті іріктеу және оны кірпішті бояу желісінің тасымалдағыш құралына салу. Кірпішті тозаңнан тазарту. Кептіру агрегатын реттеу және жөнге келтіру, есептеудің берілген режимін жүргізуді бақылау. Рецептура бойынша бояушы заттарды дайындау және құрастыру. Боялған кірпішті тағанға ораналастыру және буып-түю. Жұмыс орнын тазалау. Жабдықтарды жөндеуге қатысу

Білуге тиіс: кептіру агрегатының құрылысы мен әрекет принципі; кірпішті бояудың технологиялық процесін басқару сұлбасы; бояушы заттардың түрлері мен қасиеттері; технологиялық желілердің жұмыс режимі; жабдықтардың ақауларының түрлері мен оларды түзету тәсілдері; шығарылатын өнімдерге мемлекеттік стандарттар мен технологиялық шарттардың талаптары.
176. Әзірлеу бөлімшесінің операторы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Асбестті өңдеу процесін жүргізу және «жүгіргіш-голлендор» автоматтандырылған желісінде асбест-цементті суспензияны әзірлеу. Автоматты желінің жұмысын реттеу, іске қосу және тоқтату. Голлендорларды жуып-шаю. Цементтің салмағын мөлшерлеушінің дұрыс жұмыс істеуін байқау. Басқару релесіне және бағдарламадарды құрылғыларға қызмет көрсету. Механизмдерді жергілікті басқару режиміне көшіру. Автоматтандырылған желіні бейімдеу, агрегаттың жекелеген тораптарын бөлшектеу және құрастыру. Бақылау-өлшеу құралдарын байқау. Берілген температураны, рецептураны, будың қысымын сақтауды бақылау. Жұмыстағы ақауларды түзету және жабдықтарды жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: тасқынды желіге жататын жабдықтардың құрылысы мен әрекет принципі; асбест-цементті суспензияны әзірлеу технологиясы мен рецептурасы; жүгіргіштерде, голлендорларда цемент пен асбестті өңдеу ережесі; өнім ақауларының алдын алу және түзету тәсілдері; автоматтандырылған желіні бейімдеу ережесі; шикізаттық құраушылардың қасиеттері; бақылау-өлшеу құралдарының міндеті мен әрекет принципі; дабыл беру, блокадалау және автоматика жүйелері; жабдықтардың жұмысындағы ақауларды анықтау мен түзету әдістері; стандарттың асбест пен цементтің қасиеттеріне талаптары.

Асбест-цементті бұйымдар өндірісі жөніндегі 2 технологиялық желіге қызмет көрсеткен кезде -5-разряд


177. Құрылыс материалдары өндірісіндегі жабдықтарды басқару пультінің операторы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Пульт арқылы ірі мөлшерлі қалқалау панельдерін, гипскартондық табақтарды және басқа гипстік бұйымдарды өндіру бойынша технологиялық желінің жеке немесе екі блокталған агрегаттарын басқару. Қызмет көрсетілетін құрал жабдықты іске қосу және жұмысын тоқтату. Конвейер жылдамдығын реттеу. Қалыптау желілерінің технологиялық құрал-жабдығының жеке агрегаттарының жұмысын қол және автоматтық режімде дистанциялық басқару. Құрал-жабдық жұмысының жағдайын және бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерін байқау. Бекітілген техникалық құжаттама жүргізу.

