Білуге тиіс: вагранкалардың, центрифугалардың, сыртқа тебу – үрлеу қондырғыларының, қалдықтарды кетіру механизмдерінің, желдеткіштердің, түтін сорғыштардың, талшық түсіру камераларының, бақылау - өлшеу аппаратураларының құрылысы және жұмыс принципі; минералдық мақта өндірісінің технологиясы және оған қойылатын талаптар; шикізаттың, кокстың, отынның, балқытпаның қасиеттері; су құбырының, байлама, ауа берудің сызбасы; вагранканы салу, жағу және тоқтату, қалдықтарды кетіру, профилактикалық байқаулар мен жөндеулерді өткізу, өңештерді ауыстыру, форманы тазалау тәртібі; күлдерді кетіру тәсілдері.
19. Ваграншы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Вагранкада шикізатты балқыту және сыртқа тебу – үрлеу қондырғыларында балқытпадан минералдық мақтаны алу процесін жүргізу. Мемлекеттік стандарттың талаптарын қанағаттандыратын минералдық мақтаны өндіруді қамтамасыз ету. Центрифугаға буды беру қсымын, балқытпа ағынының біркелкілігін реттеу. Вагранкаға коксты және коксты – газды отынды құю және жағу. Тостағандар мен бүріккіштерді ауыстыру. Сыртқа тебу – үрлеу қондырғыларын, талшық түсу камераларын іске қосу және тоқтату. Талшықтың сапасын, кілемнің біркелкілігі мен ылғалдануын, оны байланыстырушылармен өңдеуді қарау. Балқытпаның тұтқырлығы мен температурасын (көзбен) анықтау. Жабдықтарға ауысым сайын байқау жүргізу және ұсақ ақауларын кетіру. Профилактикалық және жөндеу жұмыстарына қатысу.
Білуге тиіс: вагранкалардың, желдеткіштердің, түтін сорғыштардың, сыртқа тебу – үрлеу қондырғыларының, талшық түсу камераларының, бүріккіштердің, бітеу және реттеу арматураларының, бақылау - өлшеу аппаратураларының құрылысы және жұмыс принципі; минералдық мақта өндірісінің технологиясы және оған қойылатын талаптар; шикізаттың, отынның, балқытпаның, шаңсыздандырудың, байламаның, ауаның қасиеттері; балқытпаның температурасы мен тұтқырлығын көзбен анықтау тәсілдері; сыртқа тебу – үрлеу тәсілімен талшық түзу процесін жүргізу.
20. Ваграншы
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Вагранкаларда шикізатты балқыту және көп білікті центрифугадағы балқытпадан минералдық мақтаны алу процесін жүргізу.Центрифуга біліктерінің айналу санын; біліктерарасындағы қашықтықты, балқыма ағынының біркелкілігін, талшықты үрлеу жүйесін, балқыма қасиеттеріне сәйкес центрифуга мойынтіректерін, біліктерін майлау және суытуды және процесс параметрлерін өзгертуді реттеу. Талшық түсіру камерасын, талшықты үрлеу желдеткішін, центрифуганы іске қосу және тоқтату. Талшықтың сапасын, кілемнің біркелкілігі мен ылғалдануын, байламаны өңдеуді байқау. Балқыманың тұтқырлығы мен температурасын, біліктердің жарқылдауын (көзбен) анықтау.
Білуге тиіс: вагранкалардың, көп білікті центрифуганың, талшық түсірушінің, үрлеу желдеткіштерінің, центрифуганы тасып шығару механизмдерінің, қалдықтарды кетіру тетіктерінің, бүріккіштердің, тиекті және реттеу арматураларының, бақылау - өлшеу аппаратураларының құрылымдық ерекшеліктері; сыртқа тебу әдісімен минералдық мақта өнідірісінің параметрлері мен оларға қойылатын талаптар; параметрлерді реттеу, біліктерді, мойынтіректерді ауыстыру, центрифуганы, қалдықтарды кетіру механизмдерін іске қосу мен тоқтату тәсілдері мен тәртібі; майлау сұлбасы; біліктердің жарқылдауын, балқыманың температурасы мен тұтқырлығын көзбен анықтау тәсілдері.
21. Гидро оқшаулағыш материалдарды жаныштаушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Берілген режимге сәйкес тасуатарларға резеңке ұнтақтарын, битумды, асбестті, кумеронды шайырды, пластификаторларды араластыру және пластификациялау. Белгіленген кезекпен араластыру тасуатарына шикізаттық компоненттерді салу. Тасуатарды қыздыруға буды жіберу және конденсатты шығару. Компоненттерді араластыру кезінде тасуатарды қыздыру температурасын және біліктер арасындағы саңылауды реттеу. Компоненттерді араластыру кезінде массаның біркелкілігін қамтамасыз ету. Жанышталған массаны түсіріп алу. Тасуатардың жұмысы кезінде ұсақ ақауларды анықтау, кетіру және жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: тасуатардың, баспақтаудың және басқа да қызмет көрсетілетін қондырғылардың құрылысы мен жұмыс принципі; тасуатарды іске қосу мен тоқтатудың ережесі және әдістері; бөліктер арасында саңылау мөлшерін орнату тәсілдері; біркелкі масса алуды қамтамасыз ететін материалдарды араластыру ережесі мен әдістері; изол мен пороизол дайындаудың технологиялық процесі; араластыру тасуатарына түсетін компоненттердің құрамы мен қасиеттері.
22. Асфальттық массаны балқытушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Балқыту пешінде пресс-масса үшін тұтқырғыш құрамды балқыту процесін жүргізу. Берілген рецептураға сәйкес балқыту пешіне компоненттерді салу. Сыртқы түрі және бақылау - өлшеу құралдары бойынша балқыту процесінің температура режимін, қоректендіру элеваторының жұмысын байқау. Бастапқы шикізат пен дайын массаның сапасын бақылау. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақауларды түзеу және оны жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы менжұмыс принципі; бастапқы компоненттерге байланысты массаны балқытудың технологиялық режимі; битумды балқыту үшін қазанда от жағу ережесі; пресс-массаға техникалық шарттар; жабдықтың жұмысындағы ақауларды түзеу тәсілдері.
23. Асфальттық массаны балқытушы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Балқыту пешінде асфальттық плитканы (пресс-массаны) баспақтау үшін асфальттық жағым мен массаны және жабылғы үшін массаны балқыту процесін жүргізу. Берілген рецептураға сәйкес балқыту пешіне компоненттерді салу. Технологиялық процесті және жабдықтың жұмысқа жарамды жағдайын байқау. Дайын өнімнің сапасын бақылау. Балқытудың температуралық режимін реттеу. Дайын массаны көлік құрылғысына тиеу. Жабдықтардың жұмысындағы ұсақ ақауларды түзету және жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін балқыту пеші мен көлік құралдарының, құрастырмалы резервуарлар сыйымдылықтарының және бункерлердің құрылысы мен жұмыс принципі; жабдықтардың жұмысындағы ақауларды түзету; асфальттық жағымға техникалық шарттар; бастапқы шикізатқа байланысты массаны балқыту режимі; температуралық режим; өндіріс технологиясы және массаны балқыту процесін барынша тиімді жүргізу тәсілдері.
24. Асфальттық массаны балқытушы
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі түрдегі қолмен, алыстан және автоматты басқарылатын агрегаттарда асфальтты – бетонды қоспаны балқыту процесін жүргізу. Бүріккішті немесе шілтерді жағу. Агрегаттың, бақылау - өлшеу аппаратурасының жұмысын басқару. Технологиялық процестің барысын байқау. Массаны балқытудың температуралық режимін реттеу. Қоспалардың әртүрлі түрлерін шығаруға агрегатты қайта икемдеу. Жабдықтардың жұмысындағы ұсақ ақауларды түзету және оларды жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың және бақылау - өлшеу аппаратураларының құрылысы; жабдықтарды икемдеу, қайта икемдеу және реттеу ережесі; әртүрлі асфальтты – бетонды қоспалар өндірісінің технологиялық процесі; шикізатқа және дайын өнімдерге қойылатын талаптар.