Білуге тиіс: басқару пультының және бақылау-өлшеу құралдарының құрылысын; құрал-жабдықтың құрылымын, жұмыс істеу режімін және пайдалану ережелерін; технологиялық операцияларды орындау тәртібін және ұзақтығын; байланыс және дабыл беру жүйесін.
178. Құрылыс материалдары өндірісіндегі жабдықтарды басқару пультінің операторы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Пульт арқылы технологиялық желінің үш және одан да көп блокталған агрегаттарын басқару. Конвейерлік және ағымдық-агрегаттық желілердің технологиялық құрал-жабдықтар тобының жұмысын, сонымен қатар араластырғыштарының жалпы сыйымдылығы 2000 литрге дейін болатын, автоматталған бетон араластыру түзілімдерін қол және автоматтық режімде дистанциялық басқару, құрал-жабдық жұмысының жағдайын және бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерін байқау. Пульт арқылы отырғызғыш автоматты және онымен байланысқан тасымалдау құрылғыларын квалификациясы жоғарырақ оператордың басшылығымен басқару. Отырғызғыш автоматты және онымен байланысты тасымалдау құрылғыларын іске қосу және жұмысын тоқтату. Отырғызғыш автоматтың және басқа құрал-жабдықтардың агрегаттық түзілімдерінің жұмысын бақылау. Жеткізілетін қыш бұйымдардың сапасын байқау. Илемдік орнақ механизмдерін басқару кезінде қосымша жұмыстарды орындау. Компоненттердің (гипс, жоңқа, су) үздіксіз жұмыс істейтін ерітінді араластырғышқа белгіленген рецептураға қатаң сәйкестікте жіберілуін байқау және реттеу.

Білуге тиіс: темір-бетон өндірісі құрал-жабдықтарының құрылысын, жұмыс істеу режімін және пайдалану ережелерін; басқару пультының құрылысын; технологиялық операцияларды орындау тәртібін және ұзақтығын; байланыс және дабыл беру жүйесін; отырғызғыш-автоматтың, тасымалдау құрылғыларының агрегаттық түзілімдерінің құрылысын; қыш бұйымдардың сапасына қойылатын талаптарды; үздіксіз жұмыс істейтін ерітінді араластырғыштың құрылысын және жұмыс істеу принципін; гипс-бетондық ерітіндіні дайындау рецептурасын; орнақ механизмдерінің жұмыс істеу принципін және оларды техникалық пайдалану ережелерін; қабылданған дабыл беру жүйесін.
179. Құрылыс материалдары өндірісіндегі жабдықтарды басқару пультінің операторы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Пульт арқылы отырғызғыш автоматты және онымен байланысқан тасымалдау құрылғыларын басқару. Отырғызғыш автоматтың және басқа механизмдердің жұмысын байқау. Отырғызғыш автомат жұмысын қол басқаруынан автоматтық басқаруға және керісінше ауыстыруды жүзеге асыру. Бұйымдарды отырғызу технологиясының бағдарламаларын өзгерту. Күйдіру вагоншаларын отырғызу автоматына жіберуге арналған тасымалдау құрылғысын басқару. Гипс-бетон панельдерінің илемі бойынша орнақтың барлық механизмдерін басқару. Гипс-бетонның қаңқаларға біркелкі құйылуын байқау және реттеу. Конвейер таспасының қозғалу жылдамдығын реттеу. Орнақтың іске қосылуы және жұмысының тоқтауы кезінде ескерту белгілерін беру. Құндақтық қондырғылардың, сонымен қатар араластырғыштарының жалпы сыйымдылығы 2000 литрден асатын, автоматталған бетон араластырғыш түзілімдердің жұмысын қол және автоматтық режімде дистанциялық басқару. Бекітілген техникалық құжаттаманы жүргізу.

Білуге тиіс: отырғызғыш автоматтың және технологиялық желінің басқа агрегаттарының құрылысын; отырғызғыш автоматты қол және автоматтық режімдерде пайдалану ережелерін; бұйымдарды отырғызу технологиясы бағдарламасының өзгеру ережелерін; орнақ механизмдерінің құрылысын және жұмыс істеу принципін; қалыптау қоспасының рецептурасын және қоспа компоненттеріне, қаңқаларға және төсеу бөлшектеріне қойылатын талаптарды; қалыптау массасының оның сапасына байланысты ұстасу мерзімдерін; ірі мөлшерлі гипс-бетондық панельдерді дайындау технологиясын және дайын панельдерге қойылатын техникалық талаптарды; панельдерді жылумен өңдеу режімін.
180. Құрылыс материалдары өндірісіндегі жабдықтарды басқару пультінің операторы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Автоматталған конвейерлік желілердің, діріл-илемдік және илемдік орнақтардың бүкіл кешенінің жұмысын қол және автоматтық режімде дистанциялық басқару.