25. Битум балқытушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Битум балқыту қазандарында, ванналарда, конвертерлерде битумдар қоспасын балқыту процесін жүргізу. Сорғыларға, сыйымдылықтарға, отын жағу құрылғыларына және тиекті арматураға қызмет көрсету. Диспергаторда битум байламын әзірлеу. Сорғылар мен диспергаторларды іске қосу және тоқтату. Қазандарға ұсақталған және қайнатылған битум мен құмды салу. Битум балқыту қазандарына битумды, диатомды суспензиянығ битум байламасын салуды және битумның деңгейін, оттық пен бүріккіштің жағдайын байқау. Массаның температурасын реттеу. Дайын массаны сіңіру цехына айдау. Балқыту цехынан битумды және қоймадағы еріткішті жағым өндірісі жөніндегі цехтағы аралық сыйымдылыққа немесе одан кейінгі технологиялық өңдеуге айдау. Өнімділігі тәулігіне 50 тоннаға дейін битум балқыту агрегаттарында асфальтты – бетонды қоспа үшін битумды балқыту. Пештерге от жағу және берілген масса температурасын сақтау. Сорғылардың, құбырлардың, оттықтар мен бүріккіштердің жағдайын бақылау. Қазандар мен оттықтарды тазалау. Қожды шығару мен сөндіру және оны бөлінген жерге тасып апару. Жұмыстағы ақауларды түзеу, жабдықты жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: балқыту қазандарының, диспергаторлардың, шілтерлердің, конвертерлердің, оттықтардың, ауа үрлегіштердің, сорғылардың құрылысы мен жұмыс принципі; битумның, битум орамасының маркалары және олардың міндеті; отын жағуды, битумды балқытуды жүргізу режимі; битумды ағызу тәртібі; суық желімделетін жағымдар өндірісінің технологиялық процесі; асфальтты – бетонды қоспалар үшін битумды балқытудың технологиялық процесі; отынның түрлері мен оның қасиеттері; битумның қасиеттері; қазандарды, ванналарды, конвертерлерді толтыру, от жағу және тазалау тәртібі; жабдықтардың жұмысындағы ақауларды анықтау мен түзету тәсілдері.
26. Битум балқытушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Технологияға сәйкес әртүрлі маркалардағы битумдардан, пекалардан және басқа да компоненттерден сіңдіру және жабылғы массаларын балқыту процесін жүргізу. Балқыту қазандарында от жағудың қажетті режимін сақтау. Массаны балқыту процесін бақылау. Буды масса өткізгіштер мен қарамай ұстағыштардың кір түтіктеріне, бу мұқабасына беру. Қазанның түбі мен қабырғалары жағдайын байқау. Белгіленген рецептура бойынша желімделетін жағымды дайындау процесін жүргізу. Аралық кішкентай бактар мен мерниктерде битумның және еріткіштің деңгейін реттеу. Өнімділігі тәулігіне 50 тоннадан астам битум балқыту агрегатарда асфальтты – бетонды қоспалар үшін битумды балқыту. Жабдықты жөндеуге дайындау, оны жөндеуден қабылдап алу. Жабдықтардың жұмысындағы ақауларды анықтау және түзету, оны жөндеуге қатысу. Өзінен біліктілігі төмен балқытушыларды басқару.
Білуге тиіс: битумды балқыту үшін жабдықтың құрылымы; бақылау - өлшеу және реттеу аппаратураларының құрылысы; битумды сорғыту және тотықтыру процесі; битумның әртүрлі маркаларынан сіңдіру және жабылғы массаларын, суық желімделетін жағымдарды, асфальтты- бетонды балқытудың технологиялық процесі; сіңдіру және жабылғы массалары мен асфальтты – бетонның қасиеттері; жабдықтардың ақауларын анықтау және түзету тәсілдері.
27. Гипсті балқытушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Белгіленген технологиялық режимге сәйкессыйымдылығы 1 текше метрге дейін гипс балқыту қазандарында гипсті балқыту. Гипс балқыту қазандарына гипс ұнтағын салуды реттеу. Гипсті балқытудың температурасын жүйелі түрде өлшеу және балқытудың аяқталу уақытын құралдар мен сыртқы белгілер арқылы анықтау. Балқыту қазандарынан гипсті түсіруді реттеу. Қызмет көрсетілетін жабдықтардың ұсақ ақауларын түзету және үйкелетін бөліктерін майлау. Бункерлерде гипс ұнтақтарының болуын тексеру.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін қондырғылардың құрылысы мен жұмыс принципі; гипсті балқытудың технологиялық режимі; гипс ұнтағына қойылатын талаптар; гипстің дайындығының сыртқы белгілері; дайындалған гипстің стандарттары; бақылау - өлшеу құралдарының пайдалану ережесі; бу өткізу мен масса өткізудің сызбалары; қондырғының жұмысындағы ақауларды анықтау және түзету тәсілдері.
Сыймдылығы 1 текше метрден астам гипс балқыту қазандарына қызмет көрсеткенде - 4-разряд.
28. Асбест-цементті табақтарды толқындаушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шикі асбест-цементті табақтарды біліктің көмегімен қолмен толқындау. Шикі асбест-цементті табақтарды металл толқынды аратөсемге (формаға) салу. Біліктің көмегімен шикі табаққа толқынды пішін беру. Толқындалған табақтың үстіне жаңа металл формасын салу. Табанның тегіс жабуына қамтамасыз ету. Сынығы және басқа да ақаулары бар табақтарды алып тастау.
Білуге тиіс: желілік мөлшер бөлігінде толқынды асбест-цементті табақтарға қойылатын мемлекеттік стандарт талаптары; табақты қолмен толқындау тәсілдері; сыртқы түрі бар бойынша ақаудың белгілері; металл табандарға (формаға) шикі табақтарды салу ережесі; металл аратөсемнің жұмысқа жарамды және жұмысқа жарамсыз беттерінің арасындағы айырмашылық белгілері.
29. Әкті пештен түсіруші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өзінен біліктілігі жоғары түсірушінің басшылығымен әртүрлі түрдегі пештерден әкті, әкті ұнды түсіру. Камераларға, арбашықтар мен вагонеткаларға қолмен және механикалдандырылған тәсілмен әкті тиеу. Транспортерлерді іске қосу және тоқтату. Бөгде қоспаларды бөлектеу. Тиелген вагонеткаларды жүкшығырдың көмегімен немесе қолмен қоймаларға, темір жол вагондарына, автомашиналарға жеткізу және оларды түсіру. Толық күймегендерді бөлінген жерге тасымалдау. Вагонеткалар мен арбашаларды майлау.
Білуге тиіс: әкті түсіру ережесі; көлік құралдарын техникалық пайдалану ережесі; әкке, орнатылған дабыл бергіштерге, апаттық ағытылуға қойылатын талаптар.
30. Әкті пештен түсіруші
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі түрдегі пештерден әкті, әкті ұнды түсіру. Әкті түсіру процесін реттеу. Әктің сапасын бақылау. Толық күймегендерді сұрыптау. Пештердегі және қоймалардағы тар табанды жолдарды, айналма шеңберді домалату табақтарын, жолақтарды салу және қозғалту. Қызмет көрсетілетін қондырғыларына ұсақ жөндеу жүргізу.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін қондырғылардың құрылысы; әкке техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттар; толық күйдірілмеу мен қатты күйдірудің сыртқы белгілері; тар табанды жолдарды, айналма шеңберді, домалату табақтары мен жолақтарды салу және қозғалту.
Тоғыспаларды, қабырғаларды, есіктерді бөлумен пештен күйдірілген әктерді түсіру кезінде - 5-разряд.