Білуге тиіс: темір-бетон өндірісі құрал-жабдықтарының құрылысын, жұмыс істеу принципін және пайдалану ережелерін.
181. Шешу-желімдеу станогының операторы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Квалификациясы жоғарырақ оператордың басшылығымен картон бөлігінің шеттерін тігу. Картон белдектерін ақаулардан және жаншылулардан арылту. Картон белдектерін сіңіру агрегаттарына жіберу мақсатында тарқату станогының жақтауына орнату. Картон бөліктерінің шеттерін револьвер катушкасына салу. Орамдарды посттан постқа ауыстыру. Катушканы сіңіру ваннасына батыру. Сіңіріген бөлікті орау станогына жіберу.

Білуге тиіс: сіңіру агрегатының жұмыс істеу принципі; бөлікті револьвер катушкасына салу ережелерін; белдектерді тарқату станогына орнату ережелерін; жабу картонының маркалары мен қасиеттерін; сіңіру ваннасындағы масса температурасын.
182. Шешу-желімдеу станогының операторы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Картонның екі белдектері немесе шыныкенеп бөліктерінің шеттерін электр станогында сұйық шынымен және полиэтилен төсемдерді төсей отырып тігу. Тігілген бөлікті құрғақ картонның ілмектік қор қорабына созу. Картон бөлігінің қозғалысын алдын ала құю камерасы арқылы, сіңіру ваннасы, сығу және жабын жанышпабіліктері және одан әрі сіңіру шкафы арқылы реттеу. Сіңген бөліктің үзілуін жою. Картонның ілмектік қоры қорабының қозғалыс жылдамдығын реттеу. Бөлікті жапсыру үшін, электр станогының белгілі бір температурасын сақтап тұру. Тарқату және жапсыру станогын ағымдағы жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: сіңіру агрегатының, электр станогының және ілмектік қор қорабының құрылысын және жұмыс істеу принципін; шыныкенептің және картонның маркасын және өлшеуін; бөліктерді біріктіру әдістерін; дайын өнімге қойылатын техникалық талаптарды; құрал-жабдық жұмысындағы ақауларды анықтау және жою тәсілдерін.
183. Тұрба араластырғыштың операторы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Квалификациясы жоғарырақ оператордың басшылығымен жабу массасын дайындау процесін жүргізу. Пластификаторды құбырлар арқылы мөлшерлегішке жіберу. Себу материалын элеватормен шанапқа жіберу. Турбоараластырғыштағы жабу массасының деңгейін және шанапта себу материалының болуын байқау.

Білуге тиіс: турбоараластырғыштың (араластыру шандарының), шанаптардың және мөлшерлегіштердің мақсатын; жабу массасына және толтырғыштарға қойылатын талаптарды; жабу массасындағы толтырғыштың белгіленген мөлшерін.
184. Тұрба араластырғыштың операторы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жабу массасын дайындау процесін жүргізу. Турбоараластырғышты битуммен, пластификатормен және минералды толтырғышпен қатаң белгіленген пропорция бойынша толтыру. Турбоараластырғыштағы жабу массасының деңгейін реттеу. Жабу массасын қыздурыдың белгіленген температурасын сақтап тұру. Массаны жабу ваннасына жіберу. Тальктан немесе қажетті концентрацияға ие басқа тозаң тәріздес материалдан суспензия дайындау. Турбоараластырғыштарды, шанаптарды және мөлшерлегіштерді байқау және профилактикалық жөндеу. Құрал-жабдықтың ағымдағы жөндеуіне қатысу.