31. Шахта пештерін түсіруші
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шахта пештерінен түсіру механизмдерінің көмегімен күйдірілген цемент тасын түсіру. Түсіру және көлік механизмдеріне қызметкөрсету. Күйдірілген цемент тасының түсуі мен сууын бақылау. Шахта пештерінде түсіру торкөзінің жылдамдығын реттеу және оны машинистің (күйдіруші) нұсқауы бойынша тоқтату. Қақпақтарды және қоректерді басқару. Материалдардың көлік механизмдері бойынша біркелкі түсуін және орналасуын реттеу. Қызмет көрсетілетін қондырғылардағы ақаулардың алдын алу және кетіру.
Білуге тиіс: шахта пештеріндегі түсіру және көлік механизмдерінің құрылысы мен әрекет принципі; күйдірілген цемент тасын түсіру және тасымалдау жөніндегі операциялар; дыбыспен және жарық пен дабыл беру және блокадалау жүйелері; майлау материалдарының сұрыптары мен қасиеттері;қызмет көрсетілетін қондырғыларды майлау карталары; қызмет көрсетілетін қондырғылардың жұмысындағы ақауларды анықтау және түзеу тәсілдері.
32. Шығарып қоюшы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кірпішті, керамикалық блоктарды, жабынқышты, күйдірілген бұйымдарды пештің үстіңгі қатарынан құрғатқыш құбырды түсіріп алу және өзінен біліктілігі жоғары шығарып қоюшының басшылығымен басқа да жұмыстарды орындау.
Білуге тиіс: бұйымдарды түсіру және бөлшектеу ережесі; дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар.
33. Шығарып қоюшы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Пештің үстіңгі және астыңғы қабаттарынан күйдірілген бұйымдарды: кірпішті, керамикалық бұйымдарды, жабынқышты,құрғатқыш құбырды түсіріп алу. Бұйымдарды көлік құралдарына салу. Сыртқы түрі бойынша ақауларды анықтау. Техникалық шарттарға сәйкес бұйымдарды көрме алаңдарына әкелу, ақауларын бөлектеу және оларды қалау. Домалату жолағын, табақтарды, тар табанды жолдарды, айналма шеңберді қайта орналастыру. Бұйымдарды тиеуге тұғырықтар орнату. Арбашаларды, вагонеткаларды және қол арбасын майлау.
Білуге тиіс: көлік құралдарының құрылысы; бұйымды күйдіру кезінде ақаудың белгілері; бұйымдарды сұрыптары мен маркалары бойынша іріктеу ережесі; бұйымдарға мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар; бұйымдарды көлік құралдарына салу тәсілдері.
34. Әкті сөндіруші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шұңқырларда және жәшіктерде әкті сөндіру процесін жүргізу. Сөндірілмеген әкті шұңқырларға және жәшіктерге салу. Су беруді реттеу. Әк ерітіндісінің шоғырлануы мен температурасын анықтау. Сөндірілген әкті бассейндер мен бактарға жіберу. Әкті сөндіретін барабандарды, шұңқырларды, жәшіктерді, ерімеген қалдықтардан торларды жүйелі түрде тазалау және қалдықтарды белгіленген жерге тасып апару. Жұмыс орнын жинау.
Білуге тиіс: қолданылатын механизмдердің құрылысы; әкті сөндіру мен әк сүтін дайындау технологиясы; әкті жұмсау нормалары; сөндірілмеген әкті сөндіру үшін барабандарға, шұңқырларға, жәшіктерге салу ережесі; әк сүтінің сапасына қойылатын талаптар.