Білуге тиіс: турбоараластырғыштың, шанаптардың, мөлшерлегіштердің құрылысын және жұмыс істеу принципін; жабу массасын және тальктық суспензияны мемлекеттік стандарттарға және техникалық талаптарға сәйкес дайындау ережелерін.
185. Себу және салқындату түзілімдерінің операторы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қарақағаз бөлігін себу процесін жүргізу. Квалификациясы жоғарырақ оператордың басшылығымен рубероид себу процесін жүргізу. Себу материалдарын елеу және оларды шанаптарға тиеу. Бөліктің біркелкі себілуін қамтамасыз ету. Шанаптардың шығу саңылауларын мезгіл-мезгіл тазалап тұру. Қарақағаз бөлігіне ірі түйіршіктер себу кезінде қысу-домалату білікшелеріне қызмет көрсету. Бөлікті білікшелермен қысу дәрежесін реттеу және себуді біркелкі домалатып тегістеуді қамтамасыз ету. Тоңазытқыштық атанақтарды сумен үздіксіз қамтамасыз ету. Бөліктің үзілуін жоюға қатысу. Жұмыстағы ақауларды жою және құрал-жабдықты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: себу құрылғыларының құрылысын және жұмыс істеу принципін; білікше саңылауларын реттеу әдістерін; себу материалдарының түрлерін және қасиеттерін; құрал-жабдық жұмысындағы ақауларды анықтау және жою тәсілдерін; қолданылатын материалдарға және дайын өнімге қойылатын талаптар.
186. Себу және салқындату түзілімдерінің операторы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Рубероид бөлігін себу және домалату процестерін жүргізу. Араластырғышқа қызмет көрсету, дымқыл себу – суспензия жағу арқылы өнім дайындау кезінде массаның деңгейін және концентрациясын реттеу. Агрегаттың тоңазыту аймағында бөліктің салқындауын байқау. Бөліктің үзілуін жою және оны себу шанабы арқылы тоңазыту цилиндрлеріне салу. Себу құрылғысын жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: элеваторлардың, себу шанаптарының, араластырғыштардың, қысу-домалату білікшелерінің және тоңазыту цилиндрлерінің құрылысын және мақсатын; бөліктің үзілуін жою тәсілдерін; құрал-жабдық жұмысындағы ақауларды анықтау және жою тәсілдерін; дайын өнім сапасына қойылатын стандарттар талаптары.
187. Асбест-цемент бұйымдарын араластыру-бөлшектеу операторы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қабылдау түпқоймаларын төсеу және жіберу, алдын ала қату камерасынан шығару және талшықтас-цементтік бұйымдарды автоматталған желілер төсегіштерінде және бөлшектегіштерінде бөлшектеу процестерін жүргізу. Құрал-жабдықты жұмыстың автоматтық режіміне ауыстыру. Ақауларды жою. Қызмет көрсетілетін құрал-жабдықты тазалау, майлау және оның жұмысына қатысу. Басқару пульты арқылы ірі мөлшерлі талшықтас-цементтік табақтарды іріктегіш-ылғылдандырғыш арқылы жылжыту және бөлшектеу процестерін жүргізу. Гидровакуумжүйені, көліктік құралдар жүйесін, іріктегіш-ылғалдандырғыш механизмдері мен түзілімдерін іске қосу, өшіру, реттеу, олардың күйін байқау. Өнім ақауларын анықтау және жою.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін құрал-жабдықтың құрылысын және жұмыс істеу принципін; автоматтық басқару пультының монтаждық схемасын; табақтық ірі мөлшерлі талшықтас-цементтік бұйымдар стандарттарын және оларға қойылатын техникалық талаптарды; бақылау-өлшеу аспаптарының және құралдарының құрылысын және оларды қолдану ережелерін; құрал-жабдық жұмысындағы ақауларды анықтау және жою әдістерін; іріктегіш-ылғалдандырғыш механизмдерін тазалау және майлау тәсілдерін.
188. Жеделдету қондырғысының операторы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Квалификациясы жоғарырақ оператордың басшылығымен басқару пульты арқылы тездеткіш қондырғыда талшықтас-цементтік табақтардың өңдеу қабатының электронды-химиялық қату процесін жүргізу. Тездеткіштің вакуумдық жүйесін жұмысқа дайындау. Талшықтас-цементтік табақтардың өтуін бақылау. Тездеткіштің шығу терезесін және инжекторды мезгіл-мезгіл ауыстырып тұру. Тездеткіш қондырғыны профилактикалық жөндеуге қатысу. Қызмет көрсетілетін құрал-жабдықты тазалау және майлау.

Білуге тиіс: тездеткіш қондырғының құрылысы; талшықтас-цементтік табақтардың өңдеу қабатының тездеткіш қондырғыда электронды-химиялық қатаюының технологиялық процесін; тездеткіштің шығу терезесін және инжекторды ауыстыру ережелерін; қызмет көрсетілетін құрал-жабдықты тазалау және майлау тәсілдерін; тездеткіштің вакуумдық жүйесін жұмысқа дайындау ережелерін; бақылау-өлшеу құралдарының қолданылу мақсатын; құрал-жабдық жұмысындағы ақауларды анықтау және жою тәсілдерін; дайын өнімге қойылатын стандарттар мен техникалық талаптарды.
189. Жеделдету қондырғысының операторы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Басқару пультті үдеткіш қондырғы асбестцементті қағаздардың өңдеу қабаттарын электронды-химиялы қатаю процесін жүргізу. Үдеткіштерді жұмыстың берілген режиміне шығару. Үдеткіштің вакуумды жүйесінде жұмыс вакумын жасау. Сәуле жіберуге таралу бірліктерінің жүйесі бойынша асбестцементті парақтарды беру. Вакумды жүйенің қалпын тексеру. Құралдар бойынша қалдық вакумдарды тексеру. Үдеткіштің жұмыс режимін реттеу. вакум кіретін және вакумшығатын параметрлерді тіркеу. Үдеткіш қондырғыға профилактикалы жқндеу жұмыстарын жасау. Үдеткіш қондырғының жұмысы журналында жазба жасау.

Білуге тиіс: үдеткіш қондырғылардың құрылымы және жұмыс принцпі; үдеткіште вакумды жасау тәсілдері; үдеткіш қондырғылар жұмысының технологиялы режимі; үдеткіштің жұмыс параметрлерін реттеу және тіркеу ережелері; ақаулардың пайда болу себептері және олардың алдын-алу; бақылау-өлшеу құралдарының құрылымы және қолданылу ережелері.
190. Талшық түзу қондырғысының операторы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қалдықтарды жою үшін талшыққалыптастырғыштарды, транспортер құрылғыларын даярлау. Ағынөзектерді тесу, ағынөзектерде настыльдарды және қалдықтарды жою. Ағынөзектерді, футеровкаларды ауыстыру үшін материалдарды даярлау. Ортадан тебетін-үрлеу қондырғыларында минералды мақта алу процесін жүргізу. Қондырғыларды, талшықтұндыру камераларын, механизмдерді қалдықтарды жою үшін қосу және тоқтату. Балқытудың жіберу телімдерін, тостағандардың салқындауын, энерготаратушының қысымын, кілемнің біркелкілігін және ылғалдылығын, байланыстырғыштың және обесплывительдардың жіберілуін реттеу. настыльдарды жою, ағынөзектерді, тартпаларды ауыстыру, қондырғыларды тасу және ауыстыру. Жабдықтардың жұмыстарындағы ақаулықтарды жою.