35. Әкті сөндіруші
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әкті және әкті – құмды массаны сүрлемдерге, сөндіру барабандары мен мерзімді және үздіксіз әрекеттегі аппараттарда сөндіру процесін жүргізу. Қызмет көрсетілетін қондырғылар мен механизмдерді дайындау, іске қосу және тоқтату. Тарелка түріндегі қоректендіргіштің, қождардың және тасымалдауыштардың көмегімен сөндіру барабандарына, сүрлемдер мен аппараттарға әкті және әкті – құмды массаны біркелкі салу. Ылғалдандырудың нақты мөлшерін сақтай отырып әкті сөндірудің технологиялық режимін реттеу. Сөндірілген әкті және әкті – құмды массаны тасымалдауышқа жіберу. Сөндіргіштен әкті және долоитті сүттерді тұндырғыш аппараттарға ағызу. Тұндырғыштардың жұмысын және олардың қосылуын байқау. Сүрлемді жабу және тазалау. Қызмет көрсетілетін қондырғыларды майлау. Қондырғылардың жұмысындағы ақауларды түзеу және жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін қондырғылардың құрылысы; сүрлемдерде, сөндіру барабандарында және аппараттарында әкті және әкті – құмды массаны сөндірудің технологиялық процесі; сөндірудің толықтығын анықтау тәсілдері; доломит пен судың жұмсару нормалары; сөндіру процесінің ұзақтығы; қондырғылардың жұмысындағы ақауларды анықтау және түзету әдістері.
36. Гидротермист
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бассейнге су толтыру. Бассейндегі судың деңгейі мен температурасын байқау. Будың қысымын реттеу. Құбырларды ілмектеу. Бассейндердегі әртүрлі диаметрдегі асбест-цементті құбырларды қатайтудың технологиялық процесін жүргізу. Құбырды кранмен түсіру және оларды өңдеуге жіберу. Құбырларды қалау үшін жеткізу магистралдарының, көтеру қақпаларының, сөрелердің, құбырды орап ұстау үшін траверстің жағдайын байқау. Бассейндерді тазалау. Құбырлар қозғалысын есептеу. Қондырғылардың жұмысындағы ақауларды түзету.
Білуге тиіс: бассейндердің құрылысы, су құбырлары мен бу құбырлары магистралдарының әрекетпринципі; асбест-цементті құбырларды сумен қатырудың белгіленген технологиялық режимі; құбырды кранмен тасымалдау ережесі; орнын ауыстыру кезінде құбырлардың сақталуын қамтамасыз ету тәсілдері; ілгектеушінің нұсқамасы; өнімдер ақауларының түрлері, олардың алдын алу мен түзету тәсілдері; қондырғыларды күтіп-ұстау ережесі.
37. Голлендоршы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Берілген режимге сәйкес асбестті жаю және оны цементпен араластыру процесін жүргізу. Голлендор мен шөмішті араластырғышты байқау және жұмысқа дайындау. Голлендор мен шөмішті араластырғышты іске қосу. Голлендорды сумен толтыру. Асбест салу. Асбестті қалақшамен араластыру. Голлендордың барабаны мен жұқа тақтайшасы арасындағы саңылауды реттеу. Цементтің салмақтық мөлшерлегішінің жұмысын байқау. Голлендорға цемент мөлшерін салу. Алынған массаны араластыру. Дайын асбест-цементті массаны шөмішті араластырғышқа ағызу немесе асбест суспензиясын түйісу қоспалағышына және басқа да голлендорларға айдау. Ағызылған голлендорлар санын анықтау. Голлендорлар мен ағызу құбырларын жуып-шаю. Асбест пен цементті беруге арналған құрылғыны тазалау. Голлендорларды тазалау және мойынтіректерді майлау. Қызмет көрсетілетін қондырғыларды жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: голлендорлар мен араластырушының құрылысы және жұмыс принципі; асбест-цементті массаны дайындау үшін түскен асбест пен цементтің құрамы, қасиеттері, олардың сұрыптары мен маркалары; шикізаттың қоспадағы асбест пен цементтің сандық қатынасы; барабандардың пышақтары мен голлендорлардың қалақшаларын мырыштандыру тәсілдері; асбест-цементті массаны араластыру және сапасы процесін бақылау тәсілдері.
Екі технологиялық желіге қызмет көрсеткен кезде -5-разряд.