Білуге тиіс: ағынөзектердін, крандардын, вентильдердін, талшықтұндыру камераларын, желдеткіштерді, қалдықтарды жоюға арналған қондырғылардың құрылымын; ағынөзектерді, футеровкаларды тесу, тазарту,ауыстыру тәртібі; ортадан тебу-үрлеу құрылғыларынығ және олармен байланысты жабдықтардың, бақылау-өлшеу құралдарының құрылымы; талшықтұндыру тораптарының жұмыс параметрлерін; балқыманың жіберілу біркелкілігін, жабысқақтығын және ағыстарын реттеу тәсілдері; балқымаға, минералды мақтаның талшықтарына, байланыстарға, байланыстармен қңделгендерге, буға, қысылған ауаға қойылатын талаптар; блоктау, дабылқағу жүйесін; барлық агрегаттарды және механизмдерді қосу, қайта реттеу, тоқтату тәртібтерін; бу, ауа беру сызбасын, байланыстарды, арматураның орныласуын және белгіленуін; балұыманың жабысқақтығын және температурасын, тостағандардын сәуле таратуларын көзбен анықтау тәсілдері.
191. Талшық түзу қондырғысының операторы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Филерьлі-үрленетін қондырғыда және – көпвалкты центрифугаларда минералды мақтаның талшықтарын алу. Филерлі қуатбергіштерді жұмысқа даярлау. Центрифугаларды, үрлеу желдеткіштерін және басқа жабдықтарды қосу, басқару, тоқтату. Балқыманың ағымының жіберілуін, валктардың салқындауын, қуыс валдарды, қуат бергіштерді жылыту, кілемнің біркелкілігін, байланыстырғыштарды жіберу және обеспыливательді реттеу. Қуат бергіштерді, пысыларды, керамикаларды, ағынөзектерді, тартпаларды ауыстыру. Центруфугаларды тасу және орнату. Жабдықтардын жұмыстарындағы ақаулықтарды жою.

Білуге тиіс: көпвалкты центрифугаларды, филерді-ұрленетін қондырғыларды, олармен байланысқан жабдықтарды және бақылау-өлшеу құрылғылардың құрылымын; минералды мақтаны өңдеу технологиялы процесі; балқымаға, минаралды мақтаның талшықтарына, байланыстарға, байланыстармен өңделген кілемге қойылатын талаптар; блоктау және дабылқағу жұйесі; барлық агрегаттарды және мезанизмдерді қосу тәртібі, реттеу, қосу; ауаны, байланыстырғышты беру сызбасын; арматураның орналасуы және белгіленуі; температураны және балқыманың жабысқақтығын көзбен тексеру.
192. Минералды мақта бұйымдары өндірісі бойынша қондырғылардың операторы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Механикалы желілерге минералды мақталарды тиеу процесін жүргізу. Тиер алдында минералды мақта механизмдерінің көмегімен және технологиялы регламентке сәйкес сорттау. Қалдықтарды жинау агрегаттарын баптау. Механизмдердің көмегімен минералды мақталардын рулонды әзірлемелерін беру, салу және ауыстыру. Қатпарларды дайындау, тазарту және майлау; оқтауларды жіберілуін қадағалау. Конвейрден дайын цилиндрларды түсіру және табандыққа немесе тароға салу. Механизмдерді тазарту және майлау. Жұмыстың ақаулықтарын жлю және жабдықтарды жөндеу жұмыстарына қатысу.

Білуге тиіс: көтергіштін, транспортердін және қалдықтарды жинаушынын құрылымы; жабдықтарды басқару жүйесін; майлау сызбларын; тиеудін тәртібін, минералдымақталы жартылайфабрикаттын сапасына қойылатын талаптар; механизмдердің жұмыс принцпі және басқару тәртібі; оқтаулардын және цилиндрларды даярлау, майлау, тазарту ережелері; цилиндрлерді, оқтаулардың типоөлшемдерін және цилиндрларды орау тәртібі; жабдыұтардын жұмысындағы ақаулықтардын себептері және оларды жою тәсілдері.
193. Минералды мақта бұйымдары өндірісі бойынша қондырғылардың операторы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Автоматтандырылған және жартылайавтоматтандырылған қондырғыларда кептіретін вагонеткаларды тиеу және түсіру процесін жүргізу. Нососты қондырғыларлдын, қозғалмалы рольгангты және тіркемелі транспортердін жұмысын реттеу. Вагонеткаларды салқындату камераларына және туннелді кептіргіштерге тиеу, оларды шығару. Минералды мақталы цилиндрлерді тотыру, калибрлеу және Жылы өңдеудің процесін жүргізу. Жұмысты бақылау және барлық тораптарын және механизмдерін, Жылы өңдеудің режимін реттеу. Цилиндрлердін өлшемі өзгерген жағдайда механизмдерді қайта икемдеу. Бұйымнын сапасын бақылау, оларды орау. Арнайы қондырғыда шнурларды қндіре процесін жүргізу. Тораптарды және механизмдерді жұмысқа даярларлау, қосу, тоқтату. Мақтанын, орайтын материалдарды немесе торлы шұлықтардын біркелкі жіберілуін бақылау, аспирациялы қондырғылардынжұмыстарын, дайын бұйымдарды бобиндерге орауын бақылау. Материалдарды әзірлеу. Жабдықтарды реттеу. жұмыстағы ақаулықтарды жою және жабдқтын жқндеу жұмыстарына қатысу.