38. Асбест-цементті және асбест-силитті бұйымдар төсемеші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Плитаға құрастыру үшін арналған асбест-цементті табақтардың ішкі және сыртқы беттеріне төсеме қабатын қолмен енгізу. Асбест-цементті табақтарға минералды мақта мен екінші табақты салу. Төсеме құрамын әзірлеу. Төселетін асбест-цементті және асбест-силитті табақтардың және қабатты пластиктің үстерін тазалау, жуып-шаю және сүртіп тазарту.
Баспақтау тұғырығына полиэтилен аралық қабатын, қабатты пластикті және асбест-силитті табақтарды қолмен салу, плиталарды құрастыру. Аралық қабат материалдарын және желім жағылатын тасуатарларды желімнің қалдығынан тазалау.
Білуге тиіс: плитаға төсеме қабатын енгізу ережесі; төсемеліктің құрамы мен жуып-шаю материалдарының қасиеттері; төсемеліктің құрамын дайындау тәсілдері; асбест-цементті және асбест-силитті табақтардың төселетін беттерін тазалау ережесі; асбест-цементті және асбест-силитті плиталарға қойылатын стандарттар мен техникалық шарттар.
39. Асбест-цементті және асбест-силитті бұйымдар төсемеші
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Офсеттік басу әдісімен сәндік асбест-цементті плиталар өндірісінің автоматты желісіне жапсарланған бітемелеу машинасының көмегімен асбест-цементті плиталарға эпоксидті бітеменің төсемелік қабатын енгізу. Желім енгізетін машинаның көмегімен асбест-силитті табақтардың және қабатты пластиктердің желімделетін беттеріне эпоксидті желімді жағу. Бітемелеу және желім енгізетін машиналарды берілген технологиялық режимге келтіру. Бітемелік масса мен эпоксидті желімді машинаның қорегіне салу. Бітемелік масса мен эпоксидті желімді мерзімді араластыру, олардың сапасын анықтау. Машинаның қорегіндегі бітемелік массаның, эпоксидті желімнің шығысы мен деңгейін бақылау. Машина тораптарын жұмыс процесінде еріткішпен сүрту. Бітемелеу машинасын бітемелік массадан тазарту. Қондырғылардың жұмыстағы ақауларын түзеу, жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы мен түзету ережесі; бітемелік массаны, эпоксидті желімді дайындау технологиясы және олардың қасиеттері; асбест-цементті және асбест-силитті плиталар мен қабатты пластиктердің беттеріне қолданылатын бітемені және желімді жағу тәсілдері; қолданылатын әрлеу материалдарының сипаттамалары, олардың негізгі қасиеттері мен үйлесімдігі; өрттік жарылу қауіпсіздігінің ережесі; туындайтын ақаулардың себептері мен оларды түзетудің тәсілдері.
40. Асбест мөлшерлеуші
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өзінен біліктілігі жоғары мөлшерлеушінің басшылығымен берілген рецептура мен салмақ бойынша асбесттің қоспасын жасау. Асбесті бар қапты ашу және жүгіршекке немесе бөлікке беру үшін тасымалдаушының таспасына асбестті салу. Бос қаптарды пакеттерге салу, оларды сыммен байлау және қоймаға тапсыру.
Білуге тиіс: мөлшерлегіштер мен тасымалдаушы құрылғылардың құрылысы; асбесттің сұрыптары мен маркалары.
41. Асбест мөлшерлеуші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Берілген рецептура бойынша қоспаның құрамына кіретін асбест компоненттерін мөлшерлеу. Мөлшерлегіштерді, тасымалдаушыларды, жоғары қысымдағы қоректерді іске қосу және тоқтату. Асбестті автоматты мөлшерлегішті басқару, қызмет көрсетілетін жабдықтарды майлау, тазалау және ұсақ жөндеу.
Білуге тиіс: асбестті берудің технологиялық сұлбасы мен асбесттің әртүрлі сұрыптарынан және маркаларынан қоспаны дайындаудың рецептурасы; мөлшерлегіштер мен тасымалдаушы құрылғылардың құрылыс сұлбасы; асбесттің сұрыптары мен маркалары.
Достарыңызбен бөлісу: |