Білуге тиіс: қондырғылардын құрылымы және олармен байланысқан жабдықтардын құрылымы; автоматты басқару жүйесін; майлаулын сызбасын; вагонеткаларды тиеу және түсіру тәрбіті; барлық тораптардын және қондыру механизмдерінің құрылымын; минералды мақтан юұйым өндіру технологиясын және режимдерін; барлық бақылау-өлшеу құрылғыларынын белгіленуін және жұмыс принцптерін; блоктау және дабылқағу жүйесін; оқтауларды майлайтын майлау материалдарының түрлері және сорттары; оқтаулардын конструктивті құрылымы; дайын газ шаруашылығын және аспирациялы қондырғыларды эксплуатациялау ережелерін; минералды мақтаға, материалдарға қойылатын талаптар; машиналар номенклатурасын; оқшаулау шнурларының түрлерін; механизмдерді қосу, реттеу, икемдеу және тоқтату тәртібін, көкжөтелдерді, бобиндарды ауыстыру; механизмдердін блоктау жүйесін; жабдықтардын жұмысындағы ақаулықтарды табу және жою.

194. Бетонды жылумен өңдеу бойынша қондырғылардың операторы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Берілген технология және параметрлер бойынша бетонды жылытпалы немесе термоылғалды өңдеу процесін жүргізу (камераларды және автоклавтарда, булы қаптамалы формаларда, қалыптайтын агрегаттарда атмосфералы немесе жоғары қысымда бумен; камераларда және бассейндарда ыстық сумен; контактты электрлы тоқ арқылы немесе электродты жылыту арқылы; жылу өңдеу арқылы сілтілі камераларда электрожылытқыштармен және т.б.). формаларға салмас бұрын бетонды қоспаны алдын-ала жылыту. Бетонды жылытпалы өңдеу журналын жүргізу. Жылытпалы өңдеуге бұйымдар толтырылған камераларды қабылдау. Жылытпалы өңдеден өткен бұйымдарға тиеуге рұқсат беру.

Білуге тиіс: бетонды жылытпалы өңдеу қондырғыларын және бақылау-өлшеу аппараттарынын құрылымын және эксплуатациялау ережесін; бұйымдарды жылытпалы өңдеу режимін; өңделіп жатқан бұйымдардын номенклатурасын; дабылқағу және блоктау жүйесін; түзететін камералардын жұмыс журналын жүргізу ережесін.
195. Орталық басқару пултінің операторы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Керамикалы кірпіш өңдеу бойынша автоматтандырылған технологиялы желілерді баптау. Туннелді кептіру, пештер, ыстық ауанын жылугенераторларын, майды жағу жүйесін, кептірмелерді тиеу, кептіру жабдықтарын және пештерді басқару, икемдеу, реттеу және жұмыстарын бақылау. Технологиялы процестін талаптарына сәйкес пештердін және кептігіштердін температуралы, гидравликалы режимдерін басқару. Қалаудын, кепітірлген және күйдірілген кірпіштердін сапасын бақылау. Пештердін және кептіргіштердін жұмыстары журналын жүргізу.

жүктеу 2,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